6B05403 Бакалавриат

Механика

Факультет:Механика-математика
Код:6B05403
Білім деңгейіБакалавриат
Шекті балл (ақылы бөлім)70
ФакультетМеханика-математика
ID1693

Бағдарлама туралы

Механика саласы бойынша математиканың іргелі білім негізі қалыптасқан және программаларды құру негізін жақсы білетін, қойылған есептерді өз бетінше шығара алатын, дәйекті қорытынды жасап, алған нәтижелерін баяндай білетін, топта бірігіп жұмыс істей алатын, сондай-ақ өзінің одан әрі кәсіби өсу бағытын анықтап, үздіксіз білім алуға деген құлшынысын көрсете білетін жоғары білікті маманды сапалы деңгейде даярлау.

Түлек моделі

1.Механиканың негіздері бойынша, атап айтқанда теориялық механика, қатты дене динамикасы, тұтас орта механикасы, деформацияланатын қатты механика, материалдар механикасы, сұйық және газ механикасы, механизмдер, машиналар мен робототехникалық жүйелер механикасы бойынша іргелі білімдері мен түсініктерін көрсету;
2.Тілдік және лингвомәдени білімдерді, ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың құралдары мен әдістерін қолдана отырып, кәсіби қызметке қажетті ақпаратты талдау және әлеуметтік, этикалық және ғылыми көзқарастарды ескере отырып, жеке пікір қалыптастыру
3.Механикалық процестер мен құбылыстардың күрделі өзара байланыстарын ескере отырып, қойылған механика есептерін тиімді шешу үшін тиісті теориялық, сандық және эксперименттік әдістерді қолдану.
4.Ғылыми-зерттеу жұмысының нәтижелерін ауызша және жазбаша түрде қисынды баяндау, рәсімдеу және ұсыну үшін ғылыми зерттеу әдістері мен академиялық жазу дағдыларын қолдану.
5.Денсаулықты сақтау, тұлғалық даму, кәсіби қызметте философия тарихы бойынша білімді қолдану, қоғамның бірлігін нығайту, заң шеңберінде кәсіпкерлік қызмет жүргізу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет ету, академиялық адалдықты сақтау, қаржылық сауаттылықты арттыру, сондай-ақ экология, тұрақты даму және инклюзия қағидаттарын ілгерілету және әлеуметтік әрі кәсіби міндеттерді шешуде жасанды интеллект технологияларын саналы түрде қолдану бойынша практикалық дағдылар мен іскерлікті пайдалану.
6.Негізгі математикалық пәндер бойынша, атап айтқанда - математикалық және тензорлық талдау, сызықтық алгебра және аналитикалық геометрия, дифференциалдық теңдеулер, ықтималдықтар теориясы және математикалық статистика, вариациялық есептеу, есептеу әдістері бойынша білімі мен түсініктерін көрсету;
7.Тәжірибелік және есептік гидродинамика әдістерін, турбуленттілік теориясының негіздерін және турбуленттік ағындарды статистикалық модельдеу әдістерін қолдана отырып, гидростатика, гидрогаздинамика және кеуекті ортадағы сығылмайтын сұйықтықты сүзу мәселелерін шешу.
8.Механикалық жүйелер динамикасының есептерін шешу үшін теориялық механика, қатты дене динамикасы, аспан және орбиталдық механика, бифуркация теориясы, ұйытқу теориясы мен канондық түрлендірулер әдістерін қолдану.
9.Зертханалық және сандық эксперименттер жүргізу, механика және жаңартылатын энергия көздері саласындағы есептерді шешу, сондай-ақ модельдеу нәтижелерінің дәлдігі мен сенімділігін бағалау үшін физиканың негізгі заңдарын, химия, термодинамика және жылуалмасу негіздерін қолдану.
10.Модельдеу, жобалау және тәжірибелік зерттеу әдістерін қолдана отырып, механикалық және роботтық жүйелердің діріл, қозғалысты басқару және динамика есептерін шешу.
11.Құрылым элементтерінің кернеулі-деформацияланған күйін талдау арқылы олардың беріктігін, қаттылығын, орнықтылығын және бұзылу шарттарын деформацияланатын қатты дене механикасы, пластика теориясы және полимерлік материалдар беріктігі заңдарын ескере отырып бағалау.
12.Қазіргі заманғы бағдарламалау тілдері мен қолданбалы бағдарламалар пакеттерін пайдалана отырып, механика есептерін шешу және бағдарламалар құру үшін компьютерлік сауаттылық, бағдарламалау және модельдеудің негізгі білімдерін қолдану.

Байланыс

Кафедраның мекен-жайы:әл-Фараби даңғылы, 71/23, Механика-математика факультетінің корпусы, 1 - қабат, 112 кабинет
Телефоны: Анықтама: 8 (727) 377-33-33 , Кафедраның ішкі номері (15-63).
Асел Исмаилова

Қабылдау

1) Аттестат/диплом + қосымшалары (түпнұсқа)
2) Жеке куәлік (түпнұсқа және көшірме -2 дана)
3) ҰБТ сертификаты (certificate.testcenter.kz)
4) Квота, жеңілдік құжаттары (түпнұсқа + көшірме)
5) Фото 3×4- 6 дана
6) 063/у, 0/75у медициналық анықтамалары
7) Шет тілін меңгергенін растайтын сертификат
8) Шығармашылық /арнайы емтихан ведомостынан үзінді (болған жағдайда)
9) Білім беру гранты туралы куәлік(grant.testcenter.kz)
10) Оқу ақысының 50% төлегені туралы түбіртек(ақылы оқуға)