Магистратура
Физика

Физика

БIЛIКТIЛIГІ

  • ғылыми - педагогикалық бағыт - жаратылыстану ғылымдарының магистрі

ТҮЛЕКТЕР МОДЕЛІ

1.ON1– теориялық физика, жылуфизика, плазма физикасы және медициналық физика салаларындағы эксперимент нәтижелерін интерпретациялау және өлшеудің қателіктерін бағалаумен деректерді қою, алу;
2.ON2 – қазіргі заманғы теориялар мен физикалық модельдерді, құбылыстар мен процестерді тарту арқылы эксперименталды мәліметтер алынғанын түсіндіру;
3. ON3 - теориялық физика, жылуфизика, плазма физикасы және медициналық физика салаларында құбылыстар мен процестерді есептеуді жүргізу және модельдерді құру үшін компьютерлік бағдарламалармен, математикалық және сандық әдістермен еркін жұмыс істеу;
4. ON4 - физикалық жүйелердің әр түрлі параметрлерінің тәуелділігін, графиктерін құру;
5. ON5- алынған есептер, зерттеулер мен эксперименттер нәтижелерін сыни бағалау, жүргізілген жұмыс бойынша есеп құру;
6. ON6- бірлескен мақсаттарға қол жеткізу және міндеттерді іске асыру үшін нақты физикалық проблемалар бойынша ғылыми нәтижелерді негіздеу;
7. ON7- дағдыларды көрсету және тыңдаушылар алдында өз білімін барынша меңгеретін түрде баяндау тиімді;
8. ON8- қазіргі педагогикалық технологияларды қолдану және материалдарды баяндауда аудиторияның психологиялық және жас ерекшеліктерін ескеру;
9. ON9- заманауи технологиялардың көмегімен оқу нәтижелерін бағалау;
10. ON10- оқытудың оңтайлы нәтижелерін алу үшін студенттерді ынталандыру және ұйымдастыру;
11. ON11- инновациялық әдістемелерді қолдану арқылы қашықтықтан оқыту технологияларын қолдану;
12. ON12- өзінің болашақ мамандығының мәні мен әлеуметтік маңыздылығын түсіну, оған тұрақты қызығушылық таныту, ЖОО-да оқу үрдісінде кәсіби шеберлікті меңгеру үшін қажетті дене дайындығының тиісті деңгейіне жету.

Бағдарлама паспорты

Мамандығы
Физика
Мамандық шифры
7M05308
Факультеті
Физика-техникалық

пәндер

Басқару психологияcы
  • Кредит саны - 3
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты басқару психологиясының іргелі түсініктерін түсіндіру, кәсіби тұрақтану процесінде басқару аймағының аспектілерін теориялық және тәжірибелік қолдану алғышарттарын анықтау қабілеттілігін қалыптастыру. Оқу курсы топтық құбылыстар мен процестерді басқару психологиясы бойынша заманауи көзқарастарды түсінуді қалыптастырады. Пән келесі мәселелерді оқытуға бағытталған: басқару психологиясының, басқару қарым-қатынастағы жеке тұлға, жеке тұлғаның мінез-құлқын басқару негізгі принциптері.

Ғылым тарихы мен философиясы
  • Кредит саны - 3
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты: философия жайлы әлемді танудың ерекше формасы ретінде, оның негізгі бөлімдерін, проблемалары мен олардың болашақ кәсіби қызмет аясында зерттеу әдістері туралы тұтас жүйелі көзқарас қалыптастыру. Оқу курсы ғылыми-зерттеу жұмысының теориялық және әдіснамалық негізін қалыптастырады.

Ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру және жоспарлау (ағылшын тілінде)
  • Кредит саны - 5
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пән жоғары сапалы және бәсекеге қабілетті ғылыми зерттеулерді жоспарлау және жүргізу үшін қажетті дағдыларды қалыптастыруға бағдарланған. Оқу курсы ғылыми зерттеу процесінің теориялық және әдіснамалық негізін, олардың мақсаттарын, міндеттерін, жүзеге асыру кезеңдерін, сондай-ақ нәтижелерді қолдану салаларын қалыптастырады. Пән ғылыми әдістеменің негіздерін, әдеби-эксперименттік зерттеулер жүргізу әдістемесін, ғылыми жарияланымдар мен жобаларды дайындау және рецензиялау ережелерін зерттеуге бағытталған.

