Ядролық инженерия

Ядролық инженерия

БIЛIКТIЛIГІ

  • бiрiншi жоғары бiлiм - техника және технология бакалавры

ТҮЛЕКТЕР МОДЕЛІ

ОН1 – Бітіруші жазбаша және бейресми қарым-қатынас пен баяндамаларды мемлекеттік қазақ тілінде, орыс тілінде, мүмкін ағылшын тілінде жүргізе алады.
ОН2 – Бітірушінің ойлау мәдениеті қалыптасады, ақпаратты жалпылау, талдау, қабылдау, мақсат қою және оған жету жолдарын таңдау, өзінің күшті және әлсіз жақтарын сыни тұрғыдан бағалай білу, күшті жағын дамытып, әлсіз жақтарымен күресу жолдарын таба білу.
ОН3 – Бітіруші өзінің кәсіби біліктілігі саласында өз бетінше де, әріптестерімен бірге де тиімді жұмыс істеуге дайын болады және мансап жолында кәсіби дамуға ұдайы ұмтылып отыратын болады.
ОН4 – Бітіруші кәсіби қызметінде жаратылыстану ғылымының негізгі заңдылықтарын қолдана алауымен қатар, математикалық талдау және модельдеу әдістерін, теориялық және эксперименттік зерттеу әдістерін қолдана алады.
ОН5 – Бітірушінің жаратылыстану ғылымдарының, соның ішінде жалпы классикалық физика, химия, атом және ядролық физиканың негізгі заңдылықтары туралы түсінігі қалыптасады.
ОН6 – Бітірушілер стандартты компьютерлік код пакеттерін біледі, жобалау мен талдауға арналған, сондай-ақ ақпаратар және мәліметтерді сақтауға, өңдеуге арналған стандартты әдістерді және компьютерлік кодтарды қолдана алады.
ОН7 – Бітірушіде ядролық реакторлар, иондаушы сәулелердің адамға және қоршаған ортаға радиациялық әсері, ядролық физика саласындағы құбылыстар мен заңдылықтарды эксперименттік және теориялық зерттеудің математикалық моделі, қоршаған ортаның экологиялық мониторингі туралы, ядролық материалдар, атом өнеркәсібі және энергетика саласының объектілері мен қондырғыларының қауіпсіздігін қамтамасыз ету туралы түсініктерді қалыптасады.
ОН8 – Бітіруші ядролық реактордың элементтерінде болып жатқан процестерді физикалық, математикалық және сандық модельдеуді жүзеге асыра алады, сондай-ақ ядролық инженерия саласында теориялық және эксперименттік зерттеулер жүргізе алады.
ОН9 – Бітірушілерде ядролық реакторлардың материалдары және олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жүйелері, ядролық және физикалық қондырғылардың заманауи электрондық схемалары, ядролық физика қондырғыларын автоматтандырылған басқару, құрылғыларды әзірлеу және пайдалану технологиясы туралы түсінік қалыптасады.
ОН10 – Бітірушінің бойында қауіпсіздік жауапкершілігі және қауіпсіздік мәдениеті қалыптасады, соның ішінде, қауіп-қатерге талдау жасау және оны басқару, адам факторлары, адам-машина әрекеттесуі туралы түсінік қалыптасады.
ОН11 – Бітіруші атом электр станцияларының немесе басқа атомдық қондырғылардың негізгі жүйелері мен құрамдас бөліктерін есептеу, жобалау процесіне қатыса алады, сондай-ақ ядролық қондырғыларды ретке келтіру процесін түсінеді.
ОН12 – Бітіруші атом электр станциялары мен атом қондырғыларын лицензиялаудағы және пайдалануға берудегі ұйымдастыру процесі мен басқарушы органның рөлін түсінеді.

Бағдарлама паспорты

Мамандығы
Ядролық инженерия
Мамандық шифры
6B07114
Факультеті
Физика-техникалық

пәндер

C++ және Python тілінде бағдарламалау негіздері
  • Кредит саны - 5
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты: тиімді бағдарламаларды жасауда объектілі-бағытталған функцияларды қолдануға қажет болып табылатын C++ және Python объектілі-бағытталған бағдарламалау тілдерімен таныстыру. Курс бағдарлама құрылымын, блоктарын, сақтау түрлерін, консольді және файлды енгізу/шығаруды, функцияларды, массивтерді, жолдарды, көрсеткіштерді, сілтеме бойынша шақыруды, мән бойынша шақыруды және динамикалық жадты бөлуді қарастырып, C, C++ және Python арасындағы айырмашылықтарды талқылайды.

Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар
  • Кредит саны - 5
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты: жаңа "цифрлық" ойлауды, АКТ рөлі мен маңыздылығын сыни тұрғыдан түсінуді, АКТ-ны кәсіби қызметтің әртүрлі түрлерінде қолдану қабілетін қалыптастыру. Қарастырылады: Қоғам дамуының шешуші секторларында ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың рөлі. Компьютерлік жүйелердің архитектурасы. Бағдарламалық жасақтама. Microsoft Office Интернет технологиялар. Бұлтты және мобильді технологиялар. Мультимедиялық технологиялар. Электрондық оқыту. Кәсіби саласындағы ақпараттық технологиялар.

Атомдық физика
  • Кредит саны - 6
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты студенттерде элементар бөлшектер физикасы, атап айтқанда атомдар мен молекулалық жүйелердің құрылымы мен қасиеттері, сонымен қатар олардың сипаттамасы туралы ғылыми түсінік қалыптастыру болып табылады. Пән шеңберінде оптикалық ауысулар кезіндегі сақталу заңдарына, атомдық модельдерге, Бор постулаттарына, атом ядролары мен молекулалық жүйелердің қасиеттеріне қатысты мәселелер қарастырылады.

