Магистратура
Тарих

Тарих

БIЛIКТIЛIГІ

  • ғылыми - педагогикалық бағыт - гуманитарлық ғылымдар магистрі

ТҮЛЕКТЕР МОДЕЛІ

ON1 Ұлттық тарих, дүниежүзі тарихы, тарихи демография, мәдени мұра тарихының кәсіби саласында ғылыми-зерттеу жұмысын жүргізу, тарихи зерттеудің әдістері мен аспаптары саласында ғылыми танымды дамытудың қазіргі кезеңдегі жағдайы мен үрдістері туралы терең білімін көрсете білу;
ON2 «Жаңа тарихи ғылымда» (микротарихи, макротарихи, тарихи-антропологиялық және т.б.) қалыптасқан жаңа тәсілдерді қолдану болашағын және қазіргі заманғы ғылымда пәнаралық тәсілдерді құрастыру мен эвристикалық зерттеу моделінқолдану амалдарынжасау;
ON3 Тарихи зерттеу әдістерінің дамуы мен өзгерісіне талдау жасау және өзара байланысты әлеуметтік-гуманитарлық пәндерге (менталдылық, антропология, психология, филология, тіл білімі тарихы) пәнаралық тәсілдерді қолдану стратегияларын ажырату;
ON4 Қазіргі кезеңде қолданылатын пәнаралық тәсілдер негізінде қазіргі заманғы зерттеу тәжірибелерін жүйелі түрде түсінетінін көрсету, пәнаралық тәсілдер дамуын және олардың тарихи білім салаларында қолданылу болашағына талдау жасау;
ON5 Отандық және дүниежүзілік тарих саласындағы ғылыми әдіс-тәсілдер мен негізгі үрдістерді талдау, салыстыру, шет мемлекеттердің әлеуметтік-экономикалық, саяси, конституциялық-құқықтық дамуының іргелі мәселелерін зерттеудің жаңа тәсілдерінің мәнін түсіндіріп беру;
ON6 Ұлттық мемлекеттің этникалық, этномәдени және демографиялық үдерістерін зерттеу қағидаларын жасау, алған білімдерін жинақтау, танымдық және кәсіби қызметінде Қазақстанның тарихи демографиясы ғылыми тұжырымдамасының қолданылу ерекшеліктерін түсіндіру;
ON7 Зерттеу жұмыстарының тақырыптарымен танысуға арналған ғылыми ізденістерді жоспарлау, жұмыстың мақсатын, зерттеу міндеттері мен тарихи зерттеу әдістерін негіздеу және әлеуметтік-гуманитарлық, сонымен қатар жаратылыстану ғылымдарыныңнақты логикалық және математикалық әдістерін қолдану;
ON8 Әлемдік білім беру жүйесі мен герменевтикалық, интуитивті-тұлғалық, ақиқаттық бірегей ғылыми зерттеулерді біріктіретін зерттеу рәсімдері мен әдістерін меңгеру;
ON9 Мәдени мұраны сыни тұрғыда талдау және олардың тарихи, саяси, әлеуметтік, экономикалық, демографиялық, этникалық, мәдени, діни ерекшеліктерін ескере отырып, қазіргі заманғы білім беру жүйесіне бейімдеу;
ON10 Алған білімдерін тарихи ғылымды дамытуға, стандартты ғылыми және кәсіби міндеттерді шешуге пайдалану, негізгі тарихи міндеттерді, зерттеу әдістерін зерттеу мен жүйелеуге байланысты мәселелерді саралау;
ON11 Аналитикалық және зерттеу орталықтарының, қоғамдық және мемлекеттік ұйымдар мен бұқаралық ақпарат құралдарының практикалық қызметін жүзеге асыруға қажетті ақпаратты дайындау және өңдеуге сарапшылық-аналитикалық дағдыларды қолдану;
ON 12 Ағылшын, түрік және т.б. тілдерде кәсіби байланыстар орнату және кәсіби қарым-қатынасты дамыту техникасын меңгеру, оны қолдану, шетелдік және отандық тарихи ғылымда әлеуметтік-гуманитарлық білімді дамыту және өзгерту мүмкіндігін анықтау.

