Білім деңгейіБакалавриат
Шекті балл (ақылы бөлім)70
ФакультетФизика-техникалық
ID1438
Бағдарлама туралы
Астрономия және физиканың негізгі тараулары бойынша іргелі білімге ие, ақпаратты жан-жақты, сыни талдауға және өңдеуге қабілетті тұлғаны сапалы дайындау. Сонымен қатар, болашақ, ғылыми-зерттеу және оқу-тәрбие бағытында физика-математикалық әдістерді, қазіргі заманғы компьютерлік технологияларды және бақылау астрофизикасы саласындағы инновациялық шешімдерді іс жүзінде қолдану дағдысына ие жоғары білікті маманды әзірлеу.
Түлек моделі
1. Дәстүрлі, инновациялық, интерактивті, студенттік технологияларды және оқыту әдістерін қолдана отырып, жалпы білім беретін және орта арнайы оқу орындарында жоғары сапалы сабақтарды жоспарлау және өткізу.
2. Зерттелетін аспан денелері мен олардың жүйелерінің сипаттамаларын, физикалық және химиялық қасиеттерін, түзілу, даму, құрылу және қозғалыс заңдылықтарын талдау.
3. Ғарыштық объектілер мен құбылыстардың табиғаты мен бақыланатын ерекшеліктеріне жауап беретін негізгі физикалық процестерді жаратылыстану-ғылыми әлемінің бейнесі ретінде түсіндіру.
4. Макро- және микроәлемдегі процестерді, құбылыстарды және объектілерді физика және астрономияның іргелі теориясы мен заңдары негізінде түсіндіру.
5. Физика және астрономияның негізгі бөлімдері мен бағыттарының іргелі заңдары мен теорияларын түсіндіру.
6. Физикалық процестердің жүру заңдылықтарын ашу мақсатында ғарыштық объектілердің құрылуын, құрылымын және қасиеттерін сипаттау үшін теориялық және эксперименттік зерттеу әдістерді қолдану.
7. Ғылыми зерттеулердің барысында туындайтын жаңа тапсырмаларды қалыптастыру, зерттеу әдістерін таңдауды негіздеу, өз көзқарасын дәлелді түрде келтіре алу; жалпы білім беретін және орта арнайы оқу орындарында оқу үдерісін жүргізу.
8. Ғарыштық объектілерде және жұлдызаралық ортада жүретін физикалық процестер мен құбылыстарды сипаттау үшін физика мен астрономияның іргелі заңдары мен теорияларын қолдану.
9. Объектілерді, құбылыстарды және процестерді зерттеудің физика-математикалық әдістерін жіктеу.
10. Қазіргі заманғы жалпы білім беретін және орта арнайы оқу орындарында оқу үдерісін педагогикалық тұрғыдан тиімді нысандарын, әдістерін және құралдарын таңдау.
11. Макро- және микроәлем құрылымын, құрылысын және қасиеттерінің өзара байланысын анықтаумен байланысты есептерді шешу.
12. Қойылған кәсіби есептерге сәйкес физикалық эксперименттер жүргізіп, зерттелетін ғылым салаларында ғылыми зерттеулер жүргізу алгоритмдерін әзірлеу.

Байланыс
Білім беру бағдарламасының координаторы: Н. Изтлеуов Білім беру бағдарламасының құрастырушылары: А. Агишев aldiyaragishev@gmail.com. Алматы, 050040, аль-Фараби, 71. Физика-техникалық факуьтеті, Электроника және астрофизика кафедрасы, 316 аудитория, Тел: 8 (727) 377 15 47.
Қабылдау
1) Аттестат/диплом + қосымшалары (түпнұсқа)
2) Жеке куәлік (түпнұсқа және көшірме -2 дана)
3) ҰБТ сертификаты (certificate.testcenter.kz)
4) Квота, жеңілдік құжаттары (түпнұсқа + көшірме)
5) Фото 3×4- 6 дана
6) 063/у, 0/75у медициналық анықтамалары
7) Шет тілін меңгергенін растайтын сертификат
8) Шығармашылық /арнайы емтихан ведомостынан үзінді (болған жағдайда)
9) Білім беру гранты туралы куәлік (grant.testcenter.kz)
10) Оқу ақысының 50% төлегені туралы түбіртек (ақылы оқуға)