Шығыстану

Шығыстану

БIЛIКТIЛIГІ

  • бiрiншi жоғары бiлiм - гуманитарлық білім бакалавры

ТҮЛЕКТЕР МОДЕЛІ

Осы білім беру бағдарламасы аяқталғаннан кейін, студенттер қабілетті болады деп күтіледі:
ON1) Шығыс елдерінде болып жатқан құбылыстар мен үрдістерге түсініктеме беру үшін шығыстану саласындағы негізгі заманауи тұжырымдамаларды қолдана алады;
ON2) оқитын ел бойынша шығыстану саласына қатысты әдебиеттерге, ақпараттық материалдарға сараптамалық шолу дайындай алады;
ON3) Шығыс елдерінің әлеуметтік-экономикалық, саяси, мәдени даму ерекшелігін анықтай алады;
ON4) оқитын Шығыс елінің тілінде іскерлік және кәсіби деңгейде ауызша және жазбаша коммуникацияны жүзеге асырып, аударманың негізгі тәсілдерін қолдана алады;
ON5) шығыс және батыс тілдерінде қабылданған стандартты дипломатиялық құжаттарды (меморандумдар, ноталар, естелік жазбалар, ресми хаттар) жүйелеп, құрастыра алады;
ON6) шығыс тіліндегі арнайы және энциклопедиялық әдебиеттен қажетті
мәліметтерді жинақтап және жүйелеп, оларға интерпретация жасай алады;
ON7) Шығыс елдерімен байланыс орнатқан мемлекеттік басқару органдары, қоғамдық және коммерциялық ұйымдар арасындағы жүзеге асырылатын әлеуметтік және мәдени жобаларды, даму жоспарлары мен бағдарламаларын дайындау жұмысын ұйымдастырады;
ON8) шығыстану саласындағы зерттеулер шеңберінде игерілген ғылыми тәсілдерді, тұжырымдамалар мен әдістерді салыстыра отырып, кәсіби қызметтте қолдана алады;
ON9) фактілер мен құбылыстарды жіктеу және интерпретациялау арқылы ғылыми эссе, рефераттар, аннотациялар жазып, шолулар жасай алады;
ON10) кәсіби сөйлеу мәдениеті мен лексиканы игергендігін, кәсіби тақырыпта ғылыми пікірталастарға қатысуға дайындығын көрсете алады;
ON11) мәдени, тарихи, әдеби және лингвистикалық зерттеулерде пәнаралық зерттеулердің кешенді техникалық дағдыларын көрсете алады;
ON12) ауызша және жазбаша қарым-қатынас процесінде көптілді коммуникаторлардың әлеуметтік, этникалық, конфессиялық және мәдени айырмашылықтарын толерантты түрде қабылдай отырып, олардың мінез-құлқы мен менталитетінің ерекшеліктерін, мәдениетаралық коммуникацияның негіздері мен базалық ұғымдарды көпшілік арасында тарата алады.

Бағдарлама паспорты

Мамандығы
Шығыстану
Мамандық шифры
6B02207
Факультеті
Шығыстану

пәндер

Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар
  • Кредит саны - 5
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты: жаңа "цифрлық" ойлауды, АКТ рөлі мен маңыздылығын сыни тұрғыдан түсінуді, АКТ-ны кәсіби қызметтің әртүрлі түрлерінде қолдану қабілетін қалыптастыру. Қарастырылады: Қоғам дамуының шешуші секторларында ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың рөлі. Компьютерлік жүйелердің архитектурасы. Бағдарламалық жасақтама. Microsoft Office Интернет технологиялар. Бұлтты және мобильді технологиялар. Мультимедиялық технологиялар. Электрондық оқыту. Кәсіби саласындағы ақпараттық технологиялар.

Әлеуметтану
  • Кредит саны - 2
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Курста әлеуметтанудың теориясы мен тарихындағы жалпы мәселелер ұсынылған, әлеуметтанулық зерттеудің әдісі мен әдістемесі, арнайы әлеметтанулық теориялар қарастырылады. Бұл курс әлеуметтік зерттеу әдісі және пәні, әлеуметтанудағы өзекті мәселелер мен салалар туралы негізгі түсініктердің студенттерде әлеуметтанулық танымының қалыптасуына бағытталған. Әлеуметтанулық теорияның негізгі концептілері мен заманауи қоғамның түрлі салаларын зерттеудің тиімді технологияларын ұсынылады.

Әскери дайындық
  • Кредит саны - 6
  • Бақылау түрі - АБ
  • Сипаттамасы - Әскери дайындық

Базалық шығыс тілі (А1 деңгейі)
  • Кредит саны - 6
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты - сөйлеу барысында қолдану дағдыларын және белгілі тапсырмаларды орындау және қарапайым әңгімеге қатысу үшін қажетті таныс сөйлемдер мен сөз тіркестерін есту арқылы қабылдау; күнделікті өмірдің негізгі аспектілерін қабылдау қабылетін қалыптастыру. Пән практикалық фонетика мен грамматиканың негізгі нормаларын оқуға; тұрмыстық және жалпы тақырыптар бойынша қарапайым лексиканы оқуға бағытталған.

Базалық шығыс тілі (А2 деңгейі)
  • Кредит саны - 5
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты- шетел тілінде қатынас туралы біліммен қамтамасыз ету, студенттердің әлеуметтік-тұрмыстық, білім беру, еңбек саласындағы коммуникативті байланыстарын жүзеге асыруды қалыптастыру, студенттерді шет тілінде сипаттауға, баяндауға, тыңдауға және түсінуге үйрету. Пән- практикалық фонетика мен грамматиканың негізгі нормаларын оқуға; тұрмыстық және жалпы тақырыптар бойынша қарапайым лексиканы үйренуге бағытталған.

Базалық шығыс тілі (В1 деңгейі)
  • Кредит саны - 5
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты- белгілі тақырыптар бойынша сөйлемдер құрап жеткізе алатын қабілетін қалыптастыру, кез келген тақырыптар бойынша және жалпы мәдени тақырыптар бойынша пікір білдіру, алған әсерлерін, оқиғаларын сипаттау.Пән грамматиканы, морфологияны, сөздік пен жазуды тереңірек зерттеуге бағытталған; жалпы білім беру мәтіндерін өз бетінше оқу дағдыларын дамыту; сөйлеу және жазу дағдыларын дамыту; тыңдау қабілеттерін дамыту.

