6B05311 Бакалавриат

Наноматериалдар және нанохимия

Факультет:Химия және химиялық технология
Код:6B05311
Білім деңгейіБакалавриат
Шекті балл (ақылы бөлім)80
ФакультетХимия және химиялық технология
ID2211

Бағдарлама туралы

Химия және физика ғылымдарының жетістіктерін ескере отырып, құрылымның наноөлшемді ұйымдастырылған жаңа буынының функционалды материалдарын жасау және дамыту үшін мамандарды сапалы даярлау.

Түлек моделі

1. Нақты ғылымдар, жаратылыстану пәндері мен химия салаларының іргелі заңдары мен теорияларын, сондай-ақ нанометрлік диапазондағы заттың физикалық және химиялық қасиеттерінің өзгеру механизмін түсінуді көрсету;
2. Кәсіптік тапсырмаларды орындау кезінде нанохимия мен нанотехнологияның іргелі бөлімдерінің негізгі заңдылықтары мен тұжырымдамалары туралы білімді пайдалану;
3. Қауіпсіз пайдалануды ескере отырып, наноматериалдар мен наноқұрылымдарды синтездеу мен модификациялаудың физикалық және химиялық әдістерін жіктеу;
4. Бөлшектердің өлшемдері мен беттік құбылыстардың химиялық қасиеттердің сипаттамаларына, реакциялық қабілеттілікке және наноөлшемді жүйелерді құрудың негізгі принциптеріне әсерін талдау;
5. Әртүрлі практикалық есептерді шешу үшін микро- және нано- өлшемдері бар жүйелерді зерттеудің тәжірибелік әдістерін таңдауды негіздеу;
6. Ерекше физико-химиялық қасиеттері бар материалдарды (кеуекті наноқұрылымдар, магниттік наноматериалдар, нанобиоматериалдар) алу бойынша тәжірибені ұйымдастыру және өткізуді жоспарлау;
7. Қолданбалы нанотехнология, наноөндіріс, наноматериалдарды өңдеу және модификациялау мәселелерін шешудің оңтайлы әдістерін таңдау;
8. Наноөлшемді жүйелерді алудың жоғары энергетикалық әдістерін таңдауды және оларды тәжірибеде енгізу әдістерін түсіндіру;
9. Наноматериалдардың құрылымдық және морфологиялық ерекшеліктерін зерттеудің заманауи физика-химиялық әдістерін қолдану;
10. Математикалық модельдеудің теориялық негіздерін, нанохимиядағы технологиялық процестердің математикалық модельдерін құру және талдаудың жалпы принциптерін қолдану;
11. Тез өзгеретін технологиялық ортада кәсіби және тұлғалық өсу үшін ғылыми-өндірістік қызметте қарым-қатынас жасай отырып, өз қабілеттерін қолданудың тиімді бағыттарын анықтау;
12. Кәсіби міндеттерді тиімді орындау үшін қажетті ақпаратты іздеу және пайдалану.

Байланыс

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті,
Қазақстан Республикасы, Алматы, 050040, әл-Фараби даңғылы, 71
Діністанова Балауса Қанатайқызы, E-mail: b.dinistanova@kaznu.edu.kz, Байланыс тел. +77082046053

Қабылдау

1) Аттестат/диплом + қосымшалары (түпнұсқа)
2) Жеке куәлік (түпнұсқа және көшірме -2 дана)
3) ҰБТ сертификаты (certificate.testcenter.kz)
4) Квота, жеңілдік құжаттары (түпнұсқа + көшірме)
5) Фото 3×4- 6 дана
6) 063/у, 0/75у медициналық анықтамалары
7) Шет тілін меңгергенін растайтын сертификат
8) Шығармашылық /арнайы емтихан ведомостынан үзінді (болған жағдайда)
9) Білім беру гранты туралы куәлік (grant.testcenter.kz)
10) Оқу ақысының 50% төлегені туралы түбіртек (ақылы оқуға)