6B05204 Бакалавриат

Метеорология

Факультет:География және табиғатты пайдалану
Код:6B05204
Білім деңгейіБакалавриат
Шекті балл (ақылы бөлім)70
ФакультетГеография және табиғатты пайдалану
ID1630

Бағдарлама туралы

Білім беру бағдарламасы метеорология саласында іргелі теориялық білімі мен практикалық икемі бар жоғары білікті мамандарды даярлауға бағытталған.

Түлек моделі

1. Жаратылыстану ғылымдарының, физика және математиканың негізгі ережелерін, заңдары мен әдістерін білу негізінде табиғат пен қоғамның дамуы мен қызметінің негізгі заңдылықтарын сипаттау; атмосферада өтетін негізгі физикалық процестердің табиғатын түсіндіру.
2. Сандық технологиялар, кәсіби терминология, кодтар мен нормативті құжаттарды қолдана отырып, метеорологиялық өлшеулер мен бақылаулардың барлық түрлерін тиімді көрсету, ұйымдастыру;
3. Тиімді метеорологиялық бақылау желісін құру; қажетті гидрометеорологиялық ақпаратты жинау және оған талдау жүргізу; арнайы метеорологиялық бақылауды ұйымдастыру; метеоақпаратты ұсынудың әртүрлі тәсілдерін практикада қолдану;
4. Бұлттар мен жауын-шашынның пайда болуының физикалық процестерін түсіндіру және сипаттау; оларды морфологиялық және генетикалық белгілері бойынша жүйелеу; атмосферада түрлі оптикалық және электрлік құбылыстардың пайда болу табиғатын түсіндіру;
5. Ауа райы болжамдарын құрастыру кезінде қолданылатын сапалы және репрезентативті аэрологиялық, радиометеорологиялық және жерсеріктік мәліметтерді алу үшін заманауи және перспективті атмосфералық зондылау әдістерін қолдану;
6. Ауа-райы карталарын, барикалық топография карталарын, аэрологиялық диаграммаларды өңдеу және талдау жүргізу; ауа-райы болжамын жасау үшін атмосфералық процестер мен ауа-райы жағдайларының даму ерекшеліктерін анықтау;
7. Атмосфераның жалпы және мезо ауқымды айналымы үлгілерімен жұмыс және ауа райы болжамдары үшін олардың нәтижелерін түсіндіру;
8. Әртүрлі күнбұрындылық жағдайына байланысты ауа райы болжамдарын, кәсіби метеорологиялық болжамдарды құрастыру, қауіпті және стихиялық гидрометеорологиялық құбылыстардың пайда болуы туралы ескертулер мен оларды тұтынушыға дейін жеткізу;
9. Экономиканың түрлі салалары үшін қауіпті гидрометеорологиялық құбылыстарды бағалау, олардың пайда болу себептерін түсіндіру және болжам құрастыру;
10. Климаттың негізгі сипаттамаларын есептеу; климаттың өзгеру үрдістерін диагностикалау және талдау; климаттық жағдайларға жыл сайынғы шолу жасау; ДМҰ бағдарламалық қамтамасыз етуді пайдалана отырып, климаттың мониторингінің ұлттық өнімін ұсыну;
11. Қоршаған ортаның жай-күйіне әсер ететін метеорологиялық факторларды бағалау және әуе бассейнін қорғау мақсатында оларды есепке алу бойынша әзірленген ұсынымдарды практикада қолдану; нақты уақыттағы атмосфераның жай-күйіне мониторингті, оның ішінде радиолокациялық және спутниктік бақылауларды пайдалана отырып ұйымдастыру;
12. Метеорологияның заманауи ахуалы мен тенденцияларына аналитикалық шолу құрастыру; республикалық және халықаралық заңнама нормаларын сақтай отырып, құқықтық, экологиялық және кәсіпкерлік саладағы қызметті жүзеге асыру; жеке тұлғалық мақсаттар мен мотивтерді ескере отырып және ары қарайғы кәсіби өсу үшін ғылыми зерттеулердің нәтижелерін ұсыну, топпен жұмыс жасау.
13. Әлеуметтік, этникалық, конфессиялық және мәдени айырмашылықтарды толерантты қабылдай отырып, тұлғааралық қарым-қатынасты жүзеге асыру.

Байланыс

Кафедра мекенжайы: әл-Фараби даңғылы, 71, ГУК-6 корпусы, 229, 231 каб.
Кафедра телефоны: +7 (727) 377-33-30 (16-01, 12-25)

Полякова Светлана Евгеньевна
e-mail: svetlana.polyakova@kaznu.edu.kz

Қабылдау

1) Аттестат/диплом + қосымшалары (түпнұсқа)
2) Жеке куәлік (түпнұсқа және көшірме -2 дана)
3) ҰБТ сертификаты (certificate.testcenter.kz)
4) Квота, жеңілдік құжаттары (түпнұсқа + көшірме)
5) Фото 3×4- 6 дана
6) 063/у, 0/75у медициналық анықтамалары
7) Шет тілін меңгергенін растайтын сертификат
8) Шығармашылық /арнайы емтихан ведомостынан үзінді (болған жағдайда)
9) Білім беру гранты туралы куәлік (grant.testcenter.kz)
10) Оқу ақысының 50% төлегені туралы түбіртек (ақылы оқуға)