6B05303 Бакалавриат

Техникалық физика

Факультет:Физика-техникалық
Код:6B05303
Білім деңгейіБакалавриат
Шекті балл (ақылы бөлім)70
ФакультетФизика-техникалық
ID1434

Бағдарлама туралы

Іргелі ғылымдардың жетістіктерін пайдалана отырып, физикалық құбылыстарды зерттеу мен модельдеудің заманауи технологияларын, қолданбалы физика салаларында әртүрлі мақсаттағы жаңа құрылғылар мен приборларды құрастыру және бейімдеу әдістерін меңгерген мамандарды даярлау.

Түлек моделі

1. Технологиялық процестердің тиімділігі мен өндірісті экологияландыру үшін тәжірибелік және теориялық зерттеулердің нәтижелерін өңдеу кезінде сандық модельдеу әдістерін, IТ-технологиялар мен ЖИ инструменттерін қолдану.
2. Пайдаланатын жабдықтың және физика-техникалық нысандардың эксплуатациялық сипаттамаларын жақсарту, технологиялық процестердің тиісті кезеңдерінің режимдерін оңтайландыру және жабдықты жаңғырту үшін теориялық және тәжірибелік зерттеулерге қатысу.
3. Технологиялық және экономикалық параметрлерді ескере отырып, тәжірибелік және өнеркәсіптік қондырғылардың элементтері мен тораптары конструкцияларының функционалды және құрылымдық сызбаларының жұмыс принципі мен мақсатын түсіндіру.
4. Жылу энергетикасы мен альтернативті энергетикада талап етілетін дәлдік пен пайдалану шарттарына сәйкес жоғарғы және төменгі температурада физикалық параметрлерді өлшеу әдістерін меңгеру.
5. Ұжымдағы толыққанды әлеуметтік және кәсіби қызметті қамтамасыз ету үшін өзінің дүниетанымдық, азаматтық және адамгершілік ұстанымдары тұрғысынан мемлекет саясатындағы өзгерістердің факторлары мен тетіктерін сыни тұрғыдан талдау.
6. Жылутехникалық құрылғылар мен жүйелердің элементтерін, термодинамикалық процестерді, циклдарды және олардың көрсеткіштерін есептеу үшін сұйық пен газ механикасының негізгі заңдарын пайдалану.
7. Берілген әдістеме бойынша эксперименттер жүргізу және олардың нәтижелерін талдау кезінде қолданбалы физиканың іргелі бөлімдерінің заңдары мен математикалық аппаратты қолдану.
8. Жаратылыстану ғылымдарының іргелі заңдары мен энергия үнемдейтін іс-шаралар негізінде жеке және кәсіби бәсекеге қабілеттілік, өзіндік ұйымдастыру және өзін-өзі тәрбиелеу үшін техникалық физика саласындағы озық тәжірибе туралы ғылыми ақпаратты интерпретациялау.
9. Инновациялық өнімдердің, өндірістік қызмет нысандары мен процестерінің мониторингін, өзектілігін бағалауды және сапасын болжауды жүзеге асыру.
10. Өндірістік жабдықты баптау және сынаудың технологиялық режимдерін әзірлеу кезінде аспаптар мен қондырғылардың жұмыс істеу принциптерін талдау.
11. Жобалық және техникалық құжаттамаға сәйкес оңтайлы режимдерді ұстап тұру үшін өндірістік нысандардағы инженерлік жабдықтардың үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету.
12. Энергия және ресурс үнемдеу жөніндегі нормативтерді пайдалана отырып, кәсіптік қызмет нысандарында өндірісті басқарудың озық әдістерін қолдану.

Байланыс

Болегенова Салтанат Алихановна
Алматы, 050040, аль-Фараби, 71.
Физика-техникалық факультеті, 317.
Жылуфизика және техникалық физика кафедрасы
тел:+7 701 386 9755. 15-43.

Қабылдау

1) Аттестат/диплом + қосымшалары (түпнұсқа)
2) Жеке куәлік (түпнұсқа және көшірме -2 дана)
3) ҰБТ сертификаты (certificate.testcenter.kz)
4) Квота, жеңілдік құжаттары (түпнұсқа + көшірме)
5) Фото 3×4- 6 дана
6) 063/у, 0/75у медициналық анықтамалары
7) Шет тілін меңгергенін растайтын сертификат
8) Шығармашылық /арнайы емтихан ведомостынан үзінді (болған жағдайда)
9) Білім беру гранты туралы куәлік (grant.testcenter.kz)
10) Оқу ақысының 50% төлегені туралы түбіртек (ақылы оқуға)