- Негізгі бет
- Докторантура
- Білім беру бағдарламалары
- Шығыстану
Шығыстану
БIЛIКТIЛIГІ
- ғылыми - педагогикалық бағыт - философия докторы (PhD)
ТҮЛЕКТЕР МОДЕЛІ
Білім беру бағдарламасын аяқтаған студенттер:
1. Өз бетінше алған жаңа білімін шығыстану саласы бойынша тиісті әдебиеттерді, оқып-зерттейтін аймақтар бойынша ақпараттарды пайдалана отырып аналитикалық материалдар мен ұсыныстар дайындауға қолдану және талдау;
2. Қазіргі заманғы ғылыми үрдістерге талдау жасау, түрлі теориялар, тұжырымдар мен әдістерді сыни тұрғыдан бағалау, зерттеудің басым бағыттарын анықтау;
3. Алған ғылыми-теориялық білімін әлеуметтік-гуманитарлық мәселелерді шешуде қолдану, жоғары оқу орындарында жаңа оқу бағдарламаларын дайындау және оқу процесін ұйымдастыруға инновациялық әдістерді енгізу;
4. Қарым-қатынас процесін тиімді түрде арттыру, әртүрлі жанрда шығыс тілінен және шығыс тіліне ауызша және жазбаша екіжақты аударма жасау;
5. Нәтижелі ғылыми жоба орындау үшін қазіргі заманғы ақпараттық технологияларды, сонымен қатар ғылыми ақпарат пен мәліметті алу, өңдеу және сақтау әдістерін, статистикалық талдау әдістерін, есеп беру, мәліметтерді өз ана және шет тілдерде түсіндіру дағдыларын қолдана алу;
6. Шығыс елдеріндегі өзекті тарихи, саяси, әлеуметтік-экономикалық және мәдени процестерді талдауға қажет ғылыми теорияларды, әдістерді жүйелеу және интерпретациялау;
7. Ғылыми зерттеумен айналысуға қажетті қазігі заманғы шығыс тілдері, сонымен қатар қазақ, орыс және батыс тілдері бойынша білімін тұрақты түрде дамытып отыру;
8. Мәдени, тарихи және лингвистикалық дискурс бойынша өз ойын еркін білдіру, сонымен қатар басқа, оның ішінде өткен және / немесе қазіргі заманғы шығыс мәдениеттері мен бірегейлігін түсіну.
9. Ғылыми мақала жазудың халықаралық стандарттарын жүйелеуге, өзінің қол жеткізген нәтижелерін кәсіби ғылыми деңгейде көрсете алу;
10. Шығыстану мамандығының ғылыми-зерттеу, академиялық, ұйымдастыру және басқа кәсіби салаларында іргелі дайындықты қолдану;
11. Қазіргі заманғы ғылыми және практикалық проблемаларды анықтау және шешу, ана тілінде және шет тілдерінде қолданбалы және бағдарламаларды дайындау.
Бағдарлама паспорты
пәндер
2022-2025 жылдардағы мәліметтер көрсетілген
пәндер
2022-2025 жылдардағы мәліметтер көрсетілген
ТӘЖІРИБЕЛЕР
2022-2025 жылдардағы мәліметтер көрсетілген