- Негізгі бет
- Докторантура
- Білім беру бағдарламалары
- Халықаралық қатынастар
Халықаралық қатынастар
БIЛIКТIЛIГІ
- ғылыми - педагогикалық бағыт - философия докторы(PhD)
ТҮЛЕКТЕР МОДЕЛІ
ON1 Халықаралық қатынастар саласында сараптамалық және ғылыми-зерттеу қызметінің нәтижелерін диссертация, ғылыми есеп, мақала, сонымен қатар рейтингтік журналдардағы басылым түрінде айғақты және дәлелді көрсету, ғылым, жоғары білім мен еңбек нарығының интеграциясын қамтамасыз етуіне, халықаралық қатынастар жайындағы қазақстандық ғылымның дамуына ерекше зерттеулермен үлес қосу.
ON2 Заманауи ақпараттық-аналитикалық технологияларды қолдана отырып, ХҚ-дың және әлемдік саясаттың өзекті мәселелерін жүйелік талдауы негізінде қазіргі халықаралық-саяси парадигмалардың негізгі идеясын жеткізу; салыстырмалы, сценариялық-талдау және т.б. әдістер негізінде қазіргі әлемдік саясаттың халықаралық ахуалы мен үрдістерінің дамуын болжамдау.
ON3 Қазіргі әлемдік құрылымның қалыптасуының жаңа тенденцияларын талдау, сын көзбен бағалау, жаһандық қауіпсіздіктің және қарулы қақтығыстардың жаңа факторларын талдау барысында аймақтық және жаһандық қауіпсіздіктің қазіргі теориялары мен тұжырымдамаларының әдіснамасын қолдану; халықаралық қауіпсіздіктің жаңа қауіп қатерлерінің алдын алу бойынша жеке ұсыныстарды тұжырымдау.
ON4 Орталық Азиядағы қазіргі қатерлер, мүмкіндіктер және сын-тегеуріндерді зерттеудегі танымал ғылыми мектеп өкілдерінің зерттеу тәсілдеріндегі ерекшеліктерін айқындау; жетекші акторлардың мүдделерінің серпінісін сын көзбен талдау; Орталық Азиядағы геосаяси жағдайлардың дамуының сценариялық-болжамдық талдауын жүргізу және кәсіби қызмет шеңберінде ұсыныстар беру.
ON5 Халықаралық қатынастар туралы заманауи білімін жинақтау, тұрақты дамумен өзара байланыста жаһандық дамудың кешенді үрдістеріне салыстырмалы және пәнаралық талдауды жүзеге асыру, оларды ЖОО-да халықаралық қатынастар бойынша пәндерді оқыту барысында қолдану және білім алушылардың зерттеу дағдыларын қажетті деңгейде дамыту
ON6 Ғылыми зерттеу бағдарламасын өздігінен дамыту, халықаралық қатынастардың, әлемдік саясаттың ғаламдық және аймақтық, ұлттық дамудың өзекті мәселелері бойынша ғылым-білім және сарапшы-талдаушы кәсіби қызметте қолданбалы маңыздылығы бар мәселелерді шешуге бағытталған ерекше зерттеу міндеттерін құру.
ON7 Халықаралық қатынастар мен әлемдік саясат саласындағы қазіргі ғылыми зерттеулердің нәтижелерін сыни тұрғыдан бағалау; экономикалық, әлеуметтік, мәдени, халықаралық-саяси жаңа үдерістер мен құбылыстарды ұлттық, аймақтық, ғаламдық деңгейлерде жүйелі түсінікті көрсету және олардың негізінде халықаралық үдерістерді қолданбалы саяси талдаудың әдістерін білуге негізделген халықаралық қатынастар мәселелерін зерттеудің жаңа тәсілдерін құру.
ON8 Халықаралық қатынастардың реттеу тетігі ретінде халықаралық ұйымдардың рөлін талдау барысында жалпы теориялық тәсілдерді түсіндіру, халықаралық ұйымдардың өзрегуі мен дамуы мәселелерін өздігінен талдау қабілетіне ие болу және оларды тиісті мекемелерге ұсыныстарды беру үшін қолдану.
ON9 Интеграциялық үдерістер туралы ғылыми теориялар мен тұжырымдамаларды сыни тұрғыдан бағалау, мемлекеттік және мемлекеттік емес құрылымдардағы кәсіби қызмет аясында қолданбалы ұсыныстарды әзірлеу үшін интеграциялық бірлестіктердің қызметінің тәжірибесін зерделеу барысында қолданылатын ұғымдар мен тәсілдер туралы білімді қалыптастыру.
Бағдарлама паспорты
пәндер
2022-2025 жылдардағы мәліметтер көрсетілген
пәндер
2022-2025 жылдардағы мәліметтер көрсетілген
ТӘЖІРИБЕЛЕР
2022-2025 жылдардағы мәліметтер көрсетілген