Бағдарлама паспорты

Мамандығы
Тарих
Мамандық шифры
7M02210
Факультеті
Тарих

пәндер

Әлем тарихының іргелі мәселелеріне инновациялық тұрғыдан зерттеу
  • Кредит саны - 6
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Курсты оқу барысында дүниежүзі тарихының іргелі мәселелерін зерттеудің жаңа концептуалдық тұжырымдамалары талданады, Тарихты кезеңдеудің критерийлері мен нұсқалары, антикалық кезеңнен ортағасырларға өтудегі континуитет пен дисконтинуитет мәселесі, дәстүрлі қоғамнан индустриалдық қоғамға өтудің революциялық және эволюциялық жолдары, жаңа және қазіргі заманның саяси теориялары мен альтернативтік идеологиялары, қарастырылады не тұрғыдан қарау, ұлт-азаттық қозғалысы мен отарлық империялардың ыдырауы қарастырылады, әлемдегі орталықтан безіну және орталыққа ұмтылу тенденциялары талданады.

Басқару психологиясы
  • Кредит саны - 3
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты: басқару психологиясының іргелі ұғымдарын зерделеу негізінде жоғары білікті мамандарды ғылыми даярлауды қамтамасыз ету, кәсіби қалыптасу процесінде басқару саласының маңызды аспектілерін теориялық түсіну және практикалық қолдану үшін алғышарттар жасау. Курс психикалық процестердің дамуы мен жұмыс істеу заңдылықтарын, тиімді өзара әрекеттесу және қақтығыстарды жеңу, өзін-өзі дамыту және өзін-өзі таныстыру негіздерін зерттеуге бағытталған.

Ғылым тарихы мен философиясы
  • Кредит саны - 3
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты: философия жайлы әлемді танудың ерекше формасы ретінде, оның негізгі бөлімдерін, проблемалары мен олардың болашақ кәсіби қызмет аясында зерттеу әдістері туралы тұтас жүйелі көзқарас қалыптастыру. Оқу курсы ғылыми-зерттеу жұмысының теориялық және әдіснамалық негізін қалыптастырады.

Ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру және жоспарлау (ағыл.)
  • Кредит саны - 6
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты: ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру мен жоспарлауда практикалық дағдыларды қолдану, ғылыми зерттеу бағыттары туралы білімдерін жүйелеу және қолдану қабілеттерін қалыптастыру. Пән зерттейді: ғылыми мақалалар мен диссертацияларды жоспарлау, ұйымдастыру және ресімдеудің нысандары мен әдістері; презентацияларда, баяндамаларда, жобаларда, мақалаларда ғылыми зерттеу нәтижелерін қорытындылау түрлері.

Жоғары мектептің педагогикасы
  • Кредит саны - 5
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты: жоғары мектептің дидактикасы, білім беру теориясы мен менеджменті, оқытушылық қызметті талдау және өзін-өзі бағалау негізінде жоғары оқу орындары мен колледждерде педагогикалық қызметке қабілеттілікті қалыптастыру. Оқу курсы білім беру мен Болон процесінің даму тенденцияларын зерттеуге бағытталған. Курс оқытушылық және кураторлық шеберлікті, оқыту мен тәрбиелеудің әртүрлі стратегиялары мен әдістерін меңгеруге көмектеседі.

Көпшілік тарих
  • Кредит саны - 5
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пән тарихи жад пен қоғамдық тарих саласында өзара байланысын анықтау үшін, қазіргі тарихи әлемде қалай сынға алынып, қалай қолданылатыны туралы нақты мысалдарға байланысты мәселелерді зерттеуге бағытталған.Пән мұрағаттар мен кітап сақтау қорларында, баспа басылымдары, мұражай экспозициялары, туристік экскурсиялар, коммеморациялық тәжірибелер, іріктеу критерийлері және мәдени мұраларды сақтау жолдары арқылы тарихты ұсынудың әртүрлі жолдарын зерттеуге бағытталған.