Базалық шығыс тілі (В2 деңгейі)
  • Кредит саны - 5
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты - оқыған тақырыптар шеңберінде әр түрлі хабарламалар жасау және әңгіме жүргізу қабілетін қалыптастыра отырып өз ортасында көзқарасын білдіре алу; әр түрлі дәрежедегі таныс емес мәтіндерді оқу және аудару мақсатында сөздіктерді пайдалана алу. Пән негізгі грамматикалық құрылымдарды зерттеуге, ауызша сөйлеуді фразеологиялық бірліктермен байытуға, тыңдау қабілеттерін дамытуға бағытталған;

Базалық шығыс тілі (С1 деңгейі)
  • Кредит саны - 5
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты - жаңа мәтіндегі негізгі ойды анықтау қабілетін қалыптастыру; сөйлеу барысында бұрынғы деңгейге қарағанда күрделі лексикалық-грамматикалық тақырыптарды, конструкцияларды, фразеологиялық бірліктерді қолдану; лексикалық баламалылық нормаларын сақтай отырып, жазбаша аударманы жүзеге асыру. Пән сөйлеу мәдениетін көтеруге әр түрлі тақырыптағы күрделі мәтіндерді оқып үйрену кезінде сөздік қорын толықтыруға; кәсіби ой-өрісін кеңейтуге бағытталған.

Дене шынықтыру
  • Кредит саны - 2
  • Бақылау түрі - РК(с оценкой)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты: денсаулықты сақтау, нығайту және кәсіби қызметке дайындау үшін дене шынықтыру мен спорттың тиісті құралдарын мақсатты пайдалануды қамтамасыз ететін студенттердің әлеуметтік-жеке құзыреттерін қалыптастыру. Пәнді оқу нәтижесінде түлек білуі керек: адамның дамуындағы дене тәрбиесінің рөлі; дене шынықтыру және спорт саласындағы мемлекеттік саясаттың негіздері, жаттығу негіздері.

Дипломатиялық қызмет негіздері (Шығыстану)
  • Кредит саны - 5
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты- дипломатиялық қызмет жұмысының негізгі бағыттарын талдау қабілетін қалыптастыру; дипломатиялық құжаттардың түрлерін ажырату; дипломатиялық және консулдық қызметті ұйымдастыру кезінде нормативтік, әдістемелік құжаттарды пайдалану. Пән дипломатиялық қызметтің даму кезеңдерін, сыртқы байланыстар органдарының құрылымы мен функцияларын; дипломатиялық қызмет түрлерін, дипломатиялық құжаттардың түрлері мен рөлін, дипломатиялық протокол мен этикетті зерттеуге бағытталған.

Классикалық және қазіргі заманғы шығыстану
  • Кредит саны - 5
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты- шығыстанудың тарихы мен қазіргі жағдайын жүйелеу және талдау қабілеттерін қалыптастыру және алған білімдерін Шығыс елдеріндегі тарихи және қазіргі процестерді талдауға пайдалану. Пән шығыстану мен оны құрайтын ғылымдардың, әлемнің ірі шығыстану орталықтарының, шығыстану деректануының негізгі кезеңдерін зерттеу; оқытылатын елді кешенді зерттеуге бағытталған.

Қазақ (орыс) тілі
  • Кредит саны - 5
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты: коммуникативтік құзыреттіліктерді қалыптастыру арқылы әлеуметтік, мәдениетаралық, кәсіби қарым-қатынас құралы ретінде қазақ (орыс) тілін сапалы меңгеруді қамтамасыз ету. Тілдің фонетикалық, лексикалық, грамматикалық құралдарының жүйесі, тілдің мәдениет феномені және сөйлеу мәдениетінің ерекшелігі ретіндегі түсініктері; тіл әлемнің ұлттық тілдік бейнесінің элементі ретінде; қазақ (орыс) тілінің әлемдік кеңістіктегі мәртебесі зерделенеді.

Қазақстан тарихы
  • Кредит саны - 5
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+МЕК] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты: Қазақстан тарихының ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейінгі негізгі даму кезеңдері туралы объективті тарихи білім беру. Күтілетін оқу нәтижелері: 1) Қазақстан тарихының негізгі даму кезеңдерін білу мен түсіну бойынша білімін көрсету; 2) сыни талдау негізінде тарихи өткеннің құбылыстары мен оқиғаларын адамзат қоғамының дүниежүзілік тарихи дамуының ортақ ұстанымдарымен ұштастыра білу; 3) Қазіргі Қазақстандағы құбылыстар мен тарихи үдерістері зерттеу барысында аналитикалық және аксиологиялық талдау дағдыларын игеру; 4) заманауи қазақстандық даму үлгісінің ішкі ерекшеліктерін объективті және жан-жақты зерделей білу; 5) Қазақстан тарихынының үдерістері мен тарихи құбылыстарды жүйелеу және сыни баға беру. Пәнді оқу нәтижесінде студенттер төмендегі мәселелерді қарастырады: Ежелгі адамдар және көшпелі өркениетттің қалыптасуы, Түркі өркениеті және Ұлы дала, Жаңа дәурдегі Қазақстан (ХVIII-XX ғ.басы), Қазақстан кеңестік әкімшіл-әміршіл жүйенің құрамында, Қазақстан әлемдік қауымдастықта (1991-2022 жж.).

Мәдениетаралық қарым-қатынастың теориясы мен практикасы
  • Кредит саны - 3
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты- тілдік тұлғаның ұлттық және мәдени ерекшеліктері мен әлемнің лингвистикалық бейнесін түсіну арқылы теориялық материалды өңдеу және практикалық қарым-қатынас дағдыларын дамыту, мәдениетаралық құзыреттілікті дамыту қабілеттерін қалыптастыру. Пән ғылыми бағыттың пайда болу тарихын; мәдениеттің түсініктері мен мәні; мәдениетаралық коммуникацияның түрлері, формалары, модельдері, құрылымдық компоненттері; қазіргі әлемнің мәдени әртүрлілігінің құндылықтарын үйренуге бағытталған.