Атомдық физика және кванттық механика негіздері
  • Кредит саны - 6
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пән кванттық физиканың негізгі құбылыстарын және тәжірибелік негіздерін, бөлшектер және атом модельдерін оқытады. Пәннің мазмұны: қара дененің сәулеленуі, сызықтық спектрлер, фотоэффект, Комптон-эффектісі. Бор ұсынған модель. Меншікті мән есебі, стационар күйлер, операторлар. Шұңқырдағы бөлшек, гармоникалық осциллятор. Гейзенбергтің анықталмағандық принципі. Үш өлшемді жүйелер. Бір электронды атомдар. Көп электронды атомдар. Электрондық конфигурациялар, периодтық жүйе, Фермиондар мен бозондар.

Әлеуметтік-саясаттану білім модулі ( Психология)
  • Кредит саны - 2
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты: оқу пәндерін қалыптастыратын ғылымның барлық салаларында пәндік білімдерді түсіндіру және түсіндіру қабілетін қалыптастыру. Әлеуметтану және әлеуметтанулық перспективалар, әлеуметтік құрылым; саясат нысаны, ұйымдық құрылым, институттар, құқықтық және ұйымдастырушылық нормалар жүйесі, саясаттың мазмұны, мақсаттары, құндылықтары; мәдениет ұғымы және мәні, мәдениет семиотикасы; жеке тұлға психологиясы, тұлғааралық қарым-қатынас психологиясы оқытылады.

Әлеуметтік-саясаттану білім модулі ( Психология)
  • Кредит саны - 2
  • Бақылау түрі - АБ1+АБ2 (100)

Әлеуметтік-саясаттану білім модулі (Әлеуметтану)

Әлеуметтік-саясаттану білім модулі (Әлеуметтану/ Саясаттану/ Мәдениеттану/ Психология)
  • Кредит саны - 8
  • Бақылау түрі - АБ + Емтих (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты: оқу пәндерін қалыптастыратын ғылымның барлық салаларында пәндік білімдерді түсіндіру және түсіндіру қабілетін қалыптастыру. Әлеуметтану және әлеуметтанулық перспективалар, әлеуметтік құрылым; саясат нысаны, ұйымдық құрылым, институттар, құқықтық және ұйымдастырушылық нормалар жүйесі, саясаттың мазмұны, мақсаттары, құндылықтары; мәдениет ұғымы және мәні, мәдениет семиотикасы; жеке тұлға психологиясы, тұлғааралық қарым-қатынас психологиясы оқытылады.

Әлеуметтік-саясаттану білім модулі (Саясаттану)

Әлеуметтік-саясаттану білім модулі/ (Мәдениеттану)

Әскери дайындық
  • Кредит саны - 6
  • Бақылау түрі - АБ
  • Сипаттамасы - Әскери дайындық

Гидромеханика
  • Кредит саны - 5
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Курстың мақсаты: Сұйықтықтар механикасы саласындағы негізгі заңдылықтар, принциптер мен құбылыстар туралы түсінік беру, сұйықтар механикасының жеңілдетілген мысалдарын шешуге дағдыландыру, студенттерді алған білімдері мен қабілеттерін кәсіби және мамандандыру курстарында қолдана алуға теориялық және практикалық тұрғыдан дайындау.

Дене шынықтыру
  • Кредит саны - 2
  • Бақылау түрі - РК(с оценкой)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты: денсаулықты сақтау, нығайту және кәсіби қызметке дайындау үшін дене шынықтыру мен спорттың тиісті құралдарын мақсатты пайдалануды қамтамасыз ететін студенттердің әлеуметтік-жеке құзыреттерін қалыптастыру. Пәнді оқу нәтижесінде түлек білуі керек: адамның дамуындағы дене тәрбиесінің рөлі; дене шынықтыру және спорт саласындағы мемлекеттік саясаттың негіздері, жаттығу негіздері.

Дифференциалдық теңдеулер
  • Кредит саны - 5
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты: жай дифференциалдық теңдеулердің негізгі ұғымдары мен оларды шешудің әдістері, дифференциалдық теңдеулер теориясы, дербес туындылы дифференциалдық теңдеулердің теориясы, өзекті мәселелері оларды шешудің заманауи әдістерімен таныстыру болып табылады. Мәселелер: жай дифференциалдық теңдеулердің негізгі ұғымдары, туындысы арқылы шешілген бірінші ретті дифференциалдық теңдеулердің типтері, бірінші ретті жай дифференциалдық теңдеулердің негізгі типтері, тұрақты коэффициентті сызықты теңдеулер, жүйелер, дербес туындылы дифференциалдық теңдеулерге келтірілетін физикалық есептер.

Инженерлерге арналған жалпы химия
  • Кредит саны - 5
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пән инженерияның барлық салаларында қолданылатын процестер мен материалдарды түсіну үшін маңызды рөл атқаратын химиялық негізгі білімді береді. Курс инженерлік мамандық бойынша оқитын студенттерге химиялық ұғымдарды пайдалана отырып есептерді шешу жолдарын үйретеді және олардың болашақ инженерлік қызметінде қолдана алатын тұжырымдамалар мен эксперименттік әдістер туралы негізгі білімді береді.

