Докторантура
Қоғамдық денсаулық сақтау

Қоғамдық денсаулық сақтау

БIЛIКТIЛIГІ

  • ғылыми - педагогикалық бағыт - философия докторы (PhD)

ТҮЛЕКТЕР МОДЕЛІ

Білім беру бағдарламасын аяқтағаннан кейін докторанттар келесі қабілеттерге ие болады деп күтіледі:
1. В1 Қоғам денсаулығы мен денсаулық сақтаудың қазіргі жағдайы туралы жүйелік білімдерін, оның проблемаларын және даму перспективаларын көрсету;
2. В2 Қоғамдық денсаулық сақтаудағы ғылыми білім әдіснамасы дағдыларын көрсету;
3. В3 Қоғамдық денсаулық сақтау саласындағы әлемдік және қазақстандық ғылымның соңғы теориялық және практикалық әзірлемелерін, ғылыми тұжырымдамаларын және жетістіктерін талдау;
4. В4 Әртүрлі дереккөздердегі ақпаратты бағалау, талдау және өңдеу;
5. С1 Қоғамдық денсаулық сақтау саласындағы зерттеулерді дербес жоспарлау, ұйымдастыру және жүргізу және алынған нәтижелерді практикада жүзеге асыру;
6. С2 Қоғамдық денсаулықты дамытуға өзіңіздік ерекше үлесін қосу;
7. С3 Қоғамдық денсаулық сақтау саласындағы зерттеулерді жоспарлау және жүргізу кезінде қазіргі заманғы теориялар мен талдау әдістерін қолдану;
8. С4 Қоғамдық денсаулық сақтау саласындағы зерттеулер мен ғылыми жобаларға сараптама жүргізу және баға беру;
9. С5 Қоғамдық денсаулық сақтаудағы ағымдық үрдістерді ескере отырып, өзіндік кәсіби дамуды жоспарлау;
10. С6 Ғылыми жаңалықтар мен әзірлемелерге зияткерлік меншік құқықтарын қорғау принциптерін қамтамасыз ету;
11. С7 Жоғарғы оқу орындарында қоғамдық денсаулық сақтау саласындағы мамандары дайындау бойынша сұрақтарда құзыреттілігін көрсету;
12. D1 Әріптестеріне, ғылыми әлемге, жұртшылыққа жеткен жетістіктер туралы есеп беру және қоғамдық денсаулық сақтау мәселелері бойынша халықаралық ғылыми форумдарда, конференциялар мен семинарларда сөйлеу

Бағдарлама паспорты

Мамандығы
Қоғамдық денсаулық сақтау
Мамандық шифры
8D10101
Факультеті
Медицина және денсаулық сақтау

пәндер

Академиялық жазу
  • Кредит саны - 2
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Академиялық ортада тиімді жазбаша қарым-қатынасты қамтамасыз ету мақсатында жазбаша ғылыми коммуникация; ғылыми шолулар мен өзіндік зерттеу нәтижелерін ұсыну. Ғылыми дискурстың ерекшеліктері. Академиялық мәтіндердің стилі мен жанры. Ғылыми терминология, терминдерді ғылыми мәтінде қолдану. Зерттеу жұмысының құрылымдық бөлімдері: Кіріспе, Негізгі бөлім, қорытынды, библиографиялық сипаттама. Ғылыми мәтінді рәсімдеу, түйіндеме,аннотация, реферат, рецензия жазу ерекшеліктері.

Биостатистика (Кеңейтілген курс)
  • Кредит саны - 5
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты - қоғамдық денсаулық үшін қауіп-қатерлерді анықтау үшін нақты жағдайда алдыңғы қатарлы статистикалық концепцияларды қолдану қабілетін қалыптастыру, халықтың денсаулығы мен аурушаңдығын бағалау детерминантын өлшеу үшін алдыңғы қатарлы статистикалық әдістерді (корреляциялық және регрессиялық талдау, ұштасушылық кестелерін талдау) қалыптастыру. Қоғамдық денсаулық зерттеулерінде статистиканың параметрлік және параметрлік емес әдістерін қолдану. Ғылыми жарияланымдарда зерттеу нәтижелерінің статистикалық маңыздылығы мен статистикалық талдауына баға беру.

