Магистратура
Клиникалық психология

Клиникалық психология

БIЛIКТIЛIГІ

  • ғылыми - педагогикалық бағыт - әлеуметтік ғылымдар магистрі

ТҮЛЕКТЕР МОДЕЛІ

1. Денсаулық сақтау саласындағы психологтың кәсіби іс-әрекетін жүзеге асыруда отандық және шетелдік классикалық және заманауи теориялық-әдіснамалық, қолданбалы, салалық бағыттарды терең, сыни тұрғыдан түсіну және жетілген концептуалды білім деңгейін көрсету.
2. Ақпаратты теориялық және эмпирикалық талдауға негізделген клиникалық психология саласындағы үздік әлемдік тәжірибені өз жұмысына кіріктіру.
3. Нейропсихологияның, патопсихологияның және психосоматиканың әдіснамасы мен әдістерін, этикалық нормалар мен принциптерді сақтау негізінде әртүрлі мәселелерді шешуге бағытталған түрлі психотерапевтік мектептердің және бағыттардың клиникалық-психологиялық интервенцияларын қолдану.
4. Проблеманың жай-күйін зерттеу, деректер жинау, сапалық және статистикалық талдау және қорытындыларды тұжырымдау кезеңдерінде теориялық және эмпирикалық әдістерді қолдана отырып, клиникалық психология саласында психологиялық зерттеулердің жобасын және бағдарламасын құрастыру.
5. Клиенттің/пациенттің нозологиялық, әлеуметтік-демографиялық, этномәдени, индивидуалды-психологиялық және басқа да ерекшеліктерінің кешенін ескере отырып психологиялық диагностика және бағалау жүргізу.
6. Клиенттерді/пациенттерді емдеу, оңалту және дамыту мақсаттарына байланысты жеке және топтық форматта психологиялық кеңес беру және психологиялық түзетулер көрсету; олардың нәтижелерін талдау.
7. Денсаулық сақтау саласының өзекті міндеттерін ескере отырып, халыққа психологиялық ағарту және алдын алу бағдарламаларын әзірлеу.
8. Психологиялық сараптама жасаудың әр түрлерін жүргізу кезінде клиникалық психологиялық зерттеу әдістері мен әдіснамаларын жүйелі түрде қолдану және бағалау.
9. Денсаулық сақтау ұйымдарындағы психологтардың кәсіби әрекеті мен психологиялық қызметтердің ұйымдастырушылық мәселелерін өз бетінше және командада шешу.
10.Оқушыларды оқытуда, әдістемелік және тәрбиелік жұмыста оңтайлы стратегиялар мазмұнын жүзеге асыру және талдау, олардың табысты әлеуметтенуіне ықпал ету.
11. Кәсіби және ғылыми қызметті, кәсіби психологиялық жұмысты қолдау үшін әртүрлі кәсіптік құжаттамаларды әзірлеу
12. Нормативтік-құқықтық базаны, тілдерді, өзара әрекеттестіктің, басқарудың, толеранттылық пен қолдаудың философиялық және психологиялық принциптерін білуге негізделген кәсіби ұжымдар ішінде тиімді кәсіби коммуникацияны құру; кәсіби және ғылыми-зерттеу қызметіндегі мәселелер мен шешімдерді қысқаша және анық көрсету

Бағдарлама паспорты

Мамандығы
Клиникалық психология
Мамандық шифры
7M03117
Факультеті
Философия және саясаттану

пәндер

Басқару психологиясы
  • Кредит саны - 3
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты: басқару психологиясының іргелі ұғымдарын зерделеу негізінде жоғары білікті мамандарды ғылыми даярлауды қамтамасыз ету, кәсіби қалыптасу процесінде басқару саласының маңызды аспектілерін теориялық түсіну және практикалық қолдану үшін алғышарттар жасау. Курс психикалық процестердің дамуы мен жұмыс істеу заңдылықтарын, тиімді өзара әрекеттесу және қақтығыстарды жеңу, өзін-өзі дамыту және өзін-өзі таныстыру негіздерін зерттеуге бағытталған.

Ғылым тарихы мен философиясы
  • Кредит саны - 3
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты: философия жайлы әлемді танудың ерекше формасы ретінде, оның негізгі бөлімдерін, проблемалары мен олардың болашақ кәсіби қызмет аясында зерттеу әдістері туралы тұтас жүйелі көзқарас қалыптастыру. Оқу курсы ғылыми-зерттеу жұмысының теориялық және әдіснамалық негізін қалыптастырады.

Ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру және жоспарлау
  • Кредит саны - 6
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты: маманның ғылыми-зерттеу мәдениетін, ғылыми-зерттеу құзыреттілігін, сондай-ақ, ғылымды дамыту және Қазақстан Республикасының индустриялық-инновациялық даму бағдарламаларын іске асыру жағдайында ғылыми-зерттеу қызметін ұйымдастырудың теориялық, әдіснамалық және практикалық негіздерін қалыптастыру;ғылыми зерттеудің әдістемесі мен әдістерінің негіздерін, педагогикалық зерттеудің логикасы мен құрылымы, ғылыми аппарат және зерттеулерді жоспарлау

Жоғары мектептің педагогикасы
  • Кредит саны - 5
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты: жоғары мектептің дидактикасы, білім беру теориясы мен менеджменті, оқытушылық қызметті талдау және өзін-өзі бағалау негізінде жоғары оқу орындары мен колледждерде педагогикалық қызметке қабілеттілікті қалыптастыру. Оқу курсы білім беру мен Болон процесінің даму тенденцияларын зерттеуге бағытталған. Курс оқытушылық және кураторлық шеберлікті, оқыту мен тәрбиелеудің әртүрлі стратегиялары мен әдістерін меңгеруге көмектеседі.

Нейропсихология және психосоматика: теория, әдіснама, диагностика және тәжірибе
  • Кредит саны - 5
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты: нормадағы және әртүрлі аурулар кезіндегі психикалық іс-әрекеттің нейрофизиологиялық механизмдері және психосоматикалық негіздері туралы жүйелі түсініктерді кеңейту және тереңдету. Курста бас мидың локальды зақымы, психосоматикалық және соматопсихикалық бұзылулары бар науқастардың психикалық іс-әрекетінің бұзылыстарын зерттеу негізінде психикалық іс-әрекет механизмдерінің теоретикалық және қолданбалы аспектілері қарастырылады.

Патопсихология және патопсихологиялық диагностика
  • Кредит саны - 6
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты:әртүрлі психикалық және соматикалық аурулар кезіндегі тұлға мен мінез-құлықтың бұзылыстары туралы жүйелі білім мен түсініктерді қалыптастыру. Пәнді оқу барысында магистранттар психикалық бұзылулардың этиологиясын, қазіргі Халықаралық аурулар жіктемесіне сәйкес негізгі психоневрологиялық нозологиялардың патопсихологиялық сипаттамаларын, когнитивті сфераның бұзылыстарының ерекшеліктерін, балалар мен ересектердегі тұлғалық және мінез-құлық, сананың бұзылуларын қарастырады.

Психологиялық қызметтің ұйымдастырушылық-этикалық аспектілері
  • Кредит саны - 5
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты: психолог пен психологиялық қызметтің этикалық және ұйымдастырушылық аспектілері туралы жүйелі түсінік қалыптастыру.Курста этикалық дилеммалар және оларды шешу жолдары, "психолог-клиент" қатынастары саласындағы тәуекелдерді бағалау және басқару, арнайы топтармен жұмыс, психологтың әріптестерімен және жұмыс берушілермен қарым-қатынасы қарастырылады. Психологтың кәсіби қызметінің супервизия, басқарушылық және басқа да ұйымдастырушылық мәселелері зерттелінеді.

Психологиялық сараптаманың әдіснамасы мен әдістері
  • Кредит саны - 9
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты: психологиялық сараптаманың психологиялық тәжірибенің бір түрі ретіндегі түсініктерін, оның ерекшеліктері мен психологиялық қызметтің басқа түрлерінің арасындағы орнын түсіну, психологиялық сараптаманың әр түрлерін жүргізу дағдыларын қалыптастыру. Курс психологиялық сараптаманың әр түрлерін жүргізудің әдіснамасын, принциптері мен процедураларын, сонымен қатар медициналық-әлеуметтік, әскери-медициналық, медициналық-педагогикалық, соттық-психологиялық сараптама шеңберіндегі әдістер мен технологияларды қарастырады.

Тұлға және мінез-құлық бұзылыстарының психологиялық бағалауы
  • Кредит саны - 6
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты: психикалық және соматикалық бұзылыстар құрылымындағы психологиялық фактордың рөлін түсіну, әртүрлі патологиялардағы бұзылулардың психологиялық диагностикасын жүргізу дағдылары мен іскерліктерін қалыптастыру. Курс пациенттердің/клиенттердің нозологиясын, әлеуметтік-психологиялық және басқа да ерекшеліктерін ескере отырып, психикалық әрекеттер кезіндегі бұзылыстарды психологиялық диагностикалау және бағалау әдістерін, технологияларын және процедураларын қарастырады.

