Білім деңгейіБакалавриат
Шекті балл (ақылы бөлім)80
ФакультетФилология
ID2341
Бағдарлама туралы
Қазақ тілінің қолданбалы аспектілерін меңгерген филолог; қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретінде өміршеңдігін, қызметін талдап-сараптаушы; білім беру мекемелерінде және мемлекеттік тіл орталықтарында үйлестіруші; копирайтер, спичрайтер; сандық технологияларды қолдану құзыреттеріне ие жоғары білікті маман дайындау.
Түлек моделі
1. Қазіргі кездегі әл-Фараби мен Абай еңбектерінің негізінде қалыптасқан дүниетанымдық, әлеуметтік-этикалық ұстанымдарын білдіру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы құқықтық, өмірдің әртүрлі салаларындағы іскерлік, қаржылық сауаттылық, бәсекеге қабілеттілік, сыни ойлау, шығармашылық бастама, топта жұмыс істей білу, инклюзивті ортадағы кәсіби қызмет дағдыларын қолдану.
2. Қазақ тілінің дыбыс жүйесі мен сөз жүйесі, сөз құрылымы, сөйлем жүйесі, атаужасам, сөз мәдениеті, тіл тарихы, қазақ әдеби тілі, көркем әдебиеттегі ұлттық құндылықтар мәселелері жайлы базалық білім қалыптастыру.
3. Қазақ тіл білімі салаларының практикумы негізінде мәтіндерге диахрониялық және синхрониялық аспектіде түрлі талдаулар (құрылымдық, мoтивaциялық-caлыcтыpмaлы, компоненттік, интент-талдау, семантикалық-стилистикалық, сандық және сапалық, т.б.) жасау.
4. Академиялық жазылым талаптары негізінде зерттеу жұмыстарын (реферат, курстық, дипломдық жұмыстар, эссе, ғылыми мақалалар) дайындау.
5. Корпустық лингвистиканың ғылыми-теориялық негізін, корпус құрудың қағидалары мен ұлттық корпус құру тәжірибесін, әлемдік тіл біліміндегі ұлттық корпустардың методологиясы мен ерекшелігін, корпус түрлерімен жұмыс жүргізуді меңгеру.
6. Құжат тілінің мазмұндық-құрылымдық жүйесін құрайтын тілдік стандарттылық, терминдердің бірізділігі, номенклатуралық атаулардың жазылуы сияқты кешенді лингвистикалық білімді қолданып іс жүргізу.
7. Қазақ тілін өзге тілді аудиторияда меңгерту негіздерін, тиімді стратегиялар жүйесін игеріп, төрт түрлі қатысым дағдысына байланысты коммуникативтік құзыреттілік қалыптастыратын тапсырмалар, практикалық жаттығулар дайындау, сөйлеу әрекетін белсендіру үшін тіл үйренуге арналған интернет-ресурстарға талдау жасау.
8. Қазақ және шет (орыс, ағылшын) тілдеріндегі грамматикалық құрылымдардың, таным теориясы қағидаларының әмбебаптылық және бірегейлік ерекшеліктерін тілдер типологиясы бойынша салғастырмалы аспектіде меңгеру, оларды тіл үйренуде, аудармада, сөздік түзуде қолдану.
9. Қоғамдағы мемлекеттік тілдің қолданысының кедергілері себептеріне социолингвистикалық сараптамалар жасау. Интернет-коммуникацияның түрлерін, тілдік ерекшеліктерін талдау, лингвоэкологиялық әсерін саралау, ақпараттарды өңдеу.
10. Копирайтинг және спичрайтингтің бағыттары мен түрлерін ажырату, жарнамалық және көпшілік алдында сөйлеу мәтін стратегиясын, стилін, жанрын прагматикалық мақсатына сай түрлендіру, түрлі қатысым салалары мәтіндерін құру, өңдеу, жүйелеу; презентациялар дайындау, іскерлік кездесулер, келіссөздер, пікірталастар жүргізу.
11. Тілді меңгеру деңгейлерінің критерийлерін, сертификаттау техникасы мен әдістерін қолдану.
12. Қазақ тілін меңгеруде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану, мультимедиалық ресурстарды әзірлеудің теориялық негіздері мен практикалық дағдыларын меңгеру.
13. Мәтіннің стилін, жанрын, прагматикалық мақсатына сай түрлендіру, түрлі қатысым салалары (заң, саясат) мәтіндерін талдау, өңдеу, жүйелеу. Материалдың орфографиясын, синтаксистік құрылымын, тыныс белгілерін, стилін өңдеу. Оқырмандарды өз тұжырымдарын жасауға жетелейтін әртүрлі журналистік жанрлардың стилистикасын меңгеру.
14. Мәтіннің коммуникативті бағытын анықтау мақсатында аударма алды талдау жасау. Жазбаша аударманың техникалық тәсілдерін меңгеру.

Байланыс
Егизбаева Назыкен Жаненовна - 87759057278 nazyken@mail.ru
Қабылдау
1) Аттестат/диплом + қосымшалары (түпнұсқа)
2) Жеке куәлік (түпнұсқа және көшірме -2 дана)
3) ҰБТ сертификаты (certificate.testcenter.kz)
4) Квота, жеңілдік құжаттары (түпнұсқа + көшірме)
5) Фото 3×4- 6 дана
6) 063/у, 0/75у медициналық анықтамалары
7) Шет тілін меңгергенін растайтын сертификат
8) Шығармашылық /арнайы емтихан ведомостынан үзінді (болған жағдайда)
9) Білім беру гранты туралы куәлік (grant.testcenter.kz)
10) Оқу ақысының 50% төлегені туралы түбіртек (ақылы оқуға)