Иностранным абитуриентам
Радиология

Радиология

БIЛIКТIЛIГІ

  • Клиникалық дайындық - Радиолог-дәрігер

ТҮЛЕКТЕР МОДЕЛІ

1. Радиологиялық зерттеулерді тиімді жүргізу және олардың нәтижелерін интерпретациялау, пациентке оңтайлы нәтижелерге қол жеткізу үшін медициналық көмектің барлық деңгейінде дәлелді медицина принциптерін қолдану негізінде дифференциалды диагностика жүргізу бойынша білім мен дағдыларды біріктіру.
2. Медициналық көмек көрсетудегі стандарттар мен дәлелді тәжірибені, нейрорадиологияда және онкорадиологияда алған білімдерін қолдануға негізделген, дербестендірілген тәсілді ескере отырып, визуальды диагностикада жоғары технологиялық зерттеулер жүргізу.
3. Кәсіби мәселелерді шешу, медициналық көмектің қауіпсіздігі мен сапасын қамтамасыз ету және олардың тиімділігін арттыру үшін жасанды интеллект мүмкіндіктерін және денсаулық сақтаудың ақпараттық жүйелерін қоса алғанда, визуалды диагностикада заманауи ақпараттық-цифрлық және инновациялық технологияларды пайдалану.
4. Науқастармен және олардың отбасымен (немесе заңды өкілдерімен) аурулардың диагностикалық ісшараларын орындау, тиісті араласуды бастау, соның ішінде шұғыл жағдайларды, қәуіп-қәтерлі топтардын скринингтік зерттеулерін жүргізу барысында оң және сенімді қарым-қатынас орнату үшін коммуникациялық дағдыларды тиімді пайдалану.
5. Басқа денсаулық сақтау мамандарымен топтық жұмысты көрсете отырып, этика мен деонтология принциптерін сақтай отырып, емдеу-диагностикалық процесті тиімді қарым-қатынас жасау және басқару үшін пациенттердің адам мінез-құлқы мен психологиясының негізгі ұстанымдар туралы білімді қолдану.
6. Төтенше және өмірге қауіп төндіретін жағдайларда, оның ішінде төтенше жағдайлар, табиғи және техногендік апаттар, пандемиялар кезінде мамандандырылған және жоғары мамандандырылған медициналық көмекті уақтылы және тиімді көрсету.
7. Ұйымдардың және денсаулық сақтау саласындағы медицина қызметкерлерінің қызметін айқындайтын нормативтік құқықтық актілерді басшылыққа ала отырып, радиациялық қауіпсіздік, диагностиканың ұтымдылығы, дәрігер мен пациенттің құқықтарын қорғау шаралары бойынша білімдерді қолдану негізінде қолданбалы диагностикалық зерттеулердің тиімділігі мен қауіпсіздігін бағалау.
8. Кәсіби жауапкершілік пен адалдықтың ең жоғары стандарттарын ұстана отырып, жеке өсуге және өмір бойы білім алуға көңіл бөлу.
9. Кәсіби әдебиеттерді талдау және сыни тұрғыдан бағалау, зерттеу сұрақтарын құрастыру, өзінің күнделікті қызметінде халықаралық деректер қорын тиімді пайдалану, адам денсаулығы және өмір сүру сапасын жақсарту саласындағы білімді жетілдіруге бағытталған ғылыми зерттеулерге қатысу.

Бағдарлама паспорты

Мамандығы
Радиология
Мамандық шифры
7R01115
Факультеті
Медицина және денсаулық сақтау

пәндер

Ағзалар мен жүйелер ауруларының кешенді сәулелік диагностикасы
  • Кредит саны - 12
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Ересектер мен балалардағы барлық ағзалар мен жүйелердің ауруларын кешенді радиодиагностикалау үшін барлық әдістерді, соның ішінде жоғары технологиялық әдістерді қолдану, клиникалық контексте АТ-технологияларды қолдану негізінде жоғары мамандандырылған және дербестендірілген көмек, әсіресе төтенше жағдайларда көп салалы мамандар ұжымында уақтылы, әділетті көмекпен қамтамасыз ету үшін білім мен дағдыларды интеграциялау.

Балалар рентгенологиясы
  • Кредит саны - 12
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Рентген семиотикасы, патогенезі және патоморфологиясы бойынша білімді клиникалық контексте жас ерекшеліктерін, пациенттің және медициналыұ ұызметкердің қауіпсіздігін (оның ішінде радиациялық), әсіресе шұғыл диагностиканың тиімділігін, уақтылығы мен сапасын ескере отырып, қолдану негізінде балалардағы барлық органдар мен жүйелердің аурулары кезінде рентген-зерттеу (алгоритм) және рентген-бейнелерді интерпретациялау дағдыларын меңгеру.

