Иностранным абитуриентам
Тұлға және ұйымдастырушылық психология

Тұлға және ұйымдастырушылық психология

БIЛIКТIЛIГІ

  • ғылыми - педагогикалық бағыт - әлеуметтік ғылымдар магистрі

ТҮЛЕКТЕР МОДЕЛІ

ON 1. Психологияның теоретикалық-әдіснамалық негіздерін, ұйымдастырушылық психология саласындағы психологиялық диагностика, кеңес беру, коррекция, психологиялық алдын алу және ұйымдастырушылық-басқару жұмысының қағидаларын біртұтас елестетуді көрсету
ON 2. Психологияның концепциялары мен бағыттарын, кәсіби психологиялық іс-әрекеттің этикалық және нормативтік-құқықтық негіздерін біріктіру
ON 3. Психологиялық бағыттарды, психологиялық мектептерді, әдістер мен тәсілдерді психологияның заманауи психологиялық бағыттарының өзекті міндеттерімен және даму перспективаларымен ара қатынастыра пайдалану
ON 4. Ғылыми-педагогикалық және кәсіби іс-әрекет аясында қолданбалы сұрақтарды шешуде заманауи психологиялық білімдерді, әдістерді, тәсілдерді және технологияларды қолдану
ON 5. Денсаулық сақтау, білім беру ұйымдарында, өндірісте, мемлекеттік және жеке кәсіпорындардың кадрлық бөлімшелерінде, спорттық ұйымдарда психологиялық қызметтің жұмысын ұйымдастыру және жүзеге асыру
ON 6. Психологиялық мәліметтерде жинау, психологиялық көмектің сәйкес тактикаларын анықтау, ғылыми психологиялық зерттеулер саласында өзіндік ерекше жобаларды құрастыру және жүзеге асыру
ON 7. Психология саласында талдау және сараптамалық іс-әрекетті жүзеге асыру
ON 8. Ғылыми-психологиялық ақпаратты өңдеу, талдау, жинақтау, интерпретациялау
ON 9. Ғылыми-зерттеу ісәрекетінің нәтижелерін диссертациялық зерттеу түрінде, сонымен қатар аудиторияларға және өзі қызмет ететін мақсаттарға сай форма мен стильдерде дәйекті таныстыру
ON 10. Мәселелердің шешімін табу, өзінің жұмысын және әріптестерінің жұмыстарын бағалау және объективті сипаттау
ON 11. Қандай да бір әдістердің, тәсілдердің, технологиялардың, психологиялық бағдарламалардың ғылыми-педагогикалық іс-әрекеттің мақсаттары мен міндеттеріне, сонымен қатар клиенттердің (жеке адамдардың, бөлімшелердің, ұйымдардың) тапсырыстарына сай қолданылуын жүзеге асыру
ON 12. Әріптестермен тиімді кәсіби қарым-қатынас орнату, көп бейінді кәсіби командада жұмыс істей білу және супервизия жүргізу

Бағдарлама паспорты

Мамандығы
Тұлға және ұйымдастырушылық психология
Мамандық шифры
7M03118
Факультеті
Философия және саясаттану

пәндер

Басқару психологиясы
  • Кредит саны - 3
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты: басқару психологиясының іргелі ұғымдарын зерделеу негізінде жоғары білікті мамандарды ғылыми даярлауды қамтамасыз ету, кәсіби қалыптасу процесінде басқару саласының маңызды аспектілерін теориялық түсіну және практикалық қолдану үшін алғышарттар жасау. Курс психикалық процестердің дамуы мен жұмыс істеу заңдылықтарын, тиімді өзара әрекеттесу және қақтығыстарды жеңу, өзін-өзі дамыту және өзін-өзі таныстыру негіздерін зерттеуге бағытталған.

Ғылым тарихы мен философиясы
  • Кредит саны - 3
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты: философия жайлы әлемді танудың ерекше формасы ретінде, оның негізгі бөлімдерін, проблемалары мен олардың болашақ кәсіби қызмет аясында зерттеу әдістері туралы тұтас жүйелі көзқарас қалыптастыру. Оқу курсы ғылыми-зерттеу жұмысының теориялық және әдіснамалық негізін қалыптастырады.

Ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру және жоспарлау
  • Кредит саны - 5
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты: маманның ғылыми-зерттеу мәдениетін, ғылыми-зерттеу құзыреттілігін, сондай-ақ, ғылымды дамыту және Қазақстан Республикасының индустриялық-инновациялық даму бағдарламаларын іске асыру жағдайында ғылыми-зерттеу қызметін ұйымдастырудың теориялық, әдіснамалық және практикалық негіздерін қалыптастыру;ғылыми зерттеудің әдістемесі мен әдістерінің негіздерін, педагогикалық зерттеудің логикасы мен құрылымы, ғылыми аппарат және зерттеулерді жоспарлау

Жоғары мектептің педагогикасы
  • Кредит саны - 5
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты: жоғары мектептің дидактикасы, білім беру теориясы мен менеджменті, оқытушылық қызметті талдау және өзін-өзі бағалау негізінде жоғары оқу орындары мен колледждерде педагогикалық қызметке қабілеттілікті қалыптастыру. Оқу курсы білім беру мен Болон процесінің даму тенденцияларын зерттеуге бағытталған. Курс оқытушылық және кураторлық шеберлікті, оқыту мен тәрбиелеудің әртүрлі стратегиялары мен әдістерін меңгеруге көмектеседі.

Конфликттерді және ұжым климатын басқару
  • Кредит саны - 5
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты: конфликттерді алдын алу, шешу және реттеу негізінде жанжалдарды және ұйымдастырушылық климатты басқару құзыреттілігін қалыптастыру. Курста корпоративтік мәдениет, коммуникациялық менеджмент және конфликтология саласында, оның ішінде ұйымдық жанжалдардың негізгі сипаттамалары мен алуан түрлілігі туралы; жанжалдар мен күйзелістерді басқарудың ұйымдастырушылық тетіктері бойынша білім жүйесі қарастырылады.

Көшбасшылық психологиясы және супервизия
  • Кредит саны - 5
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты: қызметтік жағдайларда көшбасшылықты жүзеге асыруға дайындықпен байланысты кәсіби құзыреттерді қалыптастыру. Курста көшбасшылық психологиясының теориялық тәсілдері мен тұжырымдамалары, қазіргі заманғы көшбасшылық психологиясының даму проблемалары мен бағыттары, көшбасшылық қасиеттерді зерттеуге қажет психологиялық әдістер мен әдістемелерді қолдану туралы қарастырылады.

Персоналды іріктеу
  • Кредит саны - 5
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты: кәсіби психологиялық іріктеудің тұжырымдамалық негіздері, технологиялары, өлшемдері туралы құзыреттіліктер мен білім жүйесін; ұйымның кадрлық саясатын әзірлеу және персоналды әлеуметтік дамыту туралы кешенді ғылыми түсінік қалыптастыру. Курс ұйымдардың әр түрлі салалары мен түрлерінде персоналды іріктеудің негізгі критерийлерінің ерекшеліктерін; кәсіби іріктеу мақсатында диагностика негіздерін түсінуге бағытталған

Психологиялық қызметтің ұйымдастырушылық-этикалық аспектілері
  • Кредит саны - 5
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты: психолог пен психологиялық қызметтің этикалық және ұйымдастырушылық аспектілері туралы жүйелі түсінік қалыптастыру.Курста этикалық дилеммалар және оларды шешу жолдары, "психолог-клиент" қатынастары саласындағы тәуекелдерді бағалау және басқару, арнайы топтармен жұмыс, психологтың әріптестерімен және жұмыс берушілермен қарым-қатынасы қарастырылады. Психологтың кәсіби қызметінің супервизия, басқарушылық және басқа да ұйымдастырушылық мәселелері зерттелінеді.

Тұлға және ұйымдық мінез-құлық
  • Кредит саны - 5
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты: магистранттарда формалды емес топтың мінез-құлыққа, коммуникалық байланыстардың, еңбек мотивациясының жүйесі, басқару стилдері, көшбасшылықтың және т.б. әсерлері мен байланысты ұйымдағы адам іс-әрекетінің ерекшеліктерін түсіну қабілетін қалыптастыру. Курста ұйымдық мінез-құлықты зерттеуді жоспарлау, ұйымның кадрлық потенциалының өзгеруін болжай алу, дамудың кадрлық процедурасын өңдеу, персоналды мотивациялау және дайындау туралы қарастырылады.

Шетел тілі (кәсіби)
  • Кредит саны - 5
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты: шетел тіліндегі сөйлеу мәнерінің әртүрлі түрлерінде практикалық дағдыларды қалыптастыру. Оқу курсы қазіргі жаһандық кеңістіктегі ақпаратты қабылдау, түсіну және аудару, өз зерттеулерін сынақтан өткізу үшін ғылыми іс-шараларға қатысу қабілетін қалыптастырады. Пән шетел тілін білім берудің халықаралық стандарттарына сәйкес құзыреттерді жетілдіруге бағытталған.

