Докторантура
Химиядағы наноматериалдар және нанотехнологиялар

Химиядағы наноматериалдар және нанотехнологиялар

БIЛIКТIЛIГІ

  • ғылыми - педагогикалық бағыт - философия докторы (PhD)

ТҮЛЕКТЕР МОДЕЛІ

Осы бағдарламаны аяқтағаннан кейін докторанттар келесі қабілеттерге ие болады деп күтіледі:
1. нанотехнологиялар мен наноматериалдардың соңғы тенденцияларының ғылыми теорияларын түсіндіру;
2.нанотехнологияның ғылыми-зерттеу әдістерін, наноматериалдарды алу және қолдануды, сонымен қатар аддитивті технологияларды қолдану үдерістерін біріктіріп әзірлеу;
3.нанотехнологияның физика-химиялық үдерістерін зерттеу үшін заманауи құрал-жабдықтарды, цифрлы технологияларды, әдістемелердін комбинациясын таңдау;
4.нанообъектілер мен наноматериалдарды құру кезінде олардың физикалық-химиялық қасиеттерін, тұрақтылығы мен қауіпсіздігін сыни талдау және болжау;
5. наноқұрылымды жүйелерді синтездеудің білім көлемін кеңейтетін дәстүрлі емес жану режиміндегі әдістерін әзірлеу;
6.нанотехнологиялар мен ғылыми пәндер бойынша ғылыми-зерттеу, ғылыми-техникалық ақпараттың нәтижелерін қорыту, ғылыми, патенттік және маркетингтік зерттеулер жүргізу, отандық және шетелдік басылымдарда жарияланымдарды дербес дайындауды ұйымдастыру;
7. идеялар мен технологиялар нарығында табысты бәсекелестік үшін тәжірибелік-конструкторлық сызбанұсқаларды бағалау және түзету негізінде наноматериалдарды өндірудің қолданыстағы қазіргі технологиялық әдістерін оңтайландыру;
8. күрделілігі әртүрлі жаңа идеяларды синтездеу, оны жүзеге асыру кезінде экономикалық тиімділік, алынған өнімдердің экологиялық және техникалық қауіпсіз өндірісін қамтамасыз ету;
9.нанотехнологияны дамытуға, наноматериалдар мен нано-объектілерді өндіруге қатысу арқылы қоғамды қалыптастыру мүддесінде технологиялық, әлеуметтік және мәдени дамуға жәрдемдесу;
10. Кейбір аспектілері ұлттық немесе халықаралық басылымдарда көрсетілген түпнұсқа зерттеулер арқылы нанотехнологияны дамытуға үлес қосу;
11.нанотехнология және нанотехнология саласында мәртебесі тен, кең ғылыми-техникалық қоғамдастықпен және қоғаммен диалог жүргізу;
12. Білім беру үдерісіне заманауи және инновациялық (оның ішінде цифрлық) оқыту технологияларын енгізу.

Бағдарлама паспорты

Мамандығы
Химиядағы наноматериалдар және нанотехнологиялар
Мамандық шифры
8D07113
Факультеті
Химия және химиялық технология

пәндер

3D принтингте наноматериалдар және нанотехнологиялар қолданыу
  • Кредит саны - 5
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты – замануи 3D принтинг цифрлық технологияларды нанотехнологияларда қолдануын бағалау. Оқу курсы 3D-принтерді пайдалана отырып толық өнімді жасау үшін аддитивті технология принциптерін түсінудің әдіснамалық негізін құрайды. Пән цифрлік модельдерді пайдалана отырып наноматериалдардың өмірлік циклін болжау арқылы қасиеттерді модельдеуді, полимерлерден, металдардан, сондай-ақ түрлі композиттардан жасау мен оларды қолдануына бағытталған.

Академиялық жазу
  • Кредит саны - 2
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты: докторанттарда алынған іргелі және қолданбалы нәтижелерді ұсыну техникасын дамыту есебінен ғылыми-зерттеу қызметін басқару дағдыларын қалыптастыру. Мазмұны: ғылыми еңбек әдістемесі мен әдістемесінің негіздері. Ғылыми мақаланың құрылымын жоспарлау және анықтау. Рецензияланған журналдарда мақаланы дайындау және жариялау. Журналдың редакциялық комиссиясының бейіні бойынша жариялауға қойылатын талаптары.

Ғылыми зерттеудің әдістері
  • Кредит саны - 3
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты: докторанттарда Техникалық реттеу саласындағы ғылыми зерттеулердің заманауи әдістерін пайдалана отырып, тәжірибелік-эксперименттік жұмыстардың жобаларын әзірлеу бойынша әдіснамалық білім, білік және практикалық дағдылар жүйесін қалыптастыру. Әдеби шолу бойынша жұмыс. Стандарттау және сертификаттау саласындағы ғылыми, статистикалық ақпаратты жинау және өңдеу (салалар бойынша). Зерттеудің эксперименттік бөлігін орындау бойынша жұмыс.

