6B07501 Бакалавриат

Стандарттау және сертификаттау (салалар бойынша)

Факультет:Физика-техникалық
Код:6B07501
Білім деңгейіБакалавриат
Шекті балл (ақылы бөлім)70
ФакультетФизика-техникалық
ID1689

Бағдарлама туралы

Еңбек нарығының қажетіне сәйкес өндіруші және тұтынушы үшін өнім мен қызметтің жоғары сапасына, қауіпсіздігіне, жоғары экономикалық тиімділігіне бағытталған өнімге (қызметке), процеске (жұмысқа) және жүйеге қойылатын талаптар, ережелер мен нормаларды орнату, жетілдіру мен бақылау, оларды әзірлеу, өндіру, қолдану (тұтыну) және метрологиялық қамтамасыз ету саласында жоғары білімге ие бәсекеге қабілетті маман дайындау.

Түлек моделі

1. ISO 14000 талаптарына сәйкес өнім (қызмет) өндірудің ресурс үнемдеуші, энергия үнемдеуші және табиғат үнемдеуші технологиялық процестері мен режімдерінің экологиялық-экономикалық тиімділігін бағалау.
2. Инспекциялық бақылау нәтижесі бойынша ҚР және ЕАЭО техникалық реттеу саласының ақпарат ресурстарымен жұмыс істеу үшін заманауи компьютерлік технологияларды және ЖИ-тың талдамалық құралдарын пайдалана отырып, құжаттардың барлық түрін рәсімдеу.
3. Сапасы төмен өнім шығару және дефект санын азайту шараларын әзірлеу бойынша өнім ақауы себептерін зерттеу үшін физика-химиялық әдістер мен математикалық статистика аппаратын қолдану.
4. ISO, IEC ТК/ПК, МАК CTN/CENELEC-тің ең үздік қолда бар технологиялары мен негізін қалаушы құжаттарын өндіріске енгізу арқылы зертхана аралық салыстырмалы сынақтардағы (сараптама) өлшеу техникасының жағдайын метрологиялық және техникалық бақылауды жүзеге асыру.
5. Стандарттау саласында халықаралық ынтымақтастықты іске асыруға арналған ҚР Мемлекеттік стандарттау жоспарына сәйкес техника-экономикалық ақпарат классификаторлары мен мемлекеттік стандарттар, халықаралық, өңірлік, ұлттық стандарттар мен оларға енгізілген өзгеріске сараптама жүргізу.
6. ГОСТ ИСО/ХЭК 17025-2009 талаптарын іске асыру үшін ҚР аккредиттеу туралы заңнамасына сәйкес сынақ орталықтары мен зертханаларының сәйкестігін растау органдарын акрредиттеу мен аттестаттаудан өткізу.
7. Өнім, процесс және қызмет сапасы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша бақылау-өлшеу жабдығын пайдаланып, зертханалық-техникалық сынақ жүргізу.
8. Халықаралық, өңірлік және ұлттық стандарттар негізінде өнімділігі жоғары, қалдықсыз және табиғатты қорғау технологияларының қызметтері мен өнімдерінің қасиеттері туралы шынайы ақпарат алуға арналған нормативтік-техникалық құжаттаманың автоматтандырылған дерекқор каталогын жасау.
9. ISO 9000 стандарттар серия базасы негізінде өнімнің сапалық және сандық сипаттамаларын жақсарту үшін белгілі бір қызмет саласындағы міндетті стандарт талаптарының сәйкестігін бағалау негізінде ұйымның (кәсіпорынның) сапа менеджменті жүйесіне аудит жүргізу.
10. Ел бірлігі мен ынтымақтастығын нығайту, қоғамның зияткерлік әлеуетін арттыру және қолданыстағы құқықтық нормалар аясында кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру үшін ұлттық және әлемдік философия тарихының заманауи мәселелерін білуді кәсіби қызметте қолдану.
11. Сынақ зертханалары, сәйкестікті растау орталықтары мен органдарының кәсіби қызметі саласында квалиметриялық талдау негізінде өнім, қызмет және процесті сертификаттау сызбалары мен сатыларын тәжірибеде қолдану.
12. Техникалық реттеу саласында консенсус негізінде электронды дерекқор мен құжаттарды пайдалана отырып, стандарттау бойынша ұлттық, мемлекетаралық және халықаралық техникалық комитеттердің шешімін жүзеге асыруға арналған нормативтік құжаттарды әзірлеуге қатысу.

Байланыс

Болегенова Салтанат Алихановна
Алматы, 050040, аль-Фараби, 71.
Физика-техникалық факультеті, 317.
Жылуфизика және техникалық физика кафедрасы
тел:+7 701 386 9755. 15-43.

Қабылдау

1) Аттестат/диплом + қосымшалары (түпнұсқа)
2) Жеке куәлік (түпнұсқа және көшірме -2 дана)
3) ҰБТ сертификаты (certificate.testcenter.kz)
4) Квота, жеңілдік құжаттары (түпнұсқа + көшірме)
5) Фото 3×4- 6 дана
6) 063/у, 0/75у медициналық анықтамалары
7) Шет тілін меңгергенін растайтын сертификат
8) Шығармашылық /арнайы емтихан ведомостынан үзінді (болған жағдайда)
9) Білім беру гранты туралы куәлік (grant.testcenter.kz)
10) Оқу ақысының 50% төлегені туралы түбіртек (ақылы оқуға)