2023-2026 жылдардағы мәліметтер көрсетілген

пәндер

Әлеуметтік мінез-құлықты компьютерлік модельдеу
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты: психологиядағы моделдердің маңызды аспектілерін түсіну, әлеуметтік мінез-құлықты талдауда компьютерлік моделдеуді қолдану, әлеуметтік мінез-құлықты компьютерлік моделдеуді нақты түсіну қабілеттерін қалыптастыру. Әлеуметтік процестердің нақты формализмін қамтамасыз ететін компьютерлік модельдер, әлеуметтік мінез-құлықты модельдеу ерекшеліктері, жүйенің мінез-құлқын болжау, ішкі және сыртқы мінез-құлық параметрлерінің виртуалды комбинациясы ашылады.

Бизнес, білім беру және психикалық денсаулық саласындағы консалтинг
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты: бизнес, білім беру және психикалық денсаулық саласындағы консалтинг теориясы мен практикасы туралы тұтас түсінікті; психологтың консалтингтік қызметінің құзыреттілігін қалыптастыру. Курста консалтингтің теориялары мен тұжырымдамалары, бизнес-консалтингті және басқа да консалтингтік қызметтің теориялық және практикалық ережелері, бизнес, білім беру саласындағы клиенттердің сұранысы мен проблемаларының деңгейіне байланысты ұйымдардағы консалтинг дағдылары қарастырылады.

Еңбек мотивациясы мен аттитюдтер
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты: еңбек мотивациясы мен атитюдтерді қалыптастыру психологиясы туралы тұтас көзқарасты игеру; персоналды ынталандыру, аттитюдтерді өзгерту, кадрлық технологиялар саласындағы практикалық жұмыс құзыреттіліктерін қалыптастыру. Курста жағдайлық факторлармен және ұйымдардағы адамдардың жеке айырмашылықтарымен шарттасқан аттитюдтармен байланысты еңбек қызметінің проблемалары, еңбек қызметіндегі уәждеме мен әлеуметтік ұстанымдардың рөлі мен маңызы қарастырылады.

Жұмыс орнындағы тұлғааралық конфликт
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты: кәсіби конфликтілерді шешуге қажет дағдыларды игеру үшін, конфликтілердің теорияларын талдау қабілетін дамыту. Курста конфликтінің құрылымын талдау саласындағы практикалық жұмыстың дағдылары, конфликтіні шешу саласындағы негізгі этикалық қағидалар, еңбек іс-әрекетіндегі тұлғааралық конфликтінің рөлі мен мәні, тұлғааралық ұйымдық конфликтілердің пайда болуына, барысына және шешілуіне ықпал ететін процесстер мен факторлар қарастырылады.

Қазіргі психологияның тарихы, жағдайы және даму тенденциясы
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты: психологиялық ой дамуының теориялық және практикалық негіздерін меңгеру үшін құзыреттілікті қалыптастыру. Психологиялық идеялардың дамуындағы сапалы өзгерістер, белгілі бір психологиялық тұжырымдаманың пайда болу тарихы, әртүрлі дәуірлердегі психологияның дамуындағы жалпы және айрықша белгілер, әртүрлі ғылыми тұжырымдамалар мен теориялар, өткен және қазіргі психологиялық ойдың жетістіктері ашылады.

Қолданбалы ұйымдастыру психологиясы
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты: кешенді ғылыми-қолданбалы пәні ретінде пәндік аймағы және пәнаралық мәртебесі туралы жалпы түсінік қалыптастыру. Курста қолданбалы ұйымдастыру психологиясының қалыптасу тарихы мен пәнаралық байланыстары; ұйымдағы бірлескен қызметті реттеудің психологиялық механизмдері, түрлі салалардағы ұйымдарға жүйелі-құрылымдық талдау жүргізу; қарастырылады.

Персоналды оқыту және дамыту
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты: ұйымның кадрлық процестері саласындағы құзыреттілікті, ұйымда персоналды оқыту және дамыту стратегиясын әзірлеу мен іске асыруды психологиялық қолдау дағдыларын қалыптастыру. Курс персоналды оқыту және дамыту саласында нақты басқарушылық жағдайларды талдауға, кадрлық процестерге психологиялық талдау жүргізу, кадрлық технологиялар саласындағы проблемаларға психодиагностика жүргізуге бағытталған

Психологиядағы зерттеу әдістері мен эксперимент
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты: маманның практикалық іс-әрекетіндегі зерттеу жұмысының рөлін түсіну, ғылыми зерттеудің негізгі түсініктерін игеру және бекіту, ғылыми танымның, ізденіс және жинаудың әдістері мен логикасы туралы түсініктер құру, ғылыми ақпараттарлы өңдеу және зерттеу нәтижелерін рәсімдеу қабілетін қалыптастыру. Психологиялық зерттеудің әдіснамалық негіздері, эмпирикалық әдістердің жіктелуі мен сипаттамасы, психологиялық эксперименттің процедурасы мен ұйымдастырылуы ашылады.

