8D03104 Докторантура

Саясаттану

Факультет:Философия және саясаттану
Код:8D03104
Білім деңгейіДокторантура
Шекті балл (ақылы бөлім)75
ФакультетФилософия және саясаттану
ID1368

Бағдарлама туралы

Заманауи саясаттану ғылымының соңғы жетістіктеріне негізделген жаңа тұжырымдамалық білімді қалыптастыруға, иновациялық жаңалықтар енгізуге қабілетті жоғары білікті ғылыми және ғылыми-педагогикалық кадрларды даярлау; ғылыми зерттеулердің әдіснамасы, сарапшы, кеңес беру және саясат саласындағы сараптамалық талдау қызметке бәсекеге қабілетті және сұранысқа ие мамандар даярлау.

Түлек моделі

1.Қазіргі заманғы саяси ғылымның теориялық және эмпирикалық негізіне негізделген ғылыми-зерттеу болжамдар мен модельдерді қалыптастыруда саяси ғылыми зерттеулер әдіснамасын тереңдетіп және жүйелі түрде түсіндіріп, мамандандырылған ғылыми дерекқорларды пайдалану;;
2.Саясаттану саласындағы заманауи теориялық және әдістемелік тәсілдерді игеру негізінде қазіргі заманғы саяси процестердің жай-күйін және бағыттарын бағалау;
3. Сыни талдау мен синтездеу әдістерін және тәсілдерін меңгеру, жаңа кешенді идеяларды қалыптастыру және олардың негізінде ғылыми зерттеулердің жоғары дәрежесі бар саясаттану ғылымының үдерісін енгізу және түзету;
4. Саясаттану мәселелерін шешу үшін қолданыстағы әдістерді өзгерту және жаңаларын әзірлеу;
5. Қазіргі заманғы теориялар мен әдістерге негізделген академиялық тұтастықпен сипатталатын тәуелсіз зерттеу жүргізу;
6. Ұлттық және халықаралық деңгейде жариялауға лайықты саяси ғылымның дамуындағы өзіндік зерттеуге ғылыми үлес қосу;
7. Саяси ғылымның және қазақстандық қоғамның даму мәселелерін шешуге бағытталған ғылыми нәтижелерді алу;
8. Ғылыми практиканың халықаралық стандарттарын ескере отырып, білім беру процесін жақсарту бойынша инновацияларды енгізе отырып, өзгерістерге қатысты белсенді болу;
9. Саяси шешімдер қабылдаудың шығармашылық әдістерін қолданады және әлеуметтік-саяси қызмет пен мемлекеттік басқарудың стратегиясы мен тактикасын әзірлеуде оларды іске асыру тетіктерін жасау;
10. Саяси процестер мен құбылыстарды саяси диагностикалау және болжамдау бойынша сараптамалық жұмыстарды жүргізеді;
11. Саяси процестер субъектілерінің қызметіне консультативтік және ғылыми-әдістемелік қамтамасыз ету;
12. Білім беру қызметінің халықаралық стандарттарын ескере отырып, тәжірибені тарату алгоритмін құру, саяси зерттеулер әдістемесі негізінде пәндерді оқытудың инновациялық технологияларын қолдану.

Байланыс

Саясаттану және саяси технологиялар кафедрасы
8 (727) 3773333 (вн.1756)
e-mail: politology.kaznu@mail.ru

Қабылдау

1) Бакалавриат, Магистратура дипломы + қосымшалары (түпнұсқа)
2) Жеке куәлік (түпнұсқа ж/е көшірме -2 дана)
3) Шет тілін меңгергенін растайтын сертификат
4) ҰТО ресми сертификаты (ҚАЗТЕСТ)
5) 0/75у медициналық анықтамасы
6) Фото 3×4 – 6 дана
7) ҚР Еңбек кодексіне сәйкес еңбек қызметін растайтын құжат
8) Соңғы 3 жылдағы ғылыми жарияланымдар тізімі (болған жағдайда), зерттеулер жүргізу жоспары ж/е эссе
9) Алдын ала іріктеу нәтижелері («Денсаулық сақтау» білім саласы бойынша)