Жоғары мектептің педагогикасы
  • Кредит саны - 5
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты-жоғары мектеп оқытушысының кәсіби-педагогикалық мәдениетінің негіздерін меңгеру, педагогикалық іс-әрекеттің құзыреттілігін, іскерлігін және дағдыларын қалыптастыру. ЖОО-дағы педагогикалық аксиология негіздері (оқыту, тәрбиелеу, әдістемелік, зерттеушілік), әдістемелік инновациялық технологиялар, педагогикалық такт, этика ережелері, тәрбиелік іс-шаралардың стратегиясы мен әдістері, қазіргі ғылыми парадигмалардағы педагогиканың орны, оның гуманитарлық білім контексіндегі жаңа ғылыми фактілері қарастырылады.

Заманауи физиканың негізгі принциптері
  • Кредит саны - 5
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты - қазіргі замаңғы физиканың негізгі принциптерін, физикалық жүйелер симметриясының кеңістік-уақыт координаттар түрлендірулеріне салыстырмалы сақталу заңдарымен байланыстарын мазмұндау. Магистранттарға физикалық құбылыстар заңдылықтарының терең түсінігін беру. Магистрант қазіргі замаңғы физиканың негізгі принциптерінің айқын түсінігін иелену керек. Осы пән шеңберінде: салыстырмалылық принципі; Галилей мен Лоренцтің түрлендірулері; ковариантты түрдегі физика теңдеулері; симметрия принципі, суперпозиция, белгісіздік принципі; сәйкестік принципі; энергияның сақталу заңы және уақыттың біртектілігі; импульстің сақталу заңдары және қозғалыс мөлшерінің моменті; кеңістіктің айна симметриясы және жұптылықтың сақталу заңы; тепе-тең бөлшектер мен бөлшектер статистикасы; күшті әрекеттесудің заряд тәуелсіздігі; заманауи физиканың негізгі принциптері.

Көп бөлшекті жүйелерді компьютерлік модельдеу
  • Кредит саны - 5
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәнді оқытудың мақсаты - көп-бөлшекі жүйелердін компьютерлік модельдеу әдістері, мақсаттары мен міндеттері туралы магистранттардың идеяларын қалыптастыру; магистранттарды классикалық және кванттық көп-бөлшекі жүйелерді компьютерлік модельдеудің заманауи әдістерімен таныстыру, көп-бөлшекі жүйелердің физикалық қасиеттері мен сипаттамаларын есептеу қабілетін дамыту; Пәнді оқу нәтижесінде магистранттар төмендегі мәселелерді қарастырады: Плазмадағы әр түрлі процестерді сипаттайтын сызықты емес, дифференциалдық, интегралдық теңдеулерді шешу және талдау үшін теориялық әдістер. Плазмадағы физикалық объектілердің, құбылыстардың, процестердің модельдерін құру. Монте-Карло, молекулалық динамика және квазибөлшектер әдістері. Осы әдістерді нақты есептерде жүзеге асыру. Плазмадағы процесстерді математикалық модельдеудің сандық әдістерімен, әр қайсысының артықшылығы мен кемшілігімен студенттерді таныстыру, сандық әдістерді қолданудың шегін салыстыру және көрсету, плазма физикасындағы есептерді шешу үшін сандық әдістерді қолдану қабілетін қалыптастыру.

Өрістің кванттық теориясына кіріспе
  • Кредит саны - 5
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты-теориялық физикада белсенді қолданылатын кванттық өріс теориясының негізгі ұғымдарын және кванттық өрістердің физикалық құрылымын теориялық түсінудің негізін қалыптастыру. Бұл пән аясында Янг-Миллс классикалық өріс теориясының және кванттық өріс теориясының негізгі қағидалары, калибрлік өрістердің квантталуы және сәйкес Фейнман диаграммаларын құру үшін ұйытқу теориясының формализмі, асимптотикалық еркіндік пен конфайнмент құбылысы, электрлік әлсіз өзара әрекеттесу теориясының негіздері (стандартты модель) оқытылады.

