Иностранным абитуриентам
Генетика

Генетика

БIЛIКТIЛIГІ

  • ғылыми - педагогикалық бағыт - философия докторы (PhD)

ТҮЛЕКТЕР МОДЕЛІ

ON1. Генетикалық ақпараттын механизмдеріне және генетикалық ұйымдасу ерекшелігіне байланысты, организмнің функциясының іске асырылуының тәуелді болуын талдау;
ON2 Генетикалық және гендік инженерия мәселелерін шешу бағытындағы генетикадағы кеңейтілген және жаңа әдістерді дамытудың негізгі тенденцияларын бағалау;
ON3 Биология, медицина, биотехнология және экология саласындағы өзекті мәселелерді шешу үшін жалпы және молекулалық генетикадағы кеңейтілген технологияларға негізделген ғылыми зерттеулерді жүзеге асыру;
ON4 Жалпы және молекулалық генетика бойынша халықаралық, ұлттық, салалық және аймақтық бағдарламалар мен жобаларды өндеу, генетикалық аурулардың мониторингі және алдын-алу жөніндегі іс-шараларды әзірлеу;
ON5 Жоғары сараптамалық және клиникалық-диагностикалық сенімділікке негізделген молекулалық-генетикалық зерттеулердің жаңа әдістерін әзірлеу және енгізу;
ON6 Ғылыми мәселенің қарапайым гипотезасын құрастыру үшін генетикалық зерттеулердің нәтижелерін талдап түсіндіру;
ON7 Пәнаралық зерттеулерді әзірлеу және іске асыру үшін генетиканың, молекулалық биология және гендік инженерияның қазіргі заманғы теориялары мен әдіснамасының қағидаттарын тұжырымдау;
ON8 Ғылыми-зерттеу және өндірістік жұмыстарды адамдардың өзара қатнасуына байланысты этикалық және заңды нормалар негізінде және жануарларға қатысты биоэтика негіздеріне сүйеніп орындау;
ON9 Ғылыми-зерттеу жобалар мен диссертациялық жұмыстарды іске асыру барысында алынған молекулалақ-генетикалық нәтижелерді оқу үрдісіне және өндірістік практикасына енгізу;
ON10 Биологиялық, медициналық, аграрлық салалық орталықтар мен зертханаларда селекциялық-генетикалық және гендік инженериялық іс-әрекеттерді модернизациялау бойынша ұсыныстарды әзірлеу;
ON11 Күндізгі, дуальды, дистанциялық және инклюзивті оқытуды шешу үшін студенттік-бағдарланған тәсілдерді негізге ала отырып оқытудың интерактивтік әдістері, формалары, цифрлік технологиялардың көмегімен пәндердің оқу-әдістемелік кешендері мен оқытудың теориялық және қолданбалы курстарын әзірлеу;
ON12 Халықаралық кооперация, пәнаралық және бизнес-инкубациялау жағдайларында пилоттық алгоритмдер және ұзақ генетикалық зерттеулер негізінде қазіргі заманғы генетикалық ғылымдар саласындағы өз кәсіби қабілеттіктерін қолдануды табу; ғылым мен қоғамды дамытуға жәрдемдесу.

Бағдарлама паспорты

Мамандығы
Генетика
Мамандық шифры
8D05104
Факультеті
Биология және биотехнология

пәндер

Академиялық жазу
  • Кредит саны - 2
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты: докторанттардың академиялық сипаттағы мәтіндерді жазудың практикалық дағдыларын қалыптастыру, есептер, шолулар, ғылыми баяндамалар және Scopus-та индекстелген рейтингтік жарияланымдар түрінде жыртқыш емес басылымдардың критерийлеріне сәйкес келетін SJR индексімен жариялау түрінде орындалған жұмыс нәтижелерін ұсыну. Пәннің аясында докторанттар әртүрлі үлгіде ғылыми ақпараттарды талдау және баяндау бойынша біліктіліктерін арттырады.

Геномды өңдеу технологиялары
  • Кредит саны - 5
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты: геномды өңдеудің перспективті технологиялары және оларды практикалық мәселелерді шешу үшін қолдану мүмкіндіктері туралы жүйелі түсінікті көрсету қабілетін дамыту. Курста ZFN (сайтқа тән нуклеаза); TALEN (химерлік нуклеаза конструкциялары), CRISPR/Cas9 жүйелерін қолданатын әдістерді және геномды өңдеу басқада әдістері, қолданатын редакциялау әдістерінің қауіпсіздігі мен тиімділігін бағалау қарастырылады.

Ғылыми зерттеудің әдістері
  • Кредит саны - 3
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты: докторанттың диссертациялық жұмысты орындау кезінде ғылыми зерттеулердің заманауи әдістері мен әдіснамаларын қолдану қабілетін қалыптастыру. Пән аясында қарастырылады: ғылыми зерттеулердің әдістері мен әдіснамалары; докторанттың ғылыми зерттеулеріне заманауи эксперименттік тәсілдер; ғылыми экспериментті жоспарлаудың кезеңдері мен принциптері; ғылыми зерттеулердегі компьютерлік эксперименттің ерекшелігі; экспериментті өткізу, нәтижелерін өңдеу және түсіндіру ережелері.