Инженерлерге арналған статистика және ықтималдық теориясы
  • Кредит саны - 5
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Курстың мақсаты: Ядролық инженерия студенттерін статистика және ықтималдық принциптерімен таныстыру. Курста ықтималдық, дискретті және үздіксіз кездейсоқ шамалар, ықтималдық үлестірімдері, математикалық күтімі, ықтималдық үлестірімдері туралы негізгі түсініктер қарастырылады. Курс сонымен қатар статистикалық әдістер мен тақырыптарды, соның ішінде деректерді қорытындылау және сипаттау әдістерін, іріктеп үлестіруді қамтиды.

Инженерлік жобаларды экономикалық тұрғыдан талдау
  • Кредит саны - 6
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мазмұны: Жаңа технологияны құрудың ұйымдастырушылық, экономикалық және жоба алдындағы негіздемесі. ҒЗТКЖ-ға маркетингтік көзқарас. Жобаны көзделген мақсаты бойынша жүзеге асырылуын іске асырудың мақсаттылығын негіздеу. Инженерлік жобалардың қаржылық-экономикалық көрсеткіштерінің есептеулерін негіздеу әдістері. Әртүрлі типтегі жобалардың тиімділігін бағалау әдістері.

Инженерлік механика
  • Кредит саны - 6
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Курс құрылымдық және механикалық жобалауға қажетті негізгі түсініктер мен дағдыларды береді. Пән инженерлік студенттерге әртүрлі құрылымдардағы және инженерлік қолданбалардағы статикалық күштерді түсіну және талдау қабілетін дамытуға көмектесетін проблемаға бағытталған курс болып табылады.

Кванттық механика негіздері
  • Кредит саны - 5
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пән кванттық физиканың негізгі принциптері мен құбылыстары жайлы түсінік қалыптастыруға бағытталған. Пәннің мазмұны: қара дененің сәулеленуі, сызықтық спектрлер, фотоэффект, Комптон-эффектісі. Бор ұсынған модель. Меншікті мән есебі, стационар күйлер, физикалық шамалардың операторлар. Шұңқырдағы бөлшек, гармоникалық осциллятор есебі. Гейзенбергтің анықталмағандық принципі. Бір электронды атом есебін шешу.

Қазақ (орыс) тілі
  • Кредит саны - 5
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты: коммуникативтік құзыреттіліктерді қалыптастыру арқылы әлеуметтік, мәдениетаралық, кәсіби қарым-қатынас құралы ретінде қазақ (орыс) тілін сапалы меңгеруді қамтамасыз ету. Тілдің фонетикалық, лексикалық, грамматикалық құралдарының жүйесі, тілдің мәдениет феномені және сөйлеу мәдениетінің ерекшелігі ретіндегі түсініктері; тіл әлемнің ұлттық тілдік бейнесінің элементі ретінде; қазақ (орыс) тілінің әлемдік кеңістіктегі мәртебесі зерделенеді.

Қазақстан тарихы
  • Кредит саны - 5
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+МЕК] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты: Қазақстан тарихының ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейінгі негізгі даму кезеңдері туралы объективті тарихи білім беру. Күтілетін оқу нәтижелері: 1) Қазақстан тарихының негізгі даму кезеңдерін білу мен түсіну бойынша білімін көрсету; 2) сыни талдау негізінде тарихи өткеннің құбылыстары мен оқиғаларын адамзат қоғамының дүниежүзілік тарихи дамуының ортақ ұстанымдарымен ұштастыра білу; 3) Қазіргі Қазақстандағы құбылыстар мен тарихи үдерістері зерттеу барысында аналитикалық және аксиологиялық талдау дағдыларын игеру; 4) заманауи қазақстандық даму үлгісінің ішкі ерекшеліктерін объективті және жан-жақты зерделей білу; 5) Қазақстан тарихынының үдерістері мен тарихи құбылыстарды жүйелеу және сыни баға беру. Пәнді оқу нәтижесінде студенттер төмендегі мәселелерді қарастырады: Ежелгі адамдар және көшпелі өркениетттің қалыптасуы, Түркі өркениеті және Ұлы дала, Жаңа дәурдегі Қазақстан (ХVIII-XX ғ.басы), Қазақстан кеңестік әкімшіл-әміршіл жүйенің құрамында, Қазақстан әлемдік қауымдастықта (1991-2022 жж.).

Математикалық анализ 1
  • Кредит саны - 5
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты: студенттердің математикалық мәдениетін қалыптастыру. Пән матрицалардың, комплекс сандар мен дифференциалдық есептеулердің негіздерін; матрицалар, комплекс сандар және дифференциалдық есептеулер үшін негізгі математикалық әдістертерді; инженерлік есептерді шешу әдістерін қолдануды; инженерлік есептерді талдау және бағалау; матрицаларды, комплекс сандарды және дифференциалдық есептеулерді пайдаланып есептерді шешу және бағалауды оқытуға бағытталған.

Математикалық анализ 2
  • Кредит саны - 5
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пән «Математикалық анализ 1» пәнінің жалғасы болып табылады. Бұл курс анықталмаған интегралды, интегралдау әдістерін оқытуға бағытталған. Пәнде: доғаның ұзындығы, айналу денелерінің көлемдері мен бетінің аудандары, тізбектер және шексіз қатар, тейлор қатары, үш өлшемді кеңістіктегі векторлар және аналитикалық геометрия, бірнеше айнымалы функциялар, дербес туындылар, бағыт бойынша туындылар, жанама жазықтық, экстремал мәндер, екі еселі интегралдар қарастырылатын болады.

Математикалық талдау
  • Кредит саны - 6
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәнді оқу нәтижесінде студенттер төмендегі мәселелерді қарастырады: cандық тізбектер; функция және оның шегі; үздіксіздік; туынды функция; жоғары ретті туындылар; лопиталь теоремасы; фунцияның локальды экстремумы; экстремумның қажетті және жергілікті шарты; анықталмаған интеграл және оның қасиеттері; интеграл кестесі; анықталған интеграл және оның қолданыстары, Ньютон-Лейбниц формуласы.

