- Негізгі бет
- Докторантура
- Білім беру бағдарламалары
- Физикалық электроника және фотоника
Физикалық электроника және фотоника
БIЛIКТIЛIГІ
- ғылыми - педагогикалық бағыт - философия докторы (PhD)
ТҮЛЕКТЕР МОДЕЛІ
ON1. Ғылыми-зерттеу мәселелерін шешу үшін нанофотоника, фотовольтаика, кванттық оптика, кванттық есептеу және оптоэлектрониканың қазіргі даму деңгейін талдау;
ON2. Жарықтың заттың кристалдық торымен әрекеттесуі кезінде аттосекундтық және фемтосекундтық физика саласындағы зерттеулерге жүйелік тәсілді қолдану;
ON3. Ғылыми-зерттеу және инновациялық қызметтің ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді мақсаттары мен міндеттерін, оның ішінде шет тілінде белгілеу мақсатында физикалық электроника және фотоника саласындағы ғылыми білімнің қазіргі даму деңгейіне сыни талдау және бағалау жүргізу;
ON4. Ғылыми және ғылыми-техникалық мәселелерді шешу үшін физикалық электроника және фотоника саласында қолданылатын негізгі зерттеу әдістерін жүйелеу;
ON5. Математикалық формализация әдістерін қолдана отырып, төмен өлшемді жүйелердің оптикасы саласындағы ғылыми есептерді шешуде физикалық процестерді модельдеу және қажетті физика-химиялық қасиеттері бар жаңа наноөлшемді құрылымдар құру;
ON6. Басқа зерттеу топтарының зерттеу нәтижелерін салыстыру және бағалау, физикалық электроника және фотоника саласындағы өз зерттеулерінің нәтижелерін бағалау;
ON7. Ультражылдам, төмен өлшемді оптика және кванттық есептеулер саласындағы зерттеулерге байланысты ғылыми мәселелер мен тапсырмаларды тұжырымдау, ғылым мен техниканың қазіргі даму деңгейіне негізделген өзекті мәселелердің шешімдерін ұсыну;
ON8. Ғылыми-педагогикалық қызметті жүзеге асыру, физикалық электроника және фотоника саласындағы кадрларды даярлау және ғылыми зерттеулердің нәтижелерін шетелдік және отандық журналдарда жариялау үшін дайындау;
ON9. Физикалық электроника мен фотониканың ғылыми мәселелерін, осы саланың даму перспективаларын және олардың ел экономикасы үшін маңызын, ғылыми ортада қабылданған этикалық және кәсіби нормаларды сақтай отырып бағалау;
ON10. Топтық жұмыс дағдыларын, дербестік пен бастамашылдықты меңгеру, ғылыми-зерттеу немесе кәсіби қызмет нәтижелеріне жауапты болу, ғылыми зерттеу мәселелерін шешуде ғылыми жобалар мен кәсіби топтарды басқару.
Бағдарлама паспорты
пәндер
2021-2024 жылдардағы мәліметтер көрсетілген
пәндер
2021-2024 жылдардағы мәліметтер көрсетілген
ТӘЖІРИБЕЛЕР
2021-2024 жылдардағы мәліметтер көрсетілген