- Негізгі бет
- Докторантура
- Білім беру бағдарламалары
- Архивтану, құжаттану және құжаттамалық қамтамасыз ету
Архивтану, құжаттану және құжаттамалық қамтамасыз ету
БIЛIКТIЛIГІ
- ғылыми - педагогикалық бағыт - философия докторы (PhD)
ТҮЛЕКТЕР МОДЕЛІ
ON1Ақпараттық өнімдер мен қызметтерді құру және оларды коммерциялық негізде жүзеге асыру мақсатында түрлі меншік нысанындағы ұйымдармен бірлескен жобаларды жүзеге асыру.
ON2Архив мекемелерінің қызметі туралы аналитикалық шолуларды, архив саласының басым бағыттарын ескере отырып, архив технологияларын ғылыми-әдістемелік қамтамасыз ету құралдарын дайындау.
ON3Құжаттаманы басқаруды қамтамасыз ету және архив ісі саласында салалық пен салааралық жобаларды әзірлеу, нормативтік- әдістемелік, ұйым қызметін қызметін ақпараттық қамтамасыз ету бойынша ғылыми-әдістемелік жұмысты жетілдіру
ON4Мемлекеттік органдарда құжатты басқару жүйесін жетілдіру мақсатында құжат қалыптастыру және құжат айналымы көлемін ұлғайту үдерісінің мониторингіне қатысу
ON5Оқу және ғылыми-әдістемелік құралдарды, оқу-әдістемелік кешендерді, бағдарламалар мен дидактикалық материалдарды, соның ішінде электронды түрде дайындау және жариялау, құжаттану және архивтану пәндері бойынша сабақтардың барлық түрлерін жүргізу
ON6Қазіргі заманғы методология, шетелдік тәжірибенің жаңа идеялары мен білімдерді тұжырымдау негізінде, жаңа әдістер мен әдістемелерді ұсына отырып, аудиовизуалды коммуникацияда, архив ісі мен құжаттанудағы цифрлық технологияларда, метадеректерді басқаруда іргелі ғылыми зерттеулерді жүзеге асыру
ON7Командада жұмыс істеу, байланыс орнату, өз көзқарасын дұрыс қорғау, қойылған мақсаттар мен міндеттерді шешудің жаңа нұсқалары мен тәсілдерін ұсыну, Thomson-Reuters немесе Scopus халықаралық деректер қорының рейтингтік журналдарында, сондай-ақ ұлттық және халықаралық рецензияланатын басылымдарда талқылау үшін ғылыми нәтижелерді ұсыну
ON8Архивтану, деректану және археография саласында пәнаралық зерттеулер жүргізу, архив ісінің теориясы мен әдістемесі, тарихы мен ұйымдастыру бойынша деректерді ғылыми айналымға енгізуге ықпал ету, құжаттардың ғылыми құндылығын анықтау мақсатында құжаттардың құндылығын сараптау қағидаларын, әдістері мен өлшемдерін қолдану
ON9Заманауи теорияларды, проблемалар мен тәсілдерді, аудиовизуалды және электрондық құжаттардың жаңа үрдістерін, құжаттанудағы ақпараттық жүйелерді бағалай отырып, архив ісі мен электрондық құжат айналымында қолданбалы зерттеулер жүргізу нәтижесінде әдістемелік ұсыныстар беру
ON1010 БҚҚ және архив ісін ақпараттандырудың нормативтік-әдістемелік негізін, автоматтандыру объектілері мен принциптерін, интернет-технологиялар мен ақпараттық ресурстарды, электрондық құжаттарды сақтау және ақпараттық жүйелерде ақпаратты қорғау технологияларын бағалай отырып, автоматтандырылған ақпараттық жүйелерді жобалау және енгізу.
ON11ИСО 15836-2003 халықаралық стандарты негізінде ақпараттық ресурстарды сәйкестендіру және оларды басқару үшін бірыңғай әдістемелік және әдіснамалық базаны құру
ON12Архивтерде электрондық құжаттарды басқарудың әдістемелік және технологиялық аспектілерін әзірлеу, цифрлық мәліметтер базасын және архив саласының Бірыңғай автоматтандырылған ақпараттық жүйесін құрастыру.
Бағдарлама паспорты
пәндер
2022-2025 жылдардағы мәліметтер көрсетілген
пәндер
2022-2025 жылдардағы мәліметтер көрсетілген
ТӘЖІРИБЕЛЕР
2022-2025 жылдардағы мәліметтер көрсетілген