Теориялық физикадағы жуықтап есептеу әдістері
  • Кредит саны - 5
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты физикалық теңдеулерді шешудің алгоритмдерін жасау және қазіргі заманғы компьютерлік пакеттермен және бағдарламалармен есептеулерді жүргізу қабілетін қалыптастыру. Бұл курс физикалық мәселелерді шешудің сандық әдістерін және оларды компьютерге енгізу; теңдеулер жүйесін шешудің компьютерлік бағдарланған әдістері; физикалық проблемаларды шешудің түпкілікті нәтижелерін көрсету үшін компьютерлік бағдарламаларды пайдалану; Гаусс әдісі; Монте-Карло әдісін түсіндіреді.

Шетел тілі (кәсіби)
  • Кредит саны - 5
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты: шетел тіліндегі сөйлеу мәнерінің әртүрлі түрлерінде практикалық дағдыларды қалыптастыру. Оқу курсы қазіргі жаһандық кеңістіктегі ақпаратты қабылдау, түсіну және аудару, өз зерттеулерін сынақтан өткізу үшін ғылыми іс-шараларға қатысу қабілетін қалыптастырады. Пән шетел тілін білім берудің халықаралық стандарттарына сәйкес құзыреттерді жетілдіруге бағытталған.

Ядролық астрофизика
  • Кредит саны - 5
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты магистраттарға астрофизикадағы заманауи мәселелер және жұлдыздық заттардағы ядролық реакциялар туралы білімдерін қалыптастыру. Пән Ғаламның эволюциясы, нуклеосинтез және космохронология мәселелерін ядро және бөлшектер физикасы тұрғысынан зерттеуге бағытталған. Ғаламда болып жатқан процестерде ядролардың пайда болуы мен ыдырау механизмдерімен, сондай-ақ олардың жоғары энергиядағы өзара әрекеттесуімен салыстыру жүргізіледі. Ғаламды зерттеудегі ядролық физика әдістерінің мүмкіндіктері зерттеледі.

2022-2025 жылдардағы мәліметтер көрсетілген

пәндер

Биоинформатика
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты медициналық физика саласындағы ғылыми зерттеулер үшін компьютерлік технологияларды пайдалану қабілетін қалыптастыру және биологиялық деректерді түсіну үшін қажетті негізгі әдістер мен бағдарламалық құралдарды білу, биологиялық объектілерді модельдеу әдістерімен және күрделі биологиялық жүйелер мен процестердің модельдерін жасау кезінде қолданылатын әртүрлі тәсілдермен танысу. Пән шеңберінде: медициналық физика бойынша міндеттерге қатысты биоинформатиканың негізгі принциптері; биоинформатиканың әртүрлі әдістерінің жіктелуі, осы әдістердің ерекшеліктері мен шектеулері; биоинформатика бойынша есептерді шешудегі заманауи технологиялар; биоинформатика бойынша зерттеулер үшін қолданылатын әртүрлі компьютерлік бағдарламалық кешендердің жұмыс принциптері зерделенетін болады.

Бөлшектер физикасындағы кинематикалық әдістер
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты-физикалық қондырғыларды әзірлеу және пайдалану саласындағы зерттеулер үшін соқтығысатын ядролық жүйелерге қатысты Шредингер теңдеуін шешуді үйрену. Пән нуклон-нуклон өзара әрекеттесуін; нуклон резонанстарын; нуклон күштерінің хиральды теориясын; кванттық хродинамикасының хиральды симметриясын, оның өздігінен бұзылуын; мезон алмасу токтарын; адрондардың ядролармен дифракциялық әрекеттесуін және бірнеше шашырауды зерттеуге бағытталған.

Жалпы салыстырмалылық теориясында (ЖСТ) денелердің қозғалыс мәселелері
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты магистранттарға Эйнштейннің гравитация теориясы механикасының негізгі есептері және әдістері жайлы түсініктерді беру. Курсты оқу барысында магистрант төмендегідей білімдерді меңгереді: 1. жалпы салыстырмалық теориясының математикалық аппаратын түсіну; 2. өз еркімен Эйнштейннің гравитация теориясының қолданбалы және теориялық есептерін шығару; 3. Фок әдістерін Эйнштейн теңдеулерін шешу барысында қолданып бейімделу. 4. ЖСТ математикалық аппаратын қолдану 5. Эйештейннің гравитация теориясының мәселелерін тұжырымдау Пәнді оқу нәтижесінде студенттер төмендегі мәселелерді қарастырады: Жалпы салыстырмалық теориясының механикасы. Шварцшильд метрикасы, Керр метрикасы, жуық метрикалар, гармониялық шарты, Фок бойынша метриканы қатарға жіктеу, Фок бойынша квазистационар жуықтауында Эйнштейн теңдеулерін шешу. Лензе-Тирринг есебі. Эйнштейн теңдеулерінің дәл және жуық шешімдері және олардың астрофизика мен космологияның қолданбалы есептеріне пайдаланылуын қарастыру.