Мәдениеттану
  • Кредит саны - 2
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты: бакалавриат студенттерінде әлемдік мәдениет пен өркениет аясында отандық мәдениеттің даму ерекшелігін, қазақ халқының мәдени кодын сақтау қажеттілігі түсінігін, өзінің жеке кәсіби қызметінде жылдам өзгермелі мультимәдени әлем мен қоғамда қазақ халқының мәдени мұрасын сақтау стратегиясын жүргізе алуды қалыптастыру.

Оқитын елдің ежелгі заман және ортағасырлар тарихы
  • Кредит саны - 5
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты- игерген тарихи ақпараттарды сараптай отырып қазіргі уақытқа интерполяциялау үшін пайдалану, тарихи тәжірибенің заманауи шындықпен ұқсастығын түсіне білу қабілетін қалыптастыру. Пән оқитын елдің осы кезеңдерге арналған дереккөздер мен тарихнамасын сыни тұрғыдан саралауға, ежелгі және орта ғасырлардағы осы елдің қалыптасу процестері мен даму кезеңдерін түсінуге және түсіндіруге бағытталған.

Оқитын елдің жаңа және қазіргі заман тарихы
  • Кредит саны - 5
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты - оқитын елдің қазіргі және соңғы кезеңдердегі тарихи-саяси процесінің даму заңдылықтарын сыни тұрғыдан талдау қабілетін қалыптастыру. Пән осы елдің тарихнамасын кезеңдерге сәйкес түсіндіріп, географиялық, этникалық, діни және басқа да аспектілердегі елдегі негізгі тарихи және саяси оқиғаларға, отарлау кезеңі мен оның салдарларына, ұлт-азаттық күреске, ішкі және шетелдік сипаттамаларға бағытталған саясат және халықаралық жағдайларын оқытады.

Оқитын елдің сыртқы саясаты
  • Кредит саны - 5
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты- мемлекеттің сыртқы стратегиялық бағытын анықтау үшін оқытылатын елдің сыртқы саясатының теориялық негізін, негізгі бағыттары мен басымдықтарын, проблемалары мен жетістіктерін талдау қабілетін қалыптастыру. Пән мақсаттар мен міндеттерді, принциптерді, ұғымдық аппаратты; сыртқы саясатты қалыптастырудың сыртқы және ішкі факторларының ерекшеліктерін; нормативтік-құқықтық негізді, оқытылатын Шығыс елінің ұлттық стратегиялық мүдделерін зерттеуге бағытталған.

Оқитын шығыс еліндегі қазіргі тарихи үдерістер
  • Кредит саны - 6
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты - оқитын елдің саяси және әлеуметтік-экономикалық жағдайына талдау жасау, қазіргі тарихи процестің негізгі күрделі факторларын анықтау қабілеттерін қалыптастыру. Пән тарихи процестер факторларының теориялық және әдістемелік базасын зерттеуге; олардың қазіргі саяси модернизациямен және экономикалық дамумен байланысы, зерттелетін Шығыс елдерінің мәдени өзгерістері мен қоғамдық-саяси өміріне әсерін ұғындыруға бағытталған.

Оқитын шығыс елінің әлеуметтік-экономикалық дамуы
  • Кредит саны - 5
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты- жаһандану кезеңінде оқытылатын Шығыс елі экономикасының қазіргі жағдайы мен негізгі үрдісін бағалау үшін ұлттық экономика мен әлеуметтік саланы зерттеу әдістерін қолдану қабілетін қалыптастыру. Пән оқытылатын Шығыс елінің экономикалық қатынастары мен халықаралық белсенділігінің даму ерекшеліктерін; әртүрлі тарихи кезеңдерде елдің экономикалық моделін қалыптастыру мәселелерін зерттеуге бағытталған.

Оқитын шығыс елінің БАҚ тілі
  • Кредит саны - 6
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты -кәсіби қарым-қатынас саласы аясында Бұқаралық ақпарат құралдары арқылы таратылатын баспа және дыбысталатын мәтіндерді шығыс тіліне аудару, талдау, рефераттау және аннотациялауды жүзеге асыру үшін арнайы лексика мен фразеологияны, морфологиялық, сөзжасам және синтаксистік құралдарды, арнайы терминологияны анықтау және қолдану қабілетін қалыптастыру. Пән лексиканы, оның жіктелуін, этимологиясын, сөзжасам тәсілдерін, қоғамдық-саяси саладағы терминдердің жасалуын зерттеуге бағытталған

Оқитын Шығыс елінің деректануы және тарихнамасы
  • Кредит саны - 5
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты: тарихи шындықты бағалау үшін тарихи және деректану зерттеулерінің негізгі әдістері жүйесін қолдана отырып, тарихи дереккөздерді сараптау қабілетін қалыптастыру. Пән тарихи дереккөздердің шығу тегінің тарихи-әдіснамалық негізін, нақтылығы мен объективтілігін; тарих ғылымдары жүйесіндегі деректану мен тарихнаманың орнын; дереккөздерді жіктеу мен жүйелеуді; тарихи деректер мәтіндерінің мазмұнын зерттеуге бағытталған.

Оқитын шығыс елінің дипломатия және этикет тілі
  • Кредит саны - 5
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты - кәсіби іскерлік қарым-қатынас үшін іскерлік, дипломатиялық хат пен этикеттің ерекшеліктерін талдай білу, әдеби шығыс тілінің нормативтік сөйлеу айналымы мен клишелерін қолдану қабілетін қалыптастыру Пән шығыс тілінің ресми-іскерлік стилін, шығыс этикетінің ережелері мен нормаларын, дипломатиялық құжаттар мен дипломатия тілін, оқытылатын елдің іскерлік этикетінің аймақтық ерекшеліктерін зерделеуге бағытталған.

