Магистратура
Конфликтологиядағы діни бірегейлік

Конфликтологиядағы діни бірегейлік

БIЛIКТIЛIГІ

  • ғылыми - педагогикалық бағыт - гуманитарлық ғылымдар магистрі

ТҮЛЕКТЕР МОДЕЛІ

1. Қақтығыстардың сипатын, оның туындау себептерін және олардың әртүрлі әлеуметтік институттардағы ерекшеліктерін ғылыми негіздеу;
2. Этностық саясаттың жалпы заңдылықтары мен өзіндік ерекшеліктерін логикалық талдау негізінде этносаралық және конфессияаралық проблемалар мен жанжалдарды шешу жолдарын болжау;
3. Шет тілдеріндегі діни, философиялық, мәдени-саяси, әлеуметтік-психологиялық әдебиеттерді талдау;
4. Дiни мәселелерде де, қоғамда да да диалогқа, толеранттылық пен ымыраға қол жеткiзу үшiн жағдайлар жасауға бағытталған әлеуметтiк бағдарламаларды iске асыру;
5. Ғылыми зерттеулер жүргізу әдістері мен стратегиялары және ғылымның даму заңдылықтары туралы негізгі мәселелер мен пікірталастарды жүйелеу;
6. Жанжал туралы түсініктердің эволюциясы, жанжалдың табиғаты, оның құрылымы, түрлері, себептік факторлары, динамика ерекшеліктері, әртүрлі салалардағы жанжалдардың ерекшеліктері, олармен жұмыс істеудің ықтимал тәсілдері, олардың берік шешілуін қамтамасыз ететін жағдайлар туралы білімді жіктеу;
7. Қоғамдағы жанжалдардың жай-күйін төмендетуге, қоғамның барлық салаларында тұрақтылық пен бейбітшілікті арттыруға бағытталған тиісті бағдарламалар дайындауға қатысу;
8. Этникалық және діни ұйымдардағы жанжалдар туралы өз тұжырымдамасын әзірлей отырып, жанжалдық әлеуетке қатысты сараптамалық рәсімдерді жүргізу;
9. Білім, ғылым және инновациялардың интеграциясын ескере отырып, оқытылатын дінтанулық пәндер бойынша оқу-әдістемелік материалдарды әзірлеу;
10. Зерттеудің қазіргі заманғы әдіснамалық қағидаттары мен әдістемелік тәсілдерін пайдалана отырып, дін саласындағы өзекті мәселелер бойынша оқу және әдістемелік әзірлемелер, ұсынымдар жасау.

Бағдарлама паспорты

Мамандығы
Конфликтологиядағы діни бірегейлік
Мамандық шифры
7M02204
Факультеті
Философия және саясаттану

пәндер

Басқару психологиясы
  • Кредит саны - 3
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты: басқару психологиясының іргелі ұғымдарын зерделеу негізінде жоғары білікті мамандарды ғылыми даярлауды қамтамасыз ету, кәсіби қалыптасу процесінде басқару саласының маңызды аспектілерін теориялық түсіну және практикалық қолдану үшін алғышарттар жасау. Курс психикалық процестердің дамуы мен жұмыс істеу заңдылықтарын, тиімді өзара әрекеттесу және қақтығыстарды жеңу, өзін-өзі дамыту және өзін-өзі таныстыру негіздерін зерттеуге бағытталған.

Ғылым тарихы мен философиясы
  • Кредит саны - 5
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты: философия жайлы әлемді танудың ерекше формасы ретінде, оның негізгі бөлімдерін, проблемалары мен олардың болашақ кәсіби қызмет аясында зерттеу әдістері туралы тұтас жүйелі көзқарас қалыптастыру. Оқу курсы ғылыми-зерттеу жұмысының теориялық және әдіснамалық негізін қалыптастырады.

Ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру және жоспарлау (ағылшын тілінде)
  • Кредит саны - 5
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты ғылыми зерттеу проблемалары мен міндеттерін тұжырымдау, тиісті әдіснаманы таңдау, зерттеу кезеңдерін анықтау, ұйымдарды, бөлімшелерді, қызметкерлер топтарын, жобаларды және желілерді басқару қабілеттерін қалыптастыру; ғылыми процестерді басқару және олардың тиімділігін бағалау үшін талдамалық материалдар дайындау, ғылыми бағыттар шеңберінде қоғам өмірінің әртүрлі салаларындағы процестерді талдау үшін эксперименттік әдістемелерді пайдалану.