Жалпы салыстырмалылық теориясындағы (ЖСТ) заманауи мәселелері
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәнді оқытудың мақсаты: магистранттарда пән туралы түсінік қалыптастыру, сондай-ақ оларды жұлдыздар эволюциясы мен галактика динамикасы пәнінің мақсаттары және міндеттерімен, негізгі бөлімдерімен, осы салада қолданылатын принциптермен, әдістермен және формализмдермен таныстыру. Осы пән аясында қараңғы материя мен қара энергия мәселелерін түсіндіру үшін жалпы салыстырмалылық теориясының квантталуы мәселелерін шешу үшін, оны дамыту мен жалпылаудың қазіргі заманғы тәсілдері, яғни астрономиялық деректерді түсіндірудің заманауи теориялық тәсілдері оқытылатын болады.

Жалпы салыстырмалылық теориясындағы (ЖСТ) орнықтылық мәселелері
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәнді оқытудың мақсаты – магистранттарға орбиталық тұрақтылық туралы мәлімет беру және жалпы салыстырмалық механикада векторлық элементтерге қатысты орнықтылық мәселесі туралы білім беру. Жалпы салыстырмалық теориясындағы денелер қозғалысының тұрақтылығы мәселелерінің қысқаша тарихи мәліметі берілген және қисық уақыт-кеңістігіндегі тұрақтылық мәселесінің дұрыс тұжырымдасы беріледі. Әр-түрлі гравитациялық және электрмагнит өрістерінде сынақ дененің қозғалысының класстары Ляпунов және Лагранж бойынша тұрақтылық және тұрақсыздыққа зерттеледі.

Жылуфизикасындағы эксперименталдық әдістер
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты – жылуфизикалық тәжірибелерді жүргізуге керекті білімдер мен машықтарды беру, магистранттарды жылу физикалық тәжірибелерде қолданылатын қазіргі заманауи техникалар мен методикалармен таныстырумен қатар ол техникалар мен әдістерді меңгеру; Пән аясында магистранттар төмендегі мәселелерді қарастырады: Температураны, қысымды, жылдамдықты, сұйықтық шығынын, газды және басқа да физикалық шамаларды өлшеу әдістемесі. Өндірісте және тұрмыста практикалық есептік тапсырмаларды пайдалану. Қазіргі заманғы бақылау-өлшеу техникасының негіздері, өлшеу және бақылау дәлдігін қамтамасыз ету әдістері, өлшеу теориясының негізгі ережелері, өлшеу және бақылау құралдарын оңтайлы таңдау бойынша қажетті мәліметтер; арнайы курстардың магистратурасында оқылатын физикалық құбылыстарды түсіну; жылуфизикалық эксперименттің негізгі әдістері; ғылыми-зерттеу жұмысы мен анықтамалық әдебиетпен жұмыс істеу дағдыларын беру.

Импульстік плазмодинамика
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты - магистранттардың плазма физикасындағы теориялық және эксперименттік деректерді түсіндіру және оның негізгі параметрлерін бағалау дағдыларын дамыту. Пән аясында магистранттар келесі мәселелерді қарастырады: импульсті қондырғылардың жұмыс істеу принциптерін және құрылымдарын бiледі; импульсті плазманы зерттеу және тәжірибелік алу әдiстерiн, плазма генераторларын, плазма үдеткiштерiн және диагностикалау әдiстерiн біледі; плазмалық импульсті қондырғылардың жұмыс істеу негiздеріне жататын физикалық құбылыстарды түсiнеді. Плазманың физикасының формулалары бойынша негiзгi плазма параметрлерiнiң бағалауға икемi болады. мәселелердiң қазiргi күйiн бүтiндiк суреттеу үшін дәрiстер, ғылыми журналдар мен кiтаптардан алған білімдерін интегралдай алады.