Ғылыми зерттеудің әдістері
  • Кредит саны - 3
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты: білім беру бағдарламасының ғылыми бағытына қойылған міндеттерге сәйкес зерттеудің кезеңдері мен әдістерін меңгеру. Мыналар қарастырылатын болады: ғылыми есептеулерді терең талдауға және озық технологияларды пайдалана отырып бар процестерді оңтайландыруға қажетті заманауи үлгілер мен әдістер; ғылыми жоспарлар мен зерттеу нәтижелерін дайындау және болжау үшін әдеби-салыстырмалы талдаудың негізгі әдістері

Эпидемиология (Кеңейтілген курс)
  • Кредит саны - 5
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты-докторанттардың қабілетін қалыптастыру: қоғамдық денсаулық пен қауіп-қатері жоғары халық топтары үшін проблемалар мен қауіп-қатерлерді анықтау үшін нақты жағдайда алдыңғы қатарлы эпидемиологиялық концепцияларды және зерттеу дизайнын қолдану қабілеті. Тәуекелдерді басқару бағдарламасын әзірлеу. Ғылыми жобалар әзірлеу және қоршаған материалдық орта мен денсаулық детерминанттарының өзара байланысы туралы зерттеулер жүргізу. Зерттеу деректерін модельдеу және эпидемиялық үрдісті болжау үшін компьютерлік бағдарламалар мен географиялық ақпараттық жүйелерді қолдану. Халықтың денсаулығын эпидемиологиялық қадағалау жүйесінде мониторинг жүргізу.

2023-2026 жылдардағы мәліметтер көрсетілген

пәндер

Жаһандық денсаулық және даму
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәнннің мақсаты денсаулық сақтаудың негізгі жаһандық мәселелерін зерттеу, олардың әлеуметтік және экономикалық дамумен байланысын талдау және денсаулық пен әл-ауқаттың жаһандық жақсартуларына қол жеткізу үшін стратегияларды әзірлеу болып табылады.Бұл зерттеу саласы жаһандық эпидемиялар мен пандемияларды, дамушы елдердегі денсаулық сақтауды, қоғамдық денсаулық сақтау саясатын, медициналық білім мен технологияларды және халықаралық денсаулық сақтау ынтымақтастығын қоса алғанда, бірақ олармен шектелмейтін тақырыптардың кең ауқымын қамтиды.

Зерттеу этикасы
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты - докторанттардың ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру және жүргізу, есептер мен жарияланымдар дайындау кезінде этикалық принциптерді өз бетінше қолдану қабілетін қалыптастыру. Пәнді оқу барысында: этикалық теория мен ұстанымдар, зерттеу этикасының қысқаша тарихы, зерттеулерге қатысуға ақпараттандырылған келісім алу үдерісі, этикалық комитеттердің рөлі мен қызметтері, ғылыми жұмыстың іріктелуі мен дизайнының этикалық аспектілері, жеке өмірді құрметтеу және құпиялылықты сақтау қарастырылады. Пән докторлық диссертацияны орындау барысында білім алушының жұмыс мазмұнын анықтайды.

Қоршаған ортаны зерттеудің заманауи әдістері
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пән қоршаған ортаның жай-күйін және оның адам денсаулығы мен экожүйеге әсерін зерттеу үшін қолданылатын заманауи ғылыми әдістер мен технологияларды оқыту болып табылады. Ол экология, география, химия, биология сияқты ғылыми пәндердің кең ауқымын қамтиды және озық құралдар мен аналитикалық әдістерді қолдануды қамтиды.

Маркетинг және қоғаммен байланыс
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пән өнімдер мен қызметтерді жылжыту стратегияларын, сондай-ақ оң имиджді құру және тұтынушылармен және мүдделі тараптармен қарым-қатынасты нығайту үшін қоғамдық коммуникация әдістерін зерттейді.Пән әдетте коммуникацияларды және нарық өнімдерін, қызметтерін немесе идеяларын тиімді басқару үшін қолданылатын стратегияларды, әдістерді және құралдарды қамтиды. Бұл сала коммуникациялардың брендті қабылдауға, корпоративтік имиджді қалыптастыруға және әртүрлі аудиториялармен өзара әрекеттесуге әсерін зерттейді.

2023-2026 жылдардағы мәліметтер көрсетілген

ТӘЖІРИБЕЛЕР

Зерттеу
  • Бақылау түрі - Защита практики
  • Сипаттамасы - Тәжірибе мақсаты: өзекті ғылыми мәселені зерттеуде тәжірибе жинақтау, оқу процесінде алған кәсіби білімдерін кеңейту және өз бетімен ғылыми жұмысты жүргізудің практикалық дағдыларын дамыту. Практика экономикалық білімдерді зерттеу, талдау және қолдану дағдыларын дамытуға бағытталған.

Педагогикалық
  • Бақылау түрі - Защита практики
  • Сипаттамасы - Дәрістерді, семинарларды өткізудің практикалық және оқу-әдістемелік дағдыларын қалыптастыру, ғылыми және теориялық білімдерді, шығармашылық қызметтегі практикалық дағдыларды мамандықтардың пәндерінен сабақ өткізу жағдайында пайдалану; өз заманауи кәсіби техникалары қолдану, оқыту әдісі практикада соңғы теориялық, әдістемелік жетістіктерді қолдануға, оқу-әдістемелік құжаттарды жасауға мүмкіндік береді.

2023-2026 жылдардағы мәліметтер көрсетілген