- Негізгі бет
- Бакалавриат
- Білім беру бағдарламалары
- Әлемдік экономика
Әлемдік экономика
БIЛIКТIЛIГІ
- бiрiншi жоғары бiлiм - бизнес және басқару бакалавры
ТҮЛЕКТЕР МОДЕЛІ
1. Отандық дереккөздерден және халықаралық экономикалық ұйымдардың деректер қорынан экономикалық және статистикалық ақпаратты зерделеу, талдау, жинақтау, оны кәсіпорындардың (ұйымдардың) сыртқы экономикалық қызметін және Қазақстанның халықаралық экономикалық қатынастарын ұйымдастыру мен басқару саласындағы практикалық міндеттерді шешу үшін қолдану.
2 Әлем елдерінің әлеуметтік-экономикалық даму деңгейін бағалау және салыстыру, бизнес-компаниялардың әлемдік нарықтарға шығу тәсілдері және Қазақстанның халықаралық экономикалық ынтымақтастығын дамыту бағыттары бойынша ұсыныстар әзірлеу.
3.Тиімді халықаралық экономикалық ынтымақтастықты жүзеге асыру үшін халықаралық заңнаманың нормаларын және халықаралық экономикалық және сауда ұйымдары мен интеграциялық одақтарға қатысу қағидаларын қолдану.
4. Әлемдік экономиканың ағымдағы жай-күйі мен даму перспективаларын талдау, оның Қазақстан экономикасының дамуына және әлемдік нарықтарға бағдарланған бизнес-компаниялардың қызметіне әсерін бағалау.
5. Кәсіпорындар (ұйымдар) қызметінің экономикалық және қаржылық көрсеткіштерін талдау, есептеу және жоспарлау, бухгалтерлік есеп және қаржылық талдау әдістерін меңгеру.
6. Халықаралық экономикалық операциялар мен есеп айырысуды жүргізу тәсілдерін салыстыру және ұсыну, сыртқы нарықтардағы іскерлік операциялардың артықшылықтары мен тәуекелдерін бағалау.
7. Қазақстандық компаниялардың шетелдік нарықтарға шығу мәселелері мен проблемалары бойынша талдамалық шолулар, анықтамалар, презентациялар жасау, Қазақстанның сыртқы экономикалық қатынастары саласындағы проблемаларды шешу жөнінде ұсыныстар әзірлеу.
8. Бизнес-компанияның шетелдік қызметінің тиімділігіне әсер ететін сыртқы және ішкі орта факторларын талдау, маркетингтік ақпаратты жинауды жүзеге асыру және әлемдік тауар нарықтардың конъюнктурасын ескере отырып, сыртқы сауда мәмілелерін дайындау және жүзеге асыру, шетелдік әріптестермен келіссөздер жүргізу кезінде тиімді шешімдер ұсыну.
9. Халықаралық конвенциялар мен нормаларды ескере отырып, экспорттық-импорттық операцияларды ұйымдастыруға және жүргізуге қатысу, халықаралық логистикалық компаниялар қызметінің мазмұны, халықаралық көліктік-логистикалық жүйелердің құрылымы және кедендік-тарифтік реттеу ережелері туралы білімді қолдану
10. Ағылшын тілін кәсіби деңгейде, сондай-ақ екінші шет тілін ауызша және жазбаша тілді жүзеге асыруға жеткілікті деңгейде меңгеру, шет тілдерін іскер серіктестермен және әлемнің әртүрлі мәдениеттері мен елдерінің басқа да өкілдерімен қарым-қатынас құралы ретінде пайдалану.
11. Заманауи ақпараттық-коммуникациялық және цифрлық технологиялар негізінде бизнесті тиімді жүргізу және халықаралық экономикалық ынтымақтастық мүмкіндіктерін кеңейту.
12. Коммуникациялардың этикалық нормаларын сақтау, әлемнің түрлі мәдениеттері мен елдерінің өкілдері арасындағы мәдениетаралық айырмашылықтарды білу мен ескеру, бизнестің әлеуметтік және экологиялық жауапкершілігі қағидаттарын ұстану, тұрақты даму мақсаттарын (ТДМ) іске асыруға қатысу.
Бағдарлама паспорты
пәндер
2022-2025 жылдардағы мәліметтер көрсетілген
пәндер
2022-2025 жылдардағы мәліметтер көрсетілген
ТӘЖІРИБЕЛЕР
2022-2025 жылдардағы мәліметтер көрсетілген