Шетел тілі (кәсіби)
  • Кредит саны - 6
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты: шетел тіліндегі сөйлеу мәнерінің әртүрлі түрлерінде практикалық дағдыларды қалыптастыру. Оқу курсы қазіргі жаһандық кеңістіктегі ақпаратты қабылдау, түсіну және аудару, өз зерттеулерін сынақтан өткізу үшін ғылыми іс-шараларға қатысу қабілетін қалыптастырады. Пән шетел тілін білім берудің халықаралық стандарттарына сәйкес құзыреттерді жетілдіруге бағытталған.

2021-2024 жылдардағы мәліметтер көрсетілген

пәндер

Аддикциялардың превенциясы және интервенциясы
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты: аддикциялар туралы жүйелі түсінік және аддиктивті бұзылыстарға ие клиенттермен/пациенттермен практикалық жұмыстың дағдыларын қалыптастыру.Курста тәуелді мінез-құлықты психологиялық диагностиканың, алдыналудың, интервенцияның, оңалтудың заманауи әдістері қарастырылады. Жастық шақтағы химиялық және химиялық емес тәуелділіктермен жұмысқа ерекше назар аударылады.

Әлеуметтік мінез-құлықты компьютерлік модельдеу
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты: психологиядағы моделдердің маңызды аспектілерін түсіну, әлеуметтік мінез-құлықты талдауда компьютерлік моделдеуді қолдану, әлеуметтік мінез-құлықты компьютерлік моделдеуді нақты түсіну қабілеттерін қалыптастыру. Әлеуметтік процестердің нақты формализмін қамтамасыз ететін компьютерлік модельдер, әлеуметтік мінез-құлықты модельдеу ерекшеліктері, жүйенің мінез-құлқын болжау, ішкі және сыртқы мінез-құлық параметрлерінің виртуалды комбинациясы ашылады.

Балалар патопсихологиясы
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты: психикалық денсаулығы бұзылған балалар мен жасөспірімдерге психологиялық диагностика, психокоррекция, кеңес беру үшін қажетті құзыреттіліктерді қалыптастыру. Курста балалардың психикалық дамуына әсер ететін факторлар, психикалық даму бұзылыстары мен девиантты мінез-құлықтың түрлері мен формалары, балалармен және жасөспірімдермен жұмыс істеуде қолданылатын психологиялық алдын алу, диагностикалау және түзету әдістері қарастырылады.

Жеке клиникалық психотерапия
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты: әртүрлі ауруларда (психикалық, жүйке, психосоматикалық) адамның эмоцияларына, пікірлеріне, өзін-өзі тануына кешенді емдік ауызша және вербальды емес әсер ету құзыреттіліктерін қалыптастыру; жеке клиникалық психотерапия әдістерімен психопатологиялық симптомдарды тоқтату дағдыларын дамыту. Курс жеке клиникалық психотерапия негіздерін игеруге, психотерапиялық процестің тәсілдерін, ұйымдастырушылық және мазмұнды мәселелерін, әдістер мен негізгі әдістерді игеруге бағытталған.

Жоғары жүйке қызметі физиологиясының теориялық және әдіснамалық аспектілері
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты: психикалық әрекеттің негізі ретінде жүйке жүйесі қызметінің заңдылықтары туралы, сонымен қатар ми қызметінің және психикалық әрекеттегі бұзылыстар арасындағы байланыс туралы жүйелі түсінік қалыптастыру. Пәнді оқу кезінде магистранттар қалыпты жағдайдағы және психикалық бұзылулар кезіндегі жоғары жүйке қызметінің физиологиясы туралы түсініктерді игереді

Кеңес беру мен психотерапияның заманауи әдістері
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты: психологтың клиникалық жағдайдағы жұмысына қатысты кеңес беру мен психотерапияның заманауи парадигмалары туралы жүйелі көзқарасты, сондай-ақ пациенттермен/клиенттермен психологиялық жұмыс жасау дағдыларын қалыптастыру. Пән әртүрлі психологиялық мектептер мен бағыттар аясында кеңес беру және психотерапия теориясын, әдіснамасын және практикасын зерттеуді біріктіреді; қажетті психологиялық атмосфераны және терапиялық ортаны құруға бағыттайды.

