6B07105 Бакалавриат

Материалтану және жаңа материалдар технологиясы

Факультет:Физика-техникалық
Код:6B07105
Білім деңгейіБакалавриат
Шекті балл (ақылы бөлім)70
ФакультетФизика-техникалық
ID1423

Бағдарлама туралы

Машина жасау, құрылыс, электротехника, электронды құрылғылар және микро және наноэлектроникада модельдеу және жобалау, материалдарды өндіру, пайдалану саласына байланысты инженерлік қызметтің негізгі түрлерін жүзеге асыра алатын түлектер үшін кәсіби дайындықты қамтамасыз ету.

Түлек моделі

1. Тұлғааралық, академиялық, кәсіби және мәдениетаралық өзара әрекеттесу, материалтану мен техникадағы өзекті мәселелерді шешу мақсатында пәнаралық білімді (соның ішінде шет тілінде) қолдану.
2. Физика, химия, математика, материалдарды талдау және жаңа материалдар технологиясы, сонымен қатар нанотехнологияның іргелі заңдары мен принциптерін пайдалана отырып материалтану қызметін жүзеге асыру.
3. Үнемі өзін-өзі дамыту арқылы материалтану және нанотехнология саласындағы жаңа фактілерді, ғылыми жетістіктерді, шешімдер мен идеяларды, сонымен қатар қазіргі заманғы материалдар мен құрылымдардың өндірісі мен қасиеттерін зерттеу, ғылыми ақпаратты жүйелі түрде қорытындылау.
4. Зерттелетін өндіріс және/немесе ғылыми-зерттеу саласындағы жабдықтың, құрылғылардың функционалдық мақсатының қағидалары мен ерекшеліктерін және оның мүмкіндіктерін (автоматтандыру, цифрландыру) түсіндіру.
5. Технологиялық процестерді жобалау және технологиялық құжаттамаларды әзірлеу, есептеулерді орындау және бөлшектерді жобалау.
6. Өндірілген өнім түріне сәйкес оны оңтайландыру мақсатында модельдеу және математикалық талдау әдістерін қолдана отырып (әзірленген және/немесе өндірілген) өнімнің сапасын болжау және бағалау.
7. Өндірістің технологиялық профилі бойынша нормативтік және әдістемелік материалдар аясында дәстүрлі және жаңа технологиялық процестерді, операцияларды, зерттеулерді, жабдықтарды пайдалану.
8. Материалтанудағы инженерлік қызметті оңтайландыру үшін инновациялық өндіріс әдістерін таңдауды негіздей отырып, заманауи жоғары өнімді материалдар мен жабындарды жасау.
9. Машиналардың, жабдықтардың және технологиялық процестердің, радиацияның қоршаған ортаға әсер ету дәрежесін талдау және жаңартылатын энергия ресурстарын пайдаланудың экологиялық және экономикалық алғышарттарының қажеттілігін түсіну.
10. Материалдардың химиялық және фазалық құрамы, құрылымы бойынша зерттеулерді жоспарлау және жүргізу, сонымен қатар сыртқы әсерлердің әсерін жоққа шығармай, өндіру әдістері мен режимдеріне байланысты олардың ерекшеліктерін анықтау.
11. Материалдардың параметрлерін, жұмыс жағдайларын, сенімділігі мен ұзақ мерзімділігін ескере отырып, жоғары жылдамдықты схемаларды, құрылғылар мен аспаптарды әзірлеу үшін материалдар мен құрылымдарды (олардың күрделі комбинацияларын) таңдау.
12. Коммерцияландыруды жүзеге асыруды жоспарлау жұмысының ерекшеліктерін ескере отырып, қызмет көрсету саласында қаржылық, құқықтық және заңнамалық құралдарды ұтымды пайдалануды көрсету.

Байланыс

әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті,
Қазақстан Республикасы, Алматы, 050040, әл-Фараби даңғылы, 71
Мухаметкаримов Ержан Советбекович, +7 707 110 2700

Қабылдау

1) Аттестат/диплом + қосымшалары (түпнұсқа)
2) Жеке куәлік (түпнұсқа және көшірме -2 дана)
3) ҰБТ сертификаты (certificate.testcenter.kz)
4) Квота, жеңілдік құжаттары (түпнұсқа + көшірме)
5) Фото 3×4- 6 дана
6) 063/у, 0/75у медициналық анықтамалары
7) Шет тілін меңгергенін растайтын сертификат
8) Шығармашылық /арнайы емтихан ведомостынан үзінді (болған жағдайда)
9) Білім беру гранты туралы куәлік (grant.testcenter.kz)
10) Оқу ақысының 50% төлегені туралы түбіртек (ақылы оқуға)