Докторантура
Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар

Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар

БIЛIКТIЛIГІ

  • ғылыми - педагогикалық бағыт - философия докторы (PhD)

ТҮЛЕКТЕР МОДЕЛІ

1.электроника мен телекоммуникациядағы негізгі құбылыстарды түсіндіру үшін қажетті іргелі физикалық заңдарды, сондай-ақ теориялық және эксперименттік зерттеулерді ұйымдастыру принциптерін, ғылыми мақалаларды дайындау ережелерін талдау;
2.радиотехника, электроника және телекоммуникация саласындағы соңғы зерттеулер мен жетістіктерді түсіндіру, радиотехника, электроника және телекоммуникацияның жекелеген мәселелерін зерттеуге арналған ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу;
3. қазіргі қоғам өмірінде жоғары деңгейдегі электронды құрылғыларды және телекоммуникацияларды қолдану және электроника мен телекоммуникацияда қолданылатын әр түрлі құрылғылардың жұмыс істеу принциптерін талдау;
4. зерттеу жұмысының нәтижелерін талдау және алынған нәтижелер бойынша қорытынды жасау және радиотехника, электроника және телекоммуникацияны дамыту үшін басқа зерттеу топтарының өзіндік зерттеулері мен ғылыми жұмыстарының нәтижелерін қолдану;
5. электронды жүйелердегі процестерді зерттеу үшін зерттеу жұмыстарында қолданылатын әртүрлі әдістердің артықшылықтары мен кемшіліктерін, сондай-ақ радиотехника, электроника және телекоммуникацияда қолданылатын электрондық құрылғылардың артықшылықтары мен кемшіліктерін талдау;
6. радиотехника мен электроникада эксперименттер жасау және жүргізу, сондай-ақ осы эксперименттер нәтижесінде алынған деректерді талдау және түсіндіру;
7. тәжірибелік жұмыста кәсіби және этикалық міндеттерді сақтау және электрондық және телекоммуникациялық жүйелерді зерттеудің қолайлы әдістерін анықтау;
8. ғылыми және қолданбалы жұмыстарды жүргізудің әртүрлі әдістерін салыстыру және ғылыми салада қарым- қатынас жүргізу, соның ішінде наноқұрылымды жартылай өткізгіштердің электрлік және оптикалық қасиеттерін зерттеу мәселелері бойынша, электронды жүйелердегі синхрондау процестері, интегралды схемалардағы нейрондық желілер, кеңжолақты радиотехникалық генераторлар, телекоммуникациялық жүйелердің маршрутизаторлары модельдері, "сигнал- шуыл" қатынасын анықтаудың ақпарат-энтропиялық әдістері және т. б. бойынша, ғылыми-педагогикалық қызметте кәсіби-практикалық іскерліктер мен дағдыларды қолдану, қажетті жаңа ғылыми-техникалық ақпаратты іздеу, сақтау, өңдеу және жіберу үшін қазіргі заманғы ақпараттық технологияларды пайдалану;
9. қазіргі заманғы білім беру және ақпараттық технологияларды пайдалана отырып, ғылыми әдебиетті жүйелеу және топтастыру, таңдалған қызмет саласында тез бейімделу және кейінгі табысты кәсіби мансаптың мақсатында әлеуметтік-экономикалық жағдайлар, сондай-ақ жеке өмірлік жағдайлар өзгерген кезде қажетті жаңа білім жинау (өмір бойы білім беру);
10. оқу және зерттеу қызметінің басымдықтарын, өз мүдделерінің қоғамдық және этикалық құндылықтармен, сондай-ақ кәсіби құзыреттіліктің тілдік параметрлеріне еркін иелік ететін коммуникативті ортадағы команданың мүдделерімен арақатынасын, шешімдерді әзірлеуге және оларды іске асыруға қатысуға, жеке мүдделердің өндіріс пен қоғамның қажеттіліктерімен ұштасуын анықтау;
11. қазіргі заманғы сымсыз байланыс стандарттарына сәйкес әзірлеу тәжірибесінде қолдану, телекоммуникациялық желілер мен жүйелерде процестердің математикалық модельдерін құру, радиотехника, электроника және телекоммуникация саласында қазіргі заманғы технологиялардың дамуына талдау және болжам жасау;
12. криптография және криптоанализ тапсырмаларын шешу; ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижелерін және оларды қолдану салаларын бағалау, ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету.

