- Негізгі бет
- Магистратура
- Білім беру бағдарламалары
- Шығыстану
Шығыстану
БIЛIКТIЛIГІ
- ғылыми - педагогикалық бағыт - гуманитарлық ғылымдар магистрі
ТҮЛЕКТЕР МОДЕЛІ
Берілген ББ тәмамдаған білім алушылардан күтілетін қабілеттер:
1. өзекті ғылыми проблемаларды шешуде әртүрлі пәндік салалар бойынша сарапшылармен бірлесе отырып және тілдік білімді, басқа елдердің мәдениеті мен салт –дәстүрлері бойынша білімін пайдалана отырып халықаралық контекстегі өзара әрекет пен ынтымақтастықты дамыту;
2. талдау және сараптама жасау жұмыстарында тілдік дағдылары мен білімін пайдалану, кәсіби қызметіне байланысты тақырыптарға дикуссия жүргізу;
3. шығыстану пәндері бойынша білім беру қызметін (практикалық және семинар сабақтары бойынша) жоспарлау, ұйымдастыру және практикалық жүзеге асыру бағдарламаларын ұсыну;
4. кәсіби тұрғыда ары қарай даму үшін жаңа ақпараттық технологиялар мен ресурстарды, отандық және шетелдік ғылымның жетістіктері туралы материалдарды іздеу, сақтау және өңдеудің қазіргі заманғы әдістерін қолдану;
5. Шығыс елдеріндегі дәстүрлі және қазіргі процестердің жаңа және бейтаныс контексінде ғылыми проблемалардың технологиялық шешімдерін табу;
6. алған білімін шығыстану ғылымының өзекті проблемалары бойынша өзіндік ғылыми зерттеуге айналдыру.
7. қоғамдық және саяси құбылыстардың өзара байланысына сыни тұрғыдан баға беру, Шығыс елдеріндегі әлеуметтік және экономикалық процестерге болжам жасау;
8. әлемдегі діни және мәдени жағдайды талдау барысында өзінің тұжырымдамасын құру үшін Шығыс туралы ғылымның пәнаралық контексінде филологиялық және тарихи материалды зерттеу әдістерін пайдалану;
9. оқитын Шығыс елінің әлеуметтік-экономикалық, мәдени-тарихи, қоғамдық қатынастар саласындағы өзекті мәселелері бойынша өз ұстанымын негіздеу;
10. шығыс тіліндегі жазба ескерткіштерді жазылған кезеңі, авторлары, жанры, тақырыптары бойынша жіктеу және әртүрлі жазба деректерді өзіндік талдау дағдысын көрсету;
11. кәсіби мазмұндағы мәтіндерді аннотациялау және шығыс тілінен қазақ/орыс тілдеріне аудару;
12.ЖОО-да оқу процесін жүзеге асыруда шығыстану пәндерін оқытудың дәстүрлі және инновациялық тәсілдері мен технологиясын қолдану;
13.Сөйлеу әрекетінің барлық түрлерінде шет тіліндегі қарым-қатынас дағдыларын белсенді түрде жүзеге асыра отырып, ғылым тарихы мен философиясы, жоғары оқу орындарының педагогикасы, басқару психологиясы саласындағы іргелі және концептуалды білімді пайдаланады;
14.Шығыс елін жан-жақты зерттеу мәселелерін шеше білу және оның негізгі географиялық, демографиялық, экономикалық және әлеуметтік-саяси ерекшеліктері туралы білімдерін педагогикалық қызметте пайдалану.
Бағдарлама паспорты
пәндер
2022-2025 жылдардағы мәліметтер көрсетілген
пәндер
2022-2025 жылдардағы мәліметтер көрсетілген
ТӘЖІРИБЕЛЕР
2022-2025 жылдардағы мәліметтер көрсетілген