- Негізгі бет
- Магистратура
- Білім беру бағдарламалары
- Саясаттану
Саясаттану
БIЛIКТIЛIГІ
- ғылыми - педагогикалық бағыт - әлеуметтік ғылымдар магистрі
ТҮЛЕКТЕР МОДЕЛІ
1. өзінің ғылыми зерттеулері және болашақ оқытушы ретіндегі білім беру қызметін жобалау барысында заманауи саяси ғылым мен оның сабақтас салаларының ғылыми жетістіктерін айқындайтын теориялар мен концепциялар, тәсілдер мен үрдістер туралы терең білімін көрсету;
2. уақыт талабына сай жаңа білімді құру және түсіндіру үшін саяси ғылымда бар білім мен ғылыми зерттеу әдістерін қолдану аясын табу;
3. шет тілінде психологиялық теориялар мен коммуникациялық технологияларды пайдалана отырып, көпмәдениетті қоғамда бейбітшілікті сақтау контекстінде стандартты және стандартты емес кәсіби міндеттерді шешуге мүмкіндік беретін жүйелі түсінікті иелену;
4. өзінің ғылыми зерттеулерінде ішкі саясат пен халықаралық қатынастар фактілері бойынша қолданылатын зерттеу дизайнының әртүрлі түрлерін пайдалана отырып, саяси талдаудың әдістерін, тәсілдерін және техникаларын меңгеру;
5. әлемдік саясаттағы халықаралық жағдайлардың дамуы мен түрленуін қолданбалы талдау әдістерін пайдалана отырып, АҚШ пен ЕО, Шығыс елдері, посткеңестік мемлекеттер мен Орталық Азияның геосаяси аймағының стратегиялық бағыттарын, олардың интеграциялық байланыстарын талдау;
6. басқару процестері шеңберіндегі, олардың мемлекеттік билік органдары мен қоғамдық-саяси ұйымдардағы психологиялық ерекшеліктерін ескере отырып, мәселелерді өз бетінше жоспарлау және шешу;
7. жаңа және бейтаныс мән-мәтіндерде саяси мәселелердің ғылыми негізделген технологиялық шешімін табу;
8. жанжалды шешудің түрлі стратегияларын қолдана отырып, мәдениетаралық және кәсіби қызметте шет тілін біле отырып саяси процестерді саяси сараптау, диагностика және болжауды жүзеге асыру;
9. саяси шешімдер қабылдау және жүзеге асыру үшін, сонымен қатар өз педагогикалық қызметінде қоғам өміріндегі өзекті оқиғаларды және олардың жаңа көзқарастарын анықтау;
10. шет тіліндегі ақпараттық ресурстар мен технологияларды ескере отырып, Қазақстанның көпжақты ішкі және сыртқы саяси қызметі үшін стратегиялық және тактикалық сипаттағы саяси-құқықтық құжаттарды әзірлеу;
11. саяси партиялар, қоғамдық ұйымдар, бизнес-құрылымдар, БАҚ және басқа да саяси процестің акторларына кеңес беру қызметтерін көрсету және талдамалық сүйемелдеуді жүзеге асыру;
12. Қазақстанның ұлттық мұралары мен мәдени құндылықтарына бейінділігін көрсете отырып, әлеуметтік-саяси пәндерді оқытудың классикалық және инновациялық әдістері негізінде жоғары мектепте білім беру қызметінің нәтижелілігін қамтамасыз ету.
Бағдарлама паспорты
пәндер
2021-2024 жылдардағы мәліметтер көрсетілген
пәндер
2021-2024 жылдардағы мәліметтер көрсетілген
ТӘЖІРИБЕЛЕР
2021-2024 жылдардағы мәліметтер көрсетілген