6B06302 Бакалавриат

Криптология

Факультет:Ақпараттық технологиялар және жасанды интеллект
Код:6B06302
Білім деңгейіБакалавриат
Шекті балл (ақылы бөлім)90
ФакультетАқпараттық технологиялар және жасанды интеллект
ID2536

Бағдарлама туралы

Криптографиялық әдістерді пайдалана отырып, деректердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету тәсілдерін әзірлеу, пайдалану және жетілдіру үшін қажетті криптография және криптоталдаудың арнайы білім мен дағдылардың жеткілікті жиынтығы бар криптология саласындағы бәсекеге қабілетті мамандарды даярлау болып табылады.

Түлек моделі

1.Заманауи ДҚБЖ, компьютерлік желілер мен телекоммуникацияларда деректерді сақтауды, басқаруды, қорғауды және мақсатты қол жеткізуді ұйымдастыру үшін заманауи ақпараттық-коммуникациялық құралдар мен технологияларды пайдалану
2.Тұтас жүйелі ғылыми дүниетаным негізінде әртүрлі жағдайларды бағалау; әлеуметтік ортада жеке тұлғаны қалыптастыру, анықтау және салауатты өмір салтына бағдарлау
3.Іргелі математиканың классикалық бөлімдері бойынша негізгі білімдерін, математиканың негізгі идеялары мен әдістерін, негізгі математикалық құрылымдар жүйесін криптология саласында қолдану
4.Кез келген күрделіліктегі алгоритмдерді бағдарламалауда, бағдарламалық жабдықтама мен веб-қосымшаларды әзірлеуде және криптологиядағы қолданбалы есептерді шешуде бағдарламалау тілдерін (C++, Python, Java, C#) қолдану
5.Қауіпсіз операциялық жүйелерді, компьютерлік желілерді және телекоммуникацияларды қоса алғанда, ақпараттық жүйелердің қауіпсіздігін басқару және тәуекелдерді талдау үшін заманауи технологияларды, модельдерді, әдістер мен құралдарды иелену
6.Шифрлау алгоритмдерін құру қағидаларын меңгеру, бағдарламалық және аппараттық деңгейлерде ақпаратты қорғау есептерінде деректерді шифрлаудың криптографиялық әдістерін жүзеге асыру
7.Шифрлардың крипто-төзімділігіне әсер ететін заманауи шифрлардың құрылымын және олардың сипаттамаларын түсіну; шифрлау алгоритмдерінің крипто-төзімділік деңгейін талдау; заманауи криптожүйелерге криптоталдаудың статистикалық және аналитикалық әдістерін қолдану
8.Ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласында, оның ішінде криптологияда деректерді криптографиялық қорғаудың құқықтық нормалары мен стандарттарын, техникалық жүйелері мен құралдарын қолдану
9.Web-қосымшаларды қорғау құралдарын, интернет заттар (IoT) инфрақұрылымы шеңберінде құрылғылар мен желілерді қорғау принциптері мен әдістерін қолдану, әртүрлі деңгейдегі объектілердің киберқауіпсіздігін қамтамасыз етудің технологиялары мен бұлтты құралдарын меңгеру
10.Сенімді бағдарламалық жабдықтаманы жобалау, әзірлеу, тестілеу, жасанды интеллекттің жұмыс қағидаларын түсіну және қолданбалы есептерді шешуде, соның ішінде криптология саласында машиналық оқыту алгоритмдерін қолдану
11.Эллиптикалық қисықтарға негізделген криптографиялық схемаларды жүзеге асыру, кілттерді кванттық бөлудің негізгі хаттамаларын, цифрлық қолтаңбалар мен аутентификациядағы хэш функцияларын, цифрлық коммуникацияларда құпиялылықты, тұтастықты және аутентификацияны қамтамасыз ету үшін криптографиялық хаттамаларды қолдану
12.Табиғат пен қоғамның жұмыс істеуі мен дамуының негізгі заңдылықтарын білуді, әртүрлі әлеуметтік-экономикалық, әлеуметтік-құқықтық, этикалық, саяси және төтенше жағдайларда барабар бағдарлауды білуін көрсету

Байланыс

ҚР,Алматы, 050040, әл-Фараби даңғылы,71/23, Ақпараттық технологиялар және жасанды интеллект факультеті

Қабылдау

1) Аттестат/диплом + қосымшалары (түпнұсқа)
2) Жеке куәлік (түпнұсқа және көшірме -2 дана)
3) ҰБТ сертификаты (certificate.testcenter.kz)
4) Квота, жеңілдік құжаттары (түпнұсқа + көшірме)
5) Фото 3×4- 6 дана
6) 063/у, 0/75у медициналық анықтамалары
7) Шет тілін меңгергенін растайтын сертификат
8) Шығармашылық /арнайы емтихан ведомостынан үзінді (болған жағдайда)
9) Білім беру гранты туралы куәлік(grant.testcenter.kz)
10) Оқу ақысының 50% төлегені туралы түбіртек(ақылы оқуға)