Оқитын шығыс елінің мемлекеттік-саяси құрылысы
  • Кредит саны - 5
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты- мемлекеттің билік пен партиялық жүйесінің сипатын анықтау үшін елдің тарихи өткені мен қазіргі мемлекеттік-саяси даму құбылыстарын сыни бағалау қабілетін қалыптастыру. Пән мемлекеттік басқарудың, мемлекеттік билік органдарының қалыптасу және даму тарихын, демократиялық және қоғамдық ұйымдардың қызметін, Конституцияның ерекшеліктерін, сайлау және сот-құқықтық жүйелерді, саяси режимнің сипатын зерттеуге бағытталған.

Психология
  • Кредит саны - 2
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәнді оқытудың мақсаты – басқару психологиясының негізгі түсініктерін зерттеу негізінде жоғары білікті мамандарды ғылыми-негізделген даярлықпен қамтамасыз ету, таңдалған мамандық шеңберіндегі кәсіби қалыптасу үрдісінде басқару аймағының маңызды мәселелерінің теориясын түсініп және практикада қолдану үшін қажетті алғышарттарды құру. Бұл курс психологиялық ғылым мен практика дамуының қазіргі деңгейіне сәйкес ғылыми білімдермен таныстырады.

Саясаттану
  • Кредит саны - 2
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - «Саясаттану» оқу пәні ретінде әлем саясаты мен қазіргі саяси процесстерінің заңдары мен заңдылықтары туралы ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мен ұлттық мүдделерді жүзеге асыру негізінде білім қалыптастырып, ұлттық мемлекеттердің мәні мен мазмұнын түсіндіреді. Оқу барысында түрлі саяси жүйелердегі ішкі және сыртқы байланыстар, қарым-қатынастарды түсінуге, саясаттың әлеуметтік өлшемнің объективті критерийлерін қалыптастыруға жәрдемдеседі.

Сөйлеу және жазба тіл практикумы
  • Кредит саны - 5
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты студенттердің шет тілімен (сөйлеу) қарым-қатынас жасаудағы тілдік дағдыларын дамыту, дұрыс айтуды қалыптастыру, сөйлеу әрекетінің негізгі түрлерін жүзеге асыру: тыңдау, сөйлеу (монологтық және диалогтық сөйлеу), оқу, жазу. Шет тілінде сөйлеу әрекеттерін жүзеге асыруға дайындықты қамтамасыз ету, оның ішінде интегративті коммуникативті дағдыларды дамыту, соның ішінде сұхбат жүргізу, әр түрлі функционалдық стильдер мен қарым-қатынас салаларын бейнелейтін шынайы мәтіндерді тыңдап түсіну қабілетін дамыту. Пән студенттердің айту, жазу, грамматикалық, лексикалық және сөйлеу дағдыларын дамытуға бағытталған.

Философия
  • Кредит саны - 5
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты: болашақ кәсіби қызмет контекстінде философия және оның негізгі мәселелері мен әдістері туралы жүйелі идеяларды қалыптастыру. Философияның тарихи дамуы контекстінде онтология мен метафизиканың негізгі мазмұны қарастырылады; әлемді ғылыми және философиялық тану әдістерін жіктеу; қазіргі әлемдегі негізгі дүниетанымдық ұғымдардың рөлі мен маңыздылығын негіздеу.

Шетел тілі
  • Кредит саны - 5
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты: шет тіліндегі коммуникативтік құзыреттілік білімін жетілдіру. Коммуникативтік құзыреттілікті дамыту үшін негіз ретінде шет тілдік қарым-қатынастың сөйлеу қабілеттіліктері мен дағдыларының негізгі әдістері; сөйлеу әрекетінің барлық түрлерінде шет тілдік қарым-қатынастың кәсіби маңызды дағдылары мен тәжірибесін дамыту; ағылшын тілінде материалды іздеу, таңдау және пайдалану процесінде алынған сөйлеу дағдыларын іске асыру қарастырылады.

Шығыс елдерінің ежелгі және ортағасырлар тарихы
  • Кредит саны - 5
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты- Шығыс әлемінің саяси және өркениеттік дамуының ерекшеліктерін анықтау үшін Шығыс елдерінің мәдени және әлеуметтік-экономикалық жағдайына талдау жасау қабілетін қалыптастыру. Пән адамзат пен алғашқы қоғамдардың құрылу тарихын; ортағасырлық шығыс мемлекеттерінің білімі мен дамуы; ежелгі шығыс өркениетінің ірі орталықтарының ерекшеліктері; Шығыс елдерінің саяси, әлеуметтік-экономикалық және мәдени тарихының нақты фактілерін оқуға бағытталған.

Шығыс елдерінің жаңа және қазіргі заман тарихы
  • Кредит саны - 5
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты -Шығыстың әлемдік тарихи үдерістегі рөлі мен орнын анықтау үшін тарихи дамудың негізгі тенденциялары мен заңдылықтарын талдау қабілеттерін қалыптастыру. Пән отарлық жүйенің қалыптасуын, дамуы мен ыдырауын және оның салдарын зерттеуге; экономикалық және саяси реформалар, күрделі модернизация процестері, ішкі және сыртқы саясат мәселелері және олардың шешімдерін іздеуге бағытталған.

Шығыс тілінің практикалық курсы: тыңдалым
  • Кредит саны - 5
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты - студенттердің әртүрлі коммуникативті жағдайларда шет тіліндегі сөйлеуді қабылдау және түсіну қабілетін ұйымдастыру, сонымен қатар мәдени, ақпараттық және кәсіби құзыреттілік дағдыларын қалыптастыру. Негізгі морфологиялық формалар мен қарапайым синтаксистік құрылымдарды фраза мен жай сөйлем деңгейінде меңгеру. Пән: студенттердің шет тілінің айтылымын, жазуын, грамматикалық, лексикалық және сөйлеу дағдыларын дамытуға, сондай-ақ шет тілінің нормативтік айтылуын меңгеруге бағытталған.

2021-2024 жылдардағы мәліметтер көрсетілген

пәндер

Аймақтық және халықаралық ұйымдардағы оқитын елдің саясаты
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты- Шығыс елдерінің қазіргі геосаяси кеңістіктегі орнын анықтау үшін елдің сыртқы және ішкі саясатының негізгі бағыттарын дәйектеу қабілеттерін қалыптастыру. Пән оқуға бағытталған: аймақтық және халықаралық ұйымдардың құрылымдық тәртібі; шығыс елдері саяси көшбасшыларының әлемдік сахнадағы рөлі; дүниежүзілік қауымдастықтағы жекелеген елдердің саясаты.