Нанохимия мен нанотехнологияны дамытудың басым бағыттары
  • Кредит саны - 5
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты: нанохимия мен нанотехнологияның жаңа бағыттарының ғылыми теорияларын жүйелеу және түсіндіру қабілетін дамыту. Талқыланды: Нанохимия мен нанотехнологияның іргелі және басым қолданбалы аспектілері. Нанохимияның баламалы энергия көздерін, нанокатализаторларды дамытудағы, медицина, косметология, ауыл шаруашылығы саласындағы жетістіктері. Нарықтағы сұранысқа ие нанохимиялық өнімдерді талдау.

2023-2026 жылдардағы мәліметтер көрсетілген

пәндер

Құрамында көміртегі бар наноматериалдарды алудың физика-химиялық негіздері
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты - физика-химиялық табиғаты мен алынған көміртекті наноматериалдардың арнайы қасиеттері арасындағы қарым-қатынасты талдау және түсіндіру мүмкіндігін қалыптастыру.Пән жаңа көміртекті материалдарды алу әдістерін зерттеуге бағытталған. Көміртекті нанотүтікшелерді, фуллерендерді, графендерді синтездеу, пиролитикалық процестердің теориясы, көмірсутектердің каталитикалық крекинг кезінде көміртек фазасын қалыптастыру механизмдері, өсімдік материалдарын карбонизациялау және материалдарды көміртектеу.

Құрамында көміртегі бар наноматериалдардың физика-химиялық қасиеттері
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты: көміртекқұрамды наноматериалдардың микрокүйден нанокүйге өту кезінде наноматериалдардың физика-химиялық қасиеттерін бағалау қабілеттілігін қалыптастыру.Пән наноматериалдарды қажетті қасиеттермен синтездеу және физика-химиялық қасиеттерін зерттеу саласында жүйелі білімдер мен дағдыларды қалыптастыруға бағытталған.Қарастырылады: Өлшемдік әсерлер. Наноқұрылымдар күйінің ерекшеліктері. Нанобөлшектер мен наноматериалдардың физика-химиялық сипаттамалары: магниттік, оптикалық, механикалық, термиялық, каталитикалық қасиеттері.

Наноқұрылымды материалдардың өздігінен таралатын жоғары температуралы синтезі
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты замануи материалтанудағы өздігінен таралатын жоғары температуралы синтезінің (ӨЖС) дәстүрлі емес технологиясының рөлі мен артықшылықтарын бағалау мүмкіндігін қалыптастыру. Пән инновациялық технологиялардыңтеориясы мен практикасыбойынша жүйелі түсінік қалыптастыруға бағытталған. Қарастырылады: ӨЖС -технологиялар, ӨЖС -синтезініңзаңдылықтары, механизмдері, ӨЖС процестерінің термодинамикасы және кинетикасы. Наноөнімдерді синтездеу және зерттеуге арналған заманауи технологиялық жабдықтар.

Наноматериалдарды алудың замануи әдістері
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты наноматериалдар синтезінің теориялық және практикалық аспектілерін түсіну, нанобөлшектердің өсуі мен қалыптасу механизмі.Пән бір-екі және үш өлшемді наноматериалдарды синтездеу әдістерінің кең ауқымын зерттеуге бағытталған. Наноматериалдарды алудың заманауи әдістері: газ фазасынан химиялық тұндыру (CVD), физикалық тұндыру (PVD), золь-гель технологиясы. Физика-химиялық синтез параметрлерін соңғы наноөнімнің құрылымы мен қасиеттерімен байланысы.

2023-2026 жылдардағы мәліметтер көрсетілген

ТӘЖІРИБЕЛЕР

Зерттеу
  • Бақылау түрі - Защита практики
  • Сипаттамасы - Тәжірибе мақсаты: өзекті ғылыми мәселені зерттеуде тәжірибе жинақтау, оқу процесінде алған кәсіби білімдерін кеңейту және өз бетімен ғылыми жұмысты жүргізудің практикалық дағдыларын дамыту. Практика экономикалық білімдерді зерттеу, талдау және қолдану дағдыларын дамытуға бағытталған.

Педагогикалық
  • Бақылау түрі - Защита практики
  • Сипаттамасы - Дәрістерді, семинарларды өткізудің практикалық және оқу-әдістемелік дағдыларын қалыптастыру, ғылыми және теориялық білімдерді, шығармашылық қызметтегі практикалық дағдыларды мамандықтардың пәндерінен сабақ өткізу жағдайында пайдалану; өз заманауи кәсіби техникалары қолдану, оқыту әдісі практикада соңғы теориялық, әдістемелік жетістіктерді қолдануға, оқу-әдістемелік құжаттарды жасауға мүмкіндік береді.

2023-2026 жылдардағы мәліметтер көрсетілген