- Негізгі бет
- Докторантура
- Білім беру бағдарламалары
- Этнология және антропология
Этнология және антропология
БIЛIКТIЛIГІ
- ғылыми - педагогикалық бағыт - философия докторы (PhD)
ТҮЛЕКТЕР МОДЕЛІ
ON1 отандық және шетелдік этнология ғылымының теориялық-методологиялық жетістіктері негізінде жаңа ғылыми теориялық-практикалық концепциялар жасау; алынған білім мен жасалған концепцияды ғылыми зерттеу және ғылыми-педагогикалық салада дәлелді түрде дәйектей білу;
ON2 қазіргі ғылыми жетістіктерді сыни талдау және баға беру қабілеті негізінде этноұлттық үдерістерге қатысты пікірталас жағдайында өзіндік қорытындысы мен пікірін қалыптасыру және көрсете білу, зерттеу және практикалық міндеттерді шешуде оның ішінде пәнаралық салада жаңа леп беретін идеяларды қоса білу;
ON3 этнология саласындағы ғылыми зерттеу үдерістерін жоспарлау, жасау, жүзеге асыру және үйлестіру, шет елдерде ҚР территориясында далалық және ғылыми-зерттеу экспедициясын, Қазақстанның этносаясатын жүргізу негізінде мәдени, білім беру және ағарту шараларын жүргізе алу;
ON4 жоғары оқу ұйымдарының білім беру, кәсіби академиялық институттар және басқа да ҒЗИ, сараптама-талдау орталықтары, ақпараттық-аналитикалық профильдегі қоғамдық және мемлекеттік ұйымдарда кәсіби міндеттерін жүзеге асыру, жоғары оқу орнының негізгі білім беру бағдарламасы бойынша кәсіби біліктілігі жоғары деңгейдегі ғылыми-педагогикалық кадрларды дайындау;
ON5 мемлекеттік және шет тілдердегі ғылыми коммуникацияның қазіргі әдістері мен технологиясын пайдалану, ұжымды басқару, команда мақсатын қалыптастыруға ықпал ету, мақсат бағытында жетістікке жету үшін оның әлеуметтік-психологиялық климатына ықпал ету, қызмет нәтижесінің сапасын бағалай білу;
ON6 этнология және антропология саласында қазіргі технологияны енгізу, этнографиялық зерттеулердің ақпараттық базасын құру, Интернет жүйесінде цифрландыруды орналастыру, ақпараттық жүйе жасау, этнографиялық материалдарды кешенді зерттеуде пәнаралық зерттеулерді қолдану;
ON7 ҚР саясатын жүзеге асыруда артықшылығы мен кемшілігін айқындау негізінде ақпараттық-аналитикалық орталықтар, қоғамдық, мемлекеттік мекемелер мен ұйымдар және тарихи-мәдени туризм мекемелеріне нұсқаулық құралдар жасау;
ON8 ғылыми қауымдастықта өзара ықпалдылық, ғалым-зерттеушінің ғалым этикасы жөніндегі нормаларды сақтау, ұжымда лидер болу, белсенділік таныту, кәсіби біліктілігі аясында өздерінің шешімдеріне толығымен жауап беру, кәсіби қызметі үдерісінде туындайтын шиеленісті ахуалды шешу.
Бағдарлама паспорты
пәндер
2022-2025 жылдардағы мәліметтер көрсетілген
пәндер
2022-2025 жылдардағы мәліметтер көрсетілген
ТӘЖІРИБЕЛЕР
2022-2025 жылдардағы мәліметтер көрсетілген