- Негізгі бет
- Докторантура
- Білім беру бағдарламалары
- Қазақ филологиясы
Қазақ филологиясы
БIЛIКТIЛIГІ
- ғылыми - педагогикалық бағыт - философия докторы (PhD)
ТҮЛЕКТЕР МОДЕЛІ
ОН1 Ғылыми-зерттеу ордаларында, тіл мен әдебиетті дамыту институттарында, білім беру орындарында қазақ филологиясы саласындағы (тіл білімі, әдебиет тарихы, әдебиет теориясы, өзекті филологиялық бағыттарды, заманауи әдіс тәсілдердің, даму үрдістері мен басым бағыттардың теориялық-әдістемелік қағидаларын, ұғымдық терминологиялық аппаратын) заманауи ғылыми парадигмалар аясында жүйелі білім беру.
ОН2 Мемлекеттік білім беру басқармасында (ҒжЖБ, мәдениет министрлігінде, мәдениет, ғылым, білім беру салаларында, білім беру департаменттерінде) қазақ филологиясындағы үрдістер, әдіс тәсілдер, өзекті мәселелер, жаңа, келелі идеяларға сыни тұрғыда талдау жүргізу, бағалау және синтездеу.
ОН3 Игерген білімдерінің негізінде өзіндік пайымдауларын (ғылыми мақала, баяндама, тезис және басқа да күрделі ғылыми жанрлар түрінде) ғылыми негіздеу.
ОН4 Сараптама-аналитикалық және ғылыми зерттеу орталықтарында қазақ филологиясындағы қазіргі заманауи ғылыми парадигмалар мен зерттеу технологияларын қолдана отырып, ерекше нәтижені қамтамасыз ететін ғылыми зерттеулердің кешенді үдерісін өз бетінше жүзеге асыру.
ОН5 Филология және оған шектес ғылым салаларының әдістемелік және концептуалдық аппаратын қолдана отырып, күрделілік деңгейі әртүрлі, қалыптан тыс міндеттердің кәсіби деңгейде шешімін табу.
ОН6 Филология және гуманитарлық білім саласындағы жаңа басым бағыттар мен үрдістерді, қазіргі теорияларды сараптау.
ОН7 Ғылыми-зерттеу, педагогикалық қызмет салаларында қазақ филологиясы бойынша ғылыми мәселелерді, жаңа гипотезаларды, күрделі идеяларды өз бетінше жаңаша генерациялау.
ОН8 Тіл мен діл, тіл мен мәдениет арасындағы тығыз қатынастың негіздерін ғылыми зерделеу
Бағдарлама паспорты
пәндер
2021-2024 жылдардағы мәліметтер көрсетілген
пәндер
2021-2024 жылдардағы мәліметтер көрсетілген
ТӘЖІРИБЕЛЕР
2021-2024 жылдардағы мәліметтер көрсетілген