Әл-Фараби және қазіргі заман
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты: студенттердің әлемдік және ұлттық мәдениеттің даму контекстіндегі ұлы түркі ойшылы Әбу Насыр әл-Фарабидің ғылыми және философиялық мұрасы туралы түсініктерді қалыптастыру. Әл-Фараби мұрасының ерекшеліктері және оның түркі философиясының қалыптасуына тигізген әсері; шығыс философиясының Еуропалық Ренессансқа әсер ету сипаты; ұлттық және әлемдік философия тарихының дәстүрлі және қазіргі заманғы мәселелері қарастырылады.

Ғылыми зерттеудің әдістері
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты: әдіснамалық және ғылыми мәдениетті қалыптастыру; ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру мен жүргізуде білім, білік және дағдылар жүйесін қалыптастыру. Зерттеудің жалпы ғылыми әдістері, оның ішінде ғылыми білімнің объективті мазмұнын табу үшін ғылыми ақпаратты іздеу, өңдеу, жүйелеу, талдау, синтездеу, жалпылау және дәлелдеу әдістері зерделенеді.

Жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың құқықтық негіздері
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты: сыбайлас жемқорлық бойынша құқық бұзушылықтарды алдын-алу мақсатында сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың қағидалары мен нормаларын қолдануды іс-жүзінде көрсете білу, жауапкершілік қабілетін қалыптастыру, азаматтық-құқықтық жауапкершілікке ие болып, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілікті, күнделікті өмірде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл субъектілерінің жүйесі мен қызметі, сыбайлас жемқорлыққа ықпал ететін себептер мен жағдайлар, сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің халықаралық тәжірибесі оқытылатын болады.

Кәсіпкерлік
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты: экономикалық ойлау тәсілін; коммерциялық іске асырылатын индустриялық-инновациялық жобаларға бағытталуды қалыптастыру үшін қажетті өз бизнесін құрудың теориясы мен практикасы саласында базалық білімдерді қалыптастыру. Кәсіпкерлік, шағын және орта бизнестің ішкі және сыртқы ортасының негізгі шарттары; мемлекеттік реттеу және мемлекеттің кәсіпкерлік орта үшін рөлі мәселелері қарастырылады.

Комуникативті мақсаттарға арналған шығыс тілі
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты -тұрмыстық, мәдени, кәсіби және ғылыми қызметтің түрлі салаларында әлеуметтік-коммуникативтік міндеттерді шешу үшін шығыс тілі дағдыларын пайдалану қабілетін қалыптастыру. Пән көпшілік алдында сөйлеу негіздерін зерделеуге; бейресми және ресми қарым-қатынастың коммуникативтік жағдайларында диалогтік және монологтық сөйлеу дағдыларын қалыптастыруға; оқу және кәсіби қызметтегі жазбаша қарым-қатынасқа бағытталған.

Көркем аударма тәжірибесі
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты - көркем аударма саласындағы аударма ойының негізгі теориялық білімдерін меңгеру. Мәдениетаралық делдалдық құралы ретінде көркем аударма дағдыларын қалыптастыру. Әр түрлі жанрдағы көркем мәтіндердің барабар аудармасын жасау. Аударманың эквиваленттілігіне, аударманы түрлендірулерге қол жеткізу әдістері туралы түсінікті қалыптастыру, сонымен қатар көркем аударма мен көркем әдебиеттің өзара байланысын түсіну. Пән көркем аударманың ерекшеліктерін меңгеруге және студенттерді аудармашының практикалық жұмысына дайындауға бағытталған.

Қазақстанның сыртқы саясатындағы Шығыс елдері
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты: Қазақстанның сыртқы саясатында оқылатын Шығыс елінің рөлі мен орнын бағалау, екіжақты қарым-қатынастардың даму келешегін талдау қабілетін қалыптастыру. Пән екі жақты байланыстарды қолдау мен дамытудағы мемлекеттердің саяси және экономикалық мүдделерін түсіну үшін теориялық-әдіснамалық негіздерді қолдануға бағытталған.

Қазіргі кезеңдегі халықаралық және аймақтық қақтығыстар
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты: қазіргі қақтығыстар жағрафиясының толық көрінісін қалыптастыру, олардың тарихы мен себептерін талдау, халықаралық және аймақтық қақтығыстарға қатысушылардың қазіргі құрамын анықтау. Пән қақтығыстардың мәні, себептері, оларды шешу жолдары мен тәсілдері туралы нақты түсінік қалыптастыруға; қазіргі заманғы халықаралық қақтығыстардың даму тенденциялары саласындағы білім; халықаралық, аймақтық, мемлекетішілік қақтығыстардың пайда болуына негізделген қазіргі қоғамдағы жаһандық саяси, әлеуметтік-экономикалық, әлеуметтік-мәдени проблемаларды түсінуге бағытталған.

Қазіргі шығыс тілі
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты - қазіргі шығыс тілінің нормативті грамматикасы жүйесін, ауызша және жазбаша сөйлеуді баяндау және қабылдау үшін тұрақты сөйлеу құрылымдарын қолдану қабілеттерін қалыптастыру. Пән шығыс тілін, заманауи грамматика мен лексиканы, лексика-семантикалық тақырыптарды; әңгіме мен мәтінді екі жақты аудару дағдыларын; жаңартылған терминологияны әрі қарай зерттеуге бағытталған.

Лингвоелтану (оқитын Шығыс елі)
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты туған ел мен оқитын елдің мәдениетіндегі жалпы және өзіндік ерекшелікті нақтылауды қалыптастыру және оқитын елдің мәдени өкілдерімен барабар қарым-қатынас пен өзара түсіністікті жүзеге асыру үшін сөйлеу және әрекеттік мінез-құлықты қалыптастыру. Пән оқуға бағытталған: елдің лингвистикалық сипаттамаларын, ұлттық қоғам өмірінің түрлі аспектілерін зерттеуге.