Қазіргі тарихи ғылымдағы пәнаралық әдістер
  • Кредит саны - 9
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты білім беру процесінің коммуникативті мәтінін түсіну және бағалау қабілетін қалыптастыру. Курс білім беру субъектілерінің оң өзара іс-қимылын түсінудің, білім беру қызметтерін таңдаудың теориялық-әдіснамалық негізін қалыптастырады; коммуникациялардың білім беру процесіне әсерін, жеке коммуникативтік ресурстарды, жаңа коммуникативтік технологияларды интеграциялауды, әлеуметтік коммуникациялар мен коммуникативтік практикаларды игеруді зерделеуге бағытталған.

Отан тарихының өзекті мәселелері
  • Кредит саны - 6
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Курстың мақсаты - ұлттық тарихты зерделеудің жаңа теориялық және әдіснамалық тәсілдерін, соның ішінде ғылыми-зерттеу стратегияларының және тарихнамалық жаңалықтардың өзгеруін талдау қабілетін қалыптастыру. Курс қазіргі заманғы когнитивті парадигмалардың эпистемологиялық тамырын, ауызша тарих, тарихи география, әлеуметтік және экономикалық тарих мәселелеріне пәнаралық тәсілдерді зерттейді.

Тарихнама және деректанудың теориялық-методологиялық мәселелері
  • Кредит саны - 5
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты: пәннің ерекшеліктерін, міндеттерін, микротарих әдістерін түсіну қабілетін қалыптастыру, микро-және макро-зерттеу тәжірибелерін ұштастыру мүмкіндігі туралы қазіргі тарихи ғылымда бар пікірлерді синтездеу. Курс микротарихтық зерттеу бағытының проблемалық өрісін, микротарихтың мәселелері мен ұғымдық аппаратын, түрлі ұлттық тарихнамалық мектептерде микротарихтың пайда болуы мен дамуының негізгі кезеңдерін зерттейді.

Шетел тілі (кәсіби)
  • Кредит саны - 6
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты: шетел тіліндегі сөйлеу мәнерінің әртүрлі түрлерінде практикалық дағдыларды қалыптастыру. Оқу курсы қазіргі жаһандық кеңістіктегі ақпаратты қабылдау, түсіну және аудару, өз зерттеулерін сынақтан өткізу үшін ғылыми іс-шараларға қатысу қабілетін қалыптастырады. Пән шетел тілін білім берудің халықаралық стандарттарына сәйкес құзыреттерді жетілдіруге бағытталған.

2021-2024 жылдардағы мәліметтер көрсетілген

пәндер

Әлемдік тарихи кеңістіктегі дала өркениеті
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Курсты оқу барысында магистранттар келесі аспектілермен танысады: өркениеттердің тарихи типтерін, өркениет типтерінің тарихи үдерістерге сай дамуы мен өзгеруін анықтау. Курс аясында өркениеттің пәні, негізгі теориялары ашып қарастырылып, Дала өркениетіне анықтама беріледі. Бұдан басқа аталмыш мәселені зерттейтін негізгі ғылыми мектептер қарастырылады.

Византияның тарихы мен мәдениеті
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Византия тарихы және мәдениеті» курсының мақсаты византиялық мемлекеттің тарихы мен мәдениетін зерттеп және грек мәдениет дәстүрінің даму ерекшеліктерін ортағасырлық тарихи кезең шеңберінде қарастыру. Берілген курстың зерттеу объектісі болып мың жылдай өмір сүріп, шығыс рим империясының соңғы ғасырларынан 1453 жылдағы түріктердің жаулап алынуына дейін өмір сүрген византия империясының тарихы мен мәдениеті, ортағасырлық христиандық мемлекеттер болып табылады.