Молекулалық эволюция және филогенетика
  • Кредит саны - 5
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты: заманауи әдістер мен технологияларды қолдана отырып, молекулалық эволюция және филогенетика саласында озық зерттеулер жүргізу қабілетін қалыптастыру. Келесі аспектілер қарастырылады: эволюция процесінде генетикалық макромолекулалардың (ДНҚ, РНҚ, белоктар) өзгеру заңдылықтары мен механизмдері, гендер мен организмдердің эволюциясы; молекулалық-филогенетикалық талдау, макроэволюциялық өзгерістердің генетикалық негіздері, эволюциялық процестердегі эпигенетикалық өзгерістер.

2023-2026 жылдардағы мәліметтер көрсетілген

пәндер

Ауылшаруашылық генетикасы
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты: өсімдіктердің жаңа сорттары мен жануарлардың жаңа тұқымдарын алу үшін озық ғылыми зерттеулер жүргізу және заманауи генетикалық әдістер мен технологияларды қолдану қабілетін қалыптастыру. Келесі аспектілер қарастырылады: селекция процесін ұйымдастыру және жүргізу технологиясы, түр ішілік және түр аралық будандастыру, өсімдік шаруашылығын-дағы интрогрессия, мутагенез және полиплоидия, гетерозиготалы будандар селекциясы, селекцияның молекулалық-генетикалық әдістері; ассоциация картасы.

Биостатистикада бағдарламалау
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты: R программалау тілін пайдалана отырып статистикалық талдау дағдыларын дамыту, ықтималдық модельдерін құру әдістері, көпөлшемді деректерді статистикалық өңдеу әдістері туралы білімдерін тереңдету. Курс R бағдарламалау тілін зерттеуді қарастырады: R тілінің құрылымы, функциялары, функционалдық бағдарламалау элементтері, статистикалық деректерді талдау және R тілінде графикамен жұмыс; R пакеттері; регрессиялық және дисперсиялық талдау.

Генетиканы оқытудың инновациялық технологиялары
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты: іргелі және қолданбалы зерттеулер саласындағы білімнің интеграциясын ескере отырып, генетикалық пәндерді оқыту қабілетін дамыту. Курста оқытудың жалпы педагогикалық және спецификалық принциптері; генетиканың әдістері, тәсілдері, оқу құралдарының жүйелері; стандартты және инновациялық оқыту әдістері, сыни тұрғыдан ойлауды дамыту технологиялары, модульдік, контекстік және проблемалық оқыту, онлайн және қашықтықтан оқыту, оқыту сапасын бақылау қарастырылады.

Қолданбалы генетика және геномика
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты: генетика, биология және медицинаның әртүрлі салаларындағы күрделі мәселелерді шешу үшін озық ғылыми зерттеулер жүргізу және қолданбалы генетика мен геномиканың заманауи әдістерін қолдану қабілетін қалыптастыру. Келесі аспектілер қарастырылады: жаңа буын секвенирлеу әдістері (NGS), трансгенді өсімдіктер мен жануарларды алу және клондау әдістері; метагеномика, дербес медицина, тұқым қуалайтын аурулардың гендік және эпигенетикалық терапиясы.

Эукариоттардың сигналомикасы
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты – эукариоттық организмдердегі жасушалық сигнализация механизмдерін талдау қабілетін дамыту. Курста эукариоттардағы негізгі сигналдық жолдар (тирозинкиназа рецепторлары, GPCRs, Wnt/β-катенин, Notch, NF-κB), қазіргі молекулалық биология контекстіндегі сигналды беру, сигналомиканы зерттеу әдістері, қолдану. пәнаралық зерттеулердегі сигналомика қарастырылады; сигналомиканы коммерцияландыру үшін тиісті зерттеулер мен стартаптарды модельдеу ұйымдастыру.

2023-2026 жылдардағы мәліметтер көрсетілген

ТӘЖІРИБЕЛЕР

Зерттеу
  • Бақылау түрі - Защита практики
  • Сипаттамасы - Тәжірибе мақсаты: өзекті ғылыми мәселені зерттеуде тәжірибе жинақтау, оқу процесінде алған кәсіби білімдерін кеңейту және өз бетімен ғылыми жұмысты жүргізудің практикалық дағдыларын дамыту. Практика экономикалық білімдерді зерттеу, талдау және қолдану дағдыларын дамытуға бағытталған.

Педагогикалық
  • Бақылау түрі - Защита практики
  • Сипаттамасы - Дәрістерді, семинарларды өткізудің практикалық және оқу-әдістемелік дағдыларын қалыптастыру, ғылыми және теориялық білімдерді, шығармашылық қызметтегі практикалық дағдыларды мамандықтардың пәндерінен сабақ өткізу жағдайында пайдалану; өз заманауи кәсіби техникалары қолдану, оқыту әдісі практикада соңғы теориялық, әдістемелік жетістіктерді қолдануға, оқу-әдістемелік құжаттарды жасауға мүмкіндік береді.

2023-2026 жылдардағы мәліметтер көрсетілген