Оқитын елдің мәдениеті
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты - Шығыс халықтарының рухани және материалдық құндылықтарының қазіргі мәдени кеңістіктегі жетістіктерін бағалау қабілеттерін қалыптастыру. Пән елдің мәдени-тарихи ерекшелігін, оқылатын елдің тарихи ескерткіштерінің құндылық бағдарын; мәдени-тарихи мұраның ерекшеліктері мен ғылыми құбылыстарды талдау және рухани және материалдық мәдениеттің өзара тәуелділігі дағдыларын қалыптастыруға бағытталған.

Оқитын Шығыс еліндегі демографиялық үдерістер
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты- оқитын елдің негізгі демографиялық мәселелерінің өткірлігін анықтау үшін жалпы демографиялық үдерістердің қоғамдық-тарихи құбылыстары мен оқиғаларын талдау қабілетін қалыптастыру. Пән оқуға бағытталған: әлеуметтік-демографиялық үдерістерді, тұрғындардың этникалық, әлеуметтік, жыныстық-жастық құрылымын; туудың, өлім-жітімнің, табиғи өсудің жалпы көрсеткіштерінің серпінін; көші-қон үдерістерінің күшеюін, оның себептерін; ел тұрғындарының өмір сүру сапасы мен деңгейін зерделеуге бағытталған.

Оқитын шығыс елінің әдебиеті
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты -оқитын елдің мәдениеті туралы білім кешенін жүйелеу үшін оқытылатын елдің әдеби үрдістерінің ежелгі заманнан қазіргі кезеңге дейінгі даму эволюциясын талдау және бағалау қабілетін қалыптастыру. Пән әдеби бағыттар мен жанрларды жіктеу мен жүйелеуді, көркемдік формалардың эволюциясын, стильдердің типологиясын, идеологиялық және эстетикалық ерекшеліктерді, оқитын Шығыс елінің ірі жазушыларының маңызды шығармаларын зерттеуге бағытталған.

Оқитын шығыс елінің діні және діни ахуалы
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты: қазіргі қоғамдағы сауатты діни саясатты болжау үшін дінтанудың негізгі бағыттарын, теориялары мен әдістерін қолдану қабілетін қалыптастыру. Пән наным-сенімдердің, діни культтардың, әдет-ғұрыптар мен рәсімдердің мазмұнын; қоғамның мәдениеті мен өміріндегі діннің рөлі мен орнын; елдің тарихи процестеріндегі діни фактор мен қазіргі діни жағдайларды оқуға бағытталған.

Оқитын шығыс елінің қоғамдық-саяси ой-санасы
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты - әр түрлі тарихи дәуірлердегі осы идеяларға тән проблематиканы, тарихи тәжірибе тұрғысынан қоғамдық-саяси ой-сананың заңдылықтары мен тенденцияларын анықтау қабілетін қалыптастыру. Пән қоғамдық-саяси ой-сананың кезеңдері мен бағыттарын; әлеуметтік қозғалыстар; қоғамның әлеуметтік дифференциациясы, әлеуметтік-философиялық ойдың адамзат дамуындағы рөлі мен үлесін оқуға бағытталған.

Оқитын шығыс елінің философиялық ой- cанасының тарихы
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты: Шығыс елдеріндегі мектептердің бағыттары мен жеке ойшылдардың көзқарастарын талдау үшін философияны зерттеу тәсілдері мен әдістерін қолдану қабілеттерін қалыптастыру. Пән ежелгі және қазіргі дүниетанымдық ілімдер сабақтастығын нақтылау әдістері; шығыс философиясының тарихы туралы ақпаратты талдау және түсіндіру, оны баяндау; әр түрлі елдердің философиясының тұжырымдамалық және категориялық аппараты оқуға бағытталған.

Оқитын Шығыс елінің этникалық мәдениеті
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты - әртүрлі этномәдени құбылыстарды сипаттау және болжау, оларды сапалы талдау жүргізу үшін этнологиялық және этнопсихологиялық модельдерді қолдану қабілеттерін қалыптастыру. Пән «этнос», «этникалық мәдениет» ұғымдарын; материалдық-кеңістіктік ұйымының тыныс-тіршілігін бағалауды, құндылықтарды, халық кәсіпшілігі, білім мен наным, оқылатын елдің халық өнер түрлерін; әдет-ғұрыптың этникалық негіздерін анықтауды оқуға бағытталған. - этникалық мәдениеттің даму тарихын сипаттау; - оқитын Шығыс елінің этникалық мәдениетінің ерекшеліктерін анықтау; - заманауи этносаяси жағдайды талдау; - әлемдік мәдениеттегі этникалық мәдениеттің рөлін бағалау. Пәнді оқу нәтижесінде студенттер төмендегі мәселелерді қарастырады: "этнос", "этникалық мәдениет" ұғымдары, этникалық негіз; әдет-ғұрыптар; материалдық-кеңістіктік тіршілік әрекетін ұйымдастыру, құндылықтар, халықтық кәсіпшіліктер, білім мен сенімдер, оқитын елдің ұлттық өнерінің түрлері және қазіргі заманғы мәдени-білім беру саясаты.

Оқитын Шығыс елінің этнографиясы
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты -Шығыс халықтарының нәсілдік-антропологиялық бойынша шығу тегін, этнолингвистикалық, діни-конфессиялық, шаруашылық және мәдени негіздер бойынша этнографиялық классификация жүйелеріндегі бір этностың орнын анықтауға қабілеттерін қалыптастыру. Пән этнос пен халықтардың шығу тегі; этногенез және этносаралық қатынастар процестеріне әсер еткен тарихи оқиғалар; негізгі этникалық қауымдастықтардың материалдық және рухани мәдениетін оқуға бағытталған.

Халықаралық және аймақтық экономикалық құрылымдар
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты: студенттердің халықаралық және аймақтық үдерістердегі ішкі жүйелердің жұмыс істеуі, маңызды мәселелері және олардың жалпы халықаралық қатынастар жүйесіне әсері туралы білімдерін жүйелеу және тереңдету. Пән халықаралық және аймақтық экономикалық құрылымдардың құрылу шарттары мен алғышарттарын; халықаралық экономикалық ұйымдардың алуан түрлерінің жұмыс істеу ерекшеліктері мен сипаттамалық белгілерін анықтауға бағытталған.