Діни қақтығыстарды талдау және басқару әдіснамасы/ /
  • Кредит саны - 5
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты әлеуметтік, кәсіби, полимәдениетті, полиэтникалық, поликонфессиялық қатынастарда қақтығыстарды шешу, реттеу және басқару тәжірибесін қалыптастыру. Пәнді игеру барысында келесі мәселелер қарастырылады: конфессияаралық толеранттылық ғаламдық мәселе ретінде, діни қақтығыстар түрлері, конфессияаралық қақтығыстардың себеп-салдарлары, діни фундаментализм, терроризм, экстремизм, сепаратизм себептері мен салдары, ХХ ғасырда орын алған ірі қақығыстар, діни қақтығыстарды реттеу.

Жоғары мектептің педагогикасы
  • Кредит саны - 5
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты: жоғары мектептің дидактикасы, білім беру теориясы мен менеджменті, оқытушылық қызметті талдау және өзін-өзі бағалау негізінде жоғары оқу орындары мен колледждерде педагогикалық қызметке қабілеттілікті қалыптастыру. Оқу курсы білім беру мен Болон процесінің даму тенденцияларын зерттеуге бағытталған. Курс оқытушылық және кураторлық шеберлікті, оқыту мен тәрбиелеудің әртүрлі стратегиялары мен әдістерін меңгеруге көмектеседі.

Конфликтологиялық зерттеулердің әдіснамасы мен әдістемесі
  • Кредит саны - 5
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты –конфликтологияның теориялық-әдіснамалық негіздерін түсіндіре отырып, халықтың қақтығысқа бейімдік потенциалының ғылыми зерттеу әдістемесі туралы түсінік беру және тәжірибеде қолдана алу дағдысын қалыптастыру. Курс қоғамдағы түрлі этникалық және діни конфликтологиялық құбылыстардың жағдайы туралы білімдер алуға бағытталған эмпирикалық конфликтологиялық зерттеулерді өткізудің әдіснамалық, әдістемелік және ұйымдастырушылық негіздерін оқытады.

Конфликтологияның тарихы және теориялық негіздері
  • Кредит саны - 5
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты қазіргі қоғамдағы орын алған қақтығыстарды, оның тарихы мен теориялық негіздерін білу және түсіну. Курс барысында келесі тақырыптар қарастырылады: конфликтологияның пайда болуының тарихы; қақтығыс ұғымы, оның құрылымы; қақтығыстың пайда болуының қажетті және жеткілікті шарттары; қақтығыс динамикасы, даму кезеңдері; қақтығыстардың эскалациясы заңы; қақтығыстағы тұлғаның мінез-құлық стратегиясы; қақтығыстағы рационалды мінез-құлық.

Радикализация және дерадикализацияның ғылыми-әдістемелік аспектілері
  • Кредит саны - 5
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты радикали-зацияның теориялық тәсіл-дері мен модельдерін, терро-ризмге қарсы құндылықтар-ды қалыптастыру принцип-терін, қоғамның зорлық-зомбылық идеологиясын тұрақты қабылдамауын түсіну. Пән радикалданудың субъектілерін, формалары мен белгілерін, радикалды насихатқа қарсы бағытталған тиімді контрнарративтерді, жастарды, оның ішінде әлеуметтік желілердегі радикалдану процесін зерделеуге бағытталған.

Шетел тілі (кәсіби)
  • Кредит саны - 5
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты: шетел тіліндегі сөйлеу мәнерінің әртүрлі түрлерінде практикалық дағдыларды қалыптастыру. Оқу курсы қазіргі жаһандық кеңістіктегі ақпаратты қабылдау, түсіну және аудару, өз зерттеулерін сынақтан өткізу үшін ғылыми іс-шараларға қатысу қабілетін қалыптастырады. Пән шетел тілін білім берудің халықаралық стандарттарына сәйкес құзыреттерді жетілдіруге бағытталған.

Этно-діни бірегейлік мәселелері
  • Кредит саны - 5
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пән мақсаты: мамандықтың біліктілік талаптары контекстінде құзіреттілік жүйесін қалыптастырудағы этно-діни бірегейлену мәселесін жүйелі түрде зерттеу. Пән аясында бірегейленудің теориялық-методологиялық жақтары; діни және этникалық бірегейлік; этникалық және конфессионалдық бірегейліктің өзара байланысы; исламдағы бірегейлену мәселесі; жаңа діни ұйымдардағы діни бірегейлену мәселесі; Қазақстандағы жаңа діни ұйымдар және бірегейлену мәселесі бойынша тақырыптар оқытылады.

