6B06104 Бакалавриат

Компьютерлік ғылымдар

Факультет:Ақпараттық технологиялар және жасанды интеллект
Код:6B06104
Білім деңгейіБакалавриат
Шекті балл (ақылы бөлім)90
ФакультетАқпараттық технологиялар және жасанды интеллект
ID1730

Бағдарлама туралы

"6B06104 - Компьютерлік ғылымдар" білім беру бағдарламасының мақсаты программалық қамтамасыз етуді жобалау және құрудың қазіргі заманғы технологиялары саласында бәсекеге қабілетті, құзыретті мамандарды дайындауды қамтамасыз ету, компьютерлік жүйелерді қолданудың жаңа тәсілдерін құру, есептеу есептерін шешудің тиімді тәсілдерін құру болып табылады.

Түлек моделі

1.Компьютерлік ғылым саласындағы есептерді сипаттау, талдау және шешу үшін математика негіздерін білу мен түсінуді көрсету. Нақты есептерге, олардың сипаттамалары мен қолданылатын есептеу құралдарын ескере отырып оңтайлы алгоритмдерді қолдану.
2.ЖИ туралы негізгі ұғымдарды, соның ішінде машиналық оқыту алгоритмдерін, нейрондық желілерді және табиғи тілді өңдеуді түсіну. ЖИ қолданбаларын әзірлеуде, проблемаларды шешуде және этикалық көзқарастарда практикалық дағдыларды дамыту, ЖИ зерттеулеріндегі, инженериядағы және инновациялардағы рөлдерге дайындау.
3.Жобаларды жүзеге асыру барысында заманауи программалық тілдердің көмегімен программалық қамтамасыз етуді жобалаудың, әзірлеудің, тестілеудің және верификациялаудың негізгі принциптерін таңдау және қолдану.
4.Қолданушы интерфейсіне, қосымшаның аппараттық және программалық қамтамасыз етуіне қойылатын негізгі шарттарға кешенді талдау жасау.
5.Операциялық жүйелер мен компьютерлік желілерді құру принциптерін білу және осы білімді бағдарламаларды жасау кезінде қолдана білу.
6.Икемді әдіснамалар мен желілік қауіпсіздік қағидалар негізінде эргономикалық пайдаланушы интерфейсі бар веб- және мобильді қосымшаларды әзірлеу.
7.Көп мөлшерлі ресурстарды қажет ететін есептерді шешу үшін параллель және үлестірілген есептеу технологияларын қолдану.
8.Нақты есептерді шешу үшін жасанды интеллект тәсілдері мен үлкен мәліметтерді талдау және өңдеу әдістерін қолдану.
9.Жаңа технологияларды қолданыста бар қосымшалармен біріктіру үшін инновациялық шешімдерді әзірлеу немесе жаңа шешімдерді құру.
10.Командада жұмыс істеу, әлеуметтік, этникалық және мәдени айырмашылықтарды толерантты қабылдай отырып, өз қызметін, команданың қызметін сын тұрғысынан бағалау. Ұымды қаржылық мінез-құлықты дамыту, қаржылық процестерді сыни тұрғыдан бағалау және қаржылық құралдар мен цифрлық технологияларды пайдалана отырып, тұтынушылар ретінде өз құқықтарын қорғау.

Байланыс

әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университет
Қазақстан Респуликасы, 050040, Алматы қ., пр. аль-Фараби, 71
Тел. 8(727)377-33-33 ішкі нөмір(15-77).
PhD, Мәткерім Базаргүл
+77011657661

Қабылдау

1) Аттестат/диплом + қосымшалары (түпнұсқа)
2) Жеке куәлік (түпнұсқа және көшірме -2 дана)
3) ҰБТ сертификаты (certificate.testcenter.kz)
4) Квота, жеңілдік құжаттары (түпнұсқа + көшірме)
5) Фото 3×4- 6 дана
6) 063/у, 0/75у медициналық анықтамалары
7) Шет тілін меңгергенін растайтын сертификат
8) Шығармашылық /арнайы емтихан ведомостынан үзінді (болған жағдайда)
9) Білім беру гранты туралы куәлік(grant.testcenter.kz)
10) Оқу ақысының 50% төлегені туралы түбіртек(ақылы оқуға)