Халықаралық қатынастар жүйесіндегі Шығыс
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты: Шығыс пен Батыстың өзара қарым-қатынасын анықтау үшін әр кезеңдегі Шығыс елдерінің халықаралық қатынастар жүйесіндегі рөлін талдау қабілеттерін қалыптастыру Пән ежелгі және орта ғасырлардағы, отаршылдық кезеңдегі, биполярлық және постбиполярлық кезеңдердегі халықаралық қатынастардағы Шығыс елдерінің рөлі мен проблемаларын, әсіресе қазіргі халықаралық қатынастардың ерекшеліктерін зерттеуге бағытталған

Шетелдіктерге арналған корей тілі (1 деңгей)
  • Бақылау түрі - Аудит
  • Сипаттамасы - Бұл курс корей тілінің жазбаша және ауызша сөйлеуін дамытудың базалық дағдыларын арттыруға бағытталған. Курс барысында студенттер корей тілінің фонетикалық құрылымының ерекшеліктерін, ұсыныстар құрамын және практикалық грамматикасын үйренеді. Сондай - ақ жазбаша және ауызша сөйлеуде 1 деңгейге сәйкес тілдің лексика-грамматикалық стандарттарын қолдануды үйренеді. -оқылатын тілдің фонетикалық, лексикалық, грамматикалық және стилистикалық нормаларына сәйкес 1 деңгей үшін сөйлеу тақырыбы шегінде монологиялық сөйлеуде ойды баяндау; -сөйлемдердің құрылымдық-нормативтік үлгілерін қолдана отырып және өзге тілді этикет нормаларын сақтай отырып, сөйлеу қызметін жүзеге асыру. - көпшілік алдында сөз сөйлеулер (хабарлама, презентация) мен мәтіндерді дайындау кезінде әртүрлі синтаксистік құрылымдарды қолдану; - тіл тасымалдаушылармен логикалық байланысты әңгіме жүргізу; - тілдік экспрессия құралдарын белсенді қолдану (синонимдер, омонимдер, антонимдер) .

Шетелдіктерге арналған корей тілі (2 деңгей)
  • Бақылау түрі - Аудит
  • Сипаттамасы - Бұл курс студенттердің мәдениетаралық деңгейде шет тілді қарым-қатынас жасау қабілетін одан әрі қалыптастыруға, нәтижелі және рецептивті тілдік материалды тереңдетуге және кеңейтуге бағытталған. Курс барысында студенттер қазіргі корей тілінің грамматикалық ережелерін үйренуді жалғастырады: сөзжасам, морфология, синтаксис және орфоэпия.- корей тілінде мәдениетаралық қарым-қатынас саласындағы тілдік мінез-құлық тактикасын саралау; - ауызекі сөйлеу тілін қолдану (нормативтік айтылу, сөйлеу ырғағы, интонация); - кәсіби сөйлеуге тән негізгі грамматикалық құбылыстар мен ең көп қолданылатын (базалық) грамматиканы белсенді меңгеру; - күнделікті және кәсіби қарым-қатынас мәтіндерін интерпретациялау; - қызықты тақырыпқа эссе жазу техникасын меңгеру.

Шығыс елдеріндегі интеграциялық үдерістер
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты: Шығыс елдеріндегі интеграциялық үрдістер жолында тұрған мәселелерді талдау үшін саяси және экономикалық интеграцияның әртүрлі теориялары мен модельдерін қолдану қабілетін қалыптастыру. Пән Шығыс елдеріндегі жаңа геосаяси жағдайларды, халықаралық экономикалық интеграцияның даму тарихын; жаһандану үрдістері контекстіндегі Шығыс елдеріндегі интеграция және дезинтеграция мәселелерін зерттеуге бағытталған.

Шығыс тілін аудару теориясы мен практикасы
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты - аудару қабілетін қалыптастыру, бастапқы мәтінді талдау және шығыс тілінен ана тіліне аударылған мәтінді редакциялау, практикалық сипаттағы аударма мәселелерін шешу. Пән аударманың ауызша және жазбаша ерекшеліктерін; түрлерін, кезеңдері және технологияларын; аударма стратегияларын; әдеттегі аударма қиындықтары және оларды жеңудің стандартты тәсілдерін оқуға бағытталған.

Шығыс тілінің аймақтық диалектілері
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты- диалектілік сөйлеуді есту арқылы қабылдау және оқитын елдің өкілдерімен ауызша қарым-қатынас жасау үшін ауызекі тіл элементтерін қолдану қабілетін қалыптастыру. Пән шығыс тілінің диалектілерінің қалыптасуын; аумақтық диалектілер мен әдеби тілдің өзара әрекеттесу ерекшеліктерін; фонетика, фонология, морфология, синтаксис және диалект графикасын зерттеуге бағытталған.

Шығыстың халықаралық және аймақтық қауіпсіздік құрылымдары
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты-Шығыс қауіпсіздігінің халықаралық және аймақтық құрылымдарының өзара байланыстағы ұғымымен таныстыру; қоғамның нақты жай-күйіне және ондағы қауіпсіздік деңгейіне байланысты мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық саясатының және халықтың мүдделерін қорғаудың ерекшеліктерін, сондай-ақ саяси тұрақтылықты нығайту жолдарын, жеке адамның, қоғам мен мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық және саяси қауіпсіздігіне төнетін қатерлерге қарсы тұру мүмкіндіктерін көрсету. Пән Шығыс қауіпсіздігінің қазіргі заманғы құрылымы жүйесіндегі Шығыс елдерінің маңыздылығы мен орнын бағалау қабілеті мен дайындығын көрсетуге бағытталған.

