Докторантура
Қазақ тілі мен әдебиеті

Қазақ тілі мен әдебиеті

БIЛIКТIЛIГІ

  • ғылыми - педагогикалық бағыт - философия докторы (PhD)

ТҮЛЕКТЕР МОДЕЛІ

1. Қазіргі ғылыми теорияларды, тұжырымдамаларды, әдеби мәтіндерді, лингвистикалық әдіснаманы зерттеу принциптерін жүйелі түсінеді; жоғары оқу орындарында тіл мен әдебиетті зерттеу мен оқытудың инновациялық технологияларын қабілетті біліп, меңгеріп, көрсете алады.
2. Аудиторияның қажеттіліктерін, қазіргі филология ғылымының, педагогика мен психологияның жетістіктерін ескере отырып, көркем шығармашылықты, тіл мен әдебиеттің қолданбалы мәселелерін, тіл мен әдебиетті оқыту стратегиясын қабілетті жоспарлайды және әзірлейді.
3. Қазіргі әдебиеттану мен лингвистиканың категориялық-әдіснамалық аппаратын, қазақ әдебиеті мен қазақ тілінің даму кезеңдерін, ерекшеліктері мен перспективаларын, олардың рөлі мен қоғамдық маңызын талдай алады.
4. Қазақ тілі мен қазақ әдебиетінің қазіргі жай-күйін, әдебиет пен фольклор шығармаларының жанрлық құрамын, тілдік, стилистикалық ерекшеліктерін сыни тұрғыдан талдауға; өзінің ғылыми зерттеулерінің нәтижелерін бағалауға, қазақ тілі мен қазақ әдебиетін оқыту мен оқыту стратегиясы туралы жаңа ғылыми идеяларды қабілетті синтездей алады.
5. Білімді қоғамды қолдау, әлемдік мәдениетте қазақ тілі мен қазақ әдебиетін ілгерілету мүддесінде тұлғаның технологиялық, әлеуметтік және мәдени дамуына қабілетті жәрдемдесе алады
6. Қазақ тілі мен қазақ әдебиетін оқыту мен оқытудың өзекті мәселелері бойынша мәртебесі тең, кең ғылыми қоғамдастықпен және қоғаммен тиімді қарым-қатынасты қабілетті жасайды.

Бағдарлама паспорты

Мамандығы
Қазақ тілі мен әдебиеті
Мамандық шифры
8D01701
Факультеті
Филология

пәндер

Академиялық жазу
  • Кредит саны - 2
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты – жазбаша ғылыми коммуникация саласындағы құзыреттіліктерді, академиялық қарым-қатынас нормаларына сәйкес мәтіндерді жазу және өңдеу қабілетін дамыту; әртүрлі жанрдағы ғылыми мәтіндерді құру: диссертация, аннотациялар, ғылыми мақалалар, дәлелді (аналитикалық) эссе, зерттеуді негіздеу мен шолу, филологиялық түсініктемелер және т.б. Пән әртүрлі жанрдағы ғылыми мәтіндердің құрылымдық, композициялық, стильдік ерекшеліктерін зерттеуге бағытталған.

Ғылыми зерттеудің әдістері
  • Кредит саны - 3
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты – филологиялық зерттеу әдістерінің негізгі түрлерін сипаттау және бағалау қабілетін дамыту. Оқу курсы олардың түрлеріне сәйкес зерттеулерді жүргізудің теориялық және әдістемелік негізін құрайды. Пән мыналарды зерттеуге бағытталған: ғылыми филологиялық зерттеу әдістерінің ерекшеліктерін, міндеттері мен жұмыс кезеңдерімен байланысты дұрыс таңдау.

Педагогикалық білім беру контекстіндегі әдебиеттану мен фольклортану
  • Кредит саны - 5
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты қазіргі педагогикалық білім беру контекстіндегі әдебиеттану мен фольклортану ғылым салаларындағы жүйелі түсініктерді көрсете алу, ғылыми зерттеулерді жоспарлау, ұйымдастыру, іске асыру және түзетулер енгізу қабілеттерін игерту. Пән әдебиеттану мен фольклортанудың өзекті мәселелерін оқыту әдістерін меңгертуге бағытталған.

Педагогиканың философиясы мен әдіснамасы
  • Кредит саны - 5
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты: педагогика философиясы мен әдіснамасы, педагогикалық зерттеу әдістемесі туралы ғылыми түсінік қалыптастыру, зерттеу мәдениетін дамыту, докторлық диссертацияны орындау барысында әдістемелік әлеуетті іске асыру дағдыларын қалыптастыру. Пән аясында философиялық мектептер мен концепциялар зерттеліп, білім берудің мақсаттары мен міндеттері, зеттеудің дизайн, тұлғаны қалыптастырудағы студент пен педагогикалық процестің рөлі, педагогикадағы этика мен мораль негіздері туралы сұрақтар зерттеледі.

2023-2026 жылдардағы мәліметтер көрсетілген

пәндер

Әдеби копирайтинг және сторителлинг
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты әдеби копирайтинг пен сторителлингтің негізгі принциптері мен әдістерін түсіну және сипаттау қабілетін қалыптастыру. Оқу курсы әртүрлі жанрлардағы әдеби мәтіндерін дайындаудың және олардың кәсіби қызметте қ қолдану ерекшеліктері мен шарттарын білу үшін теориялық және әдіснамалық негізін құрайды. Пән әдеби, креативті копирайтинг пен сторителлингтің даму тарихы мен негізгі технологияларын зерттеуге бағытталған.