Демографиялық және миграциялық саясат
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәнді оқу кезінде магистранттар келесі аспектілерді зерттейді: саясаттағы демографиялық және көші-қон үрдістерінің тиімділік негіздерін, қоғамдағы адам дамуының үдерістеріне байланысты болжамдарды құрастырудағы көрсеткіштердің маңызын анықтайтын болады. Курс аясында демографиялық және көші-қон саясатының мәні, негізгі принциптері, адамның демографиялық мінез-құлқын басқару, саясаттағы халықтану мәселелерінің сипаттамалары мен құндылықтары бойынша қазіргі заманғы түсініктері ашылады.

Европалық отарлық империялардың тарихы
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Ұсынылып отырған курс Еуропа отарлық империяларының Жаңа Дүниені игеруден басталып қалыптасу тарихының негізгі теореиялық мәселелері мен нарративтерін қамтиды Пәнді оқу барысында «отаршылдық», «отарлық империя», «отар» және «метрополия» сияқты тарихи тү сініктердің мәні қарастырылады, Британ, Француз, Ресей және Голланд отарлық империяларының тарихы талданады. .

Ежелгі және ортағасырлық Қазақстан тарихын зерттеудегі түркі факторы
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Бұл курс түркі әлемі тарихының бір бөлігі ретінде қазақ халқының этно-, саяси-, мәдени мәселелерін,оның ішінде пән аралық зерттеулердің жаңа деректерін контекстіндегі дәстүрлі дүниетанымның қалыптасу кезеңдерін, этномәдени синтез процестерін,зерттеуд іқамтиды.

Еуразия өркениеті мен тарихындағы ғұндар
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты ұлыстардың Ұлы көші-қонын анықтайтын Еуразиядағы ғұндардың тарихымен байланысты нақты нақты тарихты сипаттау және талдау мүмкіндігін қалыптастыру, бұл курс ерте орта ғасыр тарихын меңгерудің негізін құрайды. Курс барысында, ғұндардың күнделікті өмірі, жаңа археологиялық жетістіктер негізінде анықталған ғұндардың материалдық мәдениеті, әскери өнері мен қару-жарақтары қарастырылады.

Еуропалық Одақтың Орталық Азиядағы стратегиясы
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Курс – Орталық Азияда белсенді әрекет ететін халықаралық акторлардың бірі – Еуропалық Одаққа арналған. Курстың мақсаты – Еуропалық Одақ пен Орталық Азия арасындағы өсіп келе жатқан екі жақты байланыстардың динамикасын, мақсат пен құндылықтардың бірқатар жиынтығын құрайтын Орталық Азия-Еуропалық Одақ стратегиясын, Орталық Азия елдерінің ерекшелігін, аймақтық ынтымақтастықтың жеке ұстанымын ескерген.

Империялар зерттеудегі заманауи көзқарастар
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәнді оқып-үйрену кезінде магистранттар келесі аспектілерді зерттейді: империялық, ұлттық және «аймақтық» терминдер империялар мен ұлттық қозғалыстардың тарихымен байланысты мәліметтермен жұмыс жасау кезінде; империялар мен ұлтшылдық тарихы туралы қазіргі ғылыми және публицистикалық еңбектерге талдау және сыни тұрғыдан баға беру; зерттеу нәтижелерін жариялау және пікірталастарда өз көзқарастарыңызды қорғау.

Қазақ интеллегенциясының тарихы мен тағдыры (ХV- XXI ғ. басы)
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәнді оқу барысында магистранттар келесі аспектілермен танысады: тарихтағы тарихи тұлғалардың рөлі мен қызметіне ғылыми талдау, тұлғалардың тарихи типтерін сыныптау, тарихи тұлғалардың және олардың әлемдік және ұлттық тарихтағы рөлі мен орнына қатысты қазіргі көзқарастарды талдау.