Іскерлік саладағы шығыс тілі
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты - іскерлік этикеттің талаптарына сәйкес шет тілінде сөйлеу әрекетін жүзеге асыру, бизнес саласында іскерлік хат алмасу қабілетін қалыптастыру. Пән іскерлік салада еркін қарым - қатынас дағдыларын дамытуға; түпнұсқалық аудио-бейне материалдармен жұмыс істеуге, іскерлік қарым-қатынасты, іскерлік кездесулерді, іс-шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге үйретуге бағытталған.

Экология және адам тіршілігінің қауіпсіздігі
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты-адамның табиғатпен өзара әрекеттесу жағдайларын үйлесімді оңтайландыру қағидаттарын іске асыратын табиғатты пайдаланудың заманауи тұжырымдамаларына негізделген бірқатар негізгі құзыреттерді қалыптастыру. Оқытылатын болады: адам өмірінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін табиғи ресурстарды тұрақты дамыту, сақтау және молайту қағидаттары, тәуекелдерді бағалау және азайту әдістері, қауіптерден, апаттардың салдарын жою шаралары, табиғи апаттар, қоршаған ортаны қорғау және қоршаған ортаны ұтымды басқару.

2021-2024 жылдардағы мәліметтер көрсетілген

ТӘЖІРИБЕЛЕР

Кәсіби (диплом алдындағы) тәжiрибе
  • Бақылау түрі - Защита практики
  • Сипаттамасы - Мақсаты - студенттердің диплом жұмысын дайындауға бағытталған ақпараттық-талдамалық қызметі. Тәжірибе өту кезінде орындалады: диплом материалдарын жинақтау және қорыту; ұсынылатын қызметтер сапасын талдау, бағалық / ассортименттік саясаты, персоналды басқару жүйесі; белгілі бір мерзімде зерттеу объектісінің экономикалық талдауы жүргізіледі, кәсіпорын қызметінің талдауы мен оны жетілдіру бойынша ұсыныстарды әзірлеу қорытындысы шығарылады.

Кәсіби (өндірістік) практика
  • Бақылау түрі - Защита практики
  • Сипаттамасы - Кәсіби (өндірістік) практиканын мақсаты: Кәсіпорынның өндірістік-шаруашылық қызметін зерттеу; электр және жылу энергиясын өндіру технологиясын зерттеу, жеке технологиялық процестердің ерекшеліктері жабдықтарды пайдалануда қауіпсіздік техникасы ережелерін, еңбекті қорғау және өнеркәсіптік гигиенаны оқып үйрену, тәуелсіз инженерлік жұмыс дағдыларын және практикалық тәжірибесін алу; өлшеулерді жүргізу, жүргізілген зерттеулердің сипаттамаларын жасау, шолулар, есептер мен ғылыми басылымдарды жасау үшін деректер дайындау. Кәсіби (өндірістік) практика оқу барысында студент төмендегідей білімдерді меңгереді: 1. қажетті ақпаратты, техникалық деректерді, жұмыстың көрсеткіштері мен нәтижелерін зерттеу, талдау және оларды жалпылау және жүйелеу, заманауи техникалық құралдарды пайдалана отырып қажетті есептеулерді жүргізуге; 2. нәтижелерді өңдеу және талдау арқылы көрсетілген әдістер бойынша эксперименттер жүргізу, жүргізілген зерттеулердің сипаттамаларын жасау және ғылыми шолулар мен жарияланымдарды құрастыру үшін деректер дайындауға; 3. жылуэнергетика саласындағы ғылыми-техникалық ақпарат, отандық және шетелдік тәжірибені пайдалануға; 4. жұмыс кестесін, бұйрықтарды, бұйрықтарды, нұсқаулықтарды, түсіндірме жазбаларды, схемаларды және басқа да техникалық құжаттамаларды, сондай-ақ бекітілген нысандар бойынша белгіленген мерзімде белгіленген есептерді қалыптастыруға қабілетті болады. Кәсіби (өндірістік) практика оқу нәтижесінде студенттер төмендегі мәселелерді қарастырады: Теориялық білімді шоғырландыру, оларды энергиямен жабдықтаудың нақты мәселелерін шешуге қолдану, диссертация (жоба) үшін базалық деректерді жинау, зерттелетін объектілерді жетілдіру жолдары мен мүмкіндіктерін зерттеу, жабдықтардың схемаларын, параметрлерін және жұмыс режимдерін рационализациялау; жиналған ақпараттарды талдау, орындалған жұмыстың нәтижелері туралы есепті құрастыру және дайындау.

Кәсіби (өндірістік) практика
  • Бақылау түрі - Защита практики
  • Сипаттамасы - Кәсібі (өндірістік) тәжірибенің мақсаты- студенттің теориялық білімдерін тәжірибеде қолдану қабілетін қалыптастыру, ережелер мен лауазымдық нұсқаулықтарға сәйкес нақты шешімдерді қабылдай алу және іс-әрекеттерді орындай алу қабілетін қалыптастыру. Мамандыққа байланысты мәселе бойынша өз пікірін ұсына алу, жинақтай білу, айта білу; әңгімелесу жүргізу, мамандық бойынша білікті қорытындылар мен кеңестер беру. Кәсіби қызметтің фактілері мен құбылыстарын этикалық тұрғыдан бағалау.

Өндірістік
  • Бақылау түрі - Защита практики
  • Сипаттамасы - Мақсаты - теориялық білімді бекіту, кәсіби қызметтің практикалық дағдыларын, құзыреттері мен тәжірибесін игеру. Өндірістік практика нәтижесінде магистранттар кәсіби және еңбек дағдыларын қалыптастыру ар0ылы тиісті саладағы кәсіпорындар, ұйымдар мен мекемелердің қызметі ерекшеліктерін зерделей алады.

Учебная
  • Бақылау түрі - Защита практики
  • Сипаттамасы - Алған теориялық білімдерін бекіту, студенттерге кәсіби бағыт беру; кафедраның, факультеттің, университеттің ғылыми қызмет бағыттарымен, құрылымымен танысу. - физикалық заңдар мен теориялар білімдерін табиғаттағы заттар, күштер мен өзара іс-қимылдарды түсіндіру үшін пайдалану; алған білімдерін практикалық қызметте және күнделікті өмірде пайдалану;

2021-2024 жылдардағы мәліметтер көрсетілген