2021-2024 жылдардағы мәліметтер көрсетілген

пәндер

Әлемдік діндердің медиативтік әлеуеті
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты - ғылыми проблемаға технологиялық шешімдерді табу, «діни қақтығыстар» және «діни компонент» ұғымдарының анықтамаларын ажырату. Курс діни медиациядағы қақтығыстарды реттеудің негізгі тәсілдері мен әдістерін, діни көзқарастармен байланысты даулы жағдайларды шешу ісіндегі медиация институттарын, діни құрамы бар қақтығыстардың даму мүмкіндіктерінің пайда болу үрдістерін, діни қақтығыстар аясында медиация мүмкіндіктерін талдауға бағытталған.

Діни қақтығыстарды шешу теориясы мен практикасы
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - КурстыҢ мақсаты діни және конфессияаралық түсініктердің тұтас жүйесін қалыптастыру және қақтығыстарды шешу практикасын меңгеру. Пән діни қақтығыстарды шешудің негізгі заңдылықтарын, діни-саяси өзара іс-қимылдың түрлі үлгілерінің жұмыс істеу тетіктерін, діни жүйелер арасындағы өзара қарым-қатынастардың теориясы мен практикасын, дін және мемлекет арасындағы қатынастардың негізгі нысандары мен типтерін меңгеруге бағытталған.

Діни ілімдердегі әлеуметтік мәселелер
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты: діннің қазіргі мәселелері, қоғамдағы діни ахуал, қазіргі әлемдегі діни ілімдердің рөлі мен орнын талдау. Пәнді игеру барысында қарастырылатын тақырыптар: діни қауымдастықтардың типологиясы: конфессиялар, шіркеулер, секталар; діннің әлеуметтік қызметі; діни ілімдердегі қоғамдық ұйымдардың және әлеуметтік жобалардың моделі, қазіргі заманғы Қазақстанда таралған ЖДА.

Дінтанулық сараптама әдістемесі
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Курстың мақсаты - діни сараптаманың негізгі қағидаттарына және заңнамалық базасына талдау жасау қабілетін дамыту. Курсты игеру барысында дінтаулық сараптама жүргізудің заңнамалық базасы, сараптама жүргізушілерге қойылатын талаптар және этикалық аспектілері, сараптама жүргізудің принциптері мен әдістері қарастырылады.

Дінтанушының кәсіби қызметіндегі қақтығыс шешу
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты - әлеуметтік-конфессиялық және басқа да қақтығыстардың мәні мен түрлерін ашу және сараптама жасау ісінде қақтығыстарды арбитражды шешу технологиясын игеру. Пәнді игеру барысында келесі аспектілер анықталатын болады: діни сипаттағы қақтығыстардың өзіндік, эмпирикалық зерттеулері, рухани мәдениет қақтығыстары; қазақстандық қоғамның рухани саласы, рухани саладағы қақтығыстарды талдаудың әдіснамасы мен әдістемесі.

Конфликтологиядағы діни бірегейлікті теологиялық негіздеу және түзету
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты: діни бірегейлік феноменін, оның қалыптасу процесін, діни әлеуметтенуді, қайта әлеуметтенуді түсінуді қалыптастыру, ауытқыған діни мінез-құлық жағдайында діни бірегейліктің деструктивті нысандарын түзету әдістерін меңгеру. Курсты игеру аясында келесі тақырыптар қарастырылады: діни бірегейлік түсінік ретінде: ғылым және теология; діни сәйкестендіру; діни бірегейлікті құраушылар; діни бірегейлікті түзету.

Қазіргі заманғы геосаяси жағдайдағы діни үрдістер
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты қазіргі заманғы геосаяси жағдайдағы діни үрдістерді әлеуметтік-философиялық талдау мен түсіндіру. Пән діни процестерді құрайтын негізгі қағидаттарды, қарастырылып отырған діни ұйымдардың айырмашылықтарына байланысты конфессиялық ерекшеліктерді есепке ала отырып олардың арақатынасы мен өзара шарттылығын; тұрақтылықты сақтаудағы дінаралық диалогты оңтайландырудың негізгі бағыттарын зерделеуге бағытталған.