Механика
  • Кредит саны - 5
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты: студенттерде ғылыми ойлауды, әр түрлі физикалық түсініктердің, заңдардың, теориялардың қолдану шектерін дұрыс түсінуді және тәжірибелік зерттеу әдістерінің көмегімен алынған нәтижелердің сенімділік деңгейін бағалау қабілеттерін қалыптастыру ММазмұны: Механика. Кинематика. Механикалық қозғалыс материя қозғалысының қарапайым түрі ретінде. Материалдық нүкте мен қатты дене динамикасы. Масса. Күш. Ньютон заңдары. Сақталу заңдары. Тұтас орта механикасы. Тербелістер.

Молекулалық физика
  • Кредит саны - 5
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты: бақылау, эксперимент және практикалық тәжірибе негізінде физикалық теория туралы білімді қалыптастыру, молекулалық физика заңдарының статистикалық сипатын түсіндіру; молекулалық физиканы экологияда және экожүйелерде қолдану. Мазмұны: Молекулалық физика. МКТ негіздері. Термодинамикалық параметрлер. Идеал газ. Статистикалық үлесулер. Сұйық пен газдағы қысым. Бернулли теңдеуі. Сұйық ағынының режимдері. Термодинамика бастамалары. Изопроцестер. Карно циклы. Нақты газдар. Клапейрон-Клаузиус теңдеуі. Нақты газдар. Клапейрон-Клаузиус теңдеуі.

Нейтрондық физика
  • Кредит саны - 6
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәнді оқыту мақсаты студенттерге нейтрондық физиканың негізгі аспектілері туралы білім беру болып табылады. Пәннің мазмұны: Нейтронның сипаттамасы. Нейтрондардың шығу көздері. Ғарыштық нейтрондар шығу тегі. Нейтрондарды анықтау. Нейтрондық спектрометрлер. Нейтрондық реакциялар және көлденең қима. Нейтрондардың интерференциясы және дифракциясы. Нейтрондардың жұтылуы және нейтрондардың радиографиясы. Нейтрондарды баяулатқышта баяулату механизмі. Нейтронның бір соқтығысуға шаққандағы орташа энергия шығыны. Нейтрондардың диффузиясы. Моноэнергетикалық нейтрондардың диффузиялық теңдеуі. Мәжбүрлі ядролық ыдырау. Тізбекті реакция.

Радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу
  • Кредит саны - 6
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Студенттер радиоактивті қалдықтардың табиғатын және олардың белсенділігі бойынша жіктелуін зерттейді. Олар радиоактивті қалдықтардың негізгі сипаттамалары мен формаларын анықтауды үйренеді, сондай-ақ ядролық циклдің әр кезеңінде радиоактивті қалдықтардың қалай түзілетінін үйренеді. Студенттер қалдықтардың әр түрі бойынша өңдеу, тасымалдау, сақтау және кәдеге жарату технологияларының негізгі принциптерін меңгереді. Олар радиоактивті қалдықтарды жердегі және аумақтан тыс сақтаудың айырмашылығын; пайдаланылған отынды өңдеу және кәдеге жарату тәсілдерін; әртүрлі елдердегі радиоактивті қалдықтарды басқару бойынша жоспарлар мен тәжірибелерді зерттейді.

Сызықтық алгебра және аналитикалық геометрия
  • Кредит саны - 5
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты: негізгі математикалық жалпы бағдар беру, жоғарғы алгебраның негіздері бойынша білімдерін қалыптастыру және аналитикалық геометрияның векторлық алгебра мен координаттар әдісін есептер шығаруда қолдану қабілетін қалыптастыру. Пәнді оқу нәтижесінде студенттер төмендегі мәселелерді қарастырады: Комплекс сандар жиыны. Сызықты алгебралық теңдеулер жүйесі. Матрицалар және оларға амалдар қолдану. Анықтауыштар теориясы. Векторлық кеңістік, ішкі кеңістіктер. Сызықтық тәуелділік, векторлар жүйесінің базасы мен рангы. Матрицаның рангы туралы теоремалар. Векторлық алгебра. Векторлардың скаляр, векторлық,аралас көбейтінділері. Түзу мен жазықтық теңдеулері. Екінші ретті қисықтар мен беттердің канондық теңдеулері.

Термодинамика негіздері
  • Кредит саны - 5
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Бұл курс ядролық инженерия саласының құрамдас бөлігі болып табылатын термодинамиканың негізгі түсініктерін оқытуға бағытталған. Заттардың термодинамикалық қасиеттері. Жұмыс, жылу мөлшері және энергия, энтальпия, энтропия, ішкі энергияға анықтамасы. Термодинамиканың I, II заңдары және олардың массасы белгіленген және белгілі көлемі бар жүйелерге қолданылуы. Термодинамикалық циклге және олардың құрамдас бөліктеріне талдау жасау.

Философия
  • Кредит саны - 5
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты: болашақ кәсіби қызмет контекстінде философия және оның негізгі мәселелері мен әдістері туралы жүйелі идеяларды қалыптастыру. Философияның тарихи дамуы контекстінде онтология мен метафизиканың негізгі мазмұны қарастырылады; әлемді ғылыми және философиялық тану әдістерін жіктеу; қазіргі әлемдегі негізгі дүниетанымдық ұғымдардың рөлі мен маңыздылығын негіздеу.

