6B05401 Бакалавриат

Актуарлық математика

Факультет:Механика-математика
Код:6B05401
Білім деңгейіБакалавриат
Шекті балл (ақылы бөлім)95
ФакультетМеханика-математика
ID1682

Бағдарлама туралы

Қаржылық және сақтандыру секторларындағы ғылыми-зерттеу мекемелері үшін кәсіби мәселелерді шешуге және іргелі математикалық білімін пайдалана отырып басқарушылық шешімдер қабылдауда әртүрлі математикалық-экономикалық модельдер құра алатын бәсекеге қабілетті мамандарды даярлау

Түлек моделі

1.Қаржылық және сақтандыру тәуекелдерін бағалау мен модельдеу, сондай-ақ өндіріс пен қызмет көрсету салаларында бақылау жүргізу үшін математикалық және статистикалық бағдарламалау әдістерін қолдану
2.Өмір сүру, өмірді сақтандыру және бірлескен сақтандыру сияқты ықтималдықтық модельдер негізінде актуарлық есептерді шешу;
3.Сақтандыру, қаржы және инвестиция саласында сенімді болжамдар жасау үшін қаржылық ақпаратты сыни тұрғыдан талдау;
4.Бірлескен сақтандыру теориясын пайдалана отырып, жалпы сақтандыру өнімдерін әзірлеуге және жетілдіруге қатысу ;
5.Қолданбалы пакеттер мен машиналық оқытуды пайдалана отырып сақтандыру және зейнетақы қорлар капиталының жеткіліктілігін, зейнетақы жоспарларын, сақтандыру резервтерін және сыйақыларды бағалау.
6.Теориялық және қолданбалы есептерді қоса отырып, жаратылыстану ғылымы есептерін шешуге заманауи математикалық әдістерді қолдану.;
7.Табиғат пен қоғамның дамуын философиялық тұрғыдан түсіну негізінде қоғамның әлеуметтік және рухани өмірінің құбылыстары мен процестеріне баға беру;
8.Сақтандыру, инвестициялар мен корпоративтік басқару салаларында әртүрлі ақша ағындары үшін ағымдағы және жинақталған құндарды есептеу әдістерін қолдану;
9.Ғылыми-зерттеу және аналитикалық жұмыстың нәтижелерін түсіндіру үшін актуарлық зерттеулер жүргізу.;
10.Көшбасшылықты, жауапкершілікті және актуарлық кәсіптің этикалық стандарттарын көрсете отырып, топ болып жұмыс жасау.;
11.Математикалық модельдерді және есептерді шешудің тиімді әдістерін талдау (аналитикалық, сандық, зертханалық тәжірибе);
12.Математикалық әдістердің қағидалары мен құралдарына сүйене отырып, медициналық сақтандыру өнімдерін әзірлеу.

Байланыс

Кафедраның мекен-жайы:әл-Фараби даңғылы, 71/23, Механика-математика факультетінің корпусы, 5 қабат, 506 кабинет
Кафедра телефоны: 8 (727) 221-15-73

Қабылдау

1) Аттестат/диплом + қосымшалары (түпнұсқасы)
2) Жеке куәлігі
3) ҰБТ сертификаты
4)Жеңілдіктерді және квотаны дәлелдейтін анықтамалары
5)Фото 3×4: 6 дана
6) 063/у нысандағы медициналық анықтама
7) 0/75у нысандағы медициналық анықтама

🎯Егер, 0 75/у фомадағы медициналық анықтамада психо-нарко учетта тұрмайтындығы туралы нақты анықтама болмаған жағдайда, Egov сайтынан жүктей аласыздар!