Докторантура
Мұнайхимия

Мұнайхимия

БIЛIКТIЛIГІ

  • ғылыми - педагогикалық бағыт - философия докторы (PhD)

ТҮЛЕКТЕР МОДЕЛІ

Берілген ББ тәмамдаған білім алушылардан күтілетін қабілеттер:
NO 1. Қалдықтарды екіншілік өңдеуге қатыстыру арқылы шикізатты терең өңдеу және мұнай мен мұнайлы щикізатты өңдеудің технологиялық процестерін жасау қабілетін көрсету арқылы көмірсутекті шикізатты комплексті өңдеудің теориялық аспектілеріне үлес қосу.
NO 2. Мұнай, газ және көмірді терең өңдеу процестерінің қазіргі технологиясының негізі мен оған қолданылатын аппаратура және технологиялық қондырғыны меңгеру.
NO 3. Мұнайөңдеу саласының белгілі зерттеушілерінің әдеби және патенттік қорын, теориялық және тәжірибелік оқу кезінде алынған дәлелденген базаны қолдана отырып, аргументтелген ғылыми пікірталас жүргізу.
NO 4. Присадок өндірісінің қазіргі технологиясын жасау. Берілген қасиетке ие присадоктарды синтездеудің жалпы заңдылықтарын жазу.
NO 5. Нақты технологиялық процестер үшін катализатор түйіршіктерін тиімді қолданылу критерийін анықтау. Катализаторды өндіріске енгізудің масштабты ауысу шартының келешегін бағалау.
NO 6.Мұнайхимиясы мен мұнайхимиялық синтез аймағында қазіргі инновациялық технологиялар негізінде кешенді ғылыми зерттеулерді жүзеге асыру.
NO 7. Мұнайхимиясы мен мұнай-, газ өңдеу аймағында зама-науи ғылыми және практикалық мәселелерді шешу мен қалыптастыруда, ғылыми-зерттеу, эксперименттік-зерттеу және басқару қызметін ұйымдастыруда құзыретті болу.
NO 8. Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламалары бойынша оқу сабақтарының барлық түрлерін жоспарлау және өткізу кезінде мұнайхимия саласындағы психологиялық-педагогикалық білім мен білімнің интеграциясын қамтамасыз ету.

Бағдарлама паспорты

Мамандығы
Мұнайхимия
Мамандық шифры
8D07101
Факультеті
Химия және химиялық технология

пәндер

Академиялық жазу
  • Кредит саны - 2
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты: докторанттарда ғылыми зерттеулердің нәтижелері бойынша өз ұстанымдары мен қорытындыларын, аргументтері мен гипотезаларын академиялық жазу стилінде көрсете білу қабілетін қалыптастыру. Оқу курсы ғылыми зерттеулердің нәтижелерін ашық басылымдарға ұсынудың, ғылыми жобалар конкурстарына қатысудың және басқа елдердің ғалымдарымен қарым-қатынастың әдіснамалық негізін қалыптастырады. Курсты меңгеру нәтижесінде докторант қабілетті болады:-Scopus және Web of Science деректер қорына кіретін халықаралық ғылыми журналдарда жариялау үшін ғылыми мақалалар жаза алуға; ғылыми жұмыстарды сыни талдауға, олардың артықшылықтары мен кемшіліктерін көрсете алуға;әдебиеттерді және өз нәтижелерін талдау негізінде қорытынды жасап, диссертациялық жұмыс дайындауға

Ғылыми зерттеудің әдістері
  • Кредит саны - 3
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты: докторанттарда жоғары деңгейде фундаменталды және қолданбалы ғылыми зерттеулерді жүргізуді қамтамасыз ететін және халықаралық талаптарға сай келетін нәтижелерді алуға мүмкіндік беретін зерттеулердің қазіргі заманғы инновациялық теориялық және эксперименталдық әдістерін саналы түрде таңдап және қолдана алатындай креативті қабілеттерін қалыптастыру. Оқу курсы докторанттарға ғылыми-инновациялық қызметке белсенді қатысуға және ғылыми нәтижелерді коммерцияландыруға ынталандырады.

Майлағыш материалдар отыны және арнайы өнімдер үшін присадканың нәзік өндірісінің химиясы және технологиясы
  • Кредит саны - 5
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты – майлағыш материалдар, отындар үшін присадоктың нәзік өндірісінің технологиясы мен химиясының қағидаларын критикалық бағалауды қалыптастыру. Оқу курсы присадоктың нәзік өндірісінің технологиясы, химиясы аймағында заманауи теория, практиканы критикалық талдауды қалыптастырады. Пәнді оқыту бағытталған: алынатын присадоктың қасиетіне, селективтілігіне әсер ететін технологиялық параметрлерді, берілген қасиеттегі майлағыш материалдар алу процесін басқару негізі.

