Құжаттарды қабылдау
ЖОО-ға дейінгі даярлық кафедрасына түсу үшін қажетті құжаттар
2026–2027 оқу жылы
- Паспорт пен жеке куәліктің нотариалды куәландырылған аудармасы – 2 дана.
- Аттестаттың немесе дипломның және оған қосымшаның нотариалды куәландырылған аудармасы – 2 дана.
- 3×4 см көлеміндегі фотосуреттер – 4 дана.
- Құжаттарға арналған папка – 1 дана, файл – 1 дана.
- АИТВ-инфекциясының жоқтығы туралы анықтама (ЖИТС орталығы: Алматы қаласы, Басенов көшесі, 4/2. Жұмыс уақыты: дүйсенбі–жұма, сағат 09:00–16:00).
- №075/у медициналық анықтамасы және флюорография (өкпенің рентгендік тексеруі) – әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың «Керемет» медициналық орталығы.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- ақылы оқу – 20.06.2026 – 31.08.2026;
- мемлекеттік білім беру гранты бойынша – 05.08.2026 – 05.09.2026.
Құжаттарды қабылдау орны: «Керемет» студенттерге қызмет көрсету орталығы.
Байланыс телефондары:
- 292-57-17 (ішкі нөмірі 17-29)
- +7 (747) 645-36-03 — Ибрагимова Меруерт
- +7 (747) 441-06-30 — Қасымова Кәмшат
Ескерту: Моңғолия, Өзбекстан және Ресей азаматтары оқуға түсу кезінде қазақ ұлтына жататынын растайтын анықтаманы елшіліктен немесе Дүниежүзі қазақтары қауымдастығынан (Алматы қаласы, Ш. Уәлиханов көшесі, 43А) алуы қажет.