Компьютерлік томография 1: кеуде қуысының мүшелері
  • Кредит саны - 10
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - КТ семиотикасы, патогенезі мен патоморфологиясы бойынша білімін клиникалық контексте қолданып, пациенттің және медицина қызметкерінің қауіпсіздігіне (соның ішінде радиацияға), көп салалы мамандар ұжымында ерекше төтенше жағдайларды диагностикалаудың тиімділігіне, уақтылығына және сапасына назар аудара отырып, ересектер мен балаларда кеуде қуысы ағзаларының аурулары кезінде КТ зерттеу (алгоритм) және КТ-суреттерді талдау білімдерін игеру.

Компьютерлік томография 2
  • Кредит саны - 10
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - КТ семиотикасы, патогенезі мен патоморфологиясы бойынша білімін клиникалық контексте қолданып, пациенттің және медицина қызметкерінің қауіпсіздігіне (соның ішінде радиацияға), көп салалы мамандар ұжымында ерекше төтенше жағдайларды диагностикалаудың тиімділігіне, уақтылығына және сапасына назар аудара отырып, ересектер мен балаларда құрсақ қуысы мен кіші жамбас ағзаларының аурулары, зәр шығару, жүйке және тірек-қимыл жүйесі ауруларын КТ зерттеу (алгоритм) және КТ-суреттерді талдау дағдыларын қалыптастыру.

Магниттік резонансты томография 1: іш қуысы мүшелері және кіші жамбас мүшелері
  • Кредит саны - 5
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - MР- семиотикасы, патогенезі мен патоморфологиясы бойынша білімін клиникалық контексте қолданып, пациенттің және медицина қызметкерінің қауіпсіздігіне (оның ішінде қауіпсіздік техникасына), көп салалы мамандар ұжымында ерекше төтенше жағдайларды диагностикалаудың тиімділігіне, уақтылығына және сапасына назар аудара отырып, ересектер мен балаларда құрсақ қуысы мен кіші жамбас ағзаларының аурулары кезіндегі МРТ зерттеу (алгоритм) және МРТ-бейнелерді талдау дағдыларын оқыту.

Магниттік резонансты томография 2
  • Кредит саны - 15
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - МР-семиотикасы, патогенезі мен патоморфологиясы бойынша білімін клиникалық контексте қолданып, пациенттің және медицина қызметкерінің қауіпсіздігіне (оның ішінде қауіпсіздік техникасына), көп салалы мамандар ұжымында ерекше төтенше жағдайларды диагностикалаудың тиімділігіне, уақтылығына және сапасына назар аудара отырып, ересектер мен балаларда зәр шығару, жүйке және тірек-қимыл жүйесі аурулары кезіндегі МРТ зерттеу (алгоритм) және МРТ-бейнелерді талдау дағдыларын игеру.

Маммологиядағы радиология
  • Кредит саны - 10
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - BI-RADS жүйесі негізінде маммография, томосинтез, компьютерлік / позитронды-эмиссиялық / магниттік резонанстық томография нәтижелерін интерпретациялау, рентгенологиялық семиотика, патогенез және патоморфология бойынша білімді клиникалық контекст бойынша, көп салалы мамандар тобында этика мен деонтологияны сақтай отырып, сүт бездерін зерттеу алгоритмінде радиологиялық зерттеу әдістерін оқыту

Рентгенология 1: тыныс алу және жүрек-тамыр жүйесі
  • Кредит саны - 10
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Рентгендік семиотика, патогенезімен патоморфология білімі бойынша клиникалық контексті қолдану негізінде, пациенттің және медицина қызметкерінің қауіпсіздігіне (оның ішінде радиацияға), көп салалы мамандар ұжымында ерекше төтенше жағдайларды диагностикалаудың тиімділігіне, уақтылылығына және сапасына назар аудара отырып, тыныс алу және жүрек-қантамыр жүйелерінің, кеудеаралық ағзалардың ауруларын рентгендік зерттеу (алгоритм) және рентген суреттерін саралау дағдыларын қалыптастыру.

Рентгенология 2: тірек-қимыл жүйесі
  • Кредит саны - 13
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Рентгендік семиотика, патогенезімен патоморфология білімі бойынша клиникалық контексті қолдану негізінде, пациенттің және медицина қызметкерінің қауіпсіздігіне (оның ішінде радиацияға), көп салалы мамандар ұжымында ерекше төтенше жағдайларды диагностикалаудың тиімділігіне, уақтылылығына және сапасына назар аудара отырып, тірек-қимыл жүйесі ауруларын рентгендік зерттеу (алгоритм) және рентген суреттерін талдау дағдыларын игеру.

Рентгенология 3: ас қорыту, зәр шығару жүйелері
  • Кредит саны - 7
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Рентгендік семиотика, патогенезімен патоморфология білімі бойынша клиникалық контексті қолдану негізінде, пациенттің және медицина қызметкерінің қауіпсіздігіне (оның ішінде радиацияға), көп салалы мамандар ұжымында ерекше төтенше жағдайларды диагностикалаудың тиімділігіне, уақтылылығына және сапасына назар аудара отырып, ас қорыту және зәр шығару жүйесінің ауруларын рентгендік зерттеу (алгоритм) және рентген суреттерін талдау әдістерін оқыту.

