6B04105 Бакалавриат

Есеп және аудит

Факультет:Экономика және бизнес жоғары мектебі
Код:6B04105
Білім деңгейіБакалавриат
Шекті балл (ақылы бөлім)70
ФакультетЭкономика және бизнес жоғары мектебі
ID1513

Бағдарлама туралы

Білім беру бағдарламасының мақсаты – заманауи талаптарға жауап беретін және бухгалтерлік есеп, аудит, кәсіпорындардың шаруашылық қызметін талдау салаларында білімі бар және оларды тәжірибеде жүзеге асыруға қабілетті білікті, бәсекеге қабілетті кадрларды даярлау.

Түлек моделі

1.Экономикалық құбылыстарды талдау және экономикалық процестердің практикалық мәселелерін шешу, экономикалық құбылыстарды модельдеу, Қазақстан экономикасының қызмет етуіне байланысты негізделген шешімдер қабылдау және экономикалық талдау жүргізу үшін экономикалық заңдарды, нарықтық экономиканың модельдері мен принциптерін, мемлекеттің экономикадағы рөлін, сонымен қатар экономикалық даму заңдылықтарын қолдану;
2.Жеке экономикалық агенттердің (тұтынушылардың, фирмалардың, нарықтардың) экономикалық мінез-құлқын және олардың бір-бірімен өзара әрекеттесуін түсіну және экономикалық өсуді қамтамасыз етуге, халықтың өмір сүру деңгейін арттыруға және әлеуметтік-экономикалық мәселелерді шешуге бағытталған тиімді экономикалық саясатты әзірлеу үшін макроэкономикалық параметрлерді қалыптастыру заңдылықтарын анықтау;
3.Әлеуметтік-экономикалық құбылыстар мен процестердің сандық сипаттамалары мен заңдылықтарын зерттеу үшін статистикалық ақпаратты жинаудың, өңдеудің және талдаудың заманауи әдістерін қолдану, сондай-ақ негізделген басқару шешімдерін қабылдау үшін қаржылық және басқарушылық талдау әдістерін қолдану негізінде ұйымның өтімділігі мен төлем қабілеттілігін, қаржылық тұрақтылығын, рентабельділігін және экономикалық тиімділігін талдау;
4.Салық жүйесінің негіздерін, салықтардың экономикалық мәні мен функцияларын, оның принциптерін, элементтері мен механизмдерін, сондай-ақ салық салудың мемлекеттік реттеудегі рөлін білуін көрсету. Салық есебін ұйымдастыру, салық салу объектілерін анықтау, салық базасын, салықтар мен бюджетке төленетін басқа да төлемдердің сомасын есептеу, салық есептілігін жасау.
5.Бухгалтерлік есеп объектілері бойынша құжатталған және жүйеленген ақпарат негізінде ұйымның шаруашылық қызметінің барлық аспектілерін есепке алудың және бақылаудың прогрессивті нысандары мен әдістерін қолдану, бухгалтерлік есеп объектілерінің салалық ерекшеліктерін ескере отырып, Қазақстан Республикасының заңнамасына және ХҚЕС, ҰҚЕС және/немесе ШОБ үшін ХҚЕС-ына сәйкес қаржылық есептілікті қалыптастыру.
6.Бухгалтерлік есептің мамандандырылған компьютерлік бағдарламаларын қолдану және ұйымның жылдық қаржылық және салықтық есеп беруін жасау әдістемесін меңгеру, қаржылық, басқару және салықтық есеп мәселелерін шешу әдістемелері мен әдістерін меңгеру.
7.Жоспарлау, бюджеттеу, негізгі тиімділік көрсеткіштерін қолдану және бақылау, шешім қабылдау, бизнестің экономикалық көрсеткіштерін бағалау және талдау, компанияның өсу нүктелерін табу, жоспарлы мәндерді бақылау және түзету мақсатында сапалы және сандық ақпаратқа басқару есебінің әдістері мен әдістемесін қолдану.
8.ХҚЕС, ҰҚЕС немесе ШОБ-те ХҚЕС сәйкес жекелеген кәсіпорындар мен компаниялар топтары үшін қаржылық есептілікті дайындау және ұсыну. Басқару шешімдерін қабылдау үшін қаржылық есептілікті талдау және түсіндіру.
9.Қазақстан Республикасындағы аудиторлық қызметті реттейтін заңнамаға, халықаралық стандарттарға және басқа да нормативтік құқықтық актілерге негізделген аудиттің тұжырымдамаларын, принциптері мен әдістерін білуін көрсету.
10.Басқару есебінің принциптері бойынша білім жүйесін өндіріс шығындары туралы мәліметтерді жүйелеу, өндірілген өнімнің өзіндік құнын бағалау және пайданы анықтау және нақты жағдайларды мысал ретінде пайдалана отырып, жаңа өнімнің рентабельділігі, өнім көлемі мен номенклатурасының өзгеруі және күрделі салымдар мәселелерін шешу үшін пайдалану.
11.Аудитті жоспарлау және жүргізу, аудиторлық дәлелдемелерді жинау және талдау, қазақстандық заңнама мен халықаралық аудит стандарттарын ескере отырып, аудиторлық есептер мен қорытындыларды дайындау, ұйымның есеп саясатына сәйкес бухгалтерлік есепті бағалау, ұйымдардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру мақсатында аудиторлық есептің нәтижелерін негіздеу.
12.Әлемдік мойындалуы бар есеп және аудит саласындағы білімді тәжірибеде қолдану, Қазақстанның экономикалық дамуының негізгі кезеңдерін, заңдылықтарын және өзіндік ерекшелігін терең түсіну және ғылыми талдау негізінде азаматтық ұстанымды көрсету.

Байланыс

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті,
Қазақстан Республикасы, Алматы, 050040, әл-Фараби даңғылы, 71
Султанова Бахыт Битахановна, тел.номер 8 707 699 2624
Жунисова Гульнар Ерикқызы, тел.номер 8 707 767 0535

Қабылдау

1) Аттестат/диплом + қосымшалары (түпнұсқа)
2) Жеке куәлік (түпнұсқа және көшірме -2 дана)
3) ҰБТ сертификаты (certificate.testcenter.kz)
4) Квота, жеңілдік құжаттары (түпнұсқа + көшірме)
5) Фото 3×4- 6 дана
6) 063/у, 0/75у медициналық анықтамалары
7) Шет тілін меңгергенін растайтын сертификат
8) Шығармашылық /арнайы емтихан ведомостынан үзінді (болған жағдайда)
9) Білім беру гранты туралы куәлік (grant.testcenter.kz)
10) Оқу ақысының 50% төлегені туралы түбіртек (ақылы оқуға)