- Негізгі бет
- Бакалавриат
- Білім беру бағдарламалары
- Әлеуметтік-мәдени антропология
Әлеуметтік-мәдени антропология
БIЛIКТIЛIГІ
- бiрiншi жоғары бiлiм - гуманитарлық білім бакалавры
ТҮЛЕКТЕР МОДЕЛІ
ON1 Әлеуметтік-мәдени антропологияның негізгі теориялық бағыттары мен ұғымдарын, сондай-ақ антропологиялық мектептер мен әдіснамалық тәсілдердің тарихи дамуын терең меңгергенін көрсету
ON2 Әлеуметтік және мәдени құбылыстарды салыстырмалы, мәдениетаралық және этнографиялық талдау әдістері арқылы сараптай білу үшін алынған білімді көрсету
ON3 Далалық зерттеулер жүргізу дағдыларын меңгеру, оның ішінде сұхбат алу, бақылау жүргізу, этнографиялық жазбалар мен күнделік толтыру әдістерін қолдана білу және қолданбалы салалардың принциптері мен әдістерін дәлелдей білу
ON4 Әлем халықтарының мәдени әртүрлілігін түсініп, этностардың, діндердің, тілдер мен әлеуметтік тәжірибелердің ерекшеліктерін талдай білу және антропологиялық зерттеулерде қолданылатын арнайы бағдарламалық-техникалық құралдарды меңгеру
ON5 Мәдени артефакттар, рәміздер, салт-жоралар мен тәжірибелерді тарихи және әлеуметтік контекстте сыни талдай білу және оларды түсіндіруге арналған теориялық тәсілдерді негіздей білу
ON6 Тарихи, этнологиялық, мәдениеттанулық және әлеуметтік-мәдени зерттеулердің заманауи әдіснамалық қағидаттары мен әдістерін жетілдіру және кеңейту қабілетіне ие болу, сондай-ақ күрделі ғылыми мәселелерді шешуде пәнаралық білімді талқылай және біріктіре білу
ON7 Әлеуметтік-мәдени зерттеулерде қолданылатын негізгі әдістерді, амалдары мен тәсілдерді ғылыми тұрғыда түсініп, оларды нақты практикалық және теориялық жағдайларда тиімді қолдана білу
ON8 Ғылыми, экспедициялық және қолданбалы антропологиялық зерттеулерде құбылыстар мен процестерді, олардың өзара байланыстары мен динамикасын сипаттауда модельдеу әдістерін, сондай-ақ заманауи ақпараттық технологиялар мен мамандандырылған компьютерлік бағдарламаларды тиімді қолдана білу
ON9 Әлеуметтік, мәдени немесе технологиялық өзгерістер нәтижесінде туындайтын тәуекелдердің дамуына байланысты проблемаларды ғылыми тұрғыда талдап, олардың салдарларын сыни бағалау және дәлелді тұжырымдар жасай білу
ON10 Ғылыми және қолданбалы зерттеулерде түрлі материалдар мен дереккөздерді тиімді пайдалана отырып, алынған ақпаратты жүйелі түрде талдау және әлеуметтік-мәдени үдерістердің мүмкін болашақ дамуына қатысты негізделген болжамдар жасай білу
ON11 Әлеуметтік-мәдени антропологияның принциптеріне сүйене отырып, мәдени және әлеуметтік құбылыстардың пайда болуы мен трансформация үдерістерін болжай білу, сондай-ақ осы өзгерістердің салдарын тиімді басқаруға бағытталған заманауи инновациялық әдістерді қолдана отырып, дәйекті басқарушылық шешімдер қабылдай білу
ON12 Әлеуметтік-мәдени антропологияның теориялық тұжырымдамалары мен әдіснамалық негіздеріне сүйене отырып, мәдени құбылыстар мен әлеуметтік тәжірибелердің әртүрлі көріністеріне қатысты ғылыми дәлелденген жеке пайымдаулар мен интерпретациялар қалыптастыра білу
Бағдарлама паспорты
пәндер
пәндер
2023-2026 жылдардағы мәліметтер көрсетілген
ТӘЖІРИБЕЛЕР
2023-2026 жылдардағы мәліметтер көрсетілген