Докторантура
Электроника және коммуникациялық технологиялар

Электроника және коммуникациялық технологиялар

ТҮЛЕКТЕР МОДЕЛІ

Бағдарлама паспорты

Мамандығы
Электроника және коммуникациялық технологиялар
Мамандық шифры
8D06202
Факультеті
Физика-техникалық

пәндер

Академикалық жазу
  • Кредит саны - 2
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты: белгілі бір ғылыми бағыттағы өзекті мәселелердің ұсынылатын шешімдері бойынша ғылыми жарияланымдар мен жобаларды жазуда іргелі білімдерді қолдану. Қарастырылады: ғылыми мәтіндерді жасау және редакциялау ерекшеліктері; ресми, бейтарап және бейресми қарым-қатынас тіркелімдері; қазіргі ақпараттық және библиографиялық мәдениет; ғылыми құжаттаманы жасау және ресімдеу әдістері.

Ақпарат теориясы және заманауи цифрлық коммуникация
  • Кредит саны - 5
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Бұл пәнді оқудың мақсаты – докторанттардың ақпарат теориясының іргелі принциптері және оларды цифрлық байланыс жүйелеріне қолдану туралы білімін, цифрлық коммуникация саласындағы озық технологиялар бойынша зерттеулер жүргізу дағдылары мен қабілеттерін дамыту. Оқыту процесінде келесі тақырыптар қарастырылады: ақпаратты сандық бағалау, өзара ақпарат, хабарламаның артық болуы, энтропия мен ақпарат арасындағы байланыс, ақпаратты қорғау және т.б.

Ғылыми зерттеудің әдістері
  • Кредит саны - 3
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты: білім беру бағдарламасының ғылыми бағытына қойылған міндеттерге сәйкес зерттеудің кезеңдері мен әдістерін меңгеру. Мыналар қарастырылатын болады: ғылыми есептеулерді терең талдауға және озық технологияларды пайдалана отырып бар процестерді оңтайландыруға қажетті заманауи үлгілер мен әдістер; ғылыми жоспарлар мен зерттеу нәтижелерін дайындау және болжау үшін әдеби-салыстырмалы талдаудың негізгі әдістері

Сигналдарды бейсызықты өңдеу
  • Кредит саны - 5
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пән сандық сигналды негізіндегі байланыс жүйесіне ақпарат тасымалдаудың жаңа әдістері мен принциптерін үйренуге бағытталған. Пән оқыту барысында келесі мәселелер қаралады: cигналдарды бейсызық өңдеу әдістері; бейсызық жүйелер; жүйе үлгілері; сандық шешімі; жүйені қайта масштабтау; Крамерлер бағамы; стохасты резонанстың шарттары; өтпелі шуыл импульстері; жасырын Марков үлгілері; Винер-Колмогоров сүзгілері; көп кірісті және көп шығыс жүйелер (MIMO); тәуелсіз компоненттерді талдау; адаптивті сүзгілері: Калман, RLS, LMS.

2021-2024 жылдардағы мәліметтер көрсетілген

пәндер

Аса кеңжолақты байланыс жүйелері
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Бұл пәнді зерттеу коммуникациялық технологияларда қолданылатын заманауи элементтер базасын білу мен түсінуді қамтамасыз етеді, сонымен қатар инновациялық байланыс құралдарын жасау мақсатында зерттеудің теориялық және эксперименттік әдістерін талдауға мүмкіндік береді. Оқыту үдерісінде телекоммуникациялар мен ақпараттық технологияларды дамытудың қазіргі жағдайы, сондай-ақ қазіргі заманғы техникалық жобалаудың теориялық негіздері және басқа да аспектілер зерделенеді.

Коммуникациялық жүйелер мен желілердегі машиналық оқыту
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Бұл пәннің мақсаты докторанттарды Машиналық оқыту әдістерін қолдана отырып, коммуникация саласындағы практикалық мәселелерді шешуге, сондай-ақ инновациялық тәсілдер мен жаңа әдістерді әзірлеу бойынша дербес ғылыми зерттеулер жүргізуге және коммуникациялық технологиялар саласындағы күрделі мәселелерді шешуге қажетті білім мен дағдылармен қамтамасыз ету болып табылады. Оқыту барысында машиналық оқытудың озық әдістерін зерттеу және оларды коммуникациялық жүйелер мен желілердегі ерекше міндеттерді шешуге бейімдеу, Машиналық оқыту әдістерін пайдалана отырып желілердегі қызмет көрсету сапасын басқару тетіктерін зерттеу және т. б. қарастырылатын болады.

Мобильді сенсорлық желілер
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты - заманауи сымсыз мобильді сенсорлық желілерді құру, жобалау және жұмыс істеу принциптері туралы терең білімді қалыптастыру, сонымен қатар мобильді сенсорлық желілерде басқару және үйлестіру, хаттамаларды оңтайландыру және ақпаратты сенсорлық желілердің ағып кетуінен қорғау әдістері мен алгоритмдерін зерттеу және қолдану. Пәнді оқу барысында келесі тақырыптар қарастырылады: сымсыз сенсорлық желілердің технологиялары мен стандарттары, мобильді сенсорлық желілерді бағыттау хаттамалары , мобильді сенсорлық желілердің жабдықтары, сымсыз сенсорлық желілердің осалдығы, сенсорлық желілерді қорғау технологиялары және т. б.

Сымсыз жүйелерге арналған смарт антенналар
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Бұл пәннің мақсаты – сымсыз жүйелер үшін интеллектуалды антенналардың сипаттамалары мен параметрлерін жобалау және оңтайландыру, сондай-ақ интеллектуалды антенна жүйелерін жобалау кезінде машиналық оқыту принциптерін қолдану. Пәнді оқу барысында келесі тақырыптар қарастырылады: радио тарату және радио қабылдау режиміндегі антенна; антенналар параметрлерінің өзгеруі; антенналардың бағыттылық диаграммалары; антенналардың бағытталған әсер ету коэффициенті; тұрақты толқын коэффициенті; S11 параметрі, антенналарды жобалау кезінде жасанды интеллектті қолдану және т. б.

2021-2024 жылдардағы мәліметтер көрсетілген

ТӘЖІРИБЕЛЕР

Зерттеу
  • Бақылау түрі - Защита практики
  • Сипаттамасы - Тәжірибе мақсаты: өзекті ғылыми мәселені зерттеуде тәжірибе жинақтау, оқу процесінде алған кәсіби білімдерін кеңейту және өз бетімен ғылыми жұмысты жүргізудің практикалық дағдыларын дамыту. Практика экономикалық білімдерді зерттеу, талдау және қолдану дағдыларын дамытуға бағытталған.

Педагогикалық
  • Бақылау түрі - Защита практики
  • Сипаттамасы - Дәрістерді, семинарларды өткізудің практикалық және оқу-әдістемелік дағдыларын қалыптастыру, ғылыми және теориялық білімдерді, шығармашылық қызметтегі практикалық дағдыларды мамандықтардың пәндерінен сабақ өткізу жағдайында пайдалану; өз заманауи кәсіби техникалары қолдану, оқыту әдісі практикада соңғы теориялық, әдістемелік жетістіктерді қолдануға, оқу-әдістемелік құжаттарды жасауға мүмкіндік береді.

2021-2024 жылдардағы мәліметтер көрсетілген