- Негізгі бет
- Докторантура
- Білім беру бағдарламалары
- Саяси философия
Саяси философия
БIЛIКТIЛIГІ
- ғылыми - педагогикалық бағыт - философия докторы (PhD)
ТҮЛЕКТЕР МОДЕЛІ
ON1. әлеуметтік-саяси таным, демократия және легитимдік теориялары, саясат пен билік философиясының заманауи тұжырымдамаларының әдіснамасы ретіндегі қазіргі заманғы конструктивизм негізінде қазіргі әлеуметтік-саяси үдерістерге сыни талдау жасау;
ON2. жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында академиялық, ғылыми-зерттеу, ғылыми-әдістемелік және қоғамдық қызметті жүзеге асыру;
ON3. білім беру, ғылым және инновация интеграциясын ескере отырып, философиялық пәндер бойынша оқу және ғылыми-әдістемелік материалдарды әзірлеу;
ON4. қазіргі саяси ғылымның ұғымдары мен тәсілдемелерін пайдалана отырып, іргелі және қолданбалы зерттеулер жүргізу дағдыларын меңгеру негізінде сапалы және нәтижелі ғылыми әзірлемелерді жүргізу;
ON5. қазіргі заманғы саяси философия саласындағы, оның ішінде пәнаралық, халықаралық (зерттеу нәтижелерін кейіннен коммерцияландырумен) ғылыми-зерттеу жұмыстарын бастауға, басқаруға және/немесе іске асыруға қатысу;
ON6. ғылыми білімнің аталған саласындағы эксперттік бағалау (peer-review) талаптарына сәйкес келетін, ғылыми саланың дамуына үлес қосатын және ғылыми басылымдарда жариялануға лайық сапалы бірегей ғылыми зерттеулер жүргізу арқылы жаңа ғылыми идеялар мен ой-тұжырымдарды қорыту;
ON7. ғылыми қызметтің нысаналы бағыттары мен коммуникациялық практикалардағы трендтерді анықтауға негізделген ғылыми коммуникация саясатын іске асыру аясында аналитикалық-болжамдық қызметті жүргізу;
ON8. зерттеу нәтижелерін практикада іске асыру үшін ішкі және сыртқы ғылыми мектептермен/орталықтармен ынтымақтастық орнату;
ON9. қазіргі саяси рефлексия мен саяси өмірді философиялық тұрғыда байыптаудың рөлін ашып көрсететін теориялық және әдіснамалық қағидаларды кәсіби қызметте қолдану;
ON10. саяси философия саласындағы терең білімді кәсіби қызметте түсіндіру және шығармашылық тұрғыда пайдалану, түрлі әлеуметтік-саяси құбылыстар мен үдерістерді сипаттау, талдау, болжау әрі олардың сапалық және сандық талдауы негізінде кәсіби міндеттерді шешу;
Бағдарлама паспорты
пәндер
2021-2024 жылдардағы мәліметтер көрсетілген
пәндер
2021-2024 жылдардағы мәліметтер көрсетілген
ТӘЖІРИБЕЛЕР
2021-2024 жылдардағы мәліметтер көрсетілген