Кванттық хромодинамикаға кіріспе
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәнді игерудің мақсаты кварктар мен глюондардың күшті өзара әрекеттесуінің калибрлеу теориясы ретінде кванттық хромодинамиканың (КХД) негіздерін, абельдік емес калибрлеу теориясы ретіндегі КХД ерекшеліктерін және кварктар мен глюондардың қатысуымен адрон физикасындағы қарапайым процестерді есептеу әдістерін меңгеру болып табылады. Пән магистранттарға КХД – лагранжианның негіздемесі мен құрылымын; КХД-дағы диаграмма техникасының ережелерін; КХД негізіндегі ауыр кварконийлердің қасиеттерін сипаттаудың негізгі тәсілдерін; құрылымдық функциялар мен партондық бөлу функциялары тұрғысынан жоғары энергиялы адрондардың соқтығысу процестерін сипаттаудың негізгі принциптерін білуге бағытталған.

Кванттық хромодинамиканың математикалық аппаратына кіріспе
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты заманауи элементар бөлшектер физикасы саласындағы адрондық физикасының түрлі процестерін сипаттау қабілетін қалыптастыру. Бұл курс кванттық абельдік емес өріс теориясы сияқты кванттық хромодинамиканың негіздері; ауытқу теориясының шеңберінде жоғары энергиялардағы күшті өзара әсерлесу процестерінің теориялық сипаттамасы; КХД Лагранжианы; калибрлік инварианттық; КХД-дағы қайта нормалау; терең серпімді емес шашырау процестерін үйретеді.

Кванттық шашырау теориясы
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты - магистранттарға Шредингердің релятивистік емес теңдеуіне сүйене отырып, кванттық шашырау теориясының негіздерін беру. Пәнді оқу аясында магистранттар келесі мәселелерді қарастырады: Шашырау амплитудасы жəне дифференциалдық көлденең қимасы; осы шамалардың негізгі, практикалық мағынасы бар потенциалдары үшін Борндық жуықтаудағы есептеулерін көрсету – орталық-симметриялық потенциалдары – кулондық потенциал, экрандалған кулондық потенциал,сфералық шұңқыр, гаусс потенциалы, экспоненциалдық потенциал жəне дельта тəрізді потенциал; шашырау формфакторы, парциалдық толқындар әдісі, оптикалық теорема, Глаубердің көп-мәрте шашырау теориясы, әр-түрлі санақ жүйелері. Кванттық шашырау теориясындағы негізгі шамаларды қарастыру және оларды есептеу әдістері.

Кванттық-механикалық модельдеудің заманауи әдістері
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәнді оқытудың мақсаты Плазмада болатын физикалық процестерді терең түсіну, физикалық есептерді шешуде және плазмадағы процестерді модельдеуде компьютерлік тіл білімін қолдануға ерекше көңіл бөлінеді. Пәннің тағайындалуы: кванттық-механикалық модельдеудің заманауи әдістерін игеру;

Медицинадағы лазерлік технологиялар
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты - лазерлік физиканың негіздерін және лазерлік технологияларды тереңдетіп оқыту және медицинада хирургиялық және терапевтік мақсаттарда қолдануды үйрету. Осы пән шеңберінде: жоғары энергиялы лазерлік сәулеленудің жылу әсері, лазерлік плазманың түзілуі, тіндердің фотокоагуляциясы және фото булануы, жарылғыш және соққы толқындарының әсерінен тіндердің бұзылуы; әртүрлі лазерлердің жіктелуі (гелий-неон лазері, жартылай өткізгіш лазерлер, аргон лазері, мыс буындағы лазер, AIG-лазер, СО2-лазер және медицинада қолданылатын, олардың ерекшеліктері мен шектеулері; хирургиядағы, фотодинамикалық терапиядағы, рефлексотерапиядағы лазерлік технологиялар; терапевтік және хирургиялық лазерлік технологиялар бойынша заманауи проблемалар оқытылады.

Медицинадағы оптика және лазер физикасы
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты - лазерді диагностикалау үшін қолдану туралы білім алу. Пән шеңберінде: фотохимиялық және фотофизикалық реакциялардың ерекшеліктері, лазерлік сәулеленуден туындаған фотобиологиялық процестер; фотохимиялық реакциялар мен фотобиологиялық процестердің әсер ету спектрлерінің жіктелуі, олардың лазерлік сәулелену қарқындылығына тәуелділігі, сондай-ақ медициналық диагностикаға қатысты Оптика мен лазерлік физикада қолданылатын әртүрлі әдістер, осы әдістердің ерекшеліктері мен шектеулері; лазерлік флуоресцентті спектроскопия зерттелетін болады, лазерлердің Жарық шашырауы және шағылысуы, медициналық диагностика мәселелерін шешудегі доплерография; медицинаға қолданылатын лазерлік сәулеленуді қолдана отырып, диффузиялық шағылысу спектроскопиясының, фототолқындық спектроскопияның және голографиялық диагностикалық әдістердің ғылыми және практикалық мәселелері.