Шетел тілі
  • Кредит саны - 5
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты: шет тіліндегі коммуникативтік құзыреттілік білімін жетілдіру. Коммуникативтік құзыреттілікті дамыту үшін негіз ретінде шет тілдік қарым-қатынастың сөйлеу қабілеттіліктері мен дағдыларының негізгі әдістері; сөйлеу әрекетінің барлық түрлерінде шет тілдік қарым-қатынастың кәсіби маңызды дағдылары мен тәжірибесін дамыту; ағылшын тілінде материалды іздеу, таңдау және пайдалану процесінде алынған сөйлеу дағдыларын іске асыру қарастырылады.

Эксперименттік мәліметтерді талдау және өңдеуге арналған құралдар
  • Кредит саны - 6
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Курс барысында студенттер тәжірибелік деректерді талдауды қалай жүргізу керектігін және ядролық физикадағы радиацияны анықтау жүйелерінің әртүрлі компоненттерінің өзара байланысын үйренеді. Студент мультиплекстеу, деректерді түрлендіру, қателерді табу және түзетуді қоса алғанда, аналогтық және цифрлық деректерді талдау әдістерімен танысатын болады. Зертханалық сабақтар студенттерге өлшеу жүйелерінің қалай жұмыс істейтіні туралы практикалық тәжірибе береді. Эксперименттік деректерді ұсынудың сәйкес әдістеріне де ерекше назар аударылады.

Электр және магнетизм
  • Кредит саны - 6
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты электромагниттік құбылыстардың қалай көрініс табатындығының нақты мысалдары арқылы күнделікті тәжірибеміздегі электромагнетизм заңдарымен таныстыру болып табылады. Курстың мазмұны: Электростатика, өткізгіштер, конденсаторлар және диэлектриктер, электр тізбектері, магнит өрісі, электромагнетизм. Курсты аяқтағаннан кейін студенттер физика бойынша күшті концептуалды түсінікке ие болады және зертханалық жұмыстарды орындау және талдау дағдылары жақсы дамиды.

Электроника және электротехника негіздері
  • Кредит саны - 5
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Заманауи ядролық қондырғылардың құрылысында технологиялық процестерді басқарудың электрондық құрылғылары мен цифрлық есептеуіш машиналары кеңінен қолданылады, сондықтан болашақ ядролық және радиациялық қондырғылардың инженерлері электрониканың принциптерін білуі керек. Бұл курс барысында студенттер транзисторлар мен диодтар сияқты электронды құрылғылардың негізгі принциптерімен танысады және осы құрылыс блоктарын пайдаланып электр тізбектерін құрастыруды үйренеді.

Ядролық инженериядағы сандық әдістер
  • Кредит саны - 5
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пән студенттерге ядролық реактордың ағынның таралуы, температуралар және өтпелі процестер секілді параметрлерін алуға қажет сандық талдаулармен және озық аналитикалық әдістерімен танысуға мүмкіндік беретін кіріспе курс болып табылады. Бұл курста студенттер ядролық реактордың дизайны туралы ақпарат алу үшін цифрлық компьютерлерді пайдалануды үйренеді.

Ядролық қондырғыларды физикалық және компьютерлік модельдеу
  • Кредит саны - 6
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мазмұны: Атом энергетикасы саласындағы құбылыстар мен заңдылықтарды теориялық және аналитикалық тұрғыдан зерттеуге арналған бағдарламалық кешендер мен математикалық модельдер. Атом электр станцияларының, отынның және құрылымдық материалдарының перспективті түрлерінің беріктігін зерттеудің есептеу үлгілерін жасау. Ядролық реактордағы нейтрондар ағынын картаға түсіру. Критикалық жағдай. Басқару стержендерін градуирлеу.

Ядролық қондырғының қауіпсіздік жүйесін жобалау
  • Кредит саны - 5
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мазмұны: Жобалау инженериясының негіздері. Автоматтандырылған жобалау жүйелері (АЖЖ). Конструкторлық құжаттаманың бірыңғай жүйесі. Қауіпсіздік жүйелерінің классификациясы. Ядролық қондырғылардың конструктивтік ерекшеліктері. Белсенді және пассивті қауіпсіздік жүйелері. Аналогтық және цифрлық қауіпсіздік жүйелері. Ядролық қауіпсіздік пен ядролық-физикалық қауіпсіздік арасындағы интерфейс.

Ядролық отынның химиясы және физикасы
  • Кредит саны - 6
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Бұл курс барысында студенттер ядролық отынның әртүрлі түрлерімен танысады. Олар ядролық отынның термохимиялық қасиеттерін бағалауды және реактор ядросындағы материалдар арасындағы химиялық реакцияларды болжауды үйренеді. Оларға механикалық және термиялық кернеулер мен отын штангаларының шекті мәндерін анықтау және коррозия потенциалдарын есептеу әдістері үйретіледі. Сондай-ақ студенттер ядролық отынның жануы артқан кезде туындайтын негізгі қауіпсіздік мәселелерін анықтау бойынша білім алады.

Ядролық отынның циклі
  • Кредит саны - 5
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты: Ядролық отын цикліне кіретін өндірістік процестердің сипаттау. Пәннің мазмұны: Уран мен торийдің жанармай циклдері. Ядролық отын циклі объектілерінің қауіпсіздігі. Ядролық отын циклі қондырғыларын пайдаланудан шығару. Төмен байытылған уран отынының банкі. Ядролық отын циклін дамытудағы Қазақстанның тәжірибесі мен болашағы.