Бағдарлама паспорты

Мамандығы
Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар
Мамандық шифры
8D06201
Факультеті
Физика-техникалық

пәндер

Академикалық жазу
  • Кредит саны - 2
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты: белгілі бір ғылыми бағыттағы өзекті мәселелердің ұсынылатын шешімдері бойынша ғылыми жарияланымдар мен жобаларды жазуда іргелі білімдерді қолдану. Қарастырылады: ғылыми мәтіндерді жасау және редакциялау ерекшеліктері; ресми, бейтарап және бейресми қарым-қатынас тіркелімдері; қазіргі ақпараттық және библиографиялық мәдениет; ғылыми құжаттаманы жасау және ресімдеу әдістері.

Ғылыми зерттеудің әдістері
  • Кредит саны - 3
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты: білім беру бағдарламасының ғылыми бағытына қойылған міндеттерге сәйкес зерттеудің кезеңдері мен әдістерін меңгеру. Мыналар қарастырылатын болады: ғылыми есептеулерді терең талдауға және озық технологияларды пайдалана отырып бар процестерді оңтайландыруға қажетті заманауи үлгілер мен әдістер; ғылыми жоспарлар мен зерттеу нәтижелерін дайындау және болжау үшін әдеби-салыстырмалы талдаудың негізгі әдістері

Заманауи информация және энтропия теориясы
  • Кредит саны - 5
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Ақпарат тасымалдауда электрлік энергия пайдаланатын байланыс жүйелерінің жұмыс істеу принциптерін үйрену, информация мен энтропияның заманауи теориялық негіздердің даму үдерісі, байланыс жолдары, тасымалдау және байланыстыру жолдары жайлы негізгі ақпараттарды беру пәннің оқытудағы мақсаты. Оқыту барысында келесі мәселелер қарастырылады: ақпаратты сандық бағалау; өзара ақпарат; шартты энтропия; қайта хабарлар туралы хабарлар; энтропия мен ақпарат арасындағы байланыс; тиімді кодтау; ақпараттық арна кедергілерін кодтау.

Сигналдарды бейсызықты өңдеу
  • Кредит саны - 5
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пән сандық сигналды негізіндегі байланыс жүйесіне ақпарат тасымалдаудың жаңа әдістері мен принциптерін үйренуге бағытталған. Пән оқыту барысында келесі мәселелер қаралады: cигналдарды бейсызық өңдеу әдістері; бейсызық жүйелер; жүйе үлгілері; сандық шешімі; жүйені қайта масштабтау; Крамерлер бағамы; стохасты резонанстың шарттары; өтпелі шуыл импульстері; жасырын Марков үлгілері; Винер-Колмогоров сүзгілері; көп кірісті және көп шығыс жүйелер (MIMO); тәуелсіз компоненттерді талдау; адаптивті сүзгілері: Калман, RLS, LMS.

2022-2025 жылдардағы мәліметтер көрсетілген

пәндер

Аса кеңжолақты байланыстың озық технологиялары
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Ақпараттық технологияларды дамыту және қазіргі заманғы элементтік базасын білу, сонымен қатар заманауи кең жолақты байланыс жүйесі жөнінде теориялық және эксперименттік зерттеу әдістерін түсіндіру пәнді оқыту мақсаты болып табылады. Пәнді оқыту барысында телекоммуникация және ақпараттық технологиялар дамуының қазіргі жағдайы, қазіргі заманғы техникалық құралдарды жобалаудың теориялық негіздері және т.б қарастырылады.

Аса сезгіш сенсорлардың заманауи технологиялары
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Аса жоғары сезгішті сенсорларды жасау және түрлі функционалдық мақсаттардағы наносенсорлық құрылғылардың қарапайым физика-математикалық модельдерін құрастыру пәнді оқытудағы мақсаты болып келеді. Пәнді оқыту кезінде келесі аспектілер қарастырылады: интегралдық схемалардың элементтерін миниатюралаудың қазіргі заманғы үрдісі; наноэлектрониканың даму тенденциялары; кванттық ұңғымадағы электрондар; кванттық шектеу теориясы.

Жоғары сезімтал сенсорлардың заманауи технологиясы
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Жоғары сезімтал сенсорларды жасау және түрлі функционалдық мақсаттардағы наносенсорлық құрылғылардың қарапайым физика-математикалық модельдерін құрастыру пәнді оқытудағы мақсаты болып келеді. Пәнді оқыту кезінде келесі аспектілер қарастырылады: интегралдық схемалардың элементтерін миниатюралаудың қазіргі заманғы үрдісі; наноэлектрониканың даму тенденциялары; кванттық ұңғымадағы электрондар; кванттық шектеу теориясы.

Интеллектуалды коммуникациялық технологиялар
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пән интеллектуалды және мобильді желілерді жобалауға және оңтайландыруға, байланыс жүйелерінде кейбір физикалық деңгей әдістерін әзірлеуде машиналық оқыту принциптерін қолдануға бағытталған. Пәнді оқу барысында келесі тақырыптар қарастырылады: цифрлық модуляция әдістері; байланыс деңгейлерінің архитектурасы; арналарды бағалау және болжау үшін машиналық оқыту; модуляцияның автоматты классификациясы; арналарды кодтау және декодтау; байланыс желілерін модельдеу және талдау (мобильдік модельдер, арна модельдері, топология модельдері); модуляцияны тануға арналған терең архитектуралар.

Наноэлектрондық құрылғылар
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Наноөлшемді электрондық құрылғылардың жаңа технологияларымен, даму тенденциясымен және болашақ бағыттарымен танысу және наноэлектронды құрылғыларда болатын құбылыстар мен процесстердің физикалық және математикалық теорияларын құру. Қарастырылады: наноқұрылымдардың физикасын дамытудың қазіргі заманғы мәселелері мен перспективалары; жартылай өткізгіш кванттық өлшемді құрылымдар; наноқұрылымдардағы кванттық өлшемді әсерлер; наноқұрылымдарда заряд тасымалдаушылардың және қоспалардың таралуы; флуктуация-диссипация қатынасы; нанотранзисторлық құрылымдар; наноэлектрондық есте сақтау құрылғылары.

2022-2025 жылдардағы мәліметтер көрсетілген

ТӘЖІРИБЕЛЕР

Зерттеу
  • Бақылау түрі - Защита практики
  • Сипаттамасы - Тәжірибе мақсаты: өзекті ғылыми мәселені зерттеуде тәжірибе жинақтау, оқу процесінде алған кәсіби білімдерін кеңейту және өз бетімен ғылыми жұмысты жүргізудің практикалық дағдыларын дамыту. Практика экономикалық білімдерді зерттеу, талдау және қолдану дағдыларын дамытуға бағытталған.

Педагогикалық
  • Бақылау түрі - Защита практики
  • Сипаттамасы - Дәрістерді, семинарларды өткізудің практикалық және оқу-әдістемелік дағдыларын қалыптастыру, ғылыми және теориялық білімдерді, шығармашылық қызметтегі практикалық дағдыларды мамандықтардың пәндерінен сабақ өткізу жағдайында пайдалану; өз заманауи кәсіби техникалары қолдану, оқыту әдісі практикада соңғы теориялық, әдістемелік жетістіктерді қолдануға, оқу-әдістемелік құжаттарды жасауға мүмкіндік береді.

2022-2025 жылдардағы мәліметтер көрсетілген