Бөлімдер
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің дайындық бөліміне мемлекеттік білім беру тапсырысы аясында оқуға арналған конкурсқа өтінімдер 2026 жылғы 5 тамыз бен 5 қыркүйек аралығында қабылданады.
Құжаттарды сканерлеп, бір PDF файлы түрінде kaznu.podkurs2024@gmail.com электрондық поштасына жіберуге немесе қағаз түрінде Алматы қаласы, әл-Фараби даңғылы, 71 мекенжайында орналасқан «Керемет» студенттерге қызмет көрсету орталығының қабылдау комиссиясына тапсыруға болады.
Конкурстық іріктеу 2026 жылғы 10–15 қыркүйек аралығында қабылдау комиссиясы тарапынан өткізіледі.
Мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша конкурстық іріктеу кестесі университеттің ресми сайтында жарияланады:
https://farabi.university
Конкурсқа қатысу үшін талапкерлер жеке басын куәландыратын құжаттарын ұсынуы тиіс.
Конкурстық іріктеу талапкердің жалпы дайындық деңгейі мен таңдаған мамандығына бейімділігін анықтау мақсатында ауызша сұхбат түрінде өткізіледі.
Сұхбат барысында талапкер конкурс комиссиясының сұрақтарына жауап бере отырып, өзінің жан-жақты білімін көрсетуі қажет. Әңгімелесу әрбір талапкермен жеке өткізіледі.
Сұхбат барысында төмендегі көрсеткіштер бағаланады:
Сұхбаттың ең жоғары бағасы – 100 балл.
Сұхбаттан 50 балдан төмен нәтиже алған немесе сұхбатқа келмеген талапкерлер конкурстық іріктеуден өтпеді деп есептеледі.
Сұхбатты қайта тапсыруға жол берілмейді.
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың дайындық бөліміне тыңдаушыларды қабылдау 2026 жылғы 25–28 қыркүйек аралығында жүргізіледі.
Дайындық бөлімінде оқу мерзімі – 2026 жылғы 1 қазаннан 2027 жылғы 30 маусымға дейін (9 ай).
Мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша конкурстан өткен талапкерлердің тізімі 2026 жылғы 25 қыркүйектен бастап университеттің ресми сайтында жарияланады:
https://farabi.university
Байланыс ақпараты:
Телефондар:
Электрондық пошта:
kaznu.podkurs2024@gmail.com