Ядролық реакция теориясы
  • Кредит саны - 5
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты формальды шашырау теориясының негіздерін, ядролық реакциялардың механизмдерін сипаттаудың әртүрлі тәсілдері арқылы көп каналды реакциялар есебін шешу әдістерін оқыту болып табылады. Пәннің мазмұны: ядролық реакциялардың релятивистік емес және релятивистік теориясын оқыту, соқтығысу матрицасы түсінігі, ядролық реакциялардың кинематикасы, S-матрица, ядролық реакциялардың соңғы өнімдері мен соқтығысатын бастапқы ядролардан құралған жүйеге арналған Шредингер теңдеуін шешу.

Ядролық физика
  • Кредит саны - 6
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Бұл курстың мақсаты ядроның құрылымына баса назар аудара отырып, ядролық физиканың негізгі ұғымдарын меңгеру болып табылады. Курс қазіргі заманғы ядролық физикаға, элементар бөлшектер физикасына шолу жасайды. Ядролар мен нуклондардың қасиеттері, оларды сипаттау моделдері. Күшті және әлсіз өзара әсерлесу. Альфа, бета, гамма ыдырау. Кванттық сандар, симметриялар және сақталу заңдары. Ядролық изотоптар және ыдырау заңдары.

2021-2024 жылдардағы мәліметтер көрсетілген

пәндер

Абай ілімі
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты – болашақ мамандардың бойында өзін-өзі тану қабілетін қалыптастыру, Абай ілімін қазіргі Қазақстанның руханилығы мен зиялылығының негізі ретінде пайдалану, ел бірлігін және қоғамның азаматтық ынтымағын нығайту мақсатында өзінің кәсіби білімін, түсінігі мен қабілеттерін гуманизм және білім беру призмасы арқылы қолдана білу. Оқытылатын болады: Абай ілімі туралы түсінік; оқыту қайнары; Абай ілімінің құрамдас бөліктері; Абай ілімінің категориялары; Абай бағалау құралдары; Абай ілімінің мәні мен мағынасы.

Атом энергиясын пайдалану саласындағы заңнамалар
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Ядролық, радиациялық және ядролық-физикалық қауіпсіздік саласындағы нормативтік-техникалық құжаттама. Радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша санитарлық ережелер мен гигиеналық нормативтер. Қауіпсіздік мәдениеті. Ядролық реакторлар мен электр қондырғыларының қауіпсіз жұмысын қамтамасыз ету бойынша халықаралық ережелер мен ұсынымдар.

Атомдық реактор негіздері
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Студенттер ядролық реакторлардың негізгі конструктивтік және эксплуатациялық ерекшеліктерін, әртүрлі типтегі реакторлардағы энергияны түрлендіру принциптерін зерттейді. Оларға төмен және жоғары байытылған уранды пайдаланатын реакторлармен жұмыс істеу негіздері оқытылады. Олар, сондай-ақ, турбиналар, генераторлар, су және электр жүйелері секілді реакторлардың негізгі физикалық компоненттерін зерттейді.

АЭС жобалау және компьютерлік модельдеу
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Әртүрлі типтегі ядролық реакторлардың конструкциялары және олардың ерекшеліктері. Атом электр станцияларының негізгі элементтері. Ядролық қондырғыларды жобалау негіздері. Автоматтандырылған жобалау жүйелері (АЖЖ). Стационарлық реактордың нейтронды-физикалық параметрлерін есептеу. Ядролық реактордың стационарлық емес және өтпелі процестерінің параметрлерін есептеу.

Әл-Фараби және қазіргі заман
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты – студенттердің әлемдік және ұлттық мәдениеттің даму контекстіндегі ұлы түркі ойшылы Әбу Насыр әл-Фарабидің ғылыми және философиялық мұрасы туралы түсініктерді қалыптастыру. Әл-Фараби мұрасының ерекшеліктері және оның түркі философиясының қалыптасуына тигізген әсері; шығыс философиясының Еуропалық Ренессансқа әсер ету сипаты; ұлттық және әлемдік философия тарихының дәстүрлі және қазіргі заманғы мәселелері қарастырылады.

Гидромеханика
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты-статикалық және динамикалық сұйықтықтардың мінез-құлқы мен қасиеттерін сипаттау, олардың қасиеттерін сипаттау үшін сұйықтық механикасының негізгі заңдылықтарын қолдану қабілетін қалыптастыру. Жұмыс сұйықтықтары және олардың қасиеттері, сұйықтықтардың қозғалысы мәселелері, күштердің сұйықтық қозғалысына әсерін зерттеу, сұйықтықтардың тұтқырлығы және басқа физика-механикалық қасиеттері, ағынның жылдамдығы мен жылдамдығын есептеу, құбырларды есептеу қарастырылады.

Ғылыми зерттеудің әдістері
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты: әдіснамалық және ғылыми мәдениетті қалыптастыру; ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру мен жүргізуде білім, білік және дағдылар жүйесін қалыптастыру. Зерттеудің жалпы ғылыми әдістері, оның ішінде ғылыми білімнің объективті мазмұнын табу үшін ғылыми ақпаратты іздеу, өңдеу, жүйелеу, талдау, синтездеу, жалпылау және дәлелдеу әдістері зерделенеді.

Жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың құқықтық негіздері
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты – сыбайлас жемқорлық бойынша құқық бұзушылықтарды алдын-алу мақсатында сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың қағидалары мен нормаларын қолдануды іс-жүзінде көрсете білу, жауапкершілік қабілетін қалыптастыру, азаматтық-құқықтық жауапкершілікке ие болып, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілікті, күнделікті өмірде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл субъектілерінің жүйесі мен қызметі, сыбайлас жемқорлыққа ықпал ететін себептер мен жағдайлар, сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің халықаралық тәжірибесі оқытылатын болады.