Реакцияға түсетін ағыстың 3D моделдеуі
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты магистранттарға газ тәрізді, қатты және сұйық отындардың жануы барысында өтетін конвективті жылумасса тасымалы процестерін түсіндіру, жану процесінің негізгі параметрлері мен жану өнімдерінің құрамын есептеуге баулу, нақты энергетикалық нысанның жану камерасының геометриясы мен ондағы процестердің химиялық кинетикасын айту, әр түрлі отындарды жағу кезінде жүзеге асатын физикалық және химиялық процестердің 3D моделін заманауи бағдарлама құралдарымен өрнектеуге баулу. Пән аясында магистрантта төмендегі мәселелерді қарастырады: Дифференциалдық теңдеулердің физикалық және математикалық жіктелуі; дифференциалдық теңдеулерді соңғы айырмашылықтарда ұсыну әдістері; аппроксимация, тұрақтылық және айырымдық схемалардың жинақтылығы ұғымдары; оларды тұрақтылыққа зерттеу әдістері; жеке туынды теңдеулерді шешудің айқын және айқын емес әдістері; айқын және айқын емес схемалар бойынша есептеу алгоритмдері; айқын және айқын емес схемалар мысалдары; "аппроксимациялық" немесе "схемалық" тұтқырлығы; айқын және айқын емес схемалардың артықшылықтары мен кемшіліктері; құрамдастырылған схемалар; ; мұндай ағыстарды өнеркәсіптің түрлі салалары үшін, оның ішінде жылу энергетикасы мен экологияда зерттеудің маңыздылығын көрсету.

Релятивтік астрофизика
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты- магистранттарға әлемнің құрылымы және эволюциясы жайлы мағлұматтарды және макро дүниенің зандылықтары жайлы Пән аясында магистранттар келесі мәселелерді қарастырады: Астрофизикада экзотикалық компакт объектердің, қараңғы материя мен қараңғы энергияның ашылуымен байланысты соңғы ғылыми жетістіктерді қарастырады. Релятивтик астрофизиканың пәні мен объекті. Астрофизикадағы соңғы ғылыми жаңалықтар. Әлемнің физикалық құрылымы. Кеңейіп бара жатқан Әлемнің теориясы. Космологияның заманауи мәселелері. Әлемнің құрылымын және эволюциясын зерттеу әдістерін оқыту.

Топтар және суперсимметриялар теориясы
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты суперсиметриялық физикалық теориялардың негізгі принциптері мен әдістерін ескере отырып, суперсиметрия теориясын қолдану қабілетін қалыптастыру суперсиметриялық өріс теорияларының дамуындағы қазіргі тенденциялар. Пән суперкеңістік пен суперпольді, суперсимметриялық калибрлеу теорияларын, Суперсимметрия мен супергравитацияны, Лидің супертоптарын, МССМ – минималды суперсимметриялық стандартты модельді, Зайберг-Виттен теориясын, суперсимметрияның бұзылуын зерттеуге бағытталған.

Төменгі температура физикасындағы эксперименталдық әдістер
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты – төмен температуралы зерттеудің қазіргі заманғы әдістерін, криогенді температураны, криогендік жүйелерді термодинамикалық принциптерінің құрылуын, және олардың классикалық сызбасын,олардың сипаттамаларын есептеу әдістерін, жұмыстың физикалық негізін, криогенді машиналарды,техникалық газ құрылғыларды, сонымен қатар микрокриогенді жүйелерді пайдалануды үйрету. Пәнді оқу нәтижесінде магистрантта келесі мәселелерді қарастырады: Төмен және өте төмен температураларды алу негіздері. Төмен температуралы термометрия негіздері. Төмен температураны өлшеу әдістері. Төмен және өте төмен температураларды алу әдістері. Вакуумдық техника негіздері. Төмен температурадағы заттардың қасиеттері. Төмен және аса төмен температуралар диапазонында зерттеудің экспериментальды әдістері, зат күйінің термодинамикалық параметрлерінің кең интервалында жүзеге асырылатын термодинамиканың физикалық негіздері, процестері мен құбылыстары.