Мұнай өңдеудегі өнеркәсіптік катализ
  • Кредит саны - 5
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты – катализаторды заманауи әдістермен дайындауды, таңдауды, зерттеуді меңгеру мен катализдің теориялық аспектісін негіздеуді қалыптастыру. Оқу курсы катализатор мен адсорбенттің химиялық, фазалық құрамы, субструктрасы, текстурасы, морфологиясын басқарудың технологиялық амалдарын салыстыуды қалыптастырады. Пәнді оқыту бағытталған: мұнай өңдеу, мұнайхимиясындағы өндірістік катализатордың қасиетін зерттеу әдістеріне; катализдік процестің әртүрлі сатысында катализдік реакциялардың механизміне.

2023-2026 жылдардағы мәліметтер көрсетілген

пәндер

Катализаторларды зерттеудің қазіргі әдістері
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты – ерітінді мен қатты фазаның бетінде жүретін катализдік өзгерістердің химизмін және қасиетін заманауи әдістер негізінде физикалық процестерді критикалық тұрғыдан бағалауды қалыптастыру. Оқу курсы гетерогенді және гомогенді катализаторларды кешенді физика-химиялық зерттеу қабілетін қалыптастырады. Пәнді оқыту бағытталған: РФА, ЯМР-, ПМР-спектроскопия, ЭМ, ТПД заманауи зерттеу әдістерімен катализ процестеріндегі ерекшелікті анықтау.

Катализдік процестермен катализаторды зерттеудің физика-химиялық негізі
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты – катализаторлар мен катализдік процестерді зерттеудің физикалық-химиялық негізі үшін қолданылатын заманауи әлемдік ғылымның әдістерін талдау қабілетін қалыптастыру. Оқу курсы қатты катализатордың бетінің фазалық құрамын, атомдық структурасын, микроструктурасын және қасиетін заманауи әдістер негізінде критикалық бағалауды қалыптастырады. Пәнді оқыту бағытталған: рентгендік дифракция, оптикалық спектроскопия және магнитті-резонансты әдістер көмегімен катализ құбылыстары.

Мұнай және мұнай шикізатын қалдықсыз өңдеу технологиясы
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты – көмір, мұнай және газды қалдықсыз өңдеу технологиясының даму келешегін, бағытын, күйін бағалау қабілетін қалыптастыру. Оқу курсы мұнай, мұнайлы шикізатты қалдықсыз өңдеу технологиясының өзектілігін түсінуді қалыптастырады. Пәнді оқыту бағытталған: мұнайды қалдықсыз өңдеу технологиясының негізгі теориялық заңдылықтарына, физика-химиялық негізіне; химиялық қосылыстар синтезі үшін мұнай, көмір, қалдықсыз өңдеу технологиясының оңтайлы сызбасын.

Мұнай, газ және көмірді терең өңдеудің қазіргі технологиясы
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты – көмір, мұнай және газды терең өңдеудің технологиялық процестерін жетілдіру арқылы табиғи шикізат көздерінен аз шығынды мақсатты өнімдердің шығымын арттырудың күйін, келешегін, бағытын бағалауды қалыптастыру. Оқу курсы көмір, мұнай, газды терең өңдеудің қажеттілігін түсінуді қалыптастырады. Пәнді оқыту бағытталған: көмір, мұнай, газды терең өңдеудің негізгі теориялық заңдылықтары, процестің физика-химиялық негізі.

2023-2026 жылдардағы мәліметтер көрсетілген

ТӘЖІРИБЕЛЕР

Зерттеу
  • Бақылау түрі - Защита практики
  • Сипаттамасы - Тәжірибе мақсаты: өзекті ғылыми мәселені зерттеуде тәжірибе жинақтау, оқу процесінде алған кәсіби білімдерін кеңейту және өз бетімен ғылыми жұмысты жүргізудің практикалық дағдыларын дамыту. Практика экономикалық білімдерді зерттеу, талдау және қолдану дағдыларын дамытуға бағытталған.

Педагогикалық
  • Бақылау түрі - Защита практики
  • Сипаттамасы - Дәрістерді, семинарларды өткізудің практикалық және оқу-әдістемелік дағдыларын қалыптастыру, ғылыми және теориялық білімдерді, шығармашылық қызметтегі практикалық дағдыларды мамандықтардың пәндерінен сабақ өткізу жағдайында пайдалану; өз заманауи кәсіби техникалары қолдану, оқыту әдісі практикада соңғы теориялық, әдістемелік жетістіктерді қолдануға, оқу-әдістемелік құжаттарды жасауға мүмкіндік береді.

2023-2026 жылдардағы мәліметтер көрсетілген