6B06301 Бакалавриат

Ақпараттық қауіпсіздік жүйелері

Факультет:Ақпараттық технологиялар және жасанды интеллект
Код:6B06301
Білім деңгейіБакалавриат
Шекті балл (ақылы бөлім)95
ФакультетАқпараттық технологиялар және жасанды интеллект
ID1724

Бағдарлама туралы

«6B06301 - Ақпараттық қауіпсіздік жүйелері» білім беру бағдарламасының мақсаты ақпараттық технологиялар қауіпсіздігі, компьютерлік және желілік қауіпсіздікті қамтамасыз ету, қауіпсіздікті басқару, ақпараттық жүйелердегі деректердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы озық білімдерін көрсетуге қабілетті ақпараттық қауіпсіздік саласындағы бәсекеге қабілетті мамандарды даярлау болып табылады.

Түлек моделі

1.Қауіпсіздікті қамтамасыз ету стандарттарының ережелерін және олардың ақпараттар мен ресурстарды қорғаудағы рөлін пайдалану;
2.Деректерді қорғау міндеттерінде кодтаудың, криптографияның және криптоанализдің математикалық әдістерін қолдану;
3.Ақпараттық қауіпсіздік саласындағы нормативтік құқықтық актілердің негізгі ережелерін қолдану;
4.Қауіпсіз бағдарламалық қамтамасыз ету мен мобильді қосымшаларды әзірлеу үшін программалау тілдері мен құралдарын пайдалану;
5.Ақпараттық жүйелердегі қауіп-қатерлерді, осал тұстарын, қарсы өлшемдерді және тәуекелдерге әсер етуді бағалау үшін тәуекелдерді басқару принциптерін қолдану;
6.Ақауларды жою, кәсіпорын деңгейінде ақпараттық қауіпсіздік жүйесіне қызмет көрсету және оларды жаңарту;
7.Желінің тұрақты мониторингін жүзеге асыру және нақты уақытта қауіпсіздік шешімдерін ұсыну;
8.Операциялық жүйелер мен қосымшалардың қауіпсіздік аудитін жоспарлау, енгізу және орындау;
9.Ақпараттық қауіпсіздік шеңберінде оқиғаларға әрекет етуді, авариялық қалпына келтіруді және бизнестің үздіксіздігін жоспарлау;
10.Ақпаратты қорғау жүйесінің компоненттерін жобалау;
11.Ақпарат пен қосымшалардың қауіпсіздік тәуекелдерін басқару саясатын бағалау;
12.Табиғат пен қоғамның дамуы мен дамуының негізгі заңдарын білу, әртүрлі әлеуметтік-экономикалық, әлеуметтік-құқықтық, этикалық, саяси және төтенше жағдайларда жан-жақты шараларды өткізу қабілетін көрсету.

Байланыс

әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті
Қазақстан Республикасы, Алматы, 050040, әл-Фараби даңғылы, 71
Тел. 8 (727) 377-33-33 ішкі.(15-79), Жүнүсбаева Саламат Жанабайқызы 87079049773

Қабылдау

1) Аттестат/диплом + қосымшалары (түпнұсқа)
2) Жеке куәлік (түпнұсқа және көшірме -2 дана)
3) ҰБТ сертификаты (certificate.testcenter.kz)
4) Квота, жеңілдік құжаттары (түпнұсқа + көшірме)
5) Фото 3×4- 6 дана
6) 063/у, 0/75у медициналық анықтамалары
7) Шет тілін меңгергенін растайтын сертификат
8) Шығармашылық /арнайы емтихан ведомостынан үзінді (болған жағдайда)
9) Білім беру гранты туралы куәлік(grant.testcenter.kz)
10) Оқу ақысының 50% төлегені туралы түбіртек(ақылы оқуға)