Қазақ хандығының құрылуының өзекті мәселелері
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Саяси сахнада және Шығыс Дешті – Қыпшақ территориясында ұлттық қазақ мемлекетінің пайда болуы біріншіден ежелден ХҮ ғасырға дейінгі саяси, әлеуметтік, этникалық, мәдени, рухани және мемлекеттік үдерістің заңды қорытындысы, екіншіден осы аудандағы барлық тарихи үдеріс пен бастамалар Қазақ хандығының тарихымен тікелей байланысты. XV ғасыр ортасында құрылған Қазақ хандығы - қазақ халқының ұлттық сипаттағы мемлекеті. Курсты оқу барысында магистранттар Қазақстан аумағындағы мемлекеттіліктің теориялық мәселелерімен танысады. Сондай-ақ Қазақстан аумағындағы мемлекеттер тарихымен таныса келе, Қазақ хандығы құрылғанға дейінгі мемлекеттік дамудың сабақтастық және үздіксіздік принципі сақталғанына көздерін жеткізеді. Қазақ хандығы құрылуындағы өзекті мәселелер: тақырыптың теориялық мәселелері, деректік, тарихнамалық мәселелері, саяси, этникалық алғышарттар, қазақ хандарының шығу тегі мәселелері, хандықтың құрылуының барысы мен кезеңдері мәселелері, тарихи маңызы секілді тақырыптар қарастырылады. Сондай-ақ "қазақ" этнонимі мәселесі де жеке тақырып ретінде қарастырылады.

Қазақстандағы дәстүрлі ислам генезисі
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты тарих, шығыстану ғылымдарының соңғы нәтижелерін есепке ала отырып жергілікті исламның пайда болуының кезеңдері мен факторларын, және оны исламның жалпы қағидаттары мен түркі этномәдениетінің синтезі ретінде қабылдау, төл мұсылман мәдени дәстүрінің заңды құбылыс екеніне қисынды аргументтер жүйесін құрастырып беру, әртүрлі діни ағымдардың төркінін ажырата білуге және исламның ұлттық моделін негіздеуге қабілет.

Қазақстандағы тоталитарлы социализм
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - 1917 жылы билік басына келген кеңес үкіметінің құрмамында болып, нәтижесінде еліміздің коммунистік қоғамның утопиялық идеялары жүзеге асты. Соған орай курсты оқыту барысында кеңестік биліктің жүргізілуі, репрессиялау саясатының орын алуы мен оның жүргізілу кезеңдері, тоталитарлық социализмның басты көріністері нақтыланады. Әсіресе тоталитарлық жүйе тұсындағы күштеу саясатының салдары, түрлі эконмикалық реформалар мен оларды жүзеге асуырудағы асыра сілтеушіліктер, ұлттық автономияларда жүргізілген күштеу саясаты салыстырмалы түрде қарастырылады.

Қазақстандағы ұлттық қозғалыстар тарихы
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Бұл пән Қазақстан тарихы жалпы курсының құрамдас бөлігі ретінде XYІІІ ғасырдың екінші жартысынан бастап, ХХ ғасырды 80-ші жылдарының ортасына дейінгі аралықты қамтиды. Курста елі мен жерінің тәуелсіздігі мен теңдігі үшін орын алған ұлт-азаттық күрестер, олардың шығу себептері, көтерілістердің жалпы салдары мен бүгінгі таңдағы тарихи маңызы жаңаша көзқарастар негізінде оқытылады. Магистранттар әлемдік дамуды талдауға, жеңілдетілген талдауға, тарихи білім базасындағы әлеуметтік бағдарлауды, тарихи құбылыстың өзара байланысы мен келісілгендікті түсінуді үйретеді.