Кәсіпкерлік
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты: кәсіпкерлік теориясы мен тәжірибесін зерделеу негізінде кәсіпкерлік қызметтің практикалық дағдыларын қалыптастыру болып табылады. Студент қабілетті: жеке қызығушылықтары мен қабілеттеріне сәйкес келетін нарық мүмкіндіктерін пайдалануға; бизнесті бастау туралы бастапқы шешімді қабылдауға; қолданыстағы құқықтық нормалар шеңберінде тиімді жұмыс жасауға; стартаптың әлеуетті нарықтық мүмкіндіктерін анықтауға және бағалауға.

Қаржы сауаттылығының негіздері
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты: қаржылық ақпаратты түсіну мен олардың жеке қаржы мәселелеріне қатысты сауатты және негізделген шешімдер қабылдау үшін студенттерде ұтымды қаржылық мінез-құлықты қалыптастыру, сонымен қатар сыни тұрғыдан бағалау қабілетін арттыру, қаржылық құралдарды, оның ішінде цифрлық технологияларды пайдалану арқылы қаржылық қызметтерді тұтынушылар ретінде олардың құқықтары мен мүдделерін қорғауға байланысты процестерді талдау.

Нұрдың затпен әсерлесуі және экрандалу
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Студенттер сәулелену түрлерімен және олардың затпен, биологиялық жүйелермен әсерлесуі эффектілерімен танысады. Олар сәулеленудің балық түрі үшін өзара әсерлесу каналдарының түрлерін зерттейтін болады. Сондай-ақ, радиациядан қорғауға арналған қорғаныс материалдарының түрлерін зерттейді.

Приборлардың және физикалық қондырғылар техникасының электротехникалық негіздері
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мазмұны: Электротехника және электроника негіздері. Физикалық қондырғылардың классификациясы. Тұрақты токтың сызықты электр тізбектері, бір фазалы және үш фазалы айнымалы ток тізбектері, магниттік тізбектер, сызықты емес тізбектер. Үдеткіштер физикасының негіздері. Электрофизикалық қондырғылардың қауіпсіздігі. Электрлік өлшемдер мен аспаптар.

Радиациялық датчиктер және детекторлар
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Бұл курста студенттер электромагниттік және ядролық сәулеленуді анықтаудың негізгі принциптерін және ядролық физикадағы әртүрлі анықтау жүйелерінің түрлерін меңгереді. Олар анықтау жүйелерінің түрлерімен және олардың қолданылу аясымен жұмыс істеуді үйренеді.

Радиациялық-физикалық қондырғылардың жұмыс істеуінің теориялық негіздері
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мазмұны: Физикалық қондырғылардың жұмысының негізгі принциптері. Ядролық реакторлар және үдеткіштер физикасының негіздері. Физикалық қондарғылардың қауіпсіздік аспектілері. Қондырғы элементтерін қауіпсіздік аспектілері бойынша классификациялау. Физикалық қондырғылардың жұмысы мен қауіпсіздігіне қойылатын нормативтік талаптар. Физикалық қондырғыларды пайдалану тиімділігі.

Радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Студенттер радиоактивті қалдықтардың табиғатын және олардың белсенділігі бойынша жіктелуін зерттейді. Олар радиоактивті қалдықтардың негізгі сипаттамалары мен формаларын анықтауды үйренеді, сондай-ақ ядролық циклдің әр кезеңінде радиоактивті қалдықтардың қалай түзілетінін үйренеді. Студенттер қалдықтардың әр түрі бойынша өңдеу, тасымалдау, сақтау және кәдеге жарату технологияларының негізгі принциптерін меңгереді. Олар радиоактивті қалдықтарды жердегі және аумақтан тыс сақтаудың айырмашылығын; пайдаланылған отынды өңдеу және кәдеге жарату тәсілдерін; әртүрлі елдердегі радиоактивті қалдықтарды басқару бойынша жоспарлар мен тәжірибелерді зерттейді.

Реакторлық материалтану
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Реактор материалтануына кіріспе. Қатты дене физикасы. Құрылымдық және функционалдық материалдар. Функционалдық және құрылымдық материалдардың механикалық және физикалық қасиеттері. Материалдардың коррозия және оларды қорғау. Материалдың құрылымын зерттеудің физикалық әдістері. Материалдардың қасиеттеріне сәулеленудің әсері.

Экология және адам тіршілігінің қауіпсіздігі
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты – адамның табиғатпен өзара әрекеттесу жағдайларын үйлесімді оңтайландыру қағидаттарын іске асыратын табиғатты пайдаланудың заманауи тұжырымдамаларына негізделген бірқатар негізгі құзыреттерді қалыптастыру. Оқытылатын болады: адам өмірінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін табиғи ресурстарды тұрақты дамыту, сақтау және молайту қағидаттары, тәуекелдерді бағалау және азайту әдістері, қауіптерден, апаттардың салдарын жою шаралары, табиғи апаттар, қоршаған ортаны қорғау және қоршаған ортаны ұтымды басқару.

Эксперименттік физикадағы приборлар мен әдістер
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мазмұны: Ядролық сәулеленудің қазіргі заманғы детекторлары (құрамы және жұмыс істеу принципі). Физиканың әртүрлі салаларындағы эксперименттік зерттеулерге арналған жабдықтар мен аспаптар. Эксперименттік мәліметтерді өңдеудің арнайы әдістері. Үлкен көлемдегі деректермен жұмыс істеу. Физикалық эксперименттің әдістері мен құралдары. Физикалық құбылыстар мен процестерді модельдеу. Физикалық экспериментті автоматтандыру.

