6B06109 Бакалавриат

Жасанды интеллект

Факультет:Ақпараттық технологиялар және жасанды интеллект
Код:6B06109
Білім деңгейіБакалавриат
Шекті балл (ақылы бөлім)90
ФакультетАқпараттық технологиялар және жасанды интеллект
ID2640

Бағдарлама туралы

«Жасанды интеллект» білім беру бағдарламасының мақсаты – заманауи жасанды интеллект әдістері мен технологиялары негізінде деректерді талдау, модель құру, шешім қабылдау, бағдарламалау және интеллектуалды жүйелерді әзірлеу бойынша терең теориялық білім мен практикалық дағдыларға ие, жоғары білікті, жауапты және креативті мамандарды даярлау. Бағдарлама түлектері пәнаралық және мәдениетаралық ортада тиімді жұмыс істей алатын, сенімді, интерпретацияланатын және этикалық ЖИ шешімдерді әзірлей алатын мамандар ретінде қалыптасады.

Түлек моделі

ON1 Жасанды интеллект мәселелерін формальды модельдеу және талдау үшін математика, логика және ықтималдық теориясы саласындағы іргелі білімдерді қолдану.
ON2 Заманауи бағдарламалау тілдері мен алгоритмдік ойлау әдістерін пайдалана отырып, алгоритмдер мен деректер құрылымдарын жобалау, іске асыру және оңтайландыру.
ON3 Әртүрлі табиғаттағы деректерді өңдеуге арналған машиналық және терең оқыту модельдерін, соның ішінде нейрожелілік, ықтималдық және гибридтік тәсілдерді оқыту және енгізу.
ON4 Деректерді талдау, алдын ала өңдеу және визуализациялау, тиімді жасанды интеллект модельдерін құру және деректерге негізделген шешім қабылдау үшін пайплайн қалыптастыру.
ON5 Енгізілген ЖИ-шешімдер, edge AI және IoT-компоненттерді қоса алғанда, интеллектуалды бағдарламалық және аппараттық-бағдарламалық жүйелерді әзірлеу.
ON6 Түсіндірілетін ЖИ, A/B тестілеу, сапа метрикалары және модельдің тұрақтылығын қоса алғанда, ИИ-модельдердің сенімділігі, түсініктілігі және тексерілуі әдістерін қолдану.
ON7 Модельді оқыту, ендіру, мониторинг және жаңарту кезеңдерін автоматтандыруды қоса алғанда, MLOps үдерістерін жобалау және сүйемелдеу.
ON8 ЖИ жүйелерін әзірлеу кезінде этикалық, құқықтық және әлеуметтік аспектілерді ескеру, әділеттілік, бейтараптық, ашықтық және құпиялық қағидаттарын қамтамасыз ету.
ON9 Пайдаланушы тәжірибесі (UX) мен адам–ЖИ өзара әрекеттесуін жобалау, интеллектуалды жүйелерге пайдаланушылардың сенімділігі мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету.
ON10 Жобалық жұмыс, ғылыми талдау, цифрлық сауаттылық және инновациялық ойлау дағдыларын көрсете отырып, ЖИ саласында кәсіби және ғылыми-зерттеу қызметін жүзеге асыру.
ON11 Қазақстан қоғамын жаңғыртудағы әлеуметтік, саяси, мәдени институттардың рөлін талдау, әлемдік және еуразиялық тарихи үдеріс контекстінде тәуелсіз қазақстандық мемлекеттіліктің қалыптасу кезеңдерін сипаттау.
ON12 Топта тиімді өзара әрекеттеседі, әлеуметтік және мәдени әртүрлілікке құрметпен қарайды, жеке және ұжымдық қызметті сыни тұрғыдан бағалайды, пәнаралық және мәдениетаралық ортада өзін-өзі реттеу, төзімділік және жауапты мінез-құлық дағдыларын көрсетеді, сондай-ақ әлеуметтік және кәсіби қызметте ұтымды шешімдер қабылдау үшін экономикалық білімнің негіздерін қолданады.