Қазақстанның халық тұрғындары
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Курстың мақсаты – Халықтың демографиялық және көші-қон сипаттамаларының мәселелерін шешуде демографиялық даму көрсеткіштерін көрсететін құрылымдарға әлеуметтік ғылыми зерттеулер жүргізу барысында білімі мен зерттеу дағдыларын қолдана білу қабілетін қалыптастыру. Курсты оқу барысында магистранттарда төмендегідей қабілеттерді қалыптастыру: 1. халықтану мәселелерін зерттеу үшін 2009 жылғы санақ көрсеткіштері мен 2019 жылғы ағымдық көрсеткіштерді қолдану теориясы мен тәжірибесінің қазіргі жағдайын түсіну; 2. халық санағының негізгі статистикалық көрсеткіштері мен ағымдағы көрсеткіштерді ғылыми зерттеудің ерекшеліктері мен әдіснамалық мәселелерін талдау; 3. демографиялық үдерісті басқарудың тиімділігін арттыру мақсатында Қазақстан халқының нәсілдік, тілдік, этникалық, діни құрамын сипаттау және қолдану.

Орталық Азия халықтарының көшпелі мәдениетінің этно-геосимволикасы
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Бұл курс түркі әлемі тарихының бір бөлігі ретінде қазақ халқының этно-, саяси-, мәдени мәселелерін, оның ішінде пәнаралық зерттеулердің жаңа деректерін контекстіндегі дәстүрлі дүниетанымның қалыптасу кезеңдерін, этномәдени синтез процестерін,зерттеуді қамтиды.

Орталық Азия халықтарының рухани және мәдени тарихтағы тұлғалардың рөлі мен орны(кросс-тәртіптік тәсіл)
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәнді оқу барысында магистранттар төмендегі аспектілермен танысады: Орталық Азия халықтарының тарихи және мәдени байланыстарының маңызын кросс-тәртіптік тәсіл негізіндеанықтау. Курс аясында Орталық Азия халықтарының тарихи және мәдени байланыстарының негізгі принциптері, кросс-тәртіптік тәсілнегізінде тұрғындардың демографиялық мінез-құлқын басқару, халық тұрғындарының саны қазіргі пікірлер сипаттамалары және құндылықтары бойынша ашылады.

Орталық Азия халықтарының тарихи және мәдени қарым-қатынасы (кросс-тәртіптік тәсіл)
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәнді оқу барысында магистранттар төмендегі аспектілермен танысады: Орталық Азия халықтарының тарихи және мәдени байланыстарының маңызын кросс-тәртіптік тәсіл негізіндеанықтау. Курс аясында Орталық Азия халықтарының тарихи және мәдени байланыстарының негізгі принциптері, кросс-тәртіптік тәсілнегізінде тұрғындардың демографиялық мінез-құлқын басқару, халық тұрғындарының саны қазіргі пікірлер сипаттамалары және құндылықтары бойынша ашылады.

Орталық Азиядағы мәдениетаралық өзара іс -қимыл (ежелгі және орта ғасырлар)
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Бұл курс ежелгі және орта ғасырлардағы Орталық Азиядағы мәдениаралық өзара әрекеттестіктің сипаты мен формаларын түсінуге бағытталған. Курсты оқып үйрену мәдени аралық өзара әрекеттестіктің әдіснамалық, тарихи және мәдени аспектілерімен - кеңістік, диалог, «басқалар», аймақтың картиналық картографиясымен, негізгі баяндауыштар мен, дінаралық өзараіс-қимылмен және оның көркемдік және артефактілердегі символдықкөрінісі мен танысуға мүмкіндікбереді.Сондай-ақ, курста қазіргі заманғы мәдениет аралық өзара іс-қимыл, ЮНЕСКО бағдарламалары және осы саладағы іс-шаралар қарастырылады.