Ультрадыбыстық диагностика 1
  • Кредит саны - 10
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Балалар мен ересектердегі жүрек пен қан тамырларының эхо-сонографиясы, патогенез және патоморфология бойынша білімді клиникалық контексте қолдану, АКТ негізінде тиімді қарым-қатынас дағдыларын үйрену, көпсалалы мамандардан тұратын топтардағы шұғыл жағдайларда уақтылы және сапалы диагностика жүргізу негізінде асқорту, тыныс алу және несеп шығару жүйесі аурулары кезіндегі сонография нәтижелерін ультрадыбыстық зерттеу және интерпретациялау дағдыларын оқыту.

Ультрадыбыстық диагностика 2: Эхокардиография
  • Кредит саны - 10
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Балалар мен ересектердегі жүрек пен қан тамырларының эхо-сонографиясы, патогенез және патоморфология бойынша білімді клиникалық контексте қолдану, АКТ негізінде тиімді қарым-қатынас дағдыларын үйрену, көпсалалы мамандардан тұратын топтардағы шұғыл жағдайларда уақтылы және сапалы диагностика жүргізу негізінде жүрек-қан тамырлары аурулары кезіндегі эхокардиография нәтижелерін ультрадыбыстық зерттеу және интерпретациялау дағдыларын игеру.

Ядролық медицина
  • Кредит саны - 10
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Клиникалық контексте радиоизотоптық семиотика, патогенез және патоморфология, кардиология, урология, нейрорадиология және онкорадиология бойынша білімі негізінде, жекелендірілген және уақтылы жоғары технологиялық көмек көрсету үшін инновациялық зерттеу әдістерінің мүмкіндіктерін пайдалана отырып, қауіпсіздікке назар аудара отырып, ядролық медицинада зерттеулер жүргізу және ересектер мен балалардағы диагностикасы қиын соның ішінде онкопатологиясы бар аурулардағы радиоизотоптық бейнелерді талдау.

2023-2026 жылдардағы мәліметтер көрсетілген

пәндер

Визуалды диагностикадағы жасанды интеллект
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Медициналық көмектің тиімділігі мен сапасын арттыру міндеттерін шешудің көмекші құралы ретінде рентген және КТ диагностикасында АТ қолдану мүмкіндіктерін зерттеу үшін зерттеулерді талдау дағдыларын пайдалану: науқастар мен жеке топтағы науқастардың денсаулық жағдайын мониторингтеу және диагностикалау үшін ақпараттық ортаны, цифрлық қызметтер мен дивайстар кешенін қолдану. Зерттеу нәтижелерін, науқастар тізімін сақтау және тарату. Радиологиядағы медициналық кескіндерді талдау үшін жасанды интеллектті қолданудың мүмкіндіктері мен шектеулерін ескеру

Кешенді антенатальды скрининг
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Сәулелік және басқа әдістерді, дәлелді тәжірибені және скринингтік алгоритмдерді қолдану негізінде ұрықтың аномалиясын кешенді антенатальды диагностикалау, оның тиімділігін арттыру, скринингтен түсетін пайданы барынша арттыру және зиянды азайту мақсатында білім мен дағдыларды тереңдету. Цифрлық технологияларды қолдану дағдыларын жетілдіру. Дәлелді медицина деректер қорын қолдану. Ата-аналарға ақпаратты дұрыс жеткізу.

Радиоиммундық диагностика
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Радиоиммунды диагностика онкологиялық, кардиологиялық, эндокриндік және гинекологиялық аурулардағы патологиялық өзгерістерді зерттеудің ең дәл және сенімді әдісі ретінде. Фармакологиялық сынамаларды жүргізу кезінде биологиялық белсенді заттардың (гормондардың, нейротрансмиттерлердің және т.б.) белсенділігі мен реактивтілігін зерттеу деректерін таңдау, жүргізу және түсіндіру дағдылары, аурулар терапиясын дербестендіруге ғылыми негізделген тәсіл.

Радиологиядағы трансляциялық медицина
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Ғылыми зерттеулердің деректерін зерделеу және радиологияда дербестендірілген медицина мен трансляциялық медицинаның жетістіктерін енгізу кезінде сыни талдау дағдыларын дамыту. ПЭТ-КТ және MР семиотикасының клиникалық көріністері мен радиологиялық ерекшеліктері контекстіндегі орфандық аурулардың онкология және геномика, метаболимикасы мен протеиномикасындағы молекулалық зерттеулер. Дәлелді медицина принциптері бойынша деректерді жүйелі бағалауға жүйелі көзқарас.

2023-2026 жылдардағы мәліметтер көрсетілген

ТӘЖІРИБЕЛЕР