Әдебиет маркетингін зерттеу әдістері
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты – қазақтың мәдени-ақпараттық кеңістігінің біртұтастығын, оқырмандардың әдеби шығармаларға қолжетімділігін қамтамасыз ету, әдеби-зияткерлік еңбектің нарықтық қатынастарға бейімделуін шешу жолдарын ұсыну және әдістемесі мен ғылыми негіздерін жасау. Қазақстанның әдеби-зияткерлік нарығын зерттеу негізінде осы саланы нарықтық қатынастарға бейімдеу жолдарын қарастыру, әдеби еңбекті коммерцияландыру тәсілдерін ұсыну.

Желілік әдебиетті зерттеу мәселелері
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты – желілік әдебиетті елеулі мәдени құбылыс ретінде зерделеу. Сабақта интернет-технологияларды әдістемелік тұрғыдан сауатты қолдана білу, шығармашылық белсенділігін арттыру. Курс қазақ желілік әдебиетінің көкжиегін кеңейту дағдыларын қалыптастыруға, шетелдік оқырманға шығуға бағытталған. Құрал ретінде ол тіл үйренуге және қазақ қоғамымен, мәдениетімен танысуға қолжетімді. Желілік әдеби процесc тарихын жүйелік талдауға мүмкіндік береді.

Лингвистикалық аксиология: тілдік тұлға және құндылықтар
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты – тілдік тұлғаның бойындағы ұлттық мәдени құндылықтар жүйесін айқындау, «құндылық» сөзінің генезисі туралы, өзгеру типологиясы және ұлтқа тән тілде сақталған мәліметтерді жан-жақты талдау. Жаһандану үдерісіндегі ұлттық құндылықтардың қоғамдағы көрінісі; тілдік тұлға мен тіл әлеуетінің рөлі, ұлттық тұтастыққа, даралыққа, дербестікке негіз болатын құндылықтар, лингвистикалық талдау арқылы тілдік құрылымдар мен жүйелерді саралауға бағытталған тіл мен сөйлеу әрекеті қарастырылады.

Мәтін талдаудың филологиялық негіздері
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты – лингвистика және әдебиеттану салаларындағы зерттеулердің нәтижелерін ескере отырып, мәтіннің негізгі бірліктері мен категорияларын талдау арқылы оның әдістемелік ерекшеліктерін меңгерту. Мәтінді құру үшін оның байланыстылығы мен тұтастығын анықтау; мәтінді өңдеу әдістерін; мәтінді өңдеудің теориялық негіздері мен кәсіби тәсілдерін; мәтінді аударудың технологиясын; мәтінді аударудың лексикалық және грамматикалық мәселелерін қарастырады.

Сөйлеу актілерінің теориясы
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты – сөз экологиясы негізгі ұғымдары мен категориялары туралы кешенді білім беру, сөз экологиясы мәселелерінің ғылыми және қоғамдық проблемаларын жетік меңгеру, қазіргі қоғамдағы лингвоэкологиялық жағдаяттарды толық игерту, қазақ тілінің экологиялық мәселелерін анықтап білу. Сөз экологиялық мәселелері, ҚР-дағы сөз экология аспектілері, лингвоэкологияның басты ұғымдары, қазіргі сөз экологиясының тілдік емес факторлары қарастырылады.

ХХ ғасырдағы қазақ тіл білімі: үдерістер және әдістеме негіздері
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты: қазақ тілінде болып жатқан белсенді үдерістерді тілдік деңгейлер, фонетикалық, лексикалық, морфологиялық, синтаксистік деңгейлермен жүйелеу және оны оқыту дағдысын меңгерту, экстралингвистикалық факторларды анықтау. Қазіргі қазақ тілінде болып жатқан өзгерістердің себептері, нәтижелері, тілдік құбылыстар, синхрониялық және диахрониялық тұрғыда анализдеу және оны оқыту мәселелері қарастырылады.

Цифрлық әдебиеттану
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты сандық әдебиеттанудың тұжырымдамалық-категориялық аппаратын түсіну және сипаттау қабілетін қалыптастыру. Оқу курсы квантитативті тәсілді, көркем мәтіннің мазмұны мен құрылымын талдаудың сандық және компьютерлік әдістерін қолданудың теориялық және әдіснамалық негізін құрайды. Пән цифрлық құралдарды қолдана отырып, әдеби жобаларды әзірлеу принциптерін зерттеуге, әдебиетті оқытуда компьютерлік технологияларды қолдануға бағытталған.

2023-2026 жылдардағы мәліметтер көрсетілген

ТӘЖІРИБЕЛЕР

Зерттеу
  • Бақылау түрі - Защита практики
  • Сипаттамасы - Тәжірибе мақсаты: өзекті ғылыми мәселені зерттеуде тәжірибе жинақтау, оқу процесінде алған кәсіби білімдерін кеңейту және өз бетімен ғылыми жұмысты жүргізудің практикалық дағдыларын дамыту. Практика экономикалық білімдерді зерттеу, талдау және қолдану дағдыларын дамытуға бағытталған.

Педагогикалық
  • Бақылау түрі - Защита практики
  • Сипаттамасы - Дәрістерді, семинарларды өткізудің практикалық және оқу-әдістемелік дағдыларын қалыптастыру, ғылыми және теориялық білімдерді, шығармашылық қызметтегі практикалық дағдыларды мамандықтардың пәндерінен сабақ өткізу жағдайында пайдалану; өз заманауи кәсіби техникалары қолдану, оқыту әдісі практикада соңғы теориялық, әдістемелік жетістіктерді қолдануға, оқу-әдістемелік құжаттарды жасауға мүмкіндік береді.

2023-2026 жылдардағы мәліметтер көрсетілген