Тығыз плазмадағы соқтығысу процестері
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты – ішінара ионизацияланған плазмадағы қарапайым процестерді және оларды газ лазерлерін және басқа қондырғыларды құрудағы практикалық маңыздылығын зерттеу; Пән аясында магистранттар келесі мәселелерді қарастырады: - тығыз плазмасындағы соқтығысу процесстердiң физикасы туралы түсініктер; соқтығысатын бөлшектердiң кулондық алыстан әсерлесу кезіндегі соқтығысуларды сипаттау ерекшелiктері; - ұсынылған курстағы оқытылатын әдістері арқылы соқтығысу процестерін зерттей алады; серпiмдi және серпiмсiз шашыраулар қималарын табу үшін теңдеулерді интегралдай алады; шашырау қималарын график түрiнде тұрғызу үшiн компьютерлік бағдарламаларын қолдана алады.

Тығыз плазманың заманауи физикасы
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты - қазіргі физика бағыты ретінде қарастырылатын плазма материяның күйінің негізгі қасиеттерін сипаттайтын тығыз плазма мен физикалық моделдерді сипаттау үшін математикалық әдістерді игеру; Оқу курсы барысында магистранттар плазмалық күйдегі ортаның қасиеттерін негізгі физикалық модельдер мен математикалық әдістерді оқып үйренеді және оларды нақты есептер шығаруда қолдануды қарастырады.

Элементар бөлшектер теориясындағы суперсимметриялар
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәнді оқытудың мақсаты – магистранттарға суперсимметрия тақырыбына кіріспе, физикаға бозондар мен фермиалар арасындағы симметрия идеясы негізінде енгізу. Астрофизикада экзотикалық компакт объектердің, қараңғы материя мен қараңғы энергияның ашылуымен байланысты соңғы ғылыми жетістіктерді қарастырады. Релятивтик астрофизиканың пәні мен объекті. Астрофизикадағы соңғы ғылыми жаңалықтар. Әлемнің физикалық құрылымы. Кеңейіп бара жатқан Әлемнің теориясы. Космологияның заманауи мәселелері. Әлемнің құрылымын және эволюциясын зерттеу әдістерін оқыту.

Элементар бөлшектер физикасы
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәнді оқытудың мақсаты - Материяның іргелі құрамдастарын және олардың өзара әрекеттесуін түсіну. Осы пән шеңберінде: кванттық механикамен, кванттық электродинамикамен терең ішкі байланысты қамтитын элементар бөлшектер теориясының негізгі теориялары мен принциптері; элементар бөлшектер теориясындағы іргелес мәселелерді модельдеу және шешу үшін сыни ойлау дағдылары; жоғары энергетикалық физика деректеріндегі элементар бөлшектердің өзара әрекеттесуін талдау және түсіндіру мәсеелелері қарастырылады.

2022-2025 жылдардағы мәліметтер көрсетілген

ТӘЖІРИБЕЛЕР

Зерттеу
  • Бақылау түрі - Защита практики
  • Сипаттамасы - Тәжірибе мақсаты: өзекті ғылыми мәселені зерттеуде тәжірибе жинақтау, оқу процесінде алған кәсіби білімдерін кеңейту және өз бетімен ғылыми жұмысты жүргізудің практикалық дағдыларын дамыту. Практика экономикалық білімдерді зерттеу, талдау және қолдану дағдыларын дамытуға бағытталған.

Педагогикалық
  • Бақылау түрі - Защита практики
  • Сипаттамасы - Дәрістерді, семинарларды өткізудің практикалық және оқу-әдістемелік дағдыларын қалыптастыру, ғылыми және теориялық білімдерді, шығармашылық қызметтегі практикалық дағдыларды мамандықтардың пәндерінен сабақ өткізу жағдайында пайдалану; өз заманауи кәсіби техникалары қолдану, оқыту әдісі практикада соңғы теориялық, әдістемелік жетістіктерді қолдануға, оқу-әдістемелік құжаттарды жасауға мүмкіндік береді.

2022-2025 жылдардағы мәліметтер көрсетілген