Орталық Азияның визуал тарихы (XIX-XX)
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Бұл курс келесі мәселелерді зерттеуді қамтиды: визуалды зерттеудің теориялық негіздері, мәтін ретінде көрнекі, көрнекі көздердің негізгі түрлері (суреттер, көркем суреттер, карталар, плакаттар), Ресей империясындағы фото өнерінің қалыптасуы және Орталық Азия аймақтары, империяның көрнекі бейнелердегі алуан түрлілігі, империяның көрнекі суреттемелерінің ерекшелігі, саяси мәдениеттің бейнеленуі, 1920-1930 жылдардағы Кеңес өкіметінің бейнелері.

Тәуелсіз Қазақстанның демографиялық даму тарихы
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Курстың мақсаты - демографиялық және көші-қон саясаты, қазіргі жағдайдың өзекті мәселелері туралы ғылыми түсінік қалыптастыру, жалпыұлттық санақ және жаһандық реттелмейтін көші-қон кезеңінде демографиялық және көші-қон өзгерістерін ғылыми зерттеуде алынған нәтижелерді қолдану қабілетін қалыптастыру. Курсты оқыту барысында магистранттарда төмендегі қабілеттерді қалыптастыру: 1. Саясаттағы демографиялық және көші-қон процестерінің теориясы мен тәжірибесінің қазіргі жағдайын түсіну; 2. Саясаттағы демографиялық және көші-қон процестерінің негізгі көрсеткіштерін ғылыми зерттеудің ерекшеліктері мен әдіснамалық мәселелерін талдау; 3. Саяси процесті басқарудың тиімділігін арттыру мақсатында демографиялық және көші-қон процестерін зерттеу әдістерін қолдану және сипаттаую

Тоталитарлық жүйедегі жастар саясатының тарихы
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - 1917-1991 жылдардағытоталитарлық жүйе кезіндегі Қазақстандағы жастар саясаты мен оның жүзеге асу тарихы қарастырылады. ХХ ғасыр басында ұлттық бағытта құрылған жастар ұйымдарының тұншықтырылып, кеңестік кезеңде тоталитарлық жүйе шырмауында қалған жастар саясатының мән-жайы айтылады. Қазақстандағы алғашқы жастар ұйымдарының көрнекті қайраткерлерінің өмірі мен қызметі, жалынды жастардың қоғамдағы еңбектері мен ерліктер.

Ұлттық тарихтың өзекті мәселелері
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәнді оқу барысында магистранттар келесі аспектілерді қарастырады: ұлттық тарихты зерттеудегі дәстүрдің рөлі, ұлттықтарихты зерттеудің негізгі қағидаттарын айқындау, Қазақстанның ұлттық тарихының тарихи кезеңдерінің ерекшеліктерін жіті қарастыру. Курс шеңберінде ұлттық тарихты зерттеудің пәні, әдіснамасына, әлемдік тарихтағы қазіргі бағыттар мен мектептерге көңіл бөлінеді.

2021-2024 жылдардағы мәліметтер көрсетілген

ТӘЖІРИБЕЛЕР

Зерттеу
  • Бақылау түрі - Защита практики
  • Сипаттамасы - Тәжірибе мақсаты: өзекті ғылыми мәселені зерттеуде тәжірибе жинақтау, оқу процесінде алған кәсіби білімдерін кеңейту және өз бетімен ғылыми жұмысты жүргізудің практикалық дағдыларын дамыту. Практика экономикалық білімдерді зерттеу, талдау және қолдану дағдыларын дамытуға бағытталған.

Педагогикалық
  • Бақылау түрі - Защита практики
  • Сипаттамасы - Дәрістерді, семинарларды өткізудің практикалық және оқу-әдістемелік дағдыларын қалыптастыру, ғылыми және теориялық білімдерді, шығармашылық қызметтегі практикалық дағдыларды мамандықтардың пәндерінен сабақ өткізу жағдайында пайдалану; өз заманауи кәсіби техникалары қолдану, оқыту әдісі практикада соңғы теориялық, әдістемелік жетістіктерді қолдануға, оқу-әдістемелік құжаттарды жасауға мүмкіндік береді.

2021-2024 жылдардағы мәліметтер көрсетілген