- Негізгі бет
- Бакалавриат
- Білім беру бағдарламалары
- Цифрлық экономика
Цифрлық экономика
БIЛIКТIЛIГІ
- бiрiншi жоғары бiлiм - бизнес және басқару бакалавры
ТҮЛЕКТЕР МОДЕЛІ
1) кәсіпорынның (ұйымның) цифрлық трансформациясы үшін инфрақұрылымды оның байланыстарын қосылған құн тізбектерінің жаһандық желісіне ендіру жолымен ұйымдастыру, олардың бизнес - процестердің циклділігін, жаһандануын және цифрландырылуын ескере отырып, елдің макро-және микроэкономикалық көрсеткіштеріне әсер ету дәрежесін талдау және айқындау;
2) ЕАЭО кеңістігінде және әлемдік экономикада халықаралық бизнесті жүргізу кезінде электрондық коммерция, төлем жүйелері мен электрондық транзакциялар нысандары мен жүйелерін пайдалана отырып, кәсіпорындардың (ұйымдардың) бизнес-процестерін стратегиялық басқару және олардың цифрлық экономика саласындағы және сыртқы саудадағы қызметінің жаңа форматын құру үшін инновациялық технологияларды пайдалану;
3) электрондық үкіметтің цифрлық экономикадағы рөлін талдау, оның халықпен және бизнеспен өзара іс-қимыл секторларындағы ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың тиімділігін бағалау: " мемлекет - азаматтар" (G2C), " мемлекет - бизнес" (G2B), азаматтардың өмір сүру сапасын жақсарту және елдегі бизнесті дамыту мәселелерінің инновациялық шешімдерін анықтау;
4) кәсіпорында (ұйымда) ресурстарды/ процестер мен тәуекелдерді бөлу және пайдалану бойынша жаңа міндеттерді модельдеу, бағдарламалау тілдері мен әдістерін, экономикадағы АКТ мен жүйелердің жаңа түрлерін қолдану, "өтпелі" цифрлық технологияларды (үлкен деректер, блокчейн, жасанды интеллект, кванттық және жаңа өндірістік технологиялар, өнеркәсіптік Интернет және т.б.) дамытудағы трендтерді талдау.);
5) виртуалды саладағы кәсіпорындар (ұйымдар) үшін қаржылық және экономикалық есептеулерді жүзеге асыра отырып, экономикалық, қаржылық, бухгалтерлік есептілік деректері негізінде бизнес-талдау құралдарының көмегімен бизнес-процестердегі тәуекелдер мен өзгерістерді бағалай отырып, экономикалық жоспарлар мен бюджеттерді жасау;
6) бухгалтерлік есеп пен аудитте, қаржы мен маркетингте, логистика мен электрондық коммерциядағы блокчейн технологияларында цифрлық құралдарды қолдану, олардың кәсіпорынның (ұйымның) нақты және виртуалды ортадағы қызметіне әсерін бағалау және талдау, оларды бизнес-процестердің тиімділігі мен бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін пайдаланудың жаңа тәсілдерін анықтау;
7) халықаралық венчурлық қаржыландыру және инновациялық (R&D) бизнес модельдерін зерттеу негізінде кәсіпорындар (ұйымдар) үшін талдамалық шолулар (есептер) қалыптастыру, цифрлық ортадағы тәуекелдер мен қатерлерді анықтау, талдау, жіктеу және оларды азайту жөніндегі іс-шаралар кешенін әзірлеу, саланы, өңірді және ұлттық экономиканы цифрлық инновациялық дамыту үшін жаңа шешімдер ұсыну, жалпы алғанда;
8) электрондық коммерцияны дамыту үшін жаңа нарықтар мен экономика секторларының маркетингтік зерттеулері негізінде кәсіпорындар (ұйымдар) үшін бизнес-жоспарлар мен смарт-келісімшарттар әзірлеуге, ол үшін тиімді В2С сату арналарын айқындап және HTML/CSS, JavaScript, Python және т.б. бағдарламалау тілдерін пайдалана отырып, веб-сайттары мен мобильді қосымшалары бар электрондық дүкендер құруға және олардың тиімділігі мен бәсекеге қабілеттілігін талдау;
9) цифрлық экономиканың дамуын оның технологиялық, мінез-құлық, институционалдық - құқықтық ерекшеліктерін ескере отырып, эконометрикалық, микро-және макроэкономикалық модельдерді қолдана отырып және модельдеу негізінде Қазақстан экономикасы үшін оның даму перспективаларының Талдамалық болжамдарын жасай отырып модельдеу;
10) экономикадағы ғылыми, жобалық және технологиялық міндеттерді шешуге бағытталған инновациялық бағдарламалық өнімдерді пайдалана отырып, үлкен деректермен жұмыс жасай отырып, цифрлық құралдар мен бағдарламалық өнімдердің көмегімен қолданыстағы әдістемелерді, технологияларды, сату арналарын жетілдіру және өндірістің немесе бизнестің тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар әзірлеу;
11) цифрлық ортада ұлттық криптовалютаны, қаржы және төлем жүйелерін, қызметтер мен бизнес-процестерді дамыту үшін жаңа модельдер жасау, оларды мемлекеттік реттеудің шетелдік тәжірибесі негізінде әлемдік криптовалюта нарығы мен ICO нарығын дамытудың өзекті трендтері мен ерекшеліктерін талдау, салыстыру;
12) жеке және көшбасшылық дағдыларды, жүйелік қолданбалы ойлауды дамыту, командада тиімді жұмыс істеу, іскерлік коммуникация, ақпараттық мәдениет негізінде кәсіби қызметтің стандартты міндеттерін шешу, кәсіби мәселелерді шешу үшін әртүрлі ақпарат көздері мен бизнес-аналитика құралдарын пайдалану
Бағдарлама паспорты
пәндер
2022-2025 жылдардағы мәліметтер көрсетілген
пәндер
2022-2025 жылдардағы мәліметтер көрсетілген
ТӘЖІРИБЕЛЕР
2022-2025 жылдардағы мәліметтер көрсетілген