6B07112 Бакалавриат

Жылу энергетикасы

Факультет:Физика-техникалық
Код:6B07112
Білім деңгейіБакалавриат
Шекті балл (ақылы бөлім)70
ФакультетФизика-техникалық
ID1852

Бағдарлама туралы

Энергия үнемдеу технологиялары мен табиғатты қорғау іс-шараларын пайдалана отырып, өнеркәсіптік кәсіпорындарда және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық объектілерінде электр және жылу энергиясын тұрақты және тиімді өндіру үшін аспаптармен, құрылғылармен және қондырғылармен жұмыс істеу дағдылары бар бәсекеге қабілетті мамандарды даярлау.

Түлек моделі

1. Кәсіби қызметтегі қолданбалы мәселелерді шешу және жылуэнергетика саласының техникалық даму келешегін бағалау кезінде жеке коммуникациялар мен кәсіпорындарда энергиямен жабдықтау және энергия тұтыну жүйелерінің жай-күйін талдау үшін жаратылыстану, әлеуметтік-гуманитарлық және экономикалық ғылымдар әдістерін қолдануды көрсету.
2. Типтік есептерді шешу кезінде алынған нәтижелерді өңдеу және талдау, берілген әдістеме бойынша кәсіби қызметтің әртүрлі физикалық құбылыстар, математикалық аппарат және химиялық процестер түсінігін қолдану.
3. Жылулық процестерін автоматтандыру мен энергетика саласындағы технологиялық құрамы мен сапасын бақылау әдістері мен техникалық құралдарын жылуэнергетика және жылутехника нысандарындағы электрлік және электрлік емес шамаларды өлшеудің заманауи техникалық құралдарын қолдану.
4. Сұйық және газ механикасының негізгі заңдарын түсіну және оларды жылутехникалық қондырғылар мен жүйелердің элементтерін, термодинамикалық процестерді, циклдар мен олардың көрсеткіштерін есептеу үшін қолдану.
5. Бекітілген әдістемелер мен нормативтік құжаттарға сәйкес тақырыптың жеке бөлімдері (кезеңдері, тапсырмалары) бойынша ЖЭС-да жылуэнергетика және жылутехнология, энергия пайдалану және энергия үнемдеу саласындағы тәжірибелік зерттеулерден бастапқы деректерді жинауды жүргізу.
6. Қазандық оттықтарында органикалық отындарды жағуды ұйымдастыру туралы, қазандықтың газ-ауа және бу-су жолдарында өтетін жылуфизикалық және гидрогаздинамикалық процестер туралы, қолданбалы техникалық мәселелерді шешу кезінде қыздыру беттерінің жұмыс шарттары туралы білімді қолдана білу.
7. Органикалық отынды технологиялық тиімді жағуды ұйымдастыру мен зиянды шығарындыларды азайту үшін тәжірибелік және теориялық зерттеулердің нәтижелерін (OpenFoam, Paraview, OriginLab, Labview және т. б.) модельдеу және өңдеу кезінде ІТ-технологиялар мен қолданбалы бағдарламалар пакеттерін қолдану.
8. Энергия және ресурс үнемдеу бойынша нормативтерді пайдалана отырып, кәсіптік қызмет нысандарында жылу және электр энергиясын өндірудің аз қалдықты және қалдықсыз технологияларын енгізу кезінде өндірісті басқарудың озық әдістерін қолдану.
9. Қауіпсіздік техникасы мен еңбекті қорғау нормаларын, өндірістік және еңбек тәртібін сақтай отырып, экологиялық қорғау іс-шаралары мен өндірісте энергия және ресурс үнемдеу жөніндегі іс-шаралар арқылы өндірістегі экологиялық қауіпсіздікті бақылау.
10. ЖЭС жылуэнергетикалық және жылутехникалық жабдықтарын әзірлеу, жаңғырту және пайдалану кезінде сынау, бақылау және өлшеу жүргізу, олардың сипаттамасы мен қорытындыларын жасау бағдарламалары мен әдістемелерінің жоспарларын әзірлеу.
11. Отын-энергетикалық ресурстар шығыстарын есепке алуды мен нормалауды ұйымдастыру және жылу сызбалары мен ЖЭС қондырғыларын энергетикалық бағалауды жүргізу үшін қондырғылардың, технологиялық процестердің, учаскелердің техникалық-экономикалық баланстарын құру.
12. Кәсіптік тапсырмаларды сәтті орындау және әлеуметтік интеграцияны күшейту мақсатында олардың әлеуметтік-мәдени ерекшеліктерін, топтық жұмыс стилі мен өзін-өзі ұйымдастыру және өздігінен білім алу қабілетін ескере отырып, өзінің кәсіби қызметінің нәтижелерімен және барлық мақсатты топтар үшін жеке пікірлерімен танысу үшін ауызша және жазбаша байланыс құралдарын пайдалана отырып, қажетті форматта ақпарат ұсыну.

Байланыс

Болегенова Салтанат Алихановна
Алматы, 050040 пр. аль-Фараби, 71.
Физика-техникалық факультеті, 317.
Жылуфизика және техникалық физика кафедрасы
тел:+7 701 386 9755. 15-43.

Қабылдау

1) Аттестат/диплом + қосымшалары (түпнұсқа)
2) Жеке куәлік (түпнұсқа және көшірме -2 дана)
3) ҰБТ сертификаты (certificate.testcenter.kz)
4) Квота, жеңілдік құжаттары (түпнұсқа + көшірме)
5) Фото 3×4- 6 дана
6) 063/у, 0/75у медициналық анықтамалары
7) Шет тілін меңгергенін растайтын сертификат
8) Шығармашылық /арнайы емтихан ведомостынан үзінді (болған жағдайда)
9) Білім беру гранты туралы куәлік (grant.testcenter.kz)
10) Оқу ақысының 50% төлегені туралы түбіртек (ақылы оқуға)