Ядролық қондырғыларды басқару және қорғау
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Ядролық қондырғы жақсы үйлестірілген түрде пайдаланылуға тиісті болған көптеген компоненттер мен жабдықтардан тұрады. Бұл үйлестіру аспаптар мен талдау жүйелері арқылы жүзеге асырылады. Бұл жүйелер ядролық қондырғы персоналына объектінің жағдайын тиімдірек бақылауға, жабдықтар мен жүйелердің жұмысын жақсарту мүмкіндіктерін анықтауға, ықтимал проблемаларды болжауға, түсінуге және оларға жауап беруге мүмкіндік береді. Бұл курс барысында студенттер бақылау және басқару жүйелерін пайдалана отырып, ядролық қондырғының дұрыс жұмыс істеуін бақылауды және ақауларға жауап беруді үйренеді.

Ядролық қондырғының қауіпсіздік жүйесін жобалау
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мазмұны: Жобалау инженериясының негіздері. Автоматтандырылған жобалау жүйелері (АЖЖ). Конструкторлық құжаттаманың бірыңғай жүйесі. Қауіпсіздік жүйелерінің классификациясы. Ядролық қондырғылардың конструктивтік ерекшеліктері. Белсенді және пассивті қауіпсіздік жүйелері. Аналогтық және цифрлық қауіпсіздік жүйелері. Ядролық қауіпсіздік пен ядролық-физикалық қауіпсіздік арасындағы интерфейс.

Ядролық отынның химиясы және физикасы
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Бұл курс барысында студенттер ядролық отынның әртүрлі түрлерімен танысады. Олар ядролық отынның термохимиялық қасиеттерін бағалауды және реактор ядросындағы материалдар арасындағы химиялық реакцияларды болжауды үйренеді. Оларға механикалық және термиялық кернеулер мен отын штангаларының шекті мәндерін анықтау және коррозия потенциалдарын есептеу әдістері үйретіледі. Сондай-ақ студенттер ядролық отынның жануы артқан кезде туындайтын негізгі қауіпсіздік мәселелерін анықтау бойынша білім алады.

Ядролық спектрометрия и радиометрия
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Бұл курс барысында студенттер ядролық спектрометрия көмегімен материалдардың қасиеттерін зерттеуді үйренеді. Олар микроэлементтерді талдау әдістерін (мысалы, нейтронды белсендіру арқылы талдау), сондай-ақ қатты денелерді талдау әдістерін (ядролық магниттік резонанс, Мессбауэр спектроскопиясы және т.б.) оқып үйренеді.

Ядролық энергетика экономикасы
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Электр энергиясын өндірудегі және көміртегіні азайтуға қол жеткізудегі атом энергетикасының рөлі. Атом электр станциясының (АЭС) экономикасына кіріспе. Атом электр станцияларының экономикалық моделінің негіздері және есебі. Атом электр станцияларының экономикасына сыртқы және ішкі факторлардың әсері.

Ядролық энергетикадағы жылу гидравликасы
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мазмұны: Жылу алмасу теориясының негізгі түсініктері мен анықтамалары. Құбырлардағы ламинарлы және турбулентті ағын режимдеріндегі мәжбүрлі конвекция. Ядролық реакторлардағы жылу гидравликасы. Салқындатқыш сұйықтығындағы, құрылымдық және қорғаныс материалдарындағы жылу бөлінуі және қалдық жылу бөлінуі. Жылу бөліп шығаратын жинақтағы температураның таралуын есептеу. Реактордағы температура градиенті.

Ядролық, радиациялық және экологиялық қауіпсіздік
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Бұл курста студенттер жасанды радиоактивті сәулеленуді қолданудың адам және қоршаған орта үшін ықтимал қауіптерімен танысады (радиацияның биологиялық әсері, халыққа шекті рұқсат етілген дозасы, қоршаған ортаға радиоизотоптардың таралуы, атмосферада және су жүйелерінде таралуы). Олар сондай-ақ, ядролық, радиациялық және экологиялық қауіпсіздік шараларын қамтамасыз ету және ядролық, радиациялық апаттарға қатысты әрекет ету жоспарларын әзірлеуді үйренеді.

2021-2024 жылдардағы мәліметтер көрсетілген

ТӘЖІРИБЕЛЕР

Кәсіби (дипломалды) практика
  • Бақылау түрі - Защита практики
  • Сипаттамасы - Практиканың мақсаты: оқу барысында алынған теориялық білімді тереңдетіп, бекіту. Дипломдық жұмысты орындауға арналған материалдарды іріктеп, жүйелу. Дилом жұмысын жазу. Диплом жұмысын алдын ала қорғау.

Кәсіби (оқу) практика
  • Бақылау түрі - Защита практики
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты: алған теориялық білімдерін бекіту, студенттерге кәсіби бағыт беру; кафедраның, факультеттің, университеттің ғылыми қызмет бағыттарымен, құрылымымен танысу. Практика барысында: кафедрадан бекітілген практикаға жауапты оқытушыдан кеңес, бағыт –бағдар алу; кафедраның ғылыми бағыттарымен танысу, факультет мен университеттің құрылымымен танысу

Кәсіби (өндірістік) практика
  • Бақылау түрі - Защита практики
  • Сипаттамасы - Алған теориялық білімдері мен тәжірбелік қабілеттерін бекіту, өндірісті ұйымдастыру мен технологиясымен танысу, білім алып жатқан мамандығы бойынша кәсіби біліктілігін қалыптастыру. Өндірістік практика барысында студент қажет ақпаратқа талдау жасап, зерттеу жүргізеді, заманауи құралдарды пайдаланып қажет есептеулер жүргізеді.

2021-2024 жылдардағы мәліметтер көрсетілген