Клиникалық-психологиялық интервенция әдістері
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты: әртүрлі психопатологияларда және психикалық травматизацияда шұғыл клиникалық-психологиялық араласудың кәсіби құзыреттерін қалыптастыру. Курс клиникалық-психологиялық араласу әдістерін практикалық игеруге және тиісті бағдарламаларды жасауға бағытталған. Ерекше мінез-құлықтың когнитивті-мінез-құлық араласу әдістеріне және клиникалық сипаттағы мінез-құлық бұзылыстарына, соның ішінде аффективті спектрдің бұзылуына ерекше назар аударылады.

Қазіргі психологияның тарихы, жағдайы және даму тенденциясы
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты: психологиялық ой дамуының теориялық және практикалық негіздерін меңгеру үшін құзыреттілікті қалыптастыру. Психологиялық идеялардың дамуындағы сапалы өзгерістер, белгілі бір психологиялық тұжырымдаманың пайда болу тарихы, әртүрлі дәуірлердегі психологияның дамуындағы жалпы және айрықша белгілер, әртүрлі ғылыми тұжырымдамалар мен теориялар, өткен және қазіргі психологиялық ойдың жетістіктері ашылады.

Нейропсихология және психосоматика: теория, әдістеме, диагностика және тәжірибе
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты: клиникалық психологияның негізгі практикалық бағыттары туралы біртұтас жүйелік түсінік қалыптастыру, нейропсихология мен психосоматиканың теориялық тәсілдері мен қолданбалы аспектілерін диагностикалау және қолдану практикасы саласындағы құзіреттілікті қалыптастыру. Пән био-психо-әлеуметтік парадигма тұрғысынан нақты практикалық жұмыс процесінде нейропсиходиагностикалық және нейропсихокоррекциялық қызмет моделін ашады.

Отбасылық және топтық психотерапия
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты: отбасымен және топпен психотерапиялық жұмыс процесі туралы, әртүрлі тәсілдерді қолдана отырып, нақты жағдайларда психотерапиялық жұмыстың түрлері мен әдістері туралы тұтас көзқарасты және тиісті құзыреттер мен практикалық дағдыларды қалыптастыру. Курс емдік мақсатта отбасы мүшелері арасында, топтағы қатысушылар арасында, оның ішінде психотерапевтпен туындайтын өзара әрекеттесулер мен қатынастардың жиынтығын қолдануға бағытталған.

Отбасылық психотерапия
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты:клиентке/пациенткепсихологиялықкөмек көрсету құрылымындағы отбасылық психотерапияның орны мен рөлі туралы түсінік қалыптастыру. Пәнді оқу кезінде этикалық нормалар мен принциптерді сақтау негізінде әртүрлі психикалық бұзылулардың алдын алудың, бағалаудың және интервенцияның психологиялық әдістері (бала-ата-ана, некелік, сиблингті қатынастар) қарастырылады.

Психикалық және мінез-құлық бұзылыстарының алдын-алуы
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты: психикалық және мінез-құлық бұзылуларының алдын алудың кәсіби құзыреттілігін қалыптастыру, медициналық, клиникалық ұйымдар мен қоғамдық денсаулық сақтау үшін тиісті алдын алу бағдарламаларын әзірлеу. Әр-түрлі тәуелділікті, невротикалық бұзылуларды, мінез-құлық патологиясың және қалыптан тыс мінез-құлықты алдын-алуға ерекше назар аударылады.

Психологиядағы әдіснама, әдістер және эксперимент
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты: психологиялық әдіснаманы, теорияны, психологиялық зерттеуді және оның ішінде экспериментті зерттеу практикасының ерекше формасы ретінде ұйымдастыруды игеру. Курс психологиялық ғылымның әдіснамалық негіздерімен танысуға, психологиялық зерттеулерді жоспарлау дағдыларын қалыптастыруға, эмпирикалық деректерді алуға және өңдеуге; эксперименттік деректерді алуға, түсіндіруге және ұсынуға бағытталған.

Психологиядағы зерттеу әдістері мен эксперимент
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты: маманның практикалық іс-әрекетіндегі зерттеу жұмысының рөлін түсіну, ғылыми зерттеудің негізгі түсініктерін игеру және бекіту, ғылыми танымның, ізденіс және жинаудың әдістері мен логикасы туралы түсініктер құру, ғылыми ақпараттарлы өңдеу және зерттеу нәтижелерін рәсімдеу қабілетін қалыптастыру. Психологиялық зерттеудің әдіснамалық негіздері, эмпирикалық әдістердің жіктелуі мен сипаттамасы, психологиялық эксперименттің процедурасы мен ұйымдастырылуы ашылады.

