8D06101 Докторантура

Ақпараттық жүйелер

Факультет:Ақпараттық технологиялар және жасанды интеллект
Код:8D06101
Білім деңгейіДокторантура
Шекті балл (ақылы бөлім)75
ФакультетАқпараттық технологиялар және жасанды интеллект
ID1759

Бағдарлама туралы

«8D06101- Ақпараттық жүйелер» білім беру бағдарламасының мақсаты - қолданбалы, эксперименталды зерттеулерді, жетекші ғылыми жобаларды, конструкторлық бюроларды, ғылыми-зерттеу бөлімдерін, білім беру қызметін жүзеге асыруға, ғылыми жетістіктерді ұсынуға қабілетті ақпараттық жүйелер саласындағы ғылыми және ғылыми- педагогикалық кадрларды даярлау.

Түлек моделі

1.Әр түрлі кластағы ақпараттық жүйелерді, инновациялық жобаларды әзірлеу және іске асырудың әдіснамасын жасаумен байланысты кәсіби және ғылыми мәселелерді шешуде құзіреттілік дағдыларын көрсету;
2.Жоба / ұйымдардың АТ-инфрақұрылымын тиімді жоспарлау, енгізу, күйге келтіру және қолдау, өмірлік циклдің барлық кезеңдерінде ақпараттық жүйелерді қолдауды басқару;
3.Ақпараттық интеграция саласындағы қабілеттерді, жүйенің даму мәселелерін шешуге арналған деректер көздерінің жиынтығын, пәнаралық саладағы ақпараттар мен жаңа білімдердің интеграциясын көрсету;
4.Әр түрлі мәліметтер мен ақпараттарды критикалық талдау үшін ғылымның, өнеркәсіптің және бизнес-жобалардың әртүрлі қолданбалы салаларында қолданылатын ақпараттар мен интеллектуалды жүйелерде әрі қарай өңдеу, синтездеу, басқару, сақтау және қорғау үшін білімді қолдану;
5.Тиімділіктің, ақпараттық жүйелерді оңтайландыру мен қорғаудың қолданыстағы әдістері мен құралдарына талдау жасау, қазіргі заманғы ақпараттық технологиялардағы ерекшеліктерді, техникалық қателерді анықтау, мәселелерді шешу және жүйені жақсарту бойынша ұсыныстар әзірлеу;
6.Математикалық және формальды модельдерді қолдана отырып, қолданбалы зерттеу процесінде бағдарламалық өнімдердің алгоритмдерін, модельдерін жасау, әзірлеу, енгізу және бейімдеу қабілеттілігі;
7.Заманауи басқарушылық қызметтің негізгі дағдыларына ие болу, ғылыми және қолданбалы зерттеулер жүргізу үшін заманауи бағдарламалық-техникалық құралдармен жұмыс жасау. Уақытты басқару дағдылары мен практикалық есептерді шешу үшін ұйымдастырушылық қабілеттің болуы;
8.Кәсіби салада ауқымды өзгерістерді жүзеге асыру, күрделі өндірістік және ғылыми процестерді басқару үшін идеялар қалыптастыру, инновациялық іс-әрекеттің нәтижелерін болжау мүмкіндігі;
9.Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында академиялық, ғылыми-зерттеу, ғылыми-әдістемелік және қоғамдық қызмет жүргізу, өзіндік ғылыми зерттеулердің нәтижелерін, сондай-ақ жетекші сарапшылардың еңбектерін талдау және сыни бағалау, зерттеу нәтижелерін ұлттық және халықаралық деңгейде ғылыми есеп беру, мақала, баяндама түрінде ұсыну.

Байланыс

әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті,
ҚР,Алматы, 050040, әл-Фараби даңғылы,71/23, Ақпараттық технологиялар және жасанды интеллект факультеті
Кафедра меңгерушісі, доцент м.а. Шормакова Асем Ноябревна 87086103207
Кафедра меңгерушісінің оқу-әдістемелік және тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, аға оқытушы Ілесова Бақытгүл Ералықызы, 87479833787
Кафедра меңгерушісінің ғылыми-инновациялық жұмыс және халықаралық байланыстар жөніндегі орынбасары, аға оқытушы Дүйсенбекқызы Жансая, 87071

Қабылдау

1) Бакалавриат, Магистратура дипломы + қосымшалары (түпнұсқа)
2) Жеке куәлік (түпнұсқа ж/е көшірме -2 дана)
3) Шет тілін меңгергенін растайтын сертификат
4) ҰТО ресми сертификаты (ҚАЗТЕСТ)
5) 0/75у медициналық анықтамасы
6) Фото 3×4 – 6 дана
7) ҚР Еңбек кодексіне сәйкес еңбек қызметін растайтын құжат
8) Соңғы 3 жылдағы ғылыми жарияланымдар тізімі (болған жағдайда), зерттеулер жүргізу жоспары ж/е эссе
9) Алдын ала іріктеу нәтижелері («Денсаулық сақтау» білім саласы бойынша)