Психологиядағы статистиканың қазіргі әдістері
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты: статистикалық әдістермен зерттеу нәтижелерін талдаудың құзыреттілігін қалыптастыруға және статистикалық ғылымның әдістемелік арсеналының әртүрлілігін игеруге ықпал ету. Статистиканы ғылым ретінде дамытудың негізгі кезеңдері мен бағыттары; ақпаратты статистикалық талдаудың ережелері, әдістері мен әдістері, деректерді сандық және сапалық өңдеудің нақты әдістері, стандартты формулаларды автоматты қолдану ерекшеліктері зерттеледі.

Психологияның теориялық-әдіснамалық негіздері
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты: заманауи психологиядағы әдіснамалық дилеммаларды шешу, зерттеу мәселелерін түсіну, зерттеу әдістерін, кәсіби әдіснамалық білімдерді қолдану, сыни талдау және түсіну қабілетін қалыптастыру. Пән категориялық жүйені, түсіндірме принциптері мен тәсілдерін, психологиялық танымның негізгі мәселелері мен ерекшеліктерін білуге мүмкіндік береді; психологиялық теорияның сапасын бағалау үшін әмбебап критерийлерді қолдануға үйретеді.

Ұйымдарды зерттеу
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты: ұйымдарды басқарудың қолданыстағы жүйелерін, ұйымдастырушылық мәдениетті, ұйымдастырушылық климатты, ұйымдастырушылық шешімдер мен өзгерістердің психологиялық ерекшеліктерін талдауға, диагностикалауға, бағалауға және экспорттауға қабілетті маман-психологты даярлау. Курста қазіргі заманғы теориялар, олардың түсіндірмелері және ұйымдарды зерттеу әдістері, тұлғалық даму жағдайлары, кәсіптік бағдар беруді, кәсіптік жоспарлауды және әлеуметтік, білім беру, саяси және іскерлік қызметпен айналысатын ұйымдардағы кәсіби өсу қарастырылады.

Ұйымдастыру әл-ахуалы және мәдениет
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты: магистранттарда ұйымдастыру ахуалы мен мәдениеті теорияларын анықтау және талдау қабілетін дамыту. Жаңа дәуір жұмысшыларының мінез-құлқына осы теориялардың қолданбалы сипатын анықтау. Курстаеңбек іс-әрекетінде ұйымдастыру ахуалы мен мәдениетінің мәні мен рөлі, компанияның ұйымдық мәдениетіне және психологиялық ахуалына әсер ететін процестер мен факторлар қарастырылады.

2023-2026 жылдардағы мәліметтер көрсетілген

ТӘЖІРИБЕЛЕР

Зерттеу
  • Бақылау түрі - ҒЗЖ қорғау
  • Сипаттамасы - Тәжірибе мақсаты: өзекті ғылыми мәселені зерттеуде тәжірибе жинақтау, оқу процесінде алған кәсіби білімдерін кеңейту және өз бетімен ғылыми жұмысты жүргізудің практикалық дағдыларын дамыту. Практика экономикалық білімдерді зерттеу, талдау және қолдану дағдыларын дамытуға бағытталған.

Зерттеу
  • Бақылау түрі - Защита практики
  • Сипаттамасы - Тәжірибе мақсаты: өзекті ғылыми мәселені зерттеуде тәжірибе жинақтау, оқу процесінде алған кәсіби білімдерін кеңейту және өз бетімен ғылыми жұмысты жүргізудің практикалық дағдыларын дамыту. Практика экономикалық білімдерді зерттеу, талдау және қолдану дағдыларын дамытуға бағытталған.

Педагогикалық
  • Бақылау түрі - Защита практики
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты: педагогика, психология, арнайы пәндер арқылы алынған педагогикалық қызметтегі ғылыми және теориялық білімдерді практика мақсатында лекциялар мен семинарлар өткізу үшін практикалық және білім беру дағдыларын қалыптастыру, тәжірибелік дағдыларды шығармашылық түрде қолдануға кабілетті қалыптастыру. Курсты оқу барысында студент төмендегідей білімдерді меңгереді: - сабақтардың әртүрлі түрлерін (дәрістер, лабораториялар, семинарлар, СОӨЖ, МОӨЖ) ұйымдастыру бойынша қажетті білімдерді көрсету; - оқу-әдістемелік құжаттарды дайындау және студенттермен тәрбие жұмысын ұйымдастыру; - педагогика, психология және кәсіптік білім саласында алынған теориялық білімдерді практикалық іске асыру әдістеріне және әдістеріне ие болу.

2023-2026 жылдардағы мәліметтер көрсетілген