Психологиядағы компьютерлік модельдеу және статистика
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты: компьютерлік модельдеу әдістерін және деректерді өңдеудің статистикалық әдістерін қолданудың практикалық дағдыларын игеру арқылы кәсіби психологиялық ойлауды қалыптастыру. Курс нәтижелерді тіркеу дәлдігін арттыру және бастапқы деректерді өңдеу қателерін болдырмау арқылы эксперименттің "тазалығын" арттыру әдістерін зерттеуді қамтиды.

Психологиядағы статистиканың қазіргі әдістері
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты: статистикалық әдістермен зерттеу нәтижелерін талдаудың құзыреттілігін қалыптастыруға және статистикалық ғылымның әдістемелік арсеналының әртүрлілігін игеруге ықпал ету. Статистиканы ғылым ретінде дамытудың негізгі кезеңдері мен бағыттары; ақпаратты статистикалық талдаудың ережелері, әдістері мен әдістері, деректерді сандық және сапалық өңдеудің нақты әдістері, стандартты формулаларды автоматты қолдану ерекшеліктері зерттеледі.

Психологияның теориялық-әдіснамалық негіздері
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты: заманауи психологиядағы әдіснамалық дилеммаларды шешу, зерттеу мәселелерін түсіну, зерттеу әдістерін, кәсіби әдіснамалық білімдерді қолдану, сыни талдау және түсіну қабілетін қалыптастыру. Пән категориялық жүйені, түсіндірме принциптері мен тәсілдерін, психологиялық танымның негізгі мәселелері мен ерекшеліктерін білуге мүмкіндік береді; психологиялық теорияның сапасын бағалау үшін әмбебап критерийлерді қолдануға үйретеді.

Суицидология және дағдарыстық психотерапия
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты: өзіне-өзі қол жұмсау мінез-құлқы мен дағдарыс жағдайы бар адамдарға бағытталған кеңес беру, психотерапиялық және психологиялық ағарту қызметтері саласындағы кәсіби міндеттерді орындауға қабілеті мен дайындығын қалыптастыру. Пән тиісті психологиялық көмек көрсету ерекшеліктерімен таныстырады; суицидтік тәуекелдің физиологиялық, психологиялық және мінез-құлық индикаторларын және жеке тұлғаның дағдарыстық жағдайларын есепке алуға бағдар береді.

Топтық психотерапия
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты: психологиялық көмек көрсету жүйесіндегі топтық психотерапияның рөлі мен орны туралы жүйелі көзқарасты, әртүрлі санаттағы клиенттермен/пациенттермен топтық форматта психологиялық жұмыс жүргізу дағдыларын қалыптастыру. Курс топтық психотерапияның мүмкіндіктері мен шектеулерін, топтық динамикасын, топтық психотерапияның заманауи бағыттарының әдістері мен процедураларын қарастырады. Сонымен қатар, әртүрлі нозологиясы бар пациенттермен топтық жұмыс жүргізу ерекшеліктері де қарастырылады.

2021-2024 жылдардағы мәліметтер көрсетілген

ТӘЖІРИБЕЛЕР

Зерттеу
  • Бақылау түрі - Защита практики
  • Сипаттамасы - Тәжірибе мақсаты: өзекті ғылыми мәселені зерттеуде тәжірибе жинақтау, оқу процесінде алған кәсіби білімдерін кеңейту және өз бетімен ғылыми жұмысты жүргізудің практикалық дағдыларын дамыту. Практика экономикалық білімдерді зерттеу, талдау және қолдану дағдыларын дамытуға бағытталған.

Зерттеу
  • Бақылау түрі - ҒЗЖ қорғау
  • Сипаттамасы - Тәжірибе мақсаты: өзекті ғылыми мәселені зерттеуде тәжірибе жинақтау, оқу процесінде алған кәсіби білімдерін кеңейту және өз бетімен ғылыми жұмысты жүргізудің практикалық дағдыларын дамыту. Практика экономикалық білімдерді зерттеу, талдау және қолдану дағдыларын дамытуға бағытталған.

Педагогикалық
  • Бақылау түрі - Защита практики
  • Сипаттамасы - Дәрістерді, семинарларды өткізудің практикалық және оқу-әдістемелік дағдыларын қалыптастыру, ғылыми және теориялық білімдерді, шығармашылық қызметтегі практикалық дағдыларды мамандықтардың пәндерінен сабақ өткізу жағдайында пайдалану; өз заманауи кәсіби техникалары қолдану, оқыту әдісі практикада соңғы теориялық, әдістемелік жетістіктерді қолдануға, оқу-әдістемелік құжаттарды жасауға мүмкіндік береді.

2021-2024 жылдардағы мәліметтер көрсетілген