- Негізгі бет
- Магистратура
- Білім беру бағдарламалары
- Мұнайхимия
Мұнайхимия
БIЛIКТIЛIГІ
- ғылыми - педагогикалық бағыт - техника ғылымдарының магистрі
ТҮЛЕКТЕР МОДЕЛІ
Осы бағдарлама аяқталғаннан кейін магистранттар келесілерге қабілетті болады деп күтілуде:
1. Мұнай, газ және бейдәстүрлі көмірсутек шикізатын қайта өңдеу үдерістерінің заманауи, жаңа және нанотехнологиялар саласында өздерінің терең білімдерін көрсету.
2. Мұнай химиясы саласындағы теория мен практикадан бастап, заманауи және нанотехнологияларға дейінгі салаларда, мұнай-химия және мұнайды қайта өңдеу катализаторларының синтезіндеөздерінің білім деңгейін көрсету.
ON3. Меңгерген білімдерін мұнай химиясы өндірісінде сапаны басқару бойынша жобалық шешімдерді әзірлеу мақсатында қолдана білу.
4. Органикалық және мұнай химиясы синтезі үдерістерінде қолданылатын шикізат компоненттерін алудың қолданыстағы және перспективалық технологиялары мен әдістерін сыни бағалау.
5. мұнай химиясы және газды қайта өңдеу өндірістерінде орын алатын экологиялық мәселелердің деңгейін шешуге және бағалауға, сондай-ақ оларды шешудің тиімді жолдарын табуға қабілетті болу.
6. Мұнай, газ, табиғи энергия тасығыштар мен көміртегі материалдарын қайта өңдеудің жаңа технологияларын жасау бойынша физика-химиялық және инженерлік-технологиялық шешімдерді ұсыну және негіздеу.
7. Мұнайды, көмірсутекті газдарды және мұнай-битуминозды жыныстарды қайта өңдеудің химиялық-технологиялық процестерін әзірлеу кезінде туындайтын стандартты кәсіби міндеттерді шешу тәсілдерін ұсыну.
8. Процестерді жүргізу барасында энергия ресурстарының шығынын төмендету үшін мұнай өңдеу кәсіпорындарында қолданылатын шешімнің техникалық тәсілдерінің әдістері мен негізгі іс-шараларын қолдану.
9. Мұнайхимиясындағы әдеби, теориялық және эксперименталдық зерттеулер нәтижесінде алынған дәлелдік базаны пайдалана отырып, ғылыми пікірталас жүргізуге қабілетті болу.
10. Гетерогенді және гомогенді катализаторлардың құрылысы, сондай-ақ олардың қатысуымен өтетін өзгеру механизмі саласында мұнай химиясы зерттеулерін жоспарлауға шығармашылық көзқарас таныту.
11. Энергияны үнемдеу технологиясы негізінде технологиялық регламент талаптарына сәйкес берілген сападағы өнімді ала отырып, мұнай өңдеу бойынша қондырғыларды жобалау.
12. Өз шешімдері мен тосынойларын іске асыру, зерттеу және басқару қызметін табысты жүзеге асыру. Философияның түрлі мәселелері бойынша жеке дүниетанымдық ұстанымын қалыптастыру және оларды дәйекті түрде қорғай білу.
Бағдарлама паспорты
пәндер
2022-2025 жылдардағы мәліметтер көрсетілген
пәндер
2022-2025 жылдардағы мәліметтер көрсетілген
ТӘЖІРИБЕЛЕР
2022-2025 жылдардағы мәліметтер көрсетілген