Қазіргі Қазақстандағы діни бірегейлік
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пән мақсаты: ғылыми-теориялық зерттеулер барысында алынған нәтижелер бойынша өз бетінше эмпирикалық ұсыныстар бере алу қабілеттерін қалыптастыру. Пән аясында этносаяси үрдістер мен қазақстандық халықтың бірегейлену стратегиялары контекстіндегі этникалықты зерттеудің теориялық-әдіснамалық аспектілері, қазақстандық бірегейлену иерархиясы құрылымындағы этностық феномены, этникалық және ұлттық құндылықтарды когнитивті талдау бойынга тақырыптар қарастырылады.

Мәдениетаралық коммуникациялардағы қақтығыстар
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты: мәдениетаралық коммуникацияның теориялық ережелері туралы түсініктерді қалыптастыру және мәдениетаралық қақтығыстардың себептерін түсіну және түсіндіру. Пәнді игеру барысында мәдениетаралық коммуникация теориясының негізгі ұғымдары мен түрлері; мәдениетаралық қарым-қатынасты шешу тәсілдері; адами қызметтің түрлі салаларындағы мәдениетаралық коммуникацияның рөлі; мәдениетаралық саладағы ғылыми-зерттеу қызметінің методологиясы және технологиясы қарастырылады.

Медиа, дін және қақтығыс
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты діни бірлестіктер мен идеологияларға байланысты қақтығыстардағы медианың рөлі туралы түсініктерді қалыптастыру. Пән бұқаралық ақпарат құралдарындағы жарияланымдардың діни қақтығыстарды қалай ушықтыратынын немесе шешетінін түсіну үшін тарихи және заманауи зерттеулерді, сондай-ақ діни қақтығыстар туралы хабарлау этикасын, бұқаралық ақпарат құралдарының біржақтылығының әсерін, діни топтарды жұмылдыруда әлеуметтік медианы пайдалану ерекшеліктерін қарастырады.

Мемлекеттік-конфессиялық қатынастардың құқықтық негіздері
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пән мақсаты – мемлекеттік-конфессионалды қатынастардың құқықтық негіздері туралы бірегей білімдерді қалыптастыру. Пән отандық мемлекеттік-конфессионалды құқық тарихын, әлемнің түрлі елдерінде мемлекеттік-конфессионалды қатынастарды құқықтық реттеу туралы деректерді, түрлі құқықтық жүйелердегі ар-ождан бостандығы принципін іске асыру, діни сенім төзімділігі мен ар-ождан бостандығының Қазақстандағы құқықтық реформаларды жүзеге асырудағы талпыныстарын нақтылауға бағытталған.

Этникалық және конфессияаралық қатынастардың қазақстандық үлгісі
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пән мақсаты – этникалық және конфессияаралық қатынастарды реттеудің заманауи қазақстандық үлгісінің негізгі бағыттарын зерттеу. Пәнді игеру аясында қазақстандық қоғамның әлеуметтік-экономикалық және саяси өзгеруі жағдайында өзекті болып табылатын факторлар мен этноконфессиялық қатынастар, материалды жетістіктің критерийлеріне сай халықтың қабаттарға бөлінуі, діннің рөлі мен этностың маңызының артуы және миграциялық ағындарды күшеюі сияқты мәселелер қарастырылады.

2021-2024 жылдардағы мәліметтер көрсетілген

ТӘЖІРИБЕЛЕР

Зерттеу
  • Бақылау түрі - Защита практики
  • Сипаттамасы - Тәжірибе мақсаты: өзекті ғылыми мәселені зерттеуде тәжірибе жинақтау, оқу процесінде алған кәсіби білімдерін кеңейту және өз бетімен ғылыми жұмысты жүргізудің практикалық дағдыларын дамыту. Практика экономикалық білімдерді зерттеу, талдау және қолдану дағдыларын дамытуға бағытталған.

Педагогикалық
  • Бақылау түрі - Защита практики
  • Сипаттамасы - Дәрістерді, семинарларды өткізудің практикалық және оқу-әдістемелік дағдыларын қалыптастыру, ғылыми және теориялық білімдерді, шығармашылық қызметтегі практикалық дағдыларды мамандықтардың пәндерінен сабақ өткізу жағдайында пайдалану; өз заманауи кәсіби техникалары қолдану, оқыту әдісі практикада соңғы теориялық, әдістемелік жетістіктерді қолдануға, оқу-әдістемелік құжаттарды жасауға мүмкіндік береді.

2021-2024 жылдардағы мәліметтер көрсетілген