Білім деңгейіМагистратура
Шекті балл (ақылы бөлім)75
ФакультетФилология
ID1469
Бағдарлама туралы
Қазақ филологиясының ғылыми-теориялық негіздерін, оны зерттеудің инновациялық әдістерін меңгерген ғылыми қызметкер, білім беру мекемелерінде заманауи технологияларды қолдана білетін академиялық біліктілігі жоғары оқытушы, масс-медиа редакторын, ғылым және білім беру, басқару-әкімшілік саласындағы менеджер дайындау.
Түлек моделі
1. ЖОО-да оқытуға қажетті алдыңғы қатарлы әдістемелік, теориялық, тәжірибелік ұғым-түсініктерді, заманауи технологияларды қолдана отырып, білім беру мекемелерінде кәсіби педагогикалық қызметті жүзеге асыру.
2. БАҚ саласында, ақпараттық-аналитикалық орталықтарда басымдыққа ие тақырыптарды іріктеу: түрлі дереккөздерден маңызды деректерді жинау, талдау, саралау. Материалды БАҚ форматының талабына және аудитория сұранысына сай сәйкестендіру. Материалды редакциялауда автор ойының мағынасын толық ашатын әдістерді қолдану, мәтінді орфография, пунктуация ережелеріне сәйкес түзету, публицисткалық стильге сай өңдеу.
3. Қазақ филологиясының негізгі заңдылықтарына сүйеніп, тіл мен әдебиет теориясы, тарихы салаларының қағидаларын меңгеріп, жаңа ғылыми парадигмалар негізінде белсенді үдерістерді, пәнаралық өзекті мәселелерді айқындауда білімнің когнитивтік нәтижелерін құзыреттілік құралы ретінде пайдалану.
4. Пәнаралық білім негізінде филологиялық зерттеу әдіснамасын меңгеріп, зерттеу жүргізуде заманауи әдістердің басым және әлсіз тұстарын бағалай отырып, технологиялық шешімін табу.
5. Қазақ тілінің синхрониялық сипатын іргелі филологиялық білім негізінде диахрониялық тұрғыда саралау. Салыстырмалы-тарихи, этимологиялық, типологиялық зерттеу әдістерін пайдалана отырып сөздіктер құрастыруға қатысу.
6. Басқару-әкімшілік саласында, құзырлы орындарда, тіл саясаты бөлімдерінде филолог-маман ретінде тілдік жағдаятты экстралингвистикалық үдерістермен байланыстыра отырып баға беру. Басқару психологиясын игере отырып, білім беру және ғылым саласында менеджер болу.
7. Лингвопоэтика, лингвокогнитология, лингвоэкология, лингвоаксиология, графемология, психолингвистика, функционалды стилистика т.б. тіл білімі бағыттарының теориялық және әдіснамалық негізін меңгеріп, өзекті ғылыми-теориялық тақырыптар бойынша жоба ұсыну, ұжымдық зерттеу жұмыстарына қатысу.
8. Алаштық зерттеушілердің тұжырымдарын бүгінгі таңдағы тіл біліміндегі жаңа бағыттармен, инновациялық парадигмалармен байланыстыра талдау.
9. Әлемдік ғылым кеңістігіндегі философияның ролін зерделеу. Қазіргі ғылыми парадигмалар аясында ғылым тарихы, философия, психология, педагогиканың теориялық-әдіснамалық қағидаттарын білім беру және кәсіби мақсаттағы мәселелердің шешімін табуда қолдану.
10. Ұлттық кодты – ұлттық құндылықтардың негізі, түпқазығы ретінде қарастырып, оның тілдегі көрінісіне түркі және қазақ ғұламалары еңбектері негізінде когнитивтік кешенді талдау жасау.
11. Ғылыми зерттеу үдерісінде және тиісті кәсіби салада қарым-қатынас құралы ретінде шет тілдерін қолдана білу.
12. Білім беру бағдарламасының бейініне сәйкес, әлемдік халықаралық тәжірибеге, ұлттық құндылықтарға, тіл мен әдебиеттің қағидаларына (антропоөзектілік, андроөзектілік, мәтін, мәнөзектілік) негізделген магистрлік диссертация жазу, дәйексөз индексі жоғары «Scopus» деректер базасындағы, БҒСБК ұсынған журналдарда мақалалар жариялау.
13. Ұлттық әдебиет дамуында дара орындары бар ұлы тұлғалардың өмірбаяндық, шығармашылық ізденістерін кешенді түрде саралау, ғылыми зерттеу жүргізу. Әдеби шығармаларды зерттеуге қатысты талдаудың қазіргі әдістерін сыни бағалау.
14. Ұлттық әдебиеттің құрылымын зерттеу бағыттары мен көркемдік-эстетикалық ерекшеліктерін, философиялық-әдістемелік мәселелерін саралау, көркем шығарманы мәдениет феномені ретінде талдап, жалпы адамзаттық құндылықтардың аксиологиясы ретінде қарастыру.

Байланыс
Алимтаева Ляззат Тургыновна - 87757488343 lazalim_72@mail.ru
Қабылдау
1) Бакалавриатты аяқтағаны жайлы диплом+ қосымшалары (түпнұсқасы)
2) Жеке куәлігі (түпнұсқа және көшірме -2 дана)
3) Сертификат КТ
4) Фото 3×4 – 6 дана
5) Шет тілін меңгергенін растайтын сертификат ( болған жағдайда)
6) 0/75у нысаны бойынша медициналық анықтама