8D05202 Докторантура

География

Факультет:География және табиғатты пайдалану
Код:8D05202
Білім деңгейіДокторантура
Шекті балл (ақылы бөлім)75
ФакультетГеография және табиғатты пайдалану
ID1659

Бағдарлама туралы

Географиялық ғылымның негіздерін болжауға және басқаруға, жаңа білім объектілерін меңгеруге, сондай-ақ географиялық мәселелер саласында жаңа білімді генерациялауға, өндірістік міндеттерді тұжырымдауға және оларды зерттеудің инновациялық әдістерінің көмегімен шешуге қабілетті; ғылымды дамытатын жаңа тұжырымдамалық білім құруға қабілетті жоғары білікті ғылыми және ғылыми-педагогикалық кадрларды дайындау; ғылыми іс-шараның жұмыс тілінде ғылыми пікірталастар, соның ішінде халықаралық пікірталастар жағдайында оны мамандарға дәлелді түрде таныстыру.

Түлек моделі

1. Жекеленген елдер деңгейінде де, жаһандық деңгейде де әлеуметтік-экономикалық, физикалық-географиялық және саяси процестерді кешенді аумақтық талдау және басқару әдістерін қолдану;
2. Жобалық менеджмент моделін пайдалану, тәуекелдерді ескере отырып, олардың тиімділігін талдау осы модельдердің нақты географиялық міндеттерге бейімделуін жүргізу.
3. Ғылыми зерттеулер үдерісін жоспарлау, әзірлеу, іске асыру және үйлестіру;
4. ГАЖ технологияларының көмегімен географиялық ақпаратты өңдеудің заманауи инновациялық әдістерін қолдану.
5. Статистикалық, математикалық, картографиялық зерттеу әдістерін пайдалана отырып ғылыми жобалар жүргізу.
6. Ұйымдастырушылық-басқарушылық шешімдерді табу және оларға жауапкершілік алуға дайын болу, жобаларды басқару әдістерін меңгеру және оларды қазіргі заманғы бағдарламалық қамтамасыздандыруды пайдалана отырып жүзеге асыру.
7. Әлеуметтік-демографиялық, экономикалық, физикалық-географиялық және геоэкологиялық көрсеткіштердің мәліметтерін өңдеу негізінде географиялық мәселелерді шешудің жолдары мен механизмдерін ұсыну.
8. Экспедициялық зерттеулер негізінде заңнамалық және нормативтік-құқықтық құжаттарды пайдалана отырып, географиялық процестерді ғылыми-практикалық бағалау, талдау, мониторинг, басқару және болжау жүргізу.
9. Қазіргі географиялық ғылымның дамуын шешуге арналған шаралар кешенін әзірлеу.
10. Ғылыми нәтижелерді мүдделі тараптарға және қоғамға жариялау және таныстыру.
11. Жаһандану және интеграция жағдайында әртүрлі деңгейдегі табиғи-шаруашылық және аумақтық әлеуметтік-экономикалық жүйелердің дамуын болжау.
12. ЖОО-ларда және жоғары оқудан кейінгі білім беру салаларында географияны оқытудың инновациялық әдістерін қолдана отырып, қоршаған орта бағыты бойынша педагогикалық және әдістемелік жұмыс жүргізу.

Байланыс

Мекен-жайы: Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, 050040, әл-Фараби даңғылы, 71, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ қалашығы, No 6 Бас оқу ғимараты (БОҒ 6), 321, 217, 102. ауд.
Байланыс телефондары: 7(727)3773333, 7(727)3773330; ішкі нөмірлері: 1488; 1970
E-mail: gulnara.nyusupova@kaznu.edu.kz

Қабылдау

1) Бакалавриат, Магистратура дипломы + қосымшалары (түпнұсқа)
2) Жеке куәлік (түпнұсқа ж/е көшірме -2 дана)
3) Шет тілін меңгергенін растайтын сертификат
4) ҰТО ресми сертификаты (ҚАЗТЕСТ)
5) 0/75у медициналық анықтамасы
6) Фото 3×4 – 6 дана
7) ҚР Еңбек кодексіне сәйкес еңбек қызметін растайтын құжат
8) Соңғы 3 жылдағы ғылыми жарияланымдар тізімі (болған жағдайда), зерттеулер жүргізу жоспары ж/е эссе
9) Алдын ала іріктеу нәтижелері («Денсаулық сақтау» білім саласы бойынша)