- Негізгі бет
- Докторантура
- Білім беру бағдарламалары
- Метеорология
Метеорология
БIЛIКТIЛIГІ
- ғылыми - педагогикалық бағыт - философия докторы (PhD)
ТҮЛЕКТЕР МОДЕЛІ
1. Антропогендік процестерден туындаған метеорологиялық ғылымның қазіргі мәселелерін сыни бағалау;
2. Гидрометеорологиялық параметрлерді өңдеу, есептеу, болжау және бағалау әдістерін автоматтандыруға байланысты жаңа технологияларды енгізу;
3. Атмосфера жай-күйінің жаһандық және өңірлік өзгерістерін оңтайландырылған басқару және бақылау қағидаттары негізінде атмосфералық процестерді зерттеу;
4. Климаттық және метеорологиялық болжау саласындағы қазіргі заманғы бағдарламалық құралдарды Қазақстан жағдайына бейімдеу;
5. Аймақтық климаттық өзгерістер сценарийлерін әзірлеу және оларға бейімдеу жөнінде алдын ала және жан-жақты шаралар қабылдау;
6. Климатология, климат мониторингі және болжаудың сандық әдістері мәселелерін қамтитын ВМО, ХОК және МСГ бағдарламалары бойынша Өңірлік қауымдастық және жұмыс топтарының жұмысына қатысу;
7. Қазақстан аумағында климаттың өзгеруіне мониторинг жүргізу;
8. ДМҰ бағдарламалық қамтамасыз ету негізінде тәуекелдерді басқару және бейімдеу мақсатында салалық Климаттық индекстердің есебін орындау;
9. Қазақстан аумағында ауа райының қауіпті құбылыстарының пайда болуына атмосфераның айналуының әсерін зерттеу;
10. Ауа райы болжамдарын құрастыруда заманауи әдістер мен технологияларды қолдану;
11. Нәтижелері жоғары рейтингтік журналдарда жарияланатын бірлескен зерттеулерді жүзеге асыру үшін шетелдік әріптестермен ғылыми байланыстар орнату; гидрометеорология саласында ғылыми зерттеулердің заманауи әдістерін пайдалану;
12. Оқу-білім беру, ғылыми-зерттеу міндеттерін шешу барысында пәнаралық білімді синтездеу және трансформациялау; педагогикалық қызметті жүзеге асыру: аудиториялық сабақтарды және оқу практикаларын өз бетінше өткізу, пәннің оқу-методикалық кешенін құрастыру, зерттеу нәтижелерін практикалық оқу қызметіне енгізу, педагогикалық этика ережелері мен педагогикалық такты сақтау, білім алушының жеке тұлғасын сыйлау, ЖОО-ның құрылымдық бөлімдерінің педагогикалық қызметін басқару.
Бағдарлама паспорты
пәндер
2023-2026 жылдардағы мәліметтер көрсетілген
пәндер
2023-2026 жылдардағы мәліметтер көрсетілген
ТӘЖІРИБЕЛЕР
2